Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2014 в 08:02, практическая работа

Краткое описание

Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комиссариаттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан 1941.docx

— 708.39 Кб (Скачать файл)

Бір айта кетерлігі — КСРО-да негізгі өндірістік қорлары мемлекеттік меншікте болғаны себебінен және КСРО экономикасы мемлекеттің қатаң қадағалауында болғандықтан өнеркәсіптің милитаризация деңгейі мен соғыс жағдайында жұмыс атқаруға қабілеті Германия экономикасына қарағанда әлдеқайда жоғары болатын. Ал Германияның экономикасы жұмылу деңгейі жағынан 1944 жылы «тотал соғыс» жарияланғаннан кейін ғана кеңес экономикасына жақындай алды. Сондықтан соғыстың басында КСРО экономикасының тиімділігі жоғарырақ деңгейде болды.

КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда шаруашылық және әскери басқарудың мол тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған, жетекшілігі «төтенше» шаралар арқылы іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің бірі болды.

Соған қарамастан ЖШҚӘ өзінің жерінде ірі қорғаныс соғысын жүргізуге дайын еместігін көрсетіп алды. Кейінірек кеңестік тарихнамада бұл «әскери құрылыста, соғыстың басталу уақытын анықтауда жіберілген қателік, әскерді мемлекеттік шекараның маңында орналастыруды кешеуілдету» деп аталды[5].

1937-1938 жылдары орын алған  жаппай қуғын-сүргіннің нәтижесінде  ЖШҚӘ-нің басқару буыны ауыр  шығынға ұщыраған болатын. 5 маршалдың 3-еуі, 15 армия генералының 13-і, 9адмиралдың 8-і, 57 комкордың 50-і, 186 комдивтің 154-і, 16 әскер комиссарының 16-сы, 28 корпус  комиссарының 25-і атылу жазасына  кесілді. Әскери округтар мен  әскери құрамалардың басына жас, тәжірибесіз басқарушылар тағайындалды. Мысалы, соғыс басталған кезде 17 әскери округ басшыларының 7-еуі, 17 округ штаб басшыларының 4-еуі  өз қызметтеріне тағайындалғандарына  жарты жыл толмаған еді. 20 армия  қолбасшыларынан 13-інің тағайындалғандарына  жарты жыл толмай, тек 2-еуі ғана  жылдан астам уақыт бұрын тағайындалды. Командирлердің 70%-ының (полк командирінен  жоғары) және сол деңгейдегі саяси  жұмысшылардың 75%-ының жұмыс стажы (өтілі) жылға жетпеген еді[6][7] .

Зерттеушілердің пікірінше, қуғын-сүргін әскердің қорғаныс қабілетіне кері әсерін тигізді[8]. Олардың пікірінше кадр «тазалаулары» әскердің моралдық жағдайына кері әсер етіп, кейбір азаматтардың Ұлы Отан соғысы кезінде жау жағына өтулерін қуғын-сүргінмен жуып-шаюларын мүмкін етті.[9]

30-шы жылдардың жаппай  қуғындарына тікелей қатысқан Молотовтың пікірінше, егер 30-шы жылдардың оқиғалары орын алмағанда соғыстың кезінде сатқындар мен коллаборационистердің саны әлдеқайда көп болар еді[10].

 
30-шы жылдардың аяғында өткізілген  ЖШҚӘ-нің инспекторлық тексерістерінің  нәтижесінде ондағы әскери тәртіп  пен әскери дайындықтың өте  төмен деңгейде болғаны анықталды. ЖШҚӘ-нің басқарушы буынының білім  деңгейі де төмен болғандығы  анық болды. Кеңес өнеркәсібі  қамтамасыз еткен қуатты әскери  техниканың көптігі де осы  кемшіліктердің орнын толтыра  алмады. Қару-жарақтың, әсіресе танк  және ұшақ соққы қосындарындағы  қару-жарақ мөлшері бойынша КСРО 30-шы жылдардың ортасында-ақ барлық  басқа елдердің әскерлерінен  де көп еді. Бірақ соғыстың  басында ЖШҚӘ-нің әскери дайындығы  оның қару-жарағының молдығына  сай келмеді.

КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы кеңеюі


Германия мен Кеңестер Одағының арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы келісім бойынша Орталық Еуропаның бөлінуі. Сол жағында — 23 тамыздағы протоколдар бойынша болжалғаны, оң жағында — іс жүзінде болған бөлініс. Сарғыш түспен КСРО-ға кететін жерлер, көк түспен Германияның үлесіне тиген жерлер, күлгін түспен Германия басып алған жерлер боялған (Варшава генерал-губернаторлығы мен Богемия және Моравия протектораты)

17 қыркүйекке қараған түні  КСРО Германия мен Кеңес Одағының арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы келісімніңқұпия протоколдары бойынша Кеңес Одағының ықпалы жүретін аймағыболып белгіленген Польшаның құрамындағыБатыс Украина мен Батыс Белоруссияға басып кірді. 1939 жылғы қыркүйектің 28-інде КСРО Германиямен Достық және шекара туралы келісім жасасты. Ол келісім бойынша екі елдің арасындағы шекара «бұрынғы поляк мемлекетінің жеріндегі екі жақтың мемлекеттік мүдделері түйісетін» [11] сызық, яғни бұрынғы Керзон сызығы бойынша белгіленді. 1939 жылдың қазан айында Батыс Украина мен Батыс Белоруссия ресми түрде Кеңестер Одағының құрамына қабылданды.

1939 жылдың қыркүйегінің  аяғы — қазанның басында Германия  мен Кеңес Одағының арасындағы  шабуыл жасаспау туралы келісімнің  құпия протоколы бойынша КСРО-ның  ықпал аймағына жатқызылған Эстония, Латвия және Литваелдерімен келісімдер жасалып, сол келісімдердің негізінде олардың жерлеріне кеңес әскерлері орналастырылды.

1939 жылғы қазанның 5-інде  сол қосымша құпия протокол  бойынша Кеңестер Одағының ықпалы  жүретін айиаққа жатқызылған Финляндияға КСРО өзара көмек туралы келісім жасасу туралы ұсыныс жасады. Келіссөздер қазанның 11-інде басталды, бірақ Финляндия өзара КСРО-ның көмек туралы ұсынысын да, жер алмасу және арендаға беру туралы ұсынысын қабылдамай тастады. 1939 жылғы қарашаның 30-ында КСРО Финляндияға қарсы соғыс бастады. Бұл соғыс 1940 жылғы наурыздың 12-сінде Мәскеу бітіміне қол қоюмен аяқталды. Ол бітімде Финляндия бірқатар аймақтарын Кеңестер Одағына беруге келісті. Алайда Кеңестер Одағы өзінің бастапқы мақсаты — Финляндияның толық бағындыру мақсатына қол жеткізе алмады. Басында Финляндия әскері тез уақытта және аз шығынмен талқандалады деп жоспарланса да, кеңес әскерінің іс жүзіндегі шығыны орасан зор болды. Қызыл Әскердің қуатына басқа елдер күмәнмен қарай бастады. КСРО-дағы сияқты, басқа елдерде де фин армиясын төмен бағалап, қарсыласуға дәрмені жетпейді деп қарастыратын. Сондықтан Қызыл Әскердің фин әскерін соншама ұзақ уақыт жеңе алмауы оның әлсіздігі және соғысқа дайындығының төмен деңгейін көрсетеді деп қарастырыла бастады.

1940 жылғы маусымның 14-інде  кеңес үкіметі Литваға, ал маусымның 16-сында Латвия мен Эстонияға ультиматум жариялады. Олардың басты талаптары — бұл мемлекеттер КСРО-ға дос үкіметтерді билік басына келтіріп, өз жерлеріне кеңес әскерлерінің қосымша қосындарын кіргізуге тиістігі болды. Бұл талаптар қабылданды. Маусымның 15-інде кеңес әскерлері Литваға, 17-сінде Латвия мен Эстонияға кіргізілді. Жаңа үкіметтер коммунистік партиялардың жұмысына салынған тыйымдарды алып тастап, кезектен тыс парламенттік сайлаулар өткізді. Үш мемлекеттегі сайлауларда сайлау тізімдеріне енгізілген жалғыз партиялар — коммунистік Жұмысшы халық блоктары (одақтары) жеңіске жетті.Жаңадан сайланған парламенттер маусымның 21-22-лерінде Эстон КСР, Латвия КСР және Литван КСР жариялап, КСРО-ның құрамына ену туралы декларациялар қабылдады. (Тағы қараңыз: Балтық бойы елдерінің КСРО құрамына кіруі (1939-1940)).

1941 жылдың жазында герман  шабуылы басталған соң Балтық  бойы елдерінің тұрғындары кеңес  әскерлеріне қарулы шабуылдар  ұйымдастырды. Бұл неміс әскерлерініңЛенинградқа жылжуын тездетті.

1940 жылғы маусымның 26-сында КСРО Румыниядан Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны өзіне беруді талап етті. Румыния бұл талапқа келісіп, 1940 жылғы маусымның 28-інде Бессарабия мен Солтүстік Буковинаның жеріне кеңес әскерлері енгізілді. 1940 жылғы тамыздың 2-сінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің VII-ші сессиясында Молдаван Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы туралы заң қабылданды. Молдаван КСР-сының құрамына мына аумақтар енгізілді: Кишинев қаласы, Бессарабияның 9 уезінің 6-ы (Бельцы, Бендеры, Кагул, Кишинев, Оргеев, Сорок) және Тирасполь қаласы. Бұрыңғы Молдаван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының 14 ауданының 6-ы да Молдаван КСР-ының құрамына кірді. МАКСР-дің қалған аудандары және Бессарабияның Аккерман, Измаил және Хотин уездеріУкраин КСР-ының құрамына кірді. Украин КСР-ының құрамына Солтүстік Буковина да кірді.

КСРО-дан кейін Германияның одақтастары Венгрия мен Болгария да Румыниядан жер талап ете бастады. 1940 жылғы тамыз айында Румыния Трансильванияныңжартысын дерлік Венгрияға, ал қыркүйек айында Добруджаның оңтүстік бөлігін Болгарияға берді.

Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері


1941жылдың бірінші бөлігінде  кеңес барлауы немістердің шабуыл  дайындап жатқаны туралы хабарлаумен  болды. Хабарларда қарама-қайшылықтар  кездесіп отырды. Мысалы, шабуыл  басталатын күн (мамырдың 1-і, 15-і, маусымның  басы, 22-ші маусым), соққылардың бағыттары, соғыс жоспарлары туралы хабарлар  әртүрлі болды. Осының бәрі Германияның  шынайы ақпаратты жалған ақпаратпен  араластырып, түрлі буындар арқылы  таратқанының салдары болды.

Кеңес жетекшілері барлаушыларға әрқашан сене берген жоқ, себебі кейде олардың берген ақпараттары (мысалы, Рихард Зорге жіберген мәліметтер) расталмай отырды. Кейбір дерек көздері бойынша, Германияның соғыс бастайтыны туралы ескертулер қарама-қайшы (ал қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, кейде тіпті жалған) мәліметтер қамтып отырды. Ақпарат шынайы болған күннің өзінде одан жаңсақ қорытындылар жасалып отырды (мысалы, әскери барлаудың жетекшісі Голиковтың қате қорытындылары). Германиямен жасаспау туралы келісім, неміс әскерилерінің Британия аралдарына дайындалып жатқан шабуыл туралы әңгімелері[12] 1941 жылы соғыс болмайтын шығар деген үміт тудырып отырды[13]. Германия басқа шабуылдарының қарсаңындағыдай, ешқандай саяси талаптар жасамады.

Сталин Германияның шабуыл жасауы мүмкін екендігі туралы барлау мәліметтеріне сенбеді.[3]

Кеңес Одағының соғысқа дайындық ретінде жасаған шаралары


1941 жылдың мамыр айында  әскерлер ішкі округтардан Днепрдің  батысына, шекараға жақынырақ жерге  жылжытыла бастады. Шекаралық дивизияларды  толықтыру үшін запастан 800 000 адам  әскерге шақырылды, маусымның 16-18-дерінде  шекаралық округтардың резерв  дивизияларын алға жылжыту басталды. Оларға шекараның маңында бекіну  туралы бұйрық берілді. Бұл шаралар  тым кеш жасалғандығы Германияның  шабуылы басталғаннан кейін анық  болды. Әскерлер неміс шабуылын  жүздеген шақырымға созылған, ұйымдаспаған  күйде қарсы алуға мәжбүр болды.

1941 жылғы маусымның 18-інде  КСРО-ның әскери теңіз флоты  мен шекара әскерлері ұрысқа  әзірлік жағдайына келтірілді. ЖШҚӘ-ге  бұндай бұйрық тек маусымның 21-інде ғанаберілді.

Сталиннің 1941 жылдың мамыр-маусым айларындағы әрекеттеріне талдау жасағанда мына жайттарды есте сақтау керек:

  • Мамырдың 5-інде Сталин әскери академиялардың түлектерінің алдында сөз сөйледі, ал содан кейін «сталиндік бейбітшіл сыртқы саясат үшін» жасалған тосқа былай деп жауап берді: «бейбітшіл саясат деген жақсы нәрсе ғой, бірақ біз енді әскерімізді қайта құрып болғаннан кейін, осы заманғы шайқасқа сай келетін техникамен жарақтандырып болғаннан кейін, күшті болып алғаннан кейін, енді біз қорғаныстан шабуылға өтуіміз керек. Еліміздің қорғанысын іске асыра отырып, біз шабуылдайтын болуымыз керек. Қорғаныстан біз шабуылға өтуіміз керек».[11] (документ № 437)

  • Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында қорғаныс халық комиссары Тимошенконың және Бас штабтың басшысы Жуковтың атынан,Василевскийдің қолымен жазылған, қол қойылмаған бір қаитынас қағазы бар. Бұл қағаз 1941 жылғы мамырдың 15-інен бұрын жазылмаған. Қағаз Сталинге арналған, онда «Германия мен оның одақтастарымен соғыс болған жағдайға дайындық үшін Кеңес Одағының қарулы күштерін стратегиялық орналастырылуы туралы ұсыныс-пікірлер» келтірілген. Онда былай делінеді: «Германияның әскері сақадай сай дайындық күйіне келтіріліп, тылдары толығымен жазылып-дайындалғандықтан, ол қазіргі таңда бізге кенеттен шабуыл жасауы әбден ықтимал. Осыны болдырмау үшін және неміс әскерін талқандау үшін біз герман қолбасшылығының алдын алып, неміс әскері енді ғана орналасып, әлі майдан және әскер түрлерінің өзара істесуін ұйымдастыра алмайтын кезінде алғашқы соққы беруіміз керек деп ойлаймын». Одан әрі әскери қимылдардың жоспары баяндалады:

«Бірінші кезектегі мақсат — Висла өзенінің шығысында және Краков бағытында орналасқан герман әскерін талқандап, Наров, Висла өзендеріне жетіп, Катовице аумағын иемденіп алу. Ол үшін мыналарды істеу қажет: а) Германияны оңтүстік одақтастарынан ажырату үшін Оңтүстік-Батыс майданның күштерімен басты соққыны Краков, Катовице бағытында жасау керек; ә) Варшава әскер тобын байлап, Оңтүстік-Батыс майданға көмек көрсету үшін қосымша соққыны Батыс майданның солтүстік қанаты Седлец, Демблин бағытында жасауы керек».

  • 1965 жылы Г. Жуков әскери тарихшы В. А. Анфиловқа мынаны айтып берді:

«Германияның шабуылының алдын алу туралы ой Тимошенко екеуімізде Сталиннің 1941 жылғы мамырдың 5-інде әскери академияларды бітірушілердің алдында біз енді шабуыл жасайтын болуымыз керек деп сөз сөйлегеннен кейін пайда болды. Қарсылас біздің шекараларымыздың маңында өз әскерін шоғырландырып жатқанда Сталинның осылай сөз сөйлегені бізді алдын ала соққы беру туралы директива дайындау керектігіне сендірді. Құжатты дайындау жұмысы А. М. Василевскийге тапсырылды. Мамырдың 15-інде ол директиваның дайын жобасын қорғаныстың халық комиссарына және маған тапсырды. Бірақ біз бұл құжатқа қол қоймадық, алдымен оны Сталинге көрсетуді ұйғардық. Неміс әскерлеріне алдын ала соққы беру туралы ести салысымен ол бұлқан-талқан болып ашуланды. «Сендер немене, немістерді арандатқыларың келе ме?» - деп қорс ете қалды. Біз КСРО-ның шекарасында қалыптасып отырған жағдай туралы, оның мамырдың 5-індегі сөйлеген сөзінде айтылған ойларға негізделгенімізді айттық… «Мен бұны сондағыларды жігерлендіру үшін ғана, олар бүкіл дүние жүзінің газеттері айтатын неміс әскерінің еш жеңілмейтіндігі туралы емес, жеңіс туралы ойласын деп қана айттым!» - деп Сталин барқ етті. Осылай алдын ала соққы беру туралы жоспар аяқсыз қалды…» Жуков дәл осындай оқиғаны әскери тарихшы Н. А. Светлишинге де айтты.[14][15]

  • Бұрынғы партия мұрағатында Бас саяси басқарманың жетекшісі А. Щербаковтың уақыты 1941 жылғы маусымның басы деп көрсетілген әскери-саяси пропаганданың жай-күйі туралы директиваның жобасы бар. Оның ішінде тағы былай делінеді: «халықаралық жағдай мейлінше шиеленісті, біздің ел үшін әскери қатер бұрынғыдан да төне түсті. Бұл жағдайда «бөтен елдің жерінде өз елімізді қорғау» деген лениндік ұран кез келген мезетте іс жүзіне асырыла алады. Кеңес Одағының өміріндегі орын алған түбегейлі өзгерістер осындай.

Елде орнаған осы жаңа жағдай партия ұйымдарынан Қызыл Әскерді және бүкіл кеңес халқын жалынды патриотизм, революциялық батылдық және дұшпанға қарсы жойқын шабуыл бастауға әрқашан дайын болу рухында тәрбиелеу үшін партиялық-саяси жұмысында түбегейлі бетбұрысты талап етеді».[11] (документ № 512)

Информация о работе Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде