Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 16:43, курсовая работа

Краткое описание

Әр түрлі елдердің жеңіл автомобильдермен қамтылуының орташа деңгейі 1000 адамға 50-ден 200-ге дейін барады. Кез келген елдің автомобильденуінің шекті деңгейін болжау қиын, алайда халықтың моторлагну дәрежесі өсуде.
Жеңіл автомобильмен қамтылу деңгейі бірқатар факторлармен анықталады, соның ішінде, халықтың тұрмыстық жағдайының деңгейі, елдің немесе ауданның климаттық ерекшелігі, қоғамдық көлік түрінің дамуы, қалалардағы көшелік-жолдық желінің жоспарлық ерекшелігі, гараж және тұрақтармен қамтылуы.

Содержание

Бет
Кіріспе
7
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы
8
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы
8
Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциясы
16
ТКС жіктелуі мен қызметі
16
Дилерлік станциялар
19
Техникалық қызмет көрсету станциясының (ТҚКС) техникалық есептеу бөлімінің әдістемесі.
22
Бастапқы деректерді негіздеу
22
Қалалық ТҚКС жұмыстың жылдық көлемінің есебі
24
ТҚКС жол жұмыстарының жылдық көлемінің есебі
26
Жұмыстың жылдық көлемін түрлерге және орындау жерлеріне бөлу
27
Өндірістік және қосымша жұмысшылар санының есебі
29
Орындар санының есебі
32
Күту және сақтау авто-орындарының санының есебі
35
Ғимараттың құрамы мен ауданын анықтау
37
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
39
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
40
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
41
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
42
ТКС құрылымы
44
Негізгі аймақтар мен бөлімшелердің сипаты
45
Жұмыстың ұйымдастырылуы мен технологиясы
48
Конструкторлық бөлім
53
Арбалардың құрылымына шолу
53
Ось есебі
57
Пісіріп жалғау
59
Электрмен пісіру
59
Технологиялық карта
61
Машиналарды жөндеу және техникамен қамтамасыз ету кезіндегі еңбекті қорғау
64
Бөлшектеу және жинау жұмыстары
66
Өрт қауіпсіздігі
67
Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері
68
Көпқабатты автотұрақтың құрылысына кететін шығынды анықтау
68
Техникалық әсер етуді жүргізуге кететін шығындарды есептеу
69
Конструкторлық әзірлеменің экономикалық тиімділігін негізделуі
71
Стендте әзірлеу шығындарын есептеу
71
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдык жоба.docx

— 796.72 Кб (Скачать файл)

Майлау-құю жұмыстар бөлімі майды ауыстыруға және оны қозғалтқыш пен трансмиссияның агрегаттарына құюға, сүзгілерді алмастыруға және кардан білігінің біріккен жерін, жүріс бөлігін, басқару механизмдерін, доңғалақ күпшегінің мойынтірегін, ТК-1, ТК-2 көлеміндегі шанақ немесе сервистік кітапша талонында көрсетілген нүктелерді майлауға арналған. Майлау-құю жұмыстарының жеке түрлері қожайындардың тапсырысы бойынша орындалады. Мысалы, жеке агрегаттарда майды ауыстыру мен автомобильдің белгілі бір түйіндерін майлау жұмыстарын тек мамандандырылған ғана емес, сонымен қатар өндірістік бағдарлама көлеміне байланысты да посттарда жүргізуге болады.

АЖ бөлімі автомобильдің өлшемдері мен жұмысқа қабілеттілігін қалыпқа келтіру мақсатында реттеу жұмыстары арқылы жою мүмкін емес агрегаттармен, түйіндермен байланысты жұмыстар кешенін орындауға арналған. Жұмыстарының сипаты мен өндірістік орнына байланысты АЖ не жұмыс посттарында, не болмаса ТКС мамандандырылған бөлімшелерінде (өндірістік бөлімдерде) орындалады. Посттық жұмыстарға жататындар: бөлшектеу-құрастыру операциялары, автомобильде орындалатын, реттеу және тіреу жұмыстары, тежеуіш және басқа да жүйелердің ақауларын жою, сонымен қатар бөлу мен сұрыптаусыз шанақтың, агрегаттың және түйіннің ақауын түзету. АЖ бөлімінің жұмыс постында автомобильдерді қажетті құралдармен, көтергіш құрылғылармен жабдықтайды. Жұмыстардың бір қатары, мысалы, жағу шырағданы мен карбюраторды ауыстыру, өз сипатына байланысты көтергіш қолдануды қажет етпейді және де қозғалмалы домкратпен, қажеттіліктермен және құралдармен жабдықталған алаңдық посттарда немесе ТКС қажетті автомобиль-орындарда орындалады.

АЖ жұмыс посттарында орындалуға сипаты жағынан келмейтін жұмыстар мамандандырылған бөлімшелерде орындалады:

  • агрегаттық-механикалық — қозғалтқыш, қорапты беріліс, меңгерлікпен басқару, алдыңғы және артқы мосттар мен автомобильден алынған басқа да агрегаттар, түйіндер және бөлшектер бойынша бөлшектеу-құрастыру, жуу, жөндеу, қалпына келтіру және бақылау жұмыстары, сонымен қатар токарьлық-бұрама жасайтын, бұрғылайтын және басқа да станоктарды қолданумен слесарьлық-механикалық жұмыстар;
  • аккумулляторлық — аккумуляторлық батареяларды зарядтау мен жөндеу, сонымен қатар (қажет болған жағдайда) тазартылған су мен электролиттерді дайындау. Әдетте аккумулятор батареяларын құюшы мастиктер мен жөндеуге келмитін бөлшектерді ауыстыратын, батареяның ауыр элементтерін құйып алатын, шығарушы клеммдерды ерітетін мамандандырылған немесе ірі ТКС жөндеу бөлімінде шоғырландырып жөндейді; 
  • электротехникалық —шаң мен ластан тазартылған соң, АЖ посттарында жойылмаған электр жабдықтарының аспаптары мен агрегаттарының ақауын тексеру мен жөндеу, байқау және арнайы қондырғыларды сынау. Жөндеуге ұсынылған агрегаттар мен приборларды түйіндер мен бөлшектерге ажыратады, жуады, кептіреді, ақаулайды және техникалық жағдайына байланысты ауыстырады немесе жөндейді, сонымен қатар тиісті байқау стендінде немесе қондырғысында тексереді;
  • карбюраторлық (отын аппаратурасының) — карбюраторда анықталған ақауларды жоя отырып бөлшектеу, жиклерді таңдау, қалтқы камерасындағы отын деңгейін тексеру, сонымен қатар отын сорғылары мен басқа да қоректендіру жүйесі аспаптарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру мен жөндеу. Жөндеуді қажет ететін түйіндерді бөлшектеу алдында арнайы ваннада жуады, ал жөндеуден кейін стендтарда немесе қондырғыларда сынайды;
  • шина жөндеуші (шиномонтаждық) — шиналарды бөлшектеу мен құрастыру, камераны жөндеу, дисклерді, камераларды және қақпақты алмастыру, ТКС типтік өлшеміне байланысты доңғалақтарды теңгеру. Шиналарды тазартады, стендтарда бөлшектейді, ақауын анықтайды ,доңғалақты айналып өтіп, коррозиядан тазартады және бояйды, камераларды жамау салу арқылы жөндейді және вулканизациялайды. Доңғалақты құрастырғаннан кейін олардың статикалық және динамикалық теңгеруін арнайы стендта жүзеге асырады;
  • жапсырма — орындық пен арқалықты жөндеу, төбенің қаптауышын ауыстыру және жөндеу, сонымен қатар ТКС типтік өлшеміне байланысты шанақтың қаптауышы мен жылытқыш тыстарды жасау. Жұмыс жасау үшін тігін машиналарын, шеберүстел, көпшіктер мен орындықтарды бөлшектеу үшін үстелдер мен шаблондар, қаптауыш материалдарды пішу үшін ларлар мен сөрелер қолданылады. Шанақтың және орындықтың қаптауышын шешу мен ауыстыруды ТКС шанақ бөліміндегі жұмыс посттарында орындайды;
  • кузовты — кузовтың жеке бөлшектерін ауыстыру, сонымен қатар қаңылтырлық, пісіру, мыс және серіппелі-темір соғу жұмыстары, кузовтың бөлшектерін ауыстыруға қажеттіліктерді жасау, ТКС типтік өлшеміне байланысты арнайы стендтарда апаттық жағдайдағы автомобильдерді түзету мен жөндеу. Қаңылтырлық жұмыстарға қанатты, қақпақты, бүрку құралдарын жөндеу, кузовтың радиаторын, есігін және басқа да бөліктерін қаптау кіреді. Арматурлық жұмыстарға кілтті, ілмекті, әйнек көтергішті жөндеу, тұтқаларын, кронштейндерді орнату, әйнектер мен жиектерін қою кіреді. Мыс жұмыстары радиаторды, отын бактарын жөндеумен байланысты;
  • сырлау — кузовты және оның бөлшектерін бояу. Дайындамалық жұмыс бөлімінде ескі бояуын, шпатлевка және шлифовкаларын алып тастаумен айналысады. Осында негізінен кузов пен оның бөлшектерінің кейбір бөлімдерін бояйды. Бояу бөлімінде сырлайды және оны кептіреді, кузовты жартылай не тугелдей бояйды, сонымен қатар шуға қарсы мастикпен коррозияға қарсы төсемдерді қаптайды. Материалдарға лак бүрку мен кептіруге қатысты жұмыстардың барлығы камераларда жарылыс қаупін түдырушы шоғырдың пайда болуының және камералардан ғимарат бөліміне еріткіштің буы мен сырдың тұманын енгізуі мүмкіндігін болғызбайтын, дәлме-дәл сору желдеткішімен жабдықталған, арнайы саңылаусыз камераларда жүргізіледі. Қоспаны дайындау, лактар мен бояуларды дайындау, еріткіштерді сұйылту, пистолеттер мен бояу толтырғыш бактарды жуу және тағыда басқа осындай операциялық процесстер арнайы желдетілетін бояу дайындайтын бөлімдерде орындалады.

Негізгі өндірістік бөлімдерден басқа ТКС қосалқы бөлшектер қоймасы, клиенттерге арналған орындар, администраторлық-тұрмыстық бөлімдер болады, әдетте олар ТКС екінші этажында орналасады. ТК және жөндеу аймағында, сонымен қатар кузовты сырлау және басқада бөлімдерде жұмыс посттарынан басқа көмекші посттар мен автомобиль күту орындары қарастырылған, оларға қажет болған жағдайда жұмыстардың белгілі бір түрлері орындалуы мүмкін.

Берілген құрылымдық бөлімдердің тізімі барлық ТКС түрлеріне сәйкес келе бермейді. Кіші өлшемдегі станцияларда жұмыстың кейбір түрлері бір бөлімшелерге біріктірілген.

 

3.2 Жұмыстың ұйымдастырылуы  мен технологиясы

 

ТК және жөндеу бөлімінде жұмысты ұйымдастырудың айтарлықтай деңгейі өндірістік бағдарлама көлемімен, жұмыс түрлерінің технологиялық біркелкілігіне байланысты тәулігіне автомобиль-кіріс санымен анықталады және келесі тәртіппен қарастырылады.

ТКС ТК және АЖ жүргізуге келетін автомобильдер жуу-жинау жұмыстары бөліміне, ал кейін қажетті жұмыс көлемін және оның бағасын анықтау үшін қабылдау бөліміне түседі. ТКС таза келген автомобильдер жуу-жинау бөліміне тоқтамай, тікелей қабылдау бөліміне түсе алады. Автомобильдерді қабылдау бөлімінде орындалатын қажетті жұмыстар көлемін анықтауда қиыншылық туған жағдайда оны автомобиль диагностика бөлімін өткеннен кейін анықтайды.

Автомобильді диагностикалау жұмыстың орындалуы мен баға көлемін анықтауды қарастырады, оларды орындау мен сапасын бақылауды жүргізеді және ТКС жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін басқару барысында қажетті мәліметпен қамтамасыз етеді. Диагностика әрбір автомобиль үшін қажетті жұмыс көлемін жеке анықтауға мүмкіндік береді.

Бақылау әдісі ТК мен АЖ жұмыстарын үш топқа бөлуін қарастырады:

  • стендтер мен аспаптардың көмегімен алдын ала диагностикалауды қажет етпейтін, мысалы, тіреу, майлау секілді және т.б.;
  • кузовтың сынығы және сыртқы ақаулары көзбен анықталады;
  • агрегаттардағы жасырын ақауларды оларды бөлшектеусіз арнайы стендтер мен аспаптарды қолдануды қажет ететін.

Жуу, қабылдау және диагностикадан кейін автомобиль тікелей техникалық қызмет көрсету және жөндеу аймағына түседі, ТК және АЖ, онда жұмыстар түрі мен ұйымдастыру әдісіне байланысты әртүрлі өндірістік бөлімдерге бөлінеді, ал кейін бақылау және беру бөліміне өтеді. Қажет болған жағдайда жұмыстардың сапасы диагностика посттарында анықталады. Диагностика және қабылдау посттары бос болмай, ал автомобиль иесі орнында болмаған жағдайда, автомобиль авто-күту орнына жіберіледі.

Тиімді ұйымдастырылған технологиялық процесстің астарында ең төмен шығынмен орындалатын, жоғарғы сапаны қамтамасыз ететін белгілі жұмыстар реттілігі түсіндіріледі.

ТКС жұмыстарды ұйымдастыру кезінде автомобиль қожайыны ТК және АЖ көлемін кез келген үйлесімінде таңдау жұмыстарын жүргізуге құқылы, бұл жағдайда міндеттісі алдын ала болатын жинау-жуу жұмыстары болып табылады. Сондай-ақ,  көлік иесі қосымша диагностика жүргізу қажеттілігін мәлімдеуі мүмкін. АЖ жұмыстарын өткізу ТК жұмыстарын жүргізудің алдын алу қажет.

ТКС жүргізілетін жұмыс түрлері шартты индекстармен белгіленеді:

  • ҚЖ — қабылдау және байқау жұмыстарын жүргізу;
  • ЖЖ — жинау-жуу жұмыстары;
  • Д — диагностикалық жұмыстар;
  • ТК — техникалық қызмет көрсету;
  • ТЖ — тіреу жұмыстары;
  • ҚК — қуат көзі жүйесімен жұмыстар;
  • ЭЖ — электр жүйесімен жұмыс;
  • МЖ — майлау жұмыстары;
  • АЖ — ағымдық жөндеу;
  • СБ — жұмысты орындаудағы сапалық бақылау;
  • Б — автомобильді иесіне қайтару.

Автомобиль иесінің ТКС кез келген  түрдегі немесе таңдау кешеніндегі жұмысты орындауға тапсырыс беруге құқығын ескере отырып (2.2-сурет), автомобильді ТК мен АЖ және олардың тиімді ұйымдастырылуының ең тиімді мүмкін болатын нұсқасын құрады:

  1. — толық көлемдегі ТК;
  2. — тапсырыс берушімен келісе отырып ТК жұмыстарын таңдау;
  3. — толық көлемдегі ТК және қажеттілікке байланысты АЖ, сапасын тексеру үшін АЖ кейін диагностикалау;
  4. — қожайынның тапсырысымен ТК мен АЖ  жұмыстарын таңдау;
  5. — толық көлемдегі ТК және диагностика нәтижесіне байланысты АЖ;
  6. — 5 нұсқаға ұқсас, тек қожайынның тапсырысымен ТК көлемін шектейді;
  7. — диагностикалаусыз қожайынның тапсырысы бойынша ТК жұмыстары;
  8. — диагностикалау және оның нәтижесіне сәйкес ТК жұмыстары.

Қызмет көрсету барысында автомобильді кезекті орынға жіберу кезінде, ол бос болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда автомобильді автомобильді күту орнына қояды және посттардың босау уақытына байланысты белгіленген схема нұсқасымен сәйкес, оларға бағыттайды. Автомобиль күту орындары жұмыс посттарына артылған жүктің әркелкілігін тегістеп отырады, оларды пайдаланудың тиімділігін арттырады және кейбір кездері сол посттардың қызметін атқарады.

Автомобиль жұмыстың кез келген түрін не кешенін орындату барысында қабылдау-байқау және жуу-жинау жұмыстарын, сонымен қатар қозғалыстың қауіпсіздігіне әсер ететін, автомобиль агрегаттарының, түйіндерінің және жүйелерінің техникалық жағдайын анықтаудағы диагностика жұмыстарын, ал қажет болған жағдайда  тереңдетілген диагностикалауды жүргізеді. Содан соң автомобильді талапқа сай посттарға немесе авто-күту орындарына қарастырылған жұмыстарды жүргізуге жібереді. Кейін орындалған жұмыс көлемін бақылаудан өткізеді. Сон соң автомобильді иесіне қайтарады немесе сақтау алаңына жібереді.

Берілген қызмет көрсету түріндегі операциялар кешенін орындауға бөлінетін посттардың саны мен жабдығына байланысты жұмысты ұйымдастырудың екі әдісін ажыратады:

  • әмбебап посттарда;
  • мамандандырылған посттарда.

Әмбебап посттарда жұмысты ұйымдастыру әдісі барлық мамандық бойынша жұмысшылардың бір бригадасымен немесе жоғары дәрежелі әмбебап-жұмысшылармен ТК барлық жұмыс түрлерін орындауды қарастырады.

Әмбебап посттар тұйық және жолдық болуы мүмкін.

ТК және АЖ бөлімінде негізінен тұйық посттарды қолданады, жинау-жуу жұмыстарында — жолдық посттарды.

Әмбебап посттарда жұмысты ұйымдастыру әдісінің артықшылығы оларда әртүрлі көлемдегі жұмыстарды орындау мүкіндігі, кешілігі— автомобильге қызмет көрсетуде жалпы уақыттың ұзаруы және бірдей құрылғыларды бірнеше рет қайталау. Бірнеше әмбебап, параллель орналасқан посттар болған жағдайда жұмыстар мамандандырылған бригадалармен орындалады, олар өз жұмыстарын орындап болған жағдайда бір посттан екінші постқа ауысып отырады. Сайып келгенде, атқарушыларды посттарға орынды бөлудің нәтижесінде жұмыс уақыты тиімді қолданылады, алайда автомобильдердің түсуінің әркелкілігі және жұмыс көлемінің әртүрлілігінен ұйымдастыруда қиындықтар туындайды.

Мамандандырылған посттарда техникалық қызмет көрсету әдісінің негізі —бірнеше посттарға жұмыс көлемін бөлшектеп таратуда. Посттарды мамандандырылған құрылғылармен қамтамасыз етеді, соған сәйкес жұмысшылар жұмыстың бір түріне немесе оларды орынды байланыстырып маманданады. Типтік ТКС автомобильдерді майлау және диагностикалаудың мамандандырылған посттары қарастырылған, басқа жұмыс түрлерін мамандандырудың мүмкіндігі де бар.

Мамандандырылған посттар әдісі үздіксіз және тұйық болып келеді.

Үздіксіз ұйымдастыру әдісінде әрбір қызмет көрсету жұмыс түрінің көлемін белгілі операцияларды орындау үшін әрбіріне мамандандырылған жұмыс орындары бекітілген жүйелі орналасқан бірнеше посттарда жүргізеді. Посттардың жиынтығы қызмет көрсетудің үздіксіз сызығын құрайды. Егер қызмет корсетудің ауысымдық бағдарламасы үздіксіз сызықты толық жүктеуге жеткілікті болса, қызмет көрсету операциялары орындаушыларға айқын бөлінсе, жұмыстар кең механикаландырылса, тиісті материалдық-техникалық база және резервтік пост немесе сызық ырғағын тез түзететін және посттың жүктелуін үйлесімді ұстап тұра алатын атқарушылар болса, уздіксіздік әдісі тиімді болады. Бұндай жағдайда еңбек өнімділігі 20%-ке өседі.

Автомобильдерге қызмет көрсетудің операциялық-посттық әдісінде қызмет көрсетудің әрбір түріндегі жұмыс көлемі бірнеше посттарға бөлінеді. Бір постта қызмет корсетілгеннен кейін автомобиль келесісіне ауысады. Әрбір постта қызмет көрсету уақыты бірдей болуы қажет. Жұмысты ұйымдастырудың операциялық-посттық әдісі құрылғыларды жетілдіруге, технологиялық процессті механикаландыруға мүмкіндік береді, ал бұл жұмыс сапасы мен еңбек өнімділігін жоғарлатады. Алайда бұндай жағдайда бірнеше рет орнатулар және автомобильдердің посттарда жүруі уақытты жоғалтады, сонымен қатар бөлме ауасы  игерілген газбен ластанады.

Автомобильдерді жөндеу мен қызмет көрсетудегі өндірісті ұйымдастыруда үш әдіс көп қолданысқа ие:

  • мамандандырылған бригадалар әдісі;
  • кешенді бригадалар әдісі;
  • агрегаттық-бөлімдік әдіс.

Мамандандырылған бригадалар әдісінде автомобильдерді ТК мен АЖ жұмыстарының барлығын белгілі бір жұмысшылар бригадасына бекітеді. Мамандандырылған бригадалар ТК-1, ТК-2, АЖ жүргізеді. Жұмысшыларды толықтай жүктеуді қамтамасыз ететіндей,жеткілікті қарқынмен  ТКС автомобильдер түссе және автомобильдерді ТК мен жөндеу жүргізу үшін арнайы посттар болған жағдайда ғана бұндай еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті формасын қолдану мүмкін болады. ТК-1 мен ТК-2 және АЖ аймағының үздіксіз желісімен ірі ТКС ғана мамандандырылған бригадалар құрылады, ал бақа жағдайда — кешенді бригадалар.

Кешенді бригадалар әдісінде әрбір бригада автомобильдерді ТК-1, ТК-2 және АЖ жұмыстарының барлық кешенін жүргізеді. Бригадаға жүктелген қажетті жұмысты орындау үшін, бригадаға әртүрлі мамандықтағы жұмысшыларды жинақтайды. Кешенді бригаданың артықшылығы — жұмыс сапасына толық жауапкершілігі. Барлық маман жұмысшылардың бригадада болуы әртүрлі жұмыс түрлерін уақыт бойынша шапшаң түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Бригадир ТК жұмысшыларды автомобильдерді жөндеуге және керісінше ауыстырып отыра алады. Алайда кешенді бригада жоғары дәрежедегі жұмысшыларды талап етеді, ал бұндай жағдайда негізінен еңбек өнімділігі мамандандырылған бригадалық әдісті қолданғаннан төмен болады.

Информация о работе Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері