Қылмыстық ізге түсу амалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 06:38, дипломная работа

Краткое описание

Қылмысты істі тергеумен және шешумен байланысты қылмыстық процессуалдық іс- әрекетке әр түрлі органдар мен тұлғалар қатысады. Олар белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленеді, іс бойынша іс жүргізу барысында процессуалдық құқықтық қатынасқа түседі, яғни қылмыстық процестің субьектілері болып табылады. Бүл субьектілердің процессуалдық жағдайы әр түрлі. Теорияда рольдерінің, олардың іске қатысуының мақсатының ұқсастығына байланысты қылмыстық процесс субьектілері келесі топтарға ажыратылады: 1.Қылмыстарды тергеуді, қылмыстық істерді қарауды және шешуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот, прокурор, тергеуші, анықтама органы және анықтаушы.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6
1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6
1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9
1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13
1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15
2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51
2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51
2.2. Айып тағу........................................................................................................53
2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Вложенные файлы: 1 файл

Кылмыстык изге тусу амалдары.doc

— 383.00 Кб (Скачать файл)

         Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелеріне сәйкес айып тағу кезінде қорғаушының қатысуы міндетті болып табылатын істер бойынша тергеуші егер қорғаушыны айыпталушыны  өзі,  оның заңды өкіліне не  оның тапсырмасы немесе келісімі бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының келмеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады.

         Бостандықта жүрген айыпталушы  жазбаша хабарлама - шақыру қағазы  арқылы жауап алуға шақырылады. Хабарлама телефонограмма немесе  жеделхат арқылы да берілуі  мүмкін.

         Шақыру қағазында айыпталушы ретінде кім, қайда және кімге шақырылатыны, келетін күн мен сағаты, сондай-ақ келмеу қалуының салдары көрсетілуге тиіс.

        Шақыру қағазында айыпталушыдан  қолхат алып тапсырылады, ал  ол уақытша болмаған жағдайда  айыпталушыға беруі үшін шақыру қағазы кәмелетке толған отбасы мүшесіне тапсырылады немесе тұрғылықты жеріндегі тұрғын үй- пайдалану ұйымына немесе әкімшілікке не жұмыс орнындағы әкімшілікке беріледі, олар жауп алуға шақырылып отырған айыпталушыға шақыру қағазын беруге міндетті. Айыпталушы басқа да байланыс құралдарын пайдалана отарып шақыртылуы мүмкін. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған және ол тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайда, алдын ала тергеу органы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпы жұрттың қолы жететін телекоммуникация желілерінде, ал оның тұрып жатқан жері белгілі болған жағдайда айыпталушының тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялауға құқылы [34; 12].

          Бостандықта жүрген айыпталушы тергеушінің шақыртуы бойынша белгіленген мерзімде келуге міндетті.

         Тергеушінің шақыртуы бойынша  айыпталушының келмей қалуына  мыналар дәлелді себеп деп  танылады:

         1)       айыпталушының  келмеуіне мүмкіндік бермейтін ауру;

         2)       жақын туыстарының  қайтыс болуы;

         3)       дүлей апаттар;

         4)       шақыру қағазының  \ хабарламаның \ қолына тимеуі;

         5)      айыпталушының белгіленген  мерзімге келуіне мүмкіндік бермейтін  өзге жағдайлар [35; 26].

         Айыпталушы белгіленген мерзімде  келмей қалу себептері туралы  тіркеушіге хабарлауға міндетті.

         Дәлелсіз себептермен келмей  қалған жағдайда айыптаушы айдап  экелінуі мүмкін.

          Күзетпен ұстауда жүрген айыпталушы  қамау орнының әкімшілігі арқылы шақыртылыды.

         Айыпталушы ретінде жауапқа тарту  туралы қаулыда мыналар көрсетілуге  тиіс:

         1) оның    жасалған   уақыты    мен    орны;    қаулыны    кім   жасаған; айыпталушы ретінде  жауапқа тартылатын адамның тегі, аты мен әкесінң аты, оның туған күні, айы, жылы және жері;

         2) айыпталушы айыпталып отырған  қылмыстың оны жасаған уақыты, оның көрсетілген  сипаттамасы,  сондай-ақ Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу кодексінің 117-бабында сәйкес дәлелденуге  тиісті өзге де жағдайлардың сипаттамасы;

         3) аталған қылмыс үшін жауаптылықты  көздейтін қылмыстық заң (бап,  бөлік, тармақ) [48; 107].

          Бірнеше қылмыс бойынша айыпталған  кездегі айыпталушы ретінде жауапқа  тарту туралы қаулыда қылмыстық  заңның әрбір бабы (бөліктер, тармақтар) бойынша айыпталушыға қандай нақты іс-әрекеттер танылатыны көрсетілуі тиіс.

          Қаулыда адамда тергеліп отырған  іс бойынша айыпталушы ретінде  жауапқа тарту туралы шешім  болуға тиіс.

          Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесі ол шығарылғаннан кейін 24 сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

2.2. Айып тағу

 

        Алдын ала тергеудің аяқталуы  дегеніміз — алдын ала тергеу  сатысының қорытынды бөлімі. Ол  істің мән-жайын толық, жан-жақты  және объективті зерттеу бойынша барлық тергеу  әрекеттері аяқталып, істін ары қарайғы тағдыры туралы шешім қабылдау қажет болғанда туындайды.

        ҚР ҚІЖК-нің 289-бабының редакциясы  бұл талданып отырған кезеңнің  басталу және қадағалаушы прокурордың  жазбаша нұсқауы бойынша қылмыстық істі тоқтату мүмкіндігінін бар екендігін көрсетеді. Алдын ала тергеудің аяқталуы бірқатар іс жүргізу әрекеттерін қамтиды, оларды іс жүргізу шешімдері тиісінше рәсімделгенге дейін орындау қажет. "Алдын ала тергеудің аяқталуы" термині кейде басқа мазмұнда пайдаланылады:

аттас кезенде  жүзеге асырылатын анықтаушы органнынң  тергеушінің, прокурордың іс жүргізу  кызметі және қылмыстық-іс жүргізу  қызметі.

       ҚР ҚІЖК-нің 24-36-тарауларының мазмұнына  сүйене отырып алдын ала тергеуді  аяқтаудың кемінде үш түрін бөліп алуға болады:

— айыптау қорытындысын жасау;

— қылмыстық  істі қысқарту туралы қаулы шығару;

— медициналық  сипаттағы мәжбүрлеу шараларын  қолдану туралы мәселені қарауы үшін істі сотка жолдау туралы қаулы шығару.

      Тергеудің аяқталуының тағы да бір түрі — қылмыстардың мән-жайы туралы хаттама ресімдеу жайында айтылады. Іс жүргізушілер алдын ала тергеу міндетті болып табылатын істер бойынша анықтауды, көбіне алдын ала тергеудің нысаны деп атайды. Қылмыстық іс жүргізу қызметінін бұл түрінде де ақтық кезең бар, ол қылмыстық іс материалдарын тергеу орнына жіберу туралы мәселе шешілетін уақыт аралығы (ҚР ҚІЖК-нің 36-тарауы). Материалдарды әкімиіілік жазалау шараларын қолдану үшін сотка жібере отырып істі қысқарту туралы шешім қылмыстық істі қыскартудан бөлек айтылады. Қазіргі кезде қылмыстық істі қыскартудьщ бұл түрін заң шығарушы алып тастады. Ондай ҚР ҚІЖК-нің 37-бабында қарастырылған кезде де ол алдын ала тергеуді аяқтаудың өзінше бір түрі болған емес.

       Тергеушінің қылмыстық істі тергеу бойынша қызметті айыптау қорытындысын жасаумен аяқталады. Осы аталған пройессуалдық құжатта істің мәнісі мен айыптау жазылады, тергеушінің айыпталушы белгілі бір қылмыс жасады деген корытындысы және істі сотқа жіберу қажеттілігі туралы айыптылады айыптау қорытындысының заңи маңызы жоғары болып табылады. Ол адамдарға қатысты да, айыптау пәніне қатысты да сот тергеуінің шектерін анықтайды. Сот тергеуі барысында тек қана айыптау қорытындыснда көрсетілген қылмыстық әрекетке қатысьты және сонда көрсетілген айыпталушы адамға қатысты ғана болады.

       Оның маңызы ол алдын ала  тергеу материалдарының барлығын  жүйеліп, сот тергеуінің шектерін  анықтайтында көрінеді. Сот тергеуінің  басында айыптау қорытындысын  жариялау және оның қорытынды  бөлігін жариялау қылмыстық прцесске қатысушыларға және сот талқылауына қатысып отырған адамдарға сот талқылауын пәні б.т. тағылып отырған айыптың мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

           Айыптау қорытындыс үш бөліктен  тұрады:

           1)  кіріспе;

           2)  сипаттаушы бөлік;

           3)  қорытынды бөлік [36; 98].

          Осы бөліктердің әрқайсысының  ережелері бар. Оларды сол ережелерге  сәйкес толтырып, ең соңында тергеуші  қол қояды. Айыптау қорытындысы  қылмыстық іспен бірге сотқа  жіберу үшін прокурорға жіберіледі. Прокурор істің материалдарымен таныса отырып, оны сотқа жіберу немесе қосымша тергеуге қайтару туралы мәселені шешеді. Жоғарыда айыптау қорытындысы үш бөліктен тұрады:

          -    кіріспе;

          -    сипаттаушы;

          -    қорытынды тұрады деп атап көрсетіп кеткен болатынбыз.

         Оның кіріспе бөлігінде қылмыстық  істің саны, айыпталушының (айыпталушылардың) тегі, аты-жөні, ол (олар) бойынша олардың  әрекеттері сараланатың қылмыстық  заңның бабы (баптары) көрсетіледі.

         Онда әлі қылмыстық іске қатысты нақты мәліметтер көрсетілмейді. Тек қана жалпы мәліметтер көрсетіледі. Ол айыптау қорытындысына кіріспе б.т.

         Сипаттаушы бөлікте істің мәнісі: қылмысты жасауды орны мен  уақыты, оның тәсілдері, ниеттері  және өзге де маңызды мән-жайлары; жәбірленуші туралы мәліметтер; қылмыстың бар болуын және оның айыпталушымен жасалуын растайтын мәліметтер; айыпталушының жауапкершілігін ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар, айыпталушының өзін қорғау үшін берілген дәлелдері, оларды тексеру нәтижелі көрсетіледі.

          Істің барлық мән-жайларының жазылуы  істің сәйкес беттеріне сілтемесе  жасай отырып, расталады.

         Айыптау қорытындысын сипаттаушы  бөлігі нақты болуы керек. Онда  әрбір айыпталушының қылмысты  жасауға қатысуы дараландыруы  керек.

          Егер адамға қылмыстық кодекстің  бірнеше баптарымен көзделген  қылмыс жасау бойынша айып  тағылатын болса, онда айыптау  қорытындысында осы адамға баптардың  әрқайсысы бойынша нақты қандай  әрекеттерді (әрекетсіздік) жасағаны  үшін айып тағылатыны жөнінде атап көрсетіліп кетіу керек.

         Қылмысты бірнеше адамдар жасаған  болса, онда айыптау қорытындысында  қандай іс-әрекетті (әрекетсіздікті) қай адам жасағаны анық көрінуі  керек. Егер олар бірлесіп бірнеше  қылмыс жасаған болса, онда  әрқайсысы нақты бір қандай қылмыстар жасаған туралы көрсетіліп кетуі керек.

         Айыптау қорытындысындағы айыптаудың  формулировкасы тағылған айыптан  елеулі түрде ажырматылуы керек.  Ол айыпталушыныңжағдайын нашарлатпауы  керек немесе оның қорғауға  құқығын бұзбауы керек.

          Айыптауды елеулі түрде өзгерту болып оның кез келген нысандағы формулировкасын өзгертілуі танылады. Мысалы, адамға айып тағу кезіндегінен өзге қылмыс жасағаны туралы айып тағылуы керек, тағылған қылмыстан кінәсінің нысаны, ниетті бойынша және өзге де белгілері бойынша өзге қылмыс жасағаны үшін кінә тағылған болса.

            Сонымен қатар, айыптау қорытындысындағы  айып тағылған айыптан да өзгеше  болуы мүмкін. Ол ауыр болмауы  керек. Айып ауыр болып келесі  жағдайларда танылады:

            - егер қылмыстық құқтын оның санкциясы неғұрлым ауыр жазаны көздейтін нормасы (бабы, бөлігі, баптары, тармақшасы) қолданылатын болса;

            - айыпқа айыпталушыға тағылмаған  фактілер (эпизодтар) қосылатын болса.

           Сондай-ақ, олар қылмыстың саралануын өзгертетін болса, жазаның неғұрлым ауыр түрін көздейтін болса, жасалған әреккетің (іс-әрекет немесе әрекетсіздіктің) заңды бағалауын өзгертпей-ақ, айыптың нақты бір көлемін үлкейтетін болса [37; 16].

          Айыпталушы өзін кінәлімін деп  таныған кезде оның кінәсі қылмыстық іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен расталуы керек.

          Егер айпталушы тағылған айыпты  даулайтын болса, өзінің қылмыс  жасағандағы кінәсін мойындамайтын  болса, айыптау қорытындысының  сипаттаушы бөлігінде осы көрсетулерді  жоққа шығаратын және тергеуші қорытындыларының дұрыстығын растайтын дәлелдемелер болуы керек.

          Айыптау қорытындысының сипаттаушы  бөлігін жазудың бірнеше тәсілдері  бар. Олар үш тәсіл бойынша  жазылады. Олар төмендегідей:

          -  хронологиялық;

          -  жүйелік;

          -  аралас [37; 105].

         Айыптау қорытындысының сипаттаушы  бөлігін хронологиялық тәсілмен  жазу жасалған қылмыстың мән-жайларын  олар терегумен анықталған рет-реті  бойынша жазу қажет болған  кезде қолданылады.

         Мысалы, тергеу барысында айыпталушының ұрлық жасағаны анықталған болса. Содан кейін, қылмыстық істі тергеу барысында сол адамның тағы бір ұрлық жасағаны анықталып, ол бойынша материалдар қылмыстық іске тіркеледі. Осы кезде айыптау қорытындысына бірінша анықталған мән-жайлар, содан кейін келесі мән-жайлар анықталуына қарай хронологиялық тәртіппен орналастырылады.

          Сипаттаушы бөліктің жүйелік  тәсілі олар шын мәнінде жасалған  ретінде қарай қылмыстарды анықтау  болған кезде қолданылады.

         Хронологиялық тәсілді қолданған кезде кейін анықталған қылмыстық әрекет уақыты бойынша одан бұрын анықталған қылмыстық әрекеттен жасалуы мүмкін. Ал жүйелік тәсілді қолданған кезде жасалған қылмыстық әрекеттер олар шын мэнінде жасалған реті бойынша жазылады.

          Айыптау қорытындысының сипаттаушы бөлігін жазудың аралас тәсілі, әдетте, күрделі, көп эпизодты істер бойынша қолданылады. Онда жүйелік тәсіл мен хронологиялық тәсіл аралас түрінде қолданылады.

          Айыптау қорытындысының үшінші  бөлігі-қорытынды бөлік болып табылады. Айыптау қорытындысының қорытынды бөлігінде айыпталушының жеке басына қатысты мәліметтер жазылады.

          Осы бөлікте айыптың формулировкасы  жазылады. Айып қылмыстық заңның  сәйкес бабыны (баптарына, бөлігіне, тармақшаларына, бөліктеріне) сілтеме жасай отырып, жазылады.

Информация о работе Қылмыстық ізге түсу амалдары