Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2014 в 08:02, практическая работа

Краткое описание

Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комиссариаттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан 1941.docx

— 708.39 Кб (Скачать файл)

1945 жылы 2 мамырда Қызыл  Армия Берлинді толық басып  алды.

1945 жылы 8 мамырда Германияның  жоғарғы командованиесі жеңілгенін  мойындап, актіге қол қойды.

 

 

Соғыстың аяқталуы

Ұлы Отан соғысы осылай Кеңестер Одағы жеңісімен аяқталды. Шешуші «Берлин» операциясына көптеген қазақстандықтар қатысты. Кеңестер Одағынын, батыры С. Нұрмағанбетов Берлин үшін шайқаста әскери бөлімнің бірін басқарды. Ол ҚР Қорғаныс министрі қызметін атқарды. «Берлин» операциясына Т. Бигелдинов, X. Қайдауов, 3. Тұрарбеков, X. Көбеков, А. Еремеев т.б. қатысты.

Р. Қошқарбаев және Г. Булатов рейхстаг төбесіне жеңіс туын тікті. Рейхстагқа ту тіккендер қатарында қазақстандық Х. Мәденов пен Р. Қаражанов та болды.

Қазақстандықтар осылай Ұлы жеңіске өз үлестерін аямай қоса білді.

500-дей қазақстандық Кеңестер  Одағының батыры атағына ие  болды. Оның 98-і қазақ.

Т. Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов, С.Д. Луганский екі мәрте Кеңестер Одағының батыры атанды. Барлығы ұшқыш болған бұлар 200-ден астам әуе шабуылына қатысқан. Ұшқыш И.Н. Кожедуб үш мәрте Кеңестер Одағының батыры атанды.

Кеңестер Одағының батыры атағын алғандардың ішінде қос қазақстандық  қазақ қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова болды. М. Мәметова пулеметші, ал Ә. Молдағұлова мерген болды.

Ұлы Отан соғысында КСРО 27 миллион адамынан  айырылды. 600000-ға жуық қазақстандық майданда Шейіт болды.

 

 

Жапон милитаристеріне қарсы соғыстағы қазақстандықтар

Квантунь армиясына қарсы соғысқа қазақстандық жауынгерлер де қатысты. Қиыр Шығыстағы соғысқа Ақтөбеде құрылған 292-атқыштар дивизиясы қатысып, ерекше ерлік көрсетті. 2027 қазақстандық ордендер мен медальдарга ие болды. 1945 жылы 10 тамызда қазақстандық  ұшқыш М. Янко Гастеллоның ерлігін қайталады.

Жапонияның тізе бүгуімен II дүниежүзілік соғыс аяқталды.

Соғыстың аяқталуы, фашистік режимді құлату бағытында ең алдымен КСРО шешуші рөл атқарды. Оның  ішінде Қазақстанның үлесі зор болды.

 

 

Майданға және азат етілген ауданға көмек

Қазақстан халқы майданды әскери техникамен жабдықтауда көп көмек көрсетті. Шымкент теміржол комсомолдарының бастамасымен жастар қаржы жинап, 1942 жылы Сталинград майданына «Қазақстан комсомолы» деген 45 танк жасап жіберді.

Қазақ КСР-де соғыс жылдары «Кеңестік Қазақстан», «Қазақстан мұнайшысы», «Түркісібші» т.б. танк колонналары мен авиация эскадрильялары дайындалды. Ол үшін халық ерікті түрде 480 млн сом жинады. Оқушылар 4 млн сом қаржыны «Қазақстан пионері» танк колоннасына жинаса, С.М. Киров атындағы ҚазМУ студенттері «Кеңестер студенті» танк колоннасына 600000 сом жинады. «Қазақстан комсомолы» ұшағын жасауға жастар 3 млн сом қаржы жинады. Алматылықтар 1943 жылы Кеңестер Одағының батыры С. Луганскийге 400000 сомға жана ұшақ жасап берді.

Сталинградтағы «Красный Октябрь» зауыты мен  трактор зауытын Қазақстан комсомолы өз қамқорлығына алды. 1943 жылы 1439 комсомол мүшесі аталған зауыттарды қалпына келтіру үшін аттанды. Соғыстан қатты зардап шеккен 12 қала мен 45 ауданды Қазақстан еңбекшілері қамқорлығына алды. Соғыстан қатты қираған аудандарды қалпына келтіру жолында Қазақстан халқы өте көп көмек көрсетті.

 

 

Ғылым мен мәдениет - майданға

Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа бейімдеу мақсаты мен КСРО Ғылым академиясы жанынан «Орал, Батыс Сібір, Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажетіне жұмылдыру жөніндегі комиссия» құрылды. Комиссия  құрамында А.А. Байков, В.Л. Комаров, В.К. Обручев сияқты ғалымдар болды. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Л.С. Берг, С.Н. Бернштейн, Н.Д. Зелинский, Л.И. Мендельштан, А.Н. Бах т.б. академиктер жұмыс істеді.

Академик А.С. Орлов соғыс жылдарында орысша-қазақша сөздік құрастырып, «Батырлар жыры» атты еңбек  жазды. Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы да соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде Қ.И. Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ.И. Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарын еңбегіне байланысты Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақстанда орналасқан Москва авиация, алтын және түсті металдар институттары, Киев университеті ерекше  екпінді еқбек етті. Соғыс жылдарында Қазақстанда ашылған жоғары оқу орындары: Алматы шет тілдер институты, 
 Шымкент технология институты, дене шынықтыру институты т.б.

90-ға жуық акын, жазушы майдандағы  жауынгерлер қатарында болды.

Соғыс жылдарында Ж. Жабаев «Ленинградтық өренімді», Ж. Саин өлеңдер жинағын, Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңызды», С. Мұқанов «Өмір мектебін», М. Әуезов «Абай» роман-эпопеясыныңі кітабын жазды. А. Толстой Қазақстан жерінде болғанда, «Иван Грозный» кітабын жазды.

Майдан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді.

1941 жылы Қазақстанға «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары көшіріліп  әкелінді. Бұл киностудиялар Алматы  киностудиясымен бірігіп, екі жыл  ішінде 23 кинокартина түсірді. Олардың  ішінде «Партизандар», «Екі жауынгер», «Георгий Сакадзе» сияқты танымал  кинокартиналар бар.

Соғыс жылдарында Алматыда актерлерді даярлайтын бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты жұмыс істеді. Киностудиялар М. Әуезов, Г. Мүсірепов т.б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған майдан», «8-гвардиялық» сияқты картиналарды түсірді. Қазақстанда құрылған 11 концерт бригадасы майданда өнер көрсетті. Соғыс жылдарында ғылым мен мәдениет майдан қажетіне осылай аянбай қызмет етті.

 

 

Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар

Соғыс жылдарында майдан өңірінен басқа ұлт өкілдерін Шығысқа көшіру жүргізілді. Қазақстанға соғыс жылдары 532 мың адам көшіп келді.

Орал мен Сібірдегі қорғаныс құрылысын салуға республикамыздан 700000 адам қатысты. Оның 200 мыңы қазақтар болды. Соғыс кезінде Ембіде, Кенді Алтайда, Қоңырат кеніштерінде чешендер мен ингуштар еңбек етті.

Соғыстың алдында Қазакстанға 102000 поляк, Ресейдегі өмір сүруін тоқтатқан автономиялы неміс облысының таратылуына байланысты 360000 неміс күшпен әкелінді. Бұдан басқа қиын уақытта чешен, ингуш, балқар, қырым татарлары т.б. ұлт өкілдері Қазақстанға көшірілді. 1946 жылғы деректер бойынша, Қазақстанға барлығы 890698 адам көшіріліп орналастырылған.

Бұл жағдайлар Қазақстанды көп ұлтты мемлекетке айналдырды. Қазақ елі осылай қиын-қыстау уақытта талай ұлт өкілдеріне пана бола білді.

Жоспар: 
1. Соғыстың басталуы, оның сипаты. 
2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру. 
3. Майдандағы қазақстандықтар. 
4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944 – 1945 жж.)

1. Соғыстың  басталуы, оның сипаты.

Соғыстың басталуы.

Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.

Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.

1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.

«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, — деді Гитлер өз сыбайластарына, — алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.

Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.

Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», — деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.

Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

2. Қазақстан  Экономиканы соғысқа бейімдеп  қайта құру.

Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).

Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.

Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.

Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.

Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 
1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.

Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.

Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.

Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.

Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.

Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды.

Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери — өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % — ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % — ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.

1942 жылы 21 тамызда  кеншілер еңбегіне үдемі – кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.

1942 жылы 24 тамызда  Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.

Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:

Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б.

1944 – 1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:

Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы, Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 – 1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % — ке өсті.

Информация о работе Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде