Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2014 в 08:02, практическая работа

Краткое описание

Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комиссариаттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан 1941.docx

— 708.39 Кб (Скачать файл)
  • 1941 жылғы маусымның 13-інде С. Тимошенко пен Г. Жуков Киев ерекше әскери округының басшыларына 1941 жылғы шілденің 1-іне дейін барлық «тереңде орналасқан» дивизиялар мен корпус басқармаларын мемлекеттік шекараға жақынырақ орналасқан жаңа лагерлерге жылжыту туралы директива шығарды. Осы сияқты директива сол кезде Батыс ерекше әскери округының басшыларына жіберілді.[11] (документы № 549 и № 603)[11]

  • Маусымның 14-інен 19-ына дейін шекара маңы округтарының басшылары маусымның 22-23-іне дейін майдандық (армиялық) басқармаларды далалық пункттерге шығару туралы бұйрықтар қабылдады.[11]

К. Рокоссовский былай деп жазған: «Біздің авиацияның алғы шептегі аэродромдарда шоғырландырылуына және орталық маңызы бар қоймаларды майдан маңындағы аумақта орналастырылуы алға секіріс жасауға жүргізілген дайындық сияқты болып көрінді де, әскердің орналасуы мен әскерде жүргізілген шаралар соған сәйкес болмады».

Б. Шапталов бұл жайттарды былай түсіндіреді: Сталин 1941 жылдың шілде-тамыз айларында неміс әскері Ұлыбританияға десант операциясын жасап, басып кіреді деп күткен болатын. Осындай операция жасала салысымен Сталин Польшадағы неміс әскерлеріне соққы беруді көздеді.

Әскер шабуыл қимылдарына дайындалып келгендіктен және ауқымды әскерлер мен қоймалар шекараның маңында орналастырылғандықтан, бірақ артиллерия әлі де полигондарда болып, авиация дала аэродромдарында сиретіліп орналастырылмағандықтан, 1941 жылғы маусымның 22-сінде шекара маңындағы әскери округтардың әскерлері тиімді қорғаныс ұйымдастыруға мүмкіндіктері болмай, шекара маңындағы ұрыстарда тез талқандалды.[4]

Алдын алу соғысына дайындық туралы болжам


 Басқа мағыналар үшін [[Тағы қараңыз Алманияның Кеңес Одағына алдын алу соғысы туралы болжам ]] деген бетті қараңыз.

Сталиннің Германияға қарсы шабуыл жасауға дайындалып келгендігі туралы болжам алғаш рет Һитлердің КСРО-ға шабуыл жасағаннан кейін Германия халқына сөйлеген сөзінде және Германия елшісі Шуленбургтың Молтовқа тапсырған ресми нотасында айтылды. КСРО жеріне басып кірудің алдында Кеңес Одағы Германияға шабуыл дайындап жатыр деген қауесет герман әскерлерінде жүгізілген насихаттың бір бөлігі болды. Вермахттың бір жауынгері сол оқиғаларды былай еске алады:

«Соғыстың басында бізге насихатталған басты ой мынау болды: «Ресей келісімді бұзып, Германияға шабуыл жасайын деп жатыр. Біз тек жылдамырақ әрекет еттік». Сол кезде бұған көп адамдар сеніп, Сталиннің шабуылының алдын алғынымызды мақтан тұтатынбыз. Арнайы майдан газеттерінде бұл туралы көп айтылды. Біз соларды оқып, офицерлерді тыңдап, сенетінбіз» — Һелмут Клаусманн, 111-ші жаяу әскер дивизиясы.

Шайқастары және операциялары


 Толық мақаласы: Ұлы Отан соғысындағы шайқастар және операциялар

Ұлы Отан соғысындағы ең атақты операциялар:

  • Ленинград шайқасы (1941 шілденің 10-ы — 1944 тамыздың 9-ы)

  • Мәскеу түбіндегі шайқас (1941 қыркүйектің 30-ы — 1942 сәуірдің 20-сы)

  • Сталинград шайқасы (1942 шілденің 17-сі — 1943 ақпанның 2-сі)

  • Курск шайқасы (1943 жылғы шілденің 5-сі — тамыздың 23-і):

  • Берлин шайқасы (1945 жылғы сәуірдің 16-сы — мамырдың 8-і)

Шығындар


 Толық мақаласы: Ұлы Отан соғысындағы шығындар

9 мамыр. Ұлы Отан соғысының тарихы

03 Мамыр 2012, 19:26

Биыл Ұлы Жеңіске 67 жыл. 9 мамыр - Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлы Отан соғысының тарихына шолу жасайық. 

30-жылдардағы әлемдік  дағдарыс көптеген мемлекеттердің  экономикалық, әлеуметтік және халықаралық  қатынастарын шиеленістірді. Бұл  жағдай әлемдік билікке талпынған  күштердің пайда болуына жол  ашты. Осындай күштердің ішіндегі  ең қауіптісі – Германияда  орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан  ұйымдасқан  қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты.1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді.

Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды.

Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін, негізгі күштер  талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды.

Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия Кеңестер Одағын басып алуға  дайындықты бастайды.

КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі.“Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Онтүстік тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.

1941 жылдың 22 маусымында  фашистік Германия әскері Кеңес  Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан  басып кірді. Кеңес халқының Ұлы  Отан соғысы, яғни Отанын шетел  басқыншыларынан азат ету соғысы  басталды. Кеңестік әскери күш  бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан, соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды.

Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында  Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. 

Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап, жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г.Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза  тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

“Барбаросса” жоспары жүзеге аспағаннан кейін, 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау” деген ат қойды.

Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда – 69, ал қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды.

1942 жылдың 19 желтоқсанында  Боковская-Пономаревка ауданында  болған әуе шайқасында қарағандылық  ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп  өртенген ұшағын жау танктері  шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен  бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов  Сталинградты қорғаудағы ерліктері  үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды.

1943 жылы фашистер Кеңестер  Одағын басып алу мақсатында  жаңа операция жоспарлады. Бұл  операцияға “Цитадель” деген  ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды.

1944 жылы Германияның  жеңілетіні белгілі болғаннан  кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын  Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы жылы Кеңес үкіметі “Берлин” операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты – неміс фашистерін Кеңестер Одағы територриясынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды.

Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда  6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да  құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы  еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші  қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған.

Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтердесоғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.

Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.

9 мамыр. Батырлық, ерлік, соғыс туралы қанатты  сөздер

06 Мамыр 2013, 09:11

9 мамыр мерекесі  қарсаңында батырлық, ерлік, отансүйгіштік, азаматтық хақындағы ел аузында  жиі айтылатын немесе белгілі  бір тұлғалардың аузынан шыққан  нақыл сөздерді еске алып көрейік.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаев

Дәстүрлі күйшілік өнер туралы қазақша реферат Дәстүрлі күйшілік өнер Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш»), т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі. Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты. Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады. Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан. Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшелігімен , рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек. Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар Дина Нүрпейісова, Оқап Қабиғожин, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Лұқпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Ғылман Хайрошев, Төлеген Аршанов Смағұл Көшекбаевтардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз. Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады. Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспатың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті кш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады. Жетіген – көп ішекті музыкалық аспап. Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі жеті байлық, жеті қазына дегенді білдіреді десе, кейбір аңыздарда ол «жеті хан» деген сөзден делінеді. «Жетіген» деген атау тегінде «жеті» және «ән» сөздерінің бірігуінен құралуы мүмкін дейтін де пікір бар. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанағы көн терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады. Шертер – шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспапиарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра, қобыз аспаптарына да ұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады. Асатаяқ – ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған. Қазақта қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сияқты сілкіп ойнайтын аспаптар да бар. Қомуз – ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Сырт пішіні алмұрт тәрізді. Мойны ұзын, құлағына үш сым ішек тағылады. Ойнау әдісі түрліше болады. Суырыпсалма ақын-жыршылар өз шығармаларын қомузбен сүйемелдей отырып айтады. Шаңқобыз – бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасыда сүйір тілшесі болады. Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай аспаптардың темір текшелерден жасалған түрлері де бар. Бұл аспапта көбінде әйел адамдар ойнайтын болған. Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты. Сыбызғы – қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалынатын көне үрлемелі музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған. Сазсырнай – үрлемелі аспатар тобына жатады. Ол саздан жасалынып, отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші қуыс, қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы бар. 
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/9-dstrl-kyshlk-ner.html Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени де бағылылыққа ие болды.

Информация о работе Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде