Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2014 в 08:02, практическая работа

Краткое описание

Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комиссариаттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан 1941.docx

— 708.39 Кб (Скачать файл)

Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды.

1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 
1.Барлығы-11600 адам; 
2.Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар-97; 
3.Қазақ қыздары-2.

Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.

Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.

Солдат ерлігі орденінің толық иегері-142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар-96638.

Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.

Тарихи маңызы. 1) Гитлерлік Германия мен империяліктік Жапонияны жеңуде негізгі еңбек сіңірген Кеңес халқы. 2) Кеңес халқы өз Отанының бастандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалды. 3) Кеңес халқы өзінің ерлік күресімен Европаның халықтарын фашистік езгіден құтқарып қалды.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Герман фашизмнің үстемдігін орнату жоспарлы туралы айтып беріндер. Гитлеризмнің агрессиялық пиғылдарында Қазақстан қандай орын алды? 
2.Қазақстандық тылда әскери-жұмылдыру жұмысы қалай жүргізілді? 
3.Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына көшіру барысын қалай түсінесіңдер? 
4. Сталинград шайқасы кезеңінде қазақ КСР-і қандай роль атқарды? 
5. Сталинградтық батырлар жайында айтып беріңдер. Олар жасаған ерліктің адамгершілік мән-мағнасы неде деп білесіңдер? 
6. Соғыс жылдары ауыл шаруашылығының төмендеу себептерін атаңыз.

Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына(Мажарстан, Италия, Румыния, Финландия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстыңең маңызды және шешуші бөлігі.

Мазмұны

 

  [жасыру] 

  • 1 «Ұлы Отан соғысы» ұғымы

  • 2 Соғыстың алғышарттары: Германия

  • 3 Соғыстың алғышарттары: КСРО

    • 3.1 КСРО-ның жалпы жағдайы

    • 3.2 КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы кеңеюі

    • 3.3 Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері

    • 3.4 Кеңес Одағының соғысқа дайындық ретінде жасаған шаралары

    • 3.5 Алдын алу соғысына дайындық туралы болжам

  • 4 Шайқастары және операциялары

  • 5 Шығындар

  • 6 Сілтемелер

  • 7 Тағы қараңыз

  • 8 Сыртқы сілтемелер

    • 8.1 Естеліктер

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы


«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).

Соғыстың алғышарттары: Германия


1929 жылы басталған  бүкілдүниежүзілік экономикалық  дағдарыстың салдарынан 1933 жылы Германияда билік басына NSDAP («Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы») келді. Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыста жіберіп алған есесін қайтаруға дайындыққа кірісіп кетті.

Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) жүргізген араласпау саясатының арқасында Германия өзіне Версаль келісімінде қойылған талаптарды орындауды мүлдем тоқтатты. Оның үстіне АҚШ-тың компаниялары Германияның қарулануына қолайлы жағдай жасаған қаржы және материалдарды жіберіп отырды. 1926-33 жылдары Кеңес Одағын Липецк және Қазан қалаларындағы полигондарда герман қарулы күштерінің офицерлерін дайындауға атсалысты.

1936 жылы Германия Версаль  келісімінің бір бабын бұзып, Рейн аймағына әскерлерін кіргізді. Сол жылы олИспаниядағы азамат соғысына араласып, бүлік шығарған Франконың әскерлеріне әскери қолдау көрсете бастады.

1933 жылы билік басына  ұлтшыл-социалистер келгеннен кейін  Германияда антикоммунистік және  антикеңестік көзқарастар күшейе  бастады. 30-шы жылдардың ортасынан  бастап герман үкіметі міндетті  түрде жақын арада КСРО-мен соғыс болатыны туралы жариялай бастады. Германияның әскери доктринасы Кеңестер Одағын ықтимал қарсылас ретінде қарастыра бастады. 1938 жылы герман армиясында ЖШҚӘ-нің («Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері») әскери техникасы, әскери қызметкерлерініңайырым белгілері және тактикасы зерттеле бастады.

1938 жылдың наурыз айында Австрияда референдум өткізіліп, Германия оны өзіне қосып алды (қараңыз: Аншлюс).1938 жылы Германия, Италия, Англия мен Франция арасында жасалған Мюнхен келісімі бойынша ГерманияғаЧехословакияның Судет аймағында тұратын немістерді қорғау мақсатымен сол аймақты өзіне қосып алуға рұқсат берді. Кейін Германия Чехословакияның қалған бөлігін де оккупациялады (Польшаның қатысуымен).

1939 жылдың қысында Германия  Польшаға «Данциг мәселесін»  шешуді ұсынды. Польша бас тартты. Һитлер осы мәселені Польшаға қарсы соғысу үшін қолданды.

1939 жылғы тамыз айында Германия мен Кеңестер Одағының арасында шабуыл жасаспау туралы келісім жасалды. Келісімнің құпия қосымшасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны өзара ықпалдар аймағына бөлісіп алды.

1939 жылғы қыркүйектің 1-інде  Германия Польшаға қарсы соғыс бастады. Бұдан кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялап Польшаға қолдау көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Герман әскерлері 2 аптаның ішінде поляк қарулы күштерін талқандап, поляктар қоныстанған шығыс шекарасы Керзон сызығына дейін жетті.

1940 жылы Германия Дания  мен Норвегияны (Дания-Норвегия операциясы), сосын Бельгия, Недерланд, Люксембургті және Францияның жартысын жаулап алды. Франция тізе бүгуге мәжбүр болды (Франция жорығы).

Францияның тізе бүгуінен кейін Ұлыбритания Германияның жалғыз қарсыласы болып қалды. Германия оған бітім жасасуға ұсынды, бірақ Ұлыбритания бұл ұсынысты қабылдамай тастады. 1940 жылғы шілденің 16-сында ҺитлерҰлыбританияның жеріне басып кіруді ұйымдастыру туралы директиваға қол қойды («Теңіз арыстаны операциясы»). Бірақ герман Әскери теңіз күштерінің басшылығы британиялық теңіз күштерінің қуатының зор екендігіне және вермахтта десанттық операциялар тәжірибесінің жоқтығын тілге тиек етіп, Әскери әуе күштерінің әуеде басымдылыққа ие болуын талап етеді. Ұлыбританияның әскери-экономикалық әлеуетін әлсірету үшін, халқының сағын сындыру үшін, басып кіруге дайындық үшін және британиялықтардың қарсыласуға деген еркін жою үшін 1940 жылдың тамызынан бастап немістер британиялық қалаларды әуеден бомбылау науқанын бастайды (Британия шайқасы).

Ағылшындар бомбылаудың нәтижесінде бейбіт тұрғындардың арасында көп адам шығынын бастан кешіруге мәжбүр болса да, олар неміс әскери әуе күштерін көп шығынға ұшыратып, «Британия шайқасынан» жеңімпаз болып шықты. 1940 жылдың желтоқсан айынан бастап ауа райының күрт нашарлауынан герман ӘӘК (Лүфтваффенің) шабуылдарының қарқыны қатты бәсеңсіді. Немістер өздерінің басты мақсаттары — Ұлыбританияны бітімге келуге мәжбүр етуге қол жеткізе алмады.

1940 жылғы шілденің 31-нде  жоғарғы әскери басшылықпен өткізген  кеңесінде Һитлер Ресейді 1941 жылдың  көктемінде талқандау керек, себебі  егер Ресей талқандалса, онда  Ұлыбританияның соңғы үміті өшеді, сөйтіп ол да тізе бүгуге  мәжбүр болады деп жариялады[1]. 1940 жылдың шілде-желтоқсан айларында КСРО-мен соғыстың бірнеше жоспары қарастырыла бастады, соның ішінде ОКҺ-ның (әскердің бас штабы), генерал Э. Маркстың, Зоденштерннің жоспарлары және тағы басқа жоспарлар қарастырыла бастады. Көп талқылаудың, әскери-штабтық ойындардың және Һитлердің өз кеңсесінде, құрлық әскерінің штабында және басқа да штабтарда өткізілген талқыласулардың нәтижесінде 1940 жылғы желтоқсанның 5-інде генерал-полковник Ф. Гальдер ұсынған жоспардың («Отто жоспары») түбегейлі жобасы мақұлданды.

1940 жылғы қыркүйектің 27-сінде Германия, Италия мен Жапония «Үштік пакт» деп аталатын келісімге қол қойды. Ол келісім бойынша осы елдер ықпал жүргізу аймақтарын бөлісіп алып, өзара әскери көмек көрсетуге келісті. 1940 жылдың қараша айында өткізілген кеңес-герман келіссөздерінде неміс дипломаттары осы пактқа қосылуды Кеңестер Одағына да ұсынды. Кеңе үкіметі егер Германия Кеңестер Одағының өз әскерлерін Румыния,Болгария, Финляндия және Түркияға енгізуге келіссе, онда қосылуға дайынбыз деп жауап берді. Немістер бұл шартқа келіспеді.

Осыдан кейін Һитлер КСРО-ға шабуылдың жоспарын бекітті. 1940 жылғы желтоқсанның 18-нде қарулы күштердің (ОКВ-ның) бас қолбасшылығы Һитлердің өзі қол қойған, КСРО-мен болайын деп жатқан соғыстың негізгі мағынасы және стратегиялық бағыт-бағдары баяндалған № 21 директиваны жіберді («Барбаросса» жоспары). КСРО-мен соғыстың жоспары 1941 жылғы қаңтардың 31-інде шығарылған «Әскерлерді стратегиялық топтау мен орналастыру туралы директива» деген директивада егжей-тегжейлі баяндалды. Оған қол қойған құрлық әскерінің бас қолбасшысы В.Браухич болды.

1940 жылдың аяғында неміс  әскерлерін басып алынған Польшаның  жеріне жылжыту басталды. Сонымен  бірге осы әскерді жылжыту  Ұлыбританияға басып кіруді бүркемелеуге  арналған операция ғана деп  Кеңес үкіметін алдап-арбауға  бағытталған дезинформация науқаны басталды.[2]

Қарашаның 20-сында Үштік одаққа Венгрия, қарашаның 23інде — Румыния, қарашаның 24-інде — Словакия, 1941 жылы — Болгария, Финляндия және Испания қосылды.

1941 жылғы наурыздың 25-інде одаққа Югославия да қосылған болатын, бірақ наурыздың 27-сінде британиялық жансыздардың түрткісімен Белградта әскери төңкеріс орын алып, билік басына Симовичтың үкіметі келді. Ол үкімет жас ІІ-ші Пётрді патша деп жариялап, Югославияның бейтараптығын жариялады. сәуірдің 5-інде Югославия КСРО-мен достық және шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қояды. Германия соны болдырмау үшін Югославияда әскери жорық өткізіп, Грекияда жеңіліске ұшырап жатқан Италия әскерлеріне көмектесуді шешеді. Сол себепті КСРО-ға шабуыл кейінге ысырылды.

1941 жылғы сәуірдің 6-сында ірі қалаларды, темір жол желілерін және аэродромдарды жойқын бомбылағаннан кейін Германия мен Венгрия Югославияға басып кірді. Осы кезде италиян әскерлері немістердің қолдауымен Грекияда шабуылға көшті. Югослав әскері сәуірдің 17-сінде тізе бүкті.

Югославияны талқандағаннан кейін немістер мен италияндықтар бар күштерін Грекияға тастады. Афины қаласы сәуірдің 27-сінде жау қолына түсті.

1941 жылғы мамырдың 1-інде  Һитлер КСРО-ға шабуыл маусымның 22-сінде бастауды түбегейлі шешті.[2]

Негізі, бар орыс әскері біздің шекараларымызда шоғырланып тұр. Ауа райы жылыған кезден бері көп жерлерде қорғаныс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер жағдайлардың қысымымен мен неміс авиациясын Англияға қарсы жібере қалатындай болсам, онда Ресей оңтүстік пен солтүстіктен бізге қысым жасай бастайды деген қауіп бар. Солай бола қалған жағдайда әуеде басымдық бізде жоқ болғандықтан мен тек үндемей шегіне беруге ғана мәжбүр боламын. Авиацияның жеткілікті қолдауынсыз мен Шығыстағы дивизиялардың көмегімен орыстардың қорғаныс бекіністеріне шабуылды жасай алмас едім. Осы қауіпке назар аудармаса, онда біз бүкіл 1941 жылды жоғалтып алуымыз ықтимал, соның өзінде де жағдай жақсыға қарай өзгермес еді. Керісінше, Англия өзінің орыс серіктесіне сеніп, бітімге келуге одан бетер қарсыласатын болады. Оның үстіне олардың осы үміттері орыс қарулы күштерінің дайындығы артқан сайын күшей беретін болады. Ал 1942 жылдан бастап америкалықтардың соғыс материалдарын жаппай жөнелтуі басталатынын алыңыз…

Ақыр соңында мен сізге тағы бірдеңені айтқым келіп еді… Мен осы шешімге келгелі бері өзімді іштей азат сезініп отырмын. Мен осы шиеленісті шешуге қаншалықты талпынсам да, Кеңестер Одағымен ынтымақтас болу менің өзімді зәрде қылатын еді. Себебі бұл менің бүкіл өткен өміріме, менің дүниетанымыма, өзімнің бұрынғы барлық борыштарыма қарама-қайшы келетін. Осы ауыр жүктен енді құтылғаныма бақыттымын.

— Һитлердің Муссолиниге жолдаған хаты, 1941 ж. мамырдың 21.

Германияның экономикасы мен бар тіршілігінің милитаризациясы, жаулап алған елдерінің өнеркісібі мен стратегиялық қорларының немістердің қолына түсуі, жаулап алынған және одақтас елдердің арзан жұмыс күшін қолдану Германияның әскери-экономикалық қуатының елеулі түрде артуына әкелді.

Ұлы Отан соғысының қарсаңында Германияның өзінде және жаулап алынған елдер мен одақтас елдерде жылына 439 млн тонна көмір, 31.8 млн тонна болат өндіріліп, 11 мың зеңбірек пен миномет, 11 мың ұшақ шығарылатын[3], ал 1941 жылдың 1-ші жартысында 1 621 танк пен өздігінен қозғалатын артиллерия қондырғысы шығарылды[4]. Бұл деректерден Германияның өнеркәсіп қуаты жағынан КСРО-ның үстінен басымдылыққа ие болғандығы анық көрінеді. Бірақ қару-жарақ шығару жағынан Германия дәл сондай басымдылыққа ие болған жоқ.

Соғыстың алғышарттары: КСРО


КСРО-ның жалпы жағдайы


КСРО болашақта болатын жойқын соғысқа 30-шы жылдардың басынан бастап дайындала бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп қана емес, өмірдің түрлі-түрлі жақтары, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті орта білім беру салалары да милитаризацияланды.

Жеделтелген индустриализацияның арқасында 30-шы жылдары КСРО-да қуатты ауыр өнеркәсіп пайда болды. Ол жедел түрде қару-жарақ өндірісіне ауыса алатындай етіп ұйымдастырылды. Бірақ соған қарамастан болат, шойын қорыту, көмір, электр энергиясын, химиялық өндіріс сияқты салаларда Кеңес Одағы Германиядан артта қалып отыр еді. Үшінші Рейхтың қолына бүкіл Батыс және Орталық Еуропаның өнеркәсібі түскен соң бұл артта қалу тереңдей түсті. Кейбір техникалық бағыттарда да Кеңес Одағы Германиядан артта қалған еді. Әсіресе байланыс құралдарын және автомобиль көліктерін жасап шығару жағынан. Кеңес халқының басым көпшілігі (66 пайызы) білім деңгейі төмен дәрежедегі шаруалар болатын, ал Германия әлдеқайда урбанизацияланған, индустриализацияланған ел еді. Көптеген өнім түрлерін жасап шығарудан Кеңес Одағы Германияны артта қалдырған болатын (танкілер, ұшақтар, артиллериялық қару-жарақ, минометтер, оқ атар қару сияқтылар). Кеңес Одағының осал жағы — әскердің байланыс және басқару құралдарымен жарақтануы төмен деңгейде болды. Бұл жағынан Германиядан артта қалу елеулі болатын.

Информация о работе Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде