Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 16:43, курсовая работа

Краткое описание

Әр түрлі елдердің жеңіл автомобильдермен қамтылуының орташа деңгейі 1000 адамға 50-ден 200-ге дейін барады. Кез келген елдің автомобильденуінің шекті деңгейін болжау қиын, алайда халықтың моторлагну дәрежесі өсуде.
Жеңіл автомобильмен қамтылу деңгейі бірқатар факторлармен анықталады, соның ішінде, халықтың тұрмыстық жағдайының деңгейі, елдің немесе ауданның климаттық ерекшелігі, қоғамдық көлік түрінің дамуы, қалалардағы көшелік-жолдық желінің жоспарлық ерекшелігі, гараж және тұрақтармен қамтылуы.

Содержание

Бет
Кіріспе
7
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы
8
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы
8
Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциясы
16
ТКС жіктелуі мен қызметі
16
Дилерлік станциялар
19
Техникалық қызмет көрсету станциясының (ТҚКС) техникалық есептеу бөлімінің әдістемесі.
22
Бастапқы деректерді негіздеу
22
Қалалық ТҚКС жұмыстың жылдық көлемінің есебі
24
ТҚКС жол жұмыстарының жылдық көлемінің есебі
26
Жұмыстың жылдық көлемін түрлерге және орындау жерлеріне бөлу
27
Өндірістік және қосымша жұмысшылар санының есебі
29
Орындар санының есебі
32
Күту және сақтау авто-орындарының санының есебі
35
Ғимараттың құрамы мен ауданын анықтау
37
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
39
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
40
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
41
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
42
ТКС құрылымы
44
Негізгі аймақтар мен бөлімшелердің сипаты
45
Жұмыстың ұйымдастырылуы мен технологиясы
48
Конструкторлық бөлім
53
Арбалардың құрылымына шолу
53
Ось есебі
57
Пісіріп жалғау
59
Электрмен пісіру
59
Технологиялық карта
61
Машиналарды жөндеу және техникамен қамтамасыз ету кезіндегі еңбекті қорғау
64
Бөлшектеу және жинау жұмыстары
66
Өрт қауіпсіздігі
67
Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері
68
Көпқабатты автотұрақтың құрылысына кететін шығынды анықтау
68
Техникалық әсер етуді жүргізуге кететін шығындарды есептеу
69
Конструкторлық әзірлеменің экономикалық тиімділігін негізделуі
71
Стендте әзірлеу шығындарын есептеу
71
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдык жоба.docx

— 796.72 Кб (Скачать файл)

Көрсетілген жұмыстар ТКС сәйкес келетін өндірістік учаскелер барлығына байланысты орындалады, олрдың әрбірінде автомобиль-орындарының белгілі бір саны болуы тиіс.

Автомобиль-орындар деп қызмет көрсету барысында, қызмет көрсетуді күту және қожайынына беру кезінде автомобиль автомобиль орнатып қойылатын ТКС бөлімше ауданын айтады. ТКС ғимаратындағы автомобиль-орындар өзінің технологиялық міндетіне байланысты көмекші және жұмыс посттары, автомобиль күту орындары болып бөлінеді. Жоспарлық тұрғыдан «посттар» мен «автомобиль күту орындарының» айырмашылығы оларда орналасқан автомобильдердің арасындағы нормативтік қашықтықтарға, сонымен қатар автомобильдер мен ғимарат құрылымы элементтерінің арасына байланысты болады.

Жұмыс посты қажетті технологиялық жабдықтар орнатылған және тікелей автомобильдің техникалық жөнделген жағдайы мен сыртқы көрінісін қалыпқа келтіретін және сақтайтын көлік жуу, диагностикалау, ТК, АЖ және бояу секілді технологиялық әсер ететін автомобиль орындарынан тұрады.

Посттар әмбебап және мамандандырылған болып келеді.

Көмекші пост — автомобильді технологиялық жөндеу және сыртқы түрін қалыпқа келтірудегі көмекші әрі қажетті операцияларды орындауға арналған.

ТК мен жөндеу аймағында жөндеудің ерекшелігі жұмыс орындарының  50-80% көтергіш құрылғылармен жабдықтауды талап етеді, себебі автомобиль-кірістерінің 80% автомобильді іліп қою жағдайында жұмыс жасаумен байланысты. Бұндай жабдықтау өндірістік еңбекті 10% көтереді. ТК мен АЖ әмбебап посттарында жабдықтар мен құралдарды тиімді пайдалану үшін оларды толымдайды:бір, екі-үш және оданда көп посттар үшін.

ТК және АЖ аймағы автомобильді қабылдау мен беру, диагностикалау бөлімшелерінен және қосалқы бөлшектер қоймасымен технологиялық байланысты, ал олардың ауданы жалпы өндірістік ауданның 40% құрайды. ТК және АЖ посттары аймағының қасында автомобильден алынған агрегаттар мен бөлшектер үшін слесарлық-механикалық бөлімшелері және басқа да ТКС ауданының 6-8% құрайтын мамандандырылған көмекші өндірістік бөлімшелер орналасқан. Өндірістік бөлімшелердің өзара орналасуы олардың арасындағы функциялық байланыспен, жұмыстардың технологиялық біртектілігімен және құрылыстың, өртке қарсы және санитарлық-гигиеналық талаптардың тұтастығымен анықталады.

Орынды жоспарлау кезінде әсер ету түрлеріне жарым-жартылай мамандандырылған ТК мен АЖ посттарына негізгі мағына беріледі. Бұндай жағдайда уақыт өте келе посттардың саны мен құрамы өзгеріп отыруын ескеру қажет. Қазіргі заманғы ТКС ТК мен АЖ жұмыстарының басты бөлігі жалпы залда орындалады.

ТКС қуатына, өлшеміне, орыналасуына, міндетіне және мамандануына байланысты олардың атқаратын қызметі мен олардың үйлесуі әр түрлі болуы мүмкін.

ТКС орналасу принципіне байланысты —қалалық және жолдық; негізгі өндірістік қызметінің сипатына байланысты—кепілдік, кешенді, мамандандырылған, өз-өзіне қызмет көрсететін; өндірістік қуаты мен көлеміне байланысты—кіші, орташа, үлкен, ірі болып бөлінеді.

Қалалық ТКС қалада және басқа елді мекендердегі автомобиль парктеріне қызмет көрсетуге, ал жолдық ТКС жолдағы көлік құралдарына техникалық көмек көрсетуге арналған.

Қалалық ТКС жұмыс түрлеріне және автомобиль маркаларына байланысты әмбебап және мамандандырылған болып келеді. Сонымен қатар оларға кепілдік қызмет көрсететін заводтың станциялары да жатады.

Қазіргі жобалар үшін қабылданған топтастыруларға сәйкес қалалық ТКС қуаты мен өлшеміне байланысты төрт түрге бөлінеді: кіші—15-ке дейін, орташа—30-ға дейін, үлкен—50-ге дейін және ірі—50-ден жоғары жұмыс орындары. Осы өлшем түрлеріне байланысты қазіргі ТКС жобалары қалыптасады. ТКС өлшемі мен міндеті олардың түрі немесе өлшем түріне байланысты анықталады. қалалық ТКС негізінен тұрақты клиентке ие және өндірістік мүмкіндігі рұқсат еткен жағдайда автомобильге кешенді қызмет көрсетеді.

Өткен он жылдықта тұрғындарға тиесілі жеңіл автомобильдер паркінің құрылымдық құрамы айтарлықтай өзгерді, бұл автомобиль маркаларына мамандандырылған ТКС желісінің дамуына жағдай жасайды. Алайда алдағы уақытта қалалық станциялардың басты түрі автомобиль маркасына байланысты қызмет көрсететін әмбебап және ТКС орындалатын жұмыс түрлеріне байланысты кешенді болып келеді (әсіресе кіші қалалар мен елді мекендерде).

Қазіргі кезде ТКС жұмыс түрлеріне бағдар жасау ондағы өндірістік мүмкіндігіне байланысты анықталады, яғни сәйкес бөлімшелерге, бөлмелерге, құрал-жабдықтарға және т.б.

Жеңіл автомобильдер паркінің өсуі мен ТКС желісінің алдағы дамуы мамандандырылған кешенді қызмет көрсету станцияларының дамуына әкеліп соғуда, яғни белгілі бір маркадағы автомобильді ТК мен жөндеуді орындайтын ТКС, сонымен қатар жұмыс түрлеріне байланысты мамандандырылған, мысалы, диагностикалау, жуу, электрожабдықтарды және қоректендіру аспаптарын жөндеу, тежеуіш, агрегаттарды, шанақты бояуға байланысты және т.б. Осы және басқа да жұмыстар жартылай мамандандырылған жағдайда бірімен бірі қиыстырылып орындалуы мүмкін.  Бұндай келешек үлкен қалалардағы тәжірибемен дәлелделінеді, мысалы, мемлекет бойынша автомобильмен қамтылу деңгейі әлдеқайда жоғары Мәскеу, Санкт-Петербург секілді қалаларда және де шетелдік тәжірибеден.

Станцияның толық жүктелуі мен жоғарғы өнімділікті жабдықты тиімді пайдалану, қарқынды технология мен өндірісті ұйымдастыруды тиімді қолданудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін объектілер санының жеткілікті болуы ТКС автомобильдің маркасына немесе жұмыс түрлеріне сәйкес мамандандырылудың негізі болып табылады. Автомобиль қожайындарының белгілі бір мөлшері ТК және АЖ жұмыстарын өз күшімен өткізуді қалайды. Алайда орын алған жағдай әркез оған сай келмейді, себебі өз-өзіне қызмет көрсету орындары тек қана кей отандық ТКС кездеседі. Ал шетелдерде тек посттар ғана емес өз-өзіне қызмет корсету станциялары да кең тараған. Мамандандырылған станцияларды ұйымдастыру арқылы, алдағы уақытта біздің елімізде де өз-өзіне қызмет көрсетудің одан әрі дамуы мүмкін.

Бұл сұрақты шешудегі негізгі қиындықтар болып, сәйкес келетін сапа бақылауын ұйымдастыру мен техникалық қауіпсіздікті ұстану табылады. Автомобиль құрылымы әркез жетіліп отыратындықтан жоғарғы дәлдікке ие қазіргі заманғы күрделі құрал-жабдықты, сонымен қатар лайықты технологияны қолдануды талап етеді. ТК мен жөндеу кезінде сапаның жоғалуы көптеген жағдайда жол-көлік оқиғасы мен қоршаған ортаны ластауға әкеліп соқтырады.

Қазіргі заманғы шетелдік автосервистарға бағдар жасай отырып келешектегі оның дамуына жорамал жасауға болады. ТКС, шеберханалар-      дың, АЗС-дағы ТК мен жөндеу орындарының және басқа да автосервис кәсіпорындарының санының шамасы келесі берілгендермен сипатталады:

  •   АҚШ- та — 200 автомобильге ;
  • Францияда — 300 автомобильге ;
  • Ұлыбританияда — 400 автомобильге 1 кәсіпорын.

Бұл негізінен кіші қуаттағы кәсіпорындар. Олардың 70%-нің посттары3-тен аспайды, шамамен 13% посттары— 3-тен 10-ға дейін, шамамен 12% посттары— 10-нан 35-ке дейін және тек 5% посттары—35-тен 100-ге дейін.

Осы кәсіпорындардың жартысынан кемі фирмалық қызмет көрсетеді.

 

 

                       1.2.2   Дилерлік станциялар            

 

Шетелде техниканы сатумен тек машина даярлаушылары немесе олардың аудандық филиалы атынан олардың мүддесін білдіруші уәкіл, кепілдік бойынша шағымдарды орнында қарастыратын, жөндеуді тек лайықты технологиямен атқаратын, дайындаушылардың баға тізіміне іліккен кез-келген қосалқы бөлшектерді жеткізуді қамтамасыз ететін дайындаушы ұсынған кәсіпорындар айналасады.  Бұндай кәсіпорындар өкілетті дилерлар деп аталады.

Өкілетті дилер (dealer— саудагер)—белгілі бір ауданда техникамен және қасалқы бөлшектердің түпнұсқасының дара иеліктегі саудагері, өкіл бағасына уәкілдік етуші, сату, кепілдік, жөндеу және сатылған техниканың қосалқы бөлшекпен қамтамасыз ету сұрақтарын шешуші.     

Дәлме-дәл және мағыналық аудармасы дилер сатылатын техникамен  байланысты барлық сұрақтар мен мәселелерді шешуге уакілетті. Дилерлер мәселені тек дайындаушылардың толық техникалық, ақпараттық, құқықтық және бағалық қолдауы арқылы шеше алады. Бұл сұрақтардың барлығы дилерлік келісулер мен машинаның өкілдік баға сауда саясаты жағдайында алдын ала келісіледі. Дилерлер — машинаны жеткізушілердің тауарларымен келісім бойынша жұмыс жасайтын дербес кәсіпорын. Машинаны жеткізушілер өз тауар және сауда саясатында дилердің тақырға отыруына себебін тигізуі мүмкін қандай да болмасын тәуекелден бас тартады. Бұл бірінші кезекте машина жеткізушілердің өздері үшін маңызды, себебі дилер банкротқа ұшыраған жағдайда олар аудандағы сауда және сервистік нүктесінен айырылады.

Техника сататын шетелдік өкілетті дилерлік фирмалардың әдеттегі құрылымы мен бөлімшелердің қызметі төменде көрсетілген.

Коммерциялық қызмет:

  • сауда саясатын жасау, нарықта орнығу шаралары және өтімді ұлғайту;
  • жаңа машиналарды сатып алу мен сату;
  • сату алдындағы дайындыққа қажетті жұмыстарды анықтау;
  • жарнамалық шараларды ұйымдастыру;
  • клиенттер жөнінде мәліметтер базасын құру;
  • кепілдеме бойынша шағымдар есебі және машинаны жеткізушілер мен сатып алушыларға лайықты сұрақтарды реттеу;
  • бәсекелестерді және нарықты зерттеу.

Пайдаланылған машиналардыөткізу қызметі:

  • пайдаланылған машиналарды сатып алу мен сату;
  • машина ақауын анықтау, сату алдындағы жөндеуге байланысты қажетті және орынды жұмыстарды анықтау;
  • кепілдеме бойынша шағымдар есебі және сатып алушыларға қатысты сұрақтарды реттеу;
  • өтімге жарамсыз машиналарды пайдаға асыру шараларын қабылдау.

Техникалық сервис қызметі:

  • жаңа машиналарды сату алдындағы дайындық;
  • ұсталған машиналарды сату алдындағы жөндеу;
  • сатылған жаңа және ұсталған машиналарды кепілдік жөндеу;
  • техникаға коммерциялық профилактикалық регламенттік қызмет көрсету;
  • коммерциялық сақтандыратын қызмет көрсету (реттеу және т.б.);
  • коммерциялық қалыпқа келтіру қызметі (жөндеу);
  • жеке техника паркіндегі қызмет көрсетудің барлық түрі;
  • қалыпқа келтірілген қосалқы бөлшектер фонды үшін агрегаттар мен түйіндерді жөндеу;
  • өз машиналарына өз бетімен қызмет көрсетуді қалайтындарға жөндеу күштерін коммерциялық жалға беру;
  • өз қызметкерлеріне жеке көліктерін өз қалаулары бойынша жөндеуге қуатпен жағдай жасау.

Қосалқы бөлшектер қызметі:

  • қосалқы бөлшектер мен қажеттіліктерді сатып алу;
  • сату алдындағы дайындық, кепілдік жөндеу, коммерциялық қызмет корсету мен жөндеу, фирмалық жеке паркін жөндеу үшін сервис қызметіне қосалқы бөлшектерді, қажеттілерді және шығыс материалдарды беру;
  • қоймалық өңдеу— жүк түсіру, қабылдау, орналастыру,есеп, буу, тұтынушыларға жіберу үшін комлектация жасау, тиеу;
  • тәуелсіз сервистік фирмалар мен техника иелеріне қосалқы бөлшектерді, қажеттіліктерді және шығыс материалдарды коммерциялық өткізу;
  • қалыпқа келтірілген агрегаттарды қоймалау фонды;
  • клиенттерге кеңес беру.

Офис:

  • құжаттарды өңдеу мен дайындау, есептеу және т.б.
  • клиенттерге тіркеу, сақтандыру бойынша қосымша көмек көрсету және т.б.

Бухгалтерия :

  • бухгалтерлік есеп;
  • төлемдердің түсуін бақылау;
  • фирма шығынын төлеу;
  • құрама қаржылық құжаттарды дайындау.

Фирма ауқымына қарай басқа да бөлімшелер кездеседі.

Сервистік қызмет дилердің фирмасын тапсырыс берушілердің шағымынан қорғау керек дегенді жиі естуге болады. Бұл пікірді біле тұра сервистік қызметке тұрлаусыз рөл бөлінген, былай айтқанда оны кіріс көзі ретінде есептемейді. Алайда сервистік қызмет пен қосалқы бөлшектер қызметі дилерлік фирмадағы дербес әрі аса тиімді кіріс көзі болып табылады. Бұл қызметтердің фирмаға пайда келтіретін рөлі негізінен экономикалық құлдырау өсуге қараған да ұзақ созылған мезгілде көрінеді. Қосалқы бөлшектердің саудасы мен жөндеу бойынша қызметтердің агрессивті маркетингі мұндай мезгілдердегі машина саудасының төмендеуінің жағымсыз нәтижесінің орнын толтырады. Әрине, осы уақыттарда тұтынушыларда өз шығынын азайтуды қалайды. Көлік оқиғасынан кейін шанақты бояу мен жөндеуді айтпағанда, машинаны пайдалану кезінде қызмет көрсетуден бас тарта алмайды.

Жеңіл автомобильдерді сатушы дилерлар өздерінен сатылған машиналардың тек төрттен бірінен жартысына дейін өз сервисімен қамтиды. 

Көлік қожайындары кепілдік уақытынан кейін жөндеуге тек дилерге ғана емес, сондай-ақ шығарушыға байланысы жоқ жөндеу кәсіпорындарына, егер олар жақын орналасса немесе арзан жөнделсе, не болмаса көлік иелерінің жақындық байланысына байланысты береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Информация о работе Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері