Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 16:43, курсовая работа

Краткое описание

Әр түрлі елдердің жеңіл автомобильдермен қамтылуының орташа деңгейі 1000 адамға 50-ден 200-ге дейін барады. Кез келген елдің автомобильденуінің шекті деңгейін болжау қиын, алайда халықтың моторлагну дәрежесі өсуде.
Жеңіл автомобильмен қамтылу деңгейі бірқатар факторлармен анықталады, соның ішінде, халықтың тұрмыстық жағдайының деңгейі, елдің немесе ауданның климаттық ерекшелігі, қоғамдық көлік түрінің дамуы, қалалардағы көшелік-жолдық желінің жоспарлық ерекшелігі, гараж және тұрақтармен қамтылуы.

Содержание

Бет
Кіріспе
7
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы
8
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы
8
Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциясы
16
ТКС жіктелуі мен қызметі
16
Дилерлік станциялар
19
Техникалық қызмет көрсету станциясының (ТҚКС) техникалық есептеу бөлімінің әдістемесі.
22
Бастапқы деректерді негіздеу
22
Қалалық ТҚКС жұмыстың жылдық көлемінің есебі
24
ТҚКС жол жұмыстарының жылдық көлемінің есебі
26
Жұмыстың жылдық көлемін түрлерге және орындау жерлеріне бөлу
27
Өндірістік және қосымша жұмысшылар санының есебі
29
Орындар санының есебі
32
Күту және сақтау авто-орындарының санының есебі
35
Ғимараттың құрамы мен ауданын анықтау
37
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
39
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
40
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
41
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
42
ТКС құрылымы
44
Негізгі аймақтар мен бөлімшелердің сипаты
45
Жұмыстың ұйымдастырылуы мен технологиясы
48
Конструкторлық бөлім
53
Арбалардың құрылымына шолу
53
Ось есебі
57
Пісіріп жалғау
59
Электрмен пісіру
59
Технологиялық карта
61
Машиналарды жөндеу және техникамен қамтамасыз ету кезіндегі еңбекті қорғау
64
Бөлшектеу және жинау жұмыстары
66
Өрт қауіпсіздігі
67
Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері
68
Көпқабатты автотұрақтың құрылысына кететін шығынды анықтау
68
Техникалық әсер етуді жүргізуге кететін шығындарды есептеу
69
Конструкторлық әзірлеменің экономикалық тиімділігін негізделуі
71
Стендте әзірлеу шығындарын есептеу
71
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдык жоба.docx

— 796.72 Кб (Скачать файл)



 

Бір бөлшекті жасауға кеткен уақытты анықтаймыз:

 

                                     Тдана= Тжалпы + Ткөм + Тқы + Тдем;                                (4.30)

 

Мұндағы: Тжалпы = ТМ – Бөлшектің формасы немесе физикалық күйінің өзгеруі жүретін негізгі немесе машинаның уақыты, мин;

                  Ткөм – Негізігі (машина) уақыттың 20% мөлшерінде қабылданатын қосымша уақыт мин;

                  Тқы –Негізгі (машина) уақыттың 25% мөлшерінде қабылданатын станок пен көмекші механизмдерге техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын уақыт, мин;

                  Тдем – Негізгі (машина) уақыттың 25% мөлшерінде қабылданатын демалуға немесе басқа да жеке қажеттілікке жұмсалатын уақыт.

 

Тжалпы= Тм =40,1 мин.

 

Ткөм =40,1 * 0,20=8,02 мин,

 

Тқы=40,1 * 0,20=8,02 мин,

 

Тдем=40,1 * 0,10=4,01 мин.

 

Дайындаманың бір данасына жұмсалатын уақытты анықтаймыз:

 

Тдана=60,15 мин.

 

Дайындаманың сұлбалық салмағын анықтаймыз:

 

Gж = (П * D2 * L * 0,76 * 104) /4 = (3,14 * 0,0252 * 0,025* 0,76 * 104) /4 = 0,93кг

 

Әрбір жонылған диаметрі мен ұзындығын ескере отырып, ұқсас формула бойынша бөлшектің таза салмағын анықтаймыз:

 

Gт = (3,14*0,025²*0,025*0,76*104)/4-(3,14*0,016²*0,025 * 0,76*104)/4=0,55кг.

 

Өңдеу кезінде дайындаманың салмағы шамамен 41%-ға азайды.

Әзірлеу процесі кезінде бөлшекті өңдеу және өлшеу үшін құралдарды іріктеу:

  • Дайындаманың сыртын әуелі сұлбаға келтіріп, содан соң тазалап жону үшін титан-кобальттық өтпелі Т15К6 кесуші құралды таңдаймыз;
  • Дайындамадан торецті кесу мен детальды қию үшін Р6М5 немесе Р18 тез қиғыш стальдан жасалған кескішті қолданамыз;
  • Өлшеуіш құрал: 0,1 мм-ге дейін дәлдікпен өлшейтін штангенциркуль ЩЦ-I-125-0,1.

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Машиналарды  жөндеу және техникамен қамтамасыз  ету кезіндегі еңбекті қорғау

 

 

Автокөлік жөндеу шеберханаларында келесі арнайы талаптарды орындау қажет. Ацетиленді генераторлар төбесі жеңіл жабылған бір қабатты үйде және оның сыртқы қабырғасында орналасуы керек.өндірістік ғимараттардың едендері саңылаусыз, шұңқырсыз және табалдырықсыз қатты жабылған болу керек, сондай-ақ статерлік дене динамикалық кедергіге қарсы тұратын қышқылдық, майдың әсеріне орнықтылығы болуы керек. Еденде ақшыл жолақтармен жүру шектері белгіленуі керек.

Машиналарды, агрегаттарды немесе бөлшектерді бояу үшін аккумуляторды зарядтау, сондай-ақ газ генераторы, ағаш кесу және жылу аппаратын жөндеу үшін бөлімшелер, дәнекерлеу, ұста, термикалық қаңылтыр мыс цехтарымен, учаскелерімен бір ғимаратта болуы тиіс емес. Ғимараттың ішкі және сыртқы есіктері жақын жерден ашылуы керек. Ғимаратты үрме желден және жедел суықтан сақтандыру үшін сырттан кіретін және шығатын жерлеріне тамбур орналастыру керек. Тамбур есіктері өзі жабылатын құралмен жабдықталуы керек.

Бір жақты қозғалыс кезіндегі автокөліктер үшін жол жүру ені 3,5 м болып белгіленеді, ол екі жақты қозғалыста 6 м. Қақпа ені 3 метрден кем болмауы керек, ал биіктігі 3,5 м.

Құрал-жабдықты дұрыс орналастыру қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға мүмкіндік береді. Технологиялық құрал-жабдықтар машиналар мен торабтарды қабылданғаны жөнінде әдістеме технологиялық үрдісте, өндірістік бағдарламаларға құрал-жабдықтың өткізу қабілеттілігіне байланысты жоспарланады. Оларды машина торабы мен материялардың, бөлшектердің қозғалысы жұмысшыларға тиімді және қауіпсіз етіп орналастырады. Машиналар жөндеуді ағымды жүйеде жүргізу үшін өндірістік қондырғыны орналастырған кезде жүру және өту жолдары қарастырылады. Ол адамдарға қызмет көрсетіп, адам мен көліктердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, көліктер мен қондырғыларды тазалауға қолайлы.

Маневрде және сақтауда тұрған стеллаждары мен торцтарының арасындағы өту ені ең кемі 1 м, машина мен сыртқы қақпа арасы 2 м болуы керек. Қабырға мен қондырғы арасы 0,8 болуыкерек, ал олардың арасында өту жолы болмаса, онда олар бір-бірімен 1 м қашықтықта орналасуы керек, ал егер қондырғылар арасы бір жақты көлік өтетін жол болса 3,1 м, екі жақты қозғалыста 4,5 м болуы керек.

Автомобильдерді қабылдау, шашып жинау бойынша жұмыс орындары көлік көтеру құралдарымен жабдықталу керек. Гаражда, басқа да жұмыс үй-жайларында машина мен қондырғылар жанындағы жұмыс орындарында 36В қуатты жарық орнатылуы қажет. Машиналарды жөндеу кезінде ауаға шығатын газды станционарлық газ шығарғыштар арқылы жөндеу ғимаратынан алысқа шығаруды қамтамасыз ету керек.

Технологиялық құрал-жабдықтардың қызмет көрсету кезіндегі ең қауіптісі – кардандық қосылғыштар, сондай-ақ жөндеуден өткен машиналарда сынақтан және сыннан өткізу кезіндегі тораптар қозғалысының өңірлері мен өңделген бөлшектер өңірі. Сол себепті сынақтан өткізу кезінде машина мен құралдың айналатын және қозғалатын бөлшектерін, берілістің барлық түрлерін міндетті түрде қоршау қажет.

Істен шыққан қондырғымен, сондай-ақ арнайы киімсіз, бас киімсіз жұмыс істеуге тыйым салынады.

Жөндеу жұмысы кезінде және машиналарды техникалық тексеруден өткізу кезінде жуу жұмыстары кешенді түрде қарастырылады. Жуу жұмыстары кезінде мертігуге шалдығу себептері: жуу қондырғыларының істен шығуы, электр тогының соғуы, жүк көтергіш қондырғыларды іске қосу ережелерінің бұзылуы, жуғыш заттардан қорғану шараларын қолданбау.

Көптеген мертугілер адам терісін жеп қоятын улы заттармен жұмыс істеген кездегі күйіп қалу салдары (каустикалық сода, тетра этил күкірті, жұмысшылар көбіне істен шыққан көтергіш механизмдерді қолданған кезде жарақаттанады). Машиналардың сыртын жуу суық немесе ыстық сумен, тапаншалардың көмегімен, жабдықталған эстакадаларды немесе жабық жуу қондырғылар жуады.

Жуу эстакадалары мен қарау каналдары екі жақты сатымен жабдықталуы тиіс, сондай-ақ биіктігі 1,2 м эстакадалық жақтаулармен және биіктігі 1,15 м төменгі борт қаптамасымен жабдықталуы тиіс. Машиналардың қауіпсіз кіріп-шығуы үшін эстакадалар 30° бұрыштың алдыңғы және сыртқы аппорельді болуы керек. Үлкен көлемдегі кір және шаң қоқыстарын кетіру үшін түрлі тазалайтын материалдармен металды щеткалар пайдаланылады, щеткалар сабы ағаштан жасалуы керек. Агрегаттарды, тораптар мен бөлшектерді жуу, шашып жинау орнынан бөлек орналасқан арнайы жуу машиналарда жүргізіледі. Ондай машиналар жүктеме транспортерлермен, конвейерлермен жабдықталады. Жуу қондырғысынан бөлшектерді бірдей тастауға болмайды, оларды арнайы ілгіштерге ілу керек. Жууға берілетін ірі және ұсақ бөлшектердің ыдыспен бірге жалпы салмағы 50 кг болу керек.

Барлық жуу қондырғылары сору құралдарымен, желдеткішпен жабдықталуы тиіс.

Каустикалық содадан жасалған жуу қоспасын дайындайтын және жуу машинасын іске қосумен айналысатын жұмысшылар резеңке алжапқышпен, қалғаппен, ал каустикалық соданы кесу кезінде қорғаныс әйнектері бар резеңке бетпердемен қамтамасыз етілуі тиісті. Бөлмелер мен тораптарды жуу үшін бензинді пайдалануға тыйым салынады.

Камералық машиналар бөлшектерін каустикалық сода қоспасымен жуғаннан кейін қолды күйдіруден сақтау үшін бөлшектерді таза ыстық сумен мұқият жуу керек.

Егер жөндеу кезінде жуу машинасы мен камера ішінде адамдар болса, есік немесе перде ашық болуы тиіс, ал желдеткіш будың соруын қамтамасыз етуі керек.

 

5.1 Бөлшектеу және  жинау жұмыстары

 

Машинаның сыртын жуып болғаннан кейін оны бөлшектеу орнына жеткізіп, бөлшектеу-жинақтау стендіне бекітеді. Агрегаттарды көтеру және орнын ауыстыру үшін уақытында техникалық куәландырудан өткен жүк көтергіш механизмдері, сондай-ақ қолданыстығы жүкқармауыш құралдар қолданылады. Жүкті сым немесе ескі арқан көмегімен жылжытуға болмайды. Жөндеуші объектіні көтеру кезінде жүкқармауыш құралы ілмекшеде құлыппен бекітілуі тиіс, ал агрегаттың салмағы жүк көтергіш механизмі салмағынан аспауы керек. Көтергіш механизмдерде ілініп тұрған машиналарды, агрегаттар немесе тораптарға бөлшектеу-жинақтау жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады немесе орнықты арбашықтарға бекітіледі, олардың бөлшектерге жүк бекіту орнықтырғыштарымен бұрылыс құралдары болуы керек. Егер агрегат еденде бөлшектенсе оның аударылып түсу қаупін ескеріп орналастыру қажет. Машинаны бөлшектеу бойынша кез келген жұмыс қауіпті, егер арнайы құрылғылардың орнына кескіш немесе балға қолданса, тораптар мен агрегаттарды қауіпсіз бөлшектеу үшін іске жарамды түсіргіштер мен құрылғылар қолдану қажет, сондықтан оларда алдын ала жарық, майысқан сатының болмауы тексеріледі.

Мыс соққыштан жасалған балғаларды қолдануға болады. Кареталардың серіппе теңгергіштерін қондыру және шешу өте қауіпті болып табылады. Бұл жерде адамдарды жарақаттан құтқару үшін стандартты қауіпсіз құрылғысын қолданған жөн. Бұрандада қосындыларды  бұрау немесе сәйкес келмейтін кілттерді пайдалануға болмайды, себебі ол құрал-сайманның істен шығуына және адамдардың жарақаттануына әкеліп соғады. Қыры сынған бұрандалар мен саймандарды шешіп алу үшін арнайы құрылғылар қолданады. Бұранданы, қосындыларды жинақтау кезінде арнайы кілттер пайдаланылады. Жұмыс алдында пневматикалық және электрлі құрал-сайманның жарамдылығына сыртынан қарап немесе тоққа қыстырып тексеру арқылы көз жеткізу керек. Электрлі құрал-сайманды электр желісіне нөлдік сымдағы штепсель айырының көмегімен қыстыру керек. Бөлшектеу-жинақтау жұмыстары кезінде торабтар мен бөлшектердің орналасу, арнайы сақталу тәртібін сақтаған жөн. Олардың жұмыс орнында бөлшектейтін машинаның жанында үйіліп жатуына тыйым салынады. Құрал-саймандарды орналастыру арнайы стеллаждарда жүргізіледі.

Фрикцион серіппелерінің сығылуы әсерінен жұмысшы жарақат алуы мүмкін, гидравликалық стендтер мен престерде жұмыс қауіпсіздігі үшін сақтандырғыш клапандарының,  жалғастырғыштардың, шлангтардың іске жарамдығын үнемі қадағалау қажет. Ол қозғалтқышты кез келген жағдайда мықты ұстап тұра алады.

Бөлшектеу кезінде бөлшектердің біразы істен шығады. Ол заттар машинаның жанындағы орынды алып, өтуге жол болмайды. Іске жарамсыз бөлшектер жұмыс орнынан алынып, белгілі бір жерге жинақталуы тиіс.

Бөлшектеуге арналған жұмыс орындарын әр түрлі технологиялық құрылғылармен бөгеуге болмайды, оларға да арнайы орын бөлген жөн. Жұмыс орындарындағы жалпы тәртіп жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, жарақаттанудан да сақтайды.

 

5.2 Өрт қауіпсіздігі

 

Өрт шығуының негізгі себептері — өндірістің техникалық және пайдалану ережесінің бұзылуы. Найзағайдың түсуінен, газды және пешті дұрыс қолданбаудың және т.б. әдістердің кесірінен өрт шығады.

Жану дегеніміз — күрделі физикалық-химиялық процесс, жанған зат пен тотығу байланысқанда олардан жылу мен жарық шығады. Жанудың басталуына көп жандыру көздері, жанатын заттар және ауаның ішіндегі 14% -дық оттегі әсер етеді.

Ауаның ішіндегі оттегі 10% -ға дейін азайып бара жатқанда, ол шоққа айналады.

Жарқырау —тез буланған зат, ауамен байланыс түзгенде ұшқын мен газ жылуы болады. Температурада жарқырау айырмашылығы жеңіл жану (115°С –қа) және жану сұйықтары (115°С-қа ) жоғары. Жарқырау температурасы төмен температурада жанған затта болады, соның нәтижесінде булану мен газдың ауада жануы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. ЖОБАНЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

6.1Көпқабатты автотұрақтың құрылысына кететін шығынды анықтау

6.1-кесте

Материал түрі

Өлшем бірлік

Саны

Бірлік құны, тенге

Жалпы құн

Бетон

м3

5133

15200

78021600

Арматур

п.м.

256

650

166400

Металл конструкциалары, сондай-ақ

       

Аумақ

п.м.

50

1100

55000

Жылыту жүйесі

п.м.

155

1150

178250

Есік және терезе жақтаулары

м2

175

4200

735000

Ағаш

м3

30

20000

600000

Электр жабдықтары, сондай-ақ

       

Ток өткізгіш

м2

500

160

80000

Электр жабдықтағыштар

     

250000

Желілік құрылғылар

Шт

100

2500

250000

Профлист

м2

1250

800

1000000

Жұмыс, сондай-ақ

       

Бас инженер

адам-сағ

150

3076

461400

Шебер

адам-сағ

130

2200

286000

Бригадир

адам-сағ

300

1280

384000

Арматуршы

адам-сағ

600

1000

600000

Бетоншы

адам-сағ

600

983,3

590000

Информация о работе Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері