Қылмыстық ізге түсу амалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 06:38, дипломная работа

Краткое описание

Қылмысты істі тергеумен және шешумен байланысты қылмыстық процессуалдық іс- әрекетке әр түрлі органдар мен тұлғалар қатысады. Олар белгілі құқықтар мен міндеттерді иеленеді, іс бойынша іс жүргізу барысында процессуалдық құқықтық қатынасқа түседі, яғни қылмыстық процестің субьектілері болып табылады. Бүл субьектілердің процессуалдық жағдайы әр түрлі. Теорияда рольдерінің, олардың іске қатысуының мақсатының ұқсастығына байланысты қылмыстық процесс субьектілері келесі топтарға ажыратылады: 1.Қылмыстарды тергеуді, қылмыстық істерді қарауды және шешуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот, прокурор, тергеуші, анықтама органы және анықтаушы.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6
1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6
1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9
1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13
1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15
2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51
2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51
2.2. Айып тағу........................................................................................................53
2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Вложенные файлы: 1 файл

Кылмыстык изге тусу амалдары.doc

— 383.00 Кб (Скачать файл)

          Айыптау қорытындысының қорытынды  бөлігі сипаттаушы бөліктен туындауы  қажет және онда сол сипаттаушы  бөлікке қатысты тұжырымдар жасалуы  керек. Ол сипатама бөлікпен  логикалық байланысты болуы қажет. 

          Осы бөлік маңызды болып табылады. Онда жасалған қылмыстық әрекетті (әрекеттерді) (іс әрекет немесе әрекетсіздік) тергеу нәтижесі бойынша тергеушінің қорытындылары жасалады.

 

2.3 Айып тағуды  өзгерту және толықтыру. Қылмыстық  ізге түсуді айып тағу бөлігінде  қысқарту

 

          Егер алдын-ала тергеу кезінде  тағылған айыпты өзгертуге немесе  оны толықтыруға негіздер пайда  болса, тергеуші Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу кодексінің 207-бабының талаптарын сақтай  отырып, айыпталуші ретінде жауапқа  тарту туралы жаңа қаулы шығаруға және оны айыпталушыға Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 208-209 баптарында белгіленген тәртіп бойынша ұсынуға міндетті.

          Егер алдын ала тергеу барысында  тағылған айыптың әлде бір  бөлігі расталмаса, тергеуші өзінің қаулысы арқылы осы бөлік бойынша қылмыстық ізге түсуді қысқартады, қабылданған шешімнің көшірмелерін тапсыра отырып, бұл туралы айыпталушыға және процестің басқа да қатысушыларына хабарлайды.

          Мыналарды анықтау айып тағуды  өзгерту үшін негіздер бола алады:

1. айып тағудың  жүзіндегі жаңа құрамын;

2. жасалған қылмысқа  қатысушыларды;

3. тағылған айыптың  бір бөлігінің расталмауы;

4.  қылмыстың  заң жүзінде жіктелуінің өзгеруін  анықтау.

           Айып тағуды өзгертудің қажеттілігі  мыналарды білдіріді:

1.  адамды  айыпталушы ретінде жауапқа тарту  туралы қаулы алғаш шығарылған  кезде заңдылықты қандай да  бір бұзушылыққа жол берілмеген;

2.   айып  алғаш рет тағылған  кезде   қылмысты тиісінше  қылмыстық-құқықтық  саралау үшін жиналған дәлелдемелердің жеткілікті болғаның;

3.     айып тағуды өзгерту істің  материалдарынаң, тіпті оның жіктелуі  өзгеретін болса, қылмыс жасаудың  тергеу бастапқыда анықтаған  мән-жайларын жоққа шығармайтының  білдіреді.

      Қылмыстық іс қысқарса алдын  ала тергеу тоқталады. Ол негіздерді алты топқа белуге болады:

а)  істің  жүргізілуін болдырмайтын мән-жайлар (ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы);

б)  жасалған қылмыс немесе оны жасаған адам қоғамға  қауіптілігін толықтай жоғалтатындай  жағдайдың өзгеруі;

в) тергеушіге кылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босататындай құқық беретін мән-жайлар (ҚР ҚІЖК-нің 7-9 баптары);

г)   айыпталушының  қылмыс жасауға қатысқанының дәлелденбеуі (ҚР ҚІЖК-нің 269-бабынын 2-тармағы);

д) қоғамға қауіпті  іс-әрекет жасаған адам тарапынан  коғам, езі немесе басқа адамдар үшін қауіптің болмағандығын сол іс-әрекеттің сипатына және адамның психикалық жағдайына қарай дәлелдеу (ҚР ҚІЖК-нің 514-бабының 1-тармағы);

е) қылмыстық  жауапқа тартуға заңда көрсетілген  органнын (лауазымды адамның) келісімінің  болмауы.

"б" және "в" тармақтарда көрсетілген негіздерді алдын ала тергеу оргаңдары тек прокурордын келісімімен ғана қолданады.

     Іс  бойьшша іс жүргізуді болдырмайтын  мән-жайлардың тізбесі

     Бұл  мән-жайлар ҚР ҚІЖК-нін 37-бабында  бекімін тапқан. Онда қозғалған  қылмыстық іс мына жағдайларда қысқарады делінген:

1)  қылмыс  оқиғасы болмаса;

2)  іс-әрекетте  қылмыстық құрам болмаса;

3) ескіру мерзімі  өтсе;

4) рахымшылық  актісі бойынша, егер ол жасалған  іс-әрекет үшін жаза қолдануды  болдырмаса, сондай-ақ кейбір адамдарға  кешірім жасалғанда;

5) қоғамға кауіпті  іс-әрекет жасаған кезде занға  сәйкес қылмыстық жауаптылық  болуы мүмкін жасқа жетпеген  адамға қатысты;

6) жәбірленушілердің  шағымы бойынша қозғалған істер  бойынша жәбірленуші мен айыпталушы  өзара бітімге келген және  осы Кодекстін 390-бабында көзделген жағдайлардан басқа реттерде;

7)  жәбірленушінің  шағымымен ғана іс қозғалатын  болып, бірақ оның шағымы болмаған  және жәбірленушінің шағымы болмаса  да прокурорға іс қозғау құқығы  берілген, осы Кодекстің 390-бабының  үшінші бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде;

8) өлген адамды  ақтау және жаңа айқындалған  мән-жайлар бойынша басқа адаадарға  қатысты іс қозғау үшін іс  жүргізу қажет болған жағдайлардан  басқа реттерде өлген адамға  қатысты;

9)  сол айыптау  бойынша занды күшіне енген үкім не сол иегіздер бойынша істі қысқарту туралы ұйғарым немесе қаулы бар адамдарға қатысты;

10)  анықтау  органының, тергеушінің, прокурордың  сол айыптау бойынша істі қысқарту  туралы бұзылмаған қаулысы бар  адамға қатысты, егер қьглмыстық  істі қараушы сот істі қозғау қажет деп таппаса;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды.

 

            Қылмыстық ізге түсу ҚР Қылмыстық  кодексінің 105 (Денсаулыққа қасақана  жеңіл зиян келтіру), 111 (Денсаулыққа  абайсызда зиян келтіру), 112-баптарында (Қорқыту), 123 (Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауна немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де мәжбүр етулер), 129 (Жалға жабу), 130 (Қорлау), 136 (Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару) 140 (Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару), 142-баптарында (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу), 144-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде) (Дәрігерлік құпияны жария ету), 145-бабында (бірінші бөлігінде) (Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу), 188-бабында (бірінші бөлігінде) (Бөтен адамның мүлкі абайсызда жою немесе бүлдіру), 300-бабында (бірінші бөлігінде) (Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

              Жеке-жариялы тәртіппен жүзеге  асырылатын қылмыстық ізге түсу  ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабында  (бірінші бөлігінде) (Денсаулыққа  қасақана ауыр зиян келтіру), 104-бабында (бірінші бөлігінде) (Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру), 117-бабында (бірінші және екінші бөлігінде) (Заңсыз аборт жасау), 120-бабында (бірінші     бөлігінде)     (Зорлау),     121-бабында         (бірінші     бөлігінде) (Нәпсіқүмарлық сипатындағы күш қолдану), 135 (Бала асырап алу құпиясын жария ету), 139-баптарында (Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану), 144-бабында (үшінші бөлігінде) (Дәрігерлік құпияны жария ету), 176-бабында (бірінші жэне екінші бөлігінде) (Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе асырап ету), 184-бабында (бірінші бөлігінде) (Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу), 187-бабында (бірінші бөлігінде) (Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесебүлдіру), 188- бабында (екінші бөлігінде) (Бөтен біреудің мүлкін абайсызда немесе бүлдіру), 189-бабында (Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау), 200-баптарында (Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету), 226- бабында (бірінші бөлігінде) (Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зияңды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарту), 228-бабында (Өкілеттіктерді теріс пайдалану), 229-бабында (бірінші бөлігінде) (Жеке нотариустардың және аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы), 296-бабында (бірінші бөлігінде) (Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы), 327-бабында (бірінші бөлігінде) (Өзінше билік ету) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық іс бойынша іс қозғалмайды.

           Қылмыстық сот ісін жүргізу  міндеттерін орындау мақсатында  қылмыстық ізге түсу органы  өз құзыреті шегінде қылмыстың  белгілерін тапқан әрбір жағдайда  қылмыс оқиғасын белгілеуге, қылмыс  жасауға кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бірдей кінәсіз адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетті.

            Қылмыстық іс жүргізудегі прокурордың  қадағалауы төмендегілерде көрініс  табады:

           1) жедел-іздестіру қызметін қадағалау;

           2) тергеу мен анықтаманы қадағалау;

           3) сотта мемлекет мүдделерін білдіру

           4) атқару өндірісінің зандылығын  қадағалау.

           Жедел-іздестіру қызметін қадағалаудың  пәні болып жедел іздестіру  шараларын жүзеге асыру барысында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ, жедел-іздестіру қызметін қадағалауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың актілерінің зандылығын қадағалау табылады.

           Қазақстан Республикасының қылмыетық  іс жүргізу кодексінің ережелеріне сәйкес айып тағу кезінде қорғаушының қатысуы міндетті болып табылатын істер бойынша тергеуші, егер қорғаушыны айыпталушының өзі, оның занды өкілі не оның тапсырмасы немесе келісімі бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының келеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады.

            Айыптау қортындысы үш бөліктен  тұрады:

            1)  кіріспе;

            2)  сипаттаушы бөлік;

            3)   қортынды бөлік.

            Осы бөліктердің әрқайсысының  ережелері бар. Оларды сол ережелерге сәйкес толтырып, ең соңында тергеуші қол қояды. Айыптау қорытындысы қылмыстық іспен бірге сотқа жіберу үшін прокурорға жіберіледі. Прокурор істің материалдарымен таныса отырып, оны сотқа жіберу немесе қосымша тергеуге қайтару туралы мәселені шешеді.

           Оның кіріспе белігінде қылмыстық  істің саны, айыпталушының (айыпталушылардың) тегі, аты-жөні, ол (олар) бойынша олардың  әрекеттері сараланатын қылмыстық  заңның бабы (баптары) көрсетіледі.

          Онда әлі қылмыстық іске қатысты  нақты мәліметтер көрсетілмейді. Тек қана жалпы мәліметтер көрсетіледі. Ол айыптау қорытындысына кіріспе болып табылады.

          Сипаттаушы бөлікте істің мәнісі: қылмысты жасаудың орны мен  уақыты, оның тәсілдері, салдары  ниеттері және өзге де маңызды  мән-жайлары; жәбірленуші туралы мәліметтер; қылмыстың бар болуын және оның айыпталушының өзін қорғау үшін берілген дәлелдері, оларды тексеру нәтижелі көрсетіледі.

          Істің барлық мән-жайларының жазылуы  істің сәйкес беттеріне сілтеме  жасай отырып, расталады.

          Айыптау қорытындысын сипаттаушы  бөлігі нақты болуы керек. Онда  әрбір айыпталушының қылмысты  жасауға қатысуы даралануы керек. 

       Егер адамға қылмыстық кодекстің  бірнеше баптарымен көзделген  қылмыс жасау бойынша айыпталатын  болса, онда айыптау қорытындысында осы адамға баптардың әрқайсысы бойынша нақты қандай әрекеттерді (әрекетсіздік) жасағаны үшін айып тағылатыны жөнінде атап көрсетіліп кетуі керек.

       Қылмысты бірнеше адамдар жасаған  болса, онда айыптау қорытындысында  қандай іс-әрекетті (әрекетсіздікті) қай адам жасағаны анық көрінуі керек. Егер олар бірлесіп бірнеше қылмыс жасаған болса, онда әрқайсысы нақты бір қандай қылмыстар жасағаны туралы көрсетіліп кетуі керек.

       Айыптау қортындысындағы айыптаудың  формулировкасы тағылған айыптан елеулі түрде ажыратылмыуы керек. Ол айыпталушының жағдайын нашарлатпауы керек немесе оның қорғауға құқығын бұзбауы керек.

      Айыптау қорытындысына тергеушінің  ойынша сот мәжілісіне шақыртуға  жататын адамдардың тізімі және  іс бойынша қажетті анықтамалар тіркеледі. Сот мәжілісіне шақыруға жататын адамдар (жәбірленуші, куәлер, сарапшылар, т.б.) тізімінде олардын тегі, аты, әкесінің аты, тұрған (жүрген) жері және олардын жауаптары немесе қорытындылары келтірілген іс парағы көрсетіледі. Практикада, әдетте, бұл көрсетілген құжатта куәлерден, жәбірленушілерден және айыпталушылардан жауап алу хаттамасы бар іс парағы ғана көрсетіледі, ал беттестіру хаттамасының қайда екендігін көрсетуді ұмытып кетеді. Бірақ, жауаптар келтірілген нақты мәліметтер көзін осы екі хаттамамен шектеуге болмайды. ҚР ҚІЖК-нін, 229-бабында былай делінген: тану жүргізу алдында танитын куә немесе жәбірленуші жауап беруден бас тартқандық немесе жалтарғандық үшін және әдейі жалған жауап бергендік үшін жауаптылық туралы ескертіледі. ҚР ҚІЖК-нің 229-бабына сәйкес тану хаттамасында "танушының жауаптарын баяндау" керек. Бұл дегеніміз — шақыртуға жататын адамдар тізімінде тиісті тану хаттамасы тігілген іс парағы көрсетілуі керек. Жәбірленушінің, куәлердің, олардың жақын туыстарының және басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолданылғанда олардың мекен-жайы, қажет болса, тіптен, аты-жөні де көрсетілмейді. Кейде мұндай адамдар сотта жасырын ат пайда-ланады. Сот пен прокурорға жәбірленушілер мен куәлердің толық деректері бөлек конвертте беріледі, ол сотта жарияланбайды. Сотқа шақырылатын адамдар тізіміне алдын ала тергеуде сұралғандардың барлығы емес, ең керектілер ғана кіреді.

Информация о работе Қылмыстық ізге түсу амалдары