Лирикалық поэзия дәстүрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация

Краткое описание

Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................
3

1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ


1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................

9

1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25

2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ


2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................

48

2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................

67

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107

Вложенные файлы: 1 файл

ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ.docx

— 227.25 Кб (Скачать файл)

Қорғауға ұсынылатын негізгі  тұжырымдар:

– Қазақ поэзиясындағы романтизм  мен реализм көркемдік әдістері тұтастығындағы даму жолы дарынды тұлғалар шығармашылығы негізінде қалыптасты.

– ХХ ғ. 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясындағы  көрнекті ақындар шығармалары ұлттық және әлемдік рухани құндылықтар  жүйесін қалыптастырды.

– Қазақ әдебиетінің тарихында  лирикалық өлеңдерімен, поэмаларымен, прозалық шығармаларымен мол әдеби мұра қалдырған Зейнолла Шүкіров шығармашылығы классикалық әдебиет дәстүрін жалғастырған шеберлігімен бағаланады.

– Зейнолла Шүкіровтің лирикалық  өлеңдеріндегі азаматтық-отаншылдық сарындар ұлттық және жалпыадамзаттық  гуманизм мұраттары жолын толықтырған  сипатымен дараланады.

– Ақынның көңіл-күй, элегия, махаббат лирикасы тобындағы өлеңдері психологиялық, философиялық тереңдіктерімен айқындалады.

– Ақынның табиғат лирикасы жаратылыс құбылыстары мен адамдар жан әлемі құбылыстарының, қасиеттерінің психологиялық егізделген, шендестірілген поэтикалық күрделі бейнелену ерекшеліктерін танытады.

– Ақынның сатиралық өлеңдері адамзат  ұрпақтарының эстетикалық, көркемдік  ойлау дүниетанымын жетілдіру жолындағы  сыншылдық, тәлім-тәрбиелік ұлағат ұстанымын көрсетеді.

– З. Шүкіров поэмаларының антикалық  фольклорлық-мифологиялық және тарихи деректі өмір шындығы негізінде  жырлануы көркемдік шындық поэтикасын дамытудағы шеберлік өнегесі.

– З. Шүкіровтің лирикалық өлеңдері мен поэмаларының жанрлық жүйесі мен көркемдік ерекшеліктері  қазақ поэзиясының әдеби үдерістегі дәстүр мен жаңашылдық өнегесі сипатымен бағаланады.

Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

1 РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ

 

1.1 ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және Зейнолла Шүкіров шығармашылығы

 

Әлем әдебиеті – жер бетіндегі барлық халықтардың бұрынғы-соңғы мұраларынан құралған рухани құндылықтар қазынасы болып саналады. Дүниежүзіндегі бес құрлықты мекендейтін халықтардың ежелгі замандарда негізі қаланған, кейінгі дәуірлерде көркемдік сипаты жетіліп қалыптасқан сөз өнері мұралары мол. Тілдері, діндері, орналасқан географиялық аймақтары бөлек болса да, шығармалардың мазмұны мен пішініне ортақ көркемдік сипаттар әлем халықтары мұраларының ұрпақтарды қалыптастырудағы маңызын үнемі арттырумен келеді.

Әдебиет шығармалары көрнек өнері  салаларының (сымбат, сәулет, бейнелеу, әуез) ішіндегі жинақтаушылық, соларды  біріктірушілік қызметін атқарады. Көркемдік-эстетикалық  аса ықпалды қызмет атқаратын  сөз өнері шығармаларының әуелгі пайда болуынан бастап, кейінгі даму белестерінің бәрінде де поэзиялық шығармалардың негізгі тірек-желі болғаны мәлім. Көркем әдебиет дамуының барлық кезеңдерінің әуелгі басталуынан бастап кейінгі даму кезеңдерінде де эпос, драма тектері жанрлары поэзиялық сипатпен жарық көрген. Бұл орайда, академик З. Қабдоловтың сөз өнері тарихындағы туа біткен талант табиғаты туралы ғылыми тұжырымын негізге аламыз:

«Талант атаулы қашаннан халық құрметі  мен сүйіспеншілігіне бөленген. Айталық, қазақ халқы атам заманнан бері қарай ел ішінде ақыны мен әншісін айрықша қадірлеген. Өнер иесін қасиет тұтып, киелі санаған жұрттар да бар. Айта берсек, сонау көне дүниенің аңғырт ұғымы суреткер талантын кейбір таңдаулыларға тартқан құдайдың сыйы деп білген. «Құдай сыйы» хақындағы ұғым бағзы заман ғана емес, кейінгі дәуірлерде де көп айтылған: біреулер идеалистік астармен көрер көзге өтірік айтса, біреулер әншейін айшықты сөз ретінде лепіріп айтқан. Әйтпесе, талант тасасында тұрған мұншалық құпия сыр да, сипат та жоқ екені ешқандай дәлел қажет етпесе керек.  Сөйте тұра, суреткер болу үшін адамға тума қабілет, табиғи дарын қажет екенін кім кімде мойындауға тиіс. Әңгіме сол қабілет пен дарынның қалай тәрбиеленуінде, қалыптасуында және дамуында жатыр» [23, 12-б.].

Әлем әдебиеті тарихындағы әдеби  тек түрлері (эпос, лирика, драма) жанрларындағы  шығармалардың халық көңіліне ұялаған  үлгілерінің барлығы да сөз өнері  тарихын қалыптастырды. Халық ықыласын иеленген талантты, дарынды ақындар шығармаларының ғасырлар бойы ұрпақтардың жадында жатталуы, авторларының әрбір ғасыр сайын жаңғырған қалпымен құрметтелуі – сөз өнері құдіретінің ұлағатын дәлелдеумен келеді.

Халық жүрегінен орын алған ақын-жазушылар шығармаларының ұрпақтар санасынан орын алуының басты себебі – мыңдаған, миллиондаған оқырмандардың жан әлеміндегі үздіксіз қозғалыстағы сезім  тебіреністерімен, толғаныстарымен үндес жырланатындығы. Қуаныш пен қайғы, үміт пен торығу, сәттілік пен сәтсіздік, сенім мен опасыздық, мәрттік пен екі жүзділік және т.б. саналуан қарама-қайшылықты тіршілік құбылыстары мен қозғалыстары адамдардың көңіл әлеміндегі саналуан толғаныстар кеңістігін қалыптастырады. Талантты, дарынды ақындардың өлеңдері осындай күрделі көңіл-күй әуендері сапырылысқан адамдардың сезімдерімен үндеседі. Ақындардың жырларынан өз көңілдеріндегі сезім толқыныстарына үндестік, сәйкестік тапқан адамдар сол туындылардан рухани ем алғандай сезінеді. Қуанышына, қайғысына, үмітіне, сеніміне, т.б. сөзім өрнектеріне ортақтық табады. Осылайша саналуан сезімдер тоғысындағы өміршең туындылардың халықтық сипатқа ие болған мәртебесі қалыптасады. Қазақ әдебиетіндегі авторлық поэзияның қалыптасуы мен дамуындағы көрнекті ақындар шығармаларының барлығы да осындай өмір шындығының халықтық сынағынан өткені анық.

Романтизм мен реализм көркемдік  әдістері ХІХ–ХХ ғасырлардағы әлем әдебиетінің  негізгі көркемдік әдістері қызметімен танылады. ХІХ ғасырдағы әлем әдебиеттері дамуының желісінде ұлттық және жалпы адамзаттық көркемдік дәстүр сабақтастығы жүйесінде адамзат көркемдік ойлауына тән тың серпілістер бейнелене бастады.

Қазақ әдебиеті – әлемдік сөз  өнері үдерісіндегі көрнекті арналардың бірі. Сондықтан, көркем әдебиет дамуына  ортақ өмір шындығы мен көркем шындық тұтастығын шығармалар арқауына алатын болмыс тарихилығы негізіндегі  жағдайдың сөз өнеріне ықпал ететіні басты назарда болады. Қазақ поэзиясындағы классикалық үрдістер мен жаңашыл сарындар сабақтастығын байыптағанда әлемдік әдеби үдерістегі тарихи оқиғалармен сабақтастықтың ықпалды сипатын бағалаймыз.

Әлем әдебиетін зерттеушілердің  пікірі бойынша романтизм мен  реализм көркемдік әдістері бір-бірімен  тығыз ұштаса отырып, адамзаттың өмір шындығы негізіндегі көркемдік танымы кеңістігін айқындауымен ерекшеленеді. Әлем әдебиетіндегі осы шығармашылық құбылыс поэтикасын зерделеген ғалымдар пікірі де біздің бағдарлы ойымызды дәйектейді:

«В основе романтического художественного  метода лежит «романтическое двоемире»  – ощущение глубокого разрыва  между идеалом и действительностью. При этом романтику по-новому понимают и идеал, и действительность по сравнению с классицистами. У классицистов идеал конкретен и доступен для воплощения, более того, он уже был воплощен в античном искусстве, которому поэтому и следует подражать, чтобы приблизиться к идеалу. Для романтиков идеал – это нечто бесконечное, абсолютное, прекрасное, совершенное, при этом таинственое и часто непостижимое» [80, с. 36].

Қазақ поэзиясының ХІХ–ХХ ғасырлар белестеріндегі романтикалық сарынды  шығармаларының  табиғатынан да осы аталған шығармашылық ерекшелік құбылысын байқаймыз. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Дулат Бабатайұлының, Шортанбай Қанайұлының, Махамбет Өтемісұлының, Мұрат Мөңкеұлының, Базар Оңдасұлының, Шернияз Жарылғасұлының, Сүйінбай Аронұлының және т.б. дәстүрлі ақындар поэзиясы тұлғаларындағы романтизм мен реализм көркемдік әдістері тұтастығының  болғаны – ұлттық сөз өнері тарихындағы басты сипат. Бұл орайда, академик З. Ахметовтің «Романтизм» атты еңбегіндегі ғылыми тұжырымды басшылыққа аламыз:

«... көркемдік әдіс ретінде алғанда  романтизм әлдеқайда кеңінен  мағына береді, осы әдістің негізгі  принциптерін, бейнелеу тәсілдерін (қиялшылдық,  ерекше көңіл аударарлық оқиғалар, сирек кездесетін арманшыл кейіпкер, романтикалық көтеріңкі леп, романтикалық сарын, т.б.) белгілі бір тарихи кезеңнің шеңберінде алып, нақтылы бір елдің әдебиетімен, өнерімен шектеп қою дұрыс болмас еді.

Романтизм әдісі негізінен алғанда  жазба әдебиетінде ХІХ ғасырда  толық қалыптасып, өзінің кемелдік дәрежесіне көтерілгенін айта отырып, осы әдіске тән бейнелеу тәсілдері  одан әлдеқайда ерте кездегі сөз  өнерінен (ауыз әдебиетінен), қылаң беріп, көрініп қалып отыратынын, бұл көркемдік әдістің кейін ХХ ғасырда жаңа сипат алып, дамып келе жатқанын, оның негізгі принциптері көркем өнерінің табиғатына сай болғандықтан алдағы уақытта да қолданыла беретін мойындау керек» [81, 177-б.].

Осы пікірмен үндес ғылыми тұжырым  академик З. Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабында да айтылған.

Демек, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясындағы ақындар  шығармашылығында романтизм мен  реализм көркемдік әдістерінің  сабақтас өріле жырлануы – жалпы әлемдік әдеби үдеріс қозғалысының көрсеткіші. Осы кезеңдегі көрнекті ақын Зейнолла Шүкіровтің поэзиялық шығармаларының да романтизм мен реализм көркемдік әдістері тұтастығымен жырланғандығын аңғарамыз.

Әдеби процесс әдел халықтарының тарихындағы  жекелеген көрнекті қаламгерлер  шығармаларының жинақтала келе, тұтас  көркемдік ойлау кеңістігін құрайтын болмысын бейнелейді.

Қазақтың ежелгі дәуірлерде негізгі  қаланған көркем әдебиеті жанрларының  жүйесі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен  ХХ ғасырдың тұтас желісінде көркемдік жалғастықпен, жаңашыл серпінмен дамыды. Хакім Абай негізін қалыптастырған жаңа жазба реалистік әдебиет романтизм мен реализм тұтастығындағы көркемдік сипатымен дамыды. Фольклор мұралары мен дәстүрлі ақын-жыраулар поэзиясында көркемдік негізі қаланған, одан кейін хакім Абай және оның ақындық мектебі ізімен дамыған қазақ поэзиясында романтизм мен реализм көркемдік әдістерімен жырланған шығармалар халықтың шынайы қабылдау, ықыласын иеленді. Ақылбай Абайұлының, Мағауия Абайұлының, Шәңгерей Бөкеевтің, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мағжан Жұмабаевтың, Бернияз Күлеевтің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың және т.б. ақындар шығармалары ұлттық поэзиямызды әлемдік әдебиеттегі классикалық үрдістер деңгейіне көтерді.

Романтизм мен реализм көркемдік  үрдістері тоғысуымен жырлауда Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Бейімбет Майлиннің, Сәбит Мұқановтың лирикалық және эпикалық поэзиялық шығармалары көркемдік-эстетикалық дүниетаным кеңістігінің сөз өнері арқылы бейнелену мүмкіндіктерін айқын танытты.

Қазақ поэзиясында адамның жан  ділі әлемі мен қоршаған ғарыштық-ғаламдық тіршілік ортасының әр үндес, тектес, сонымен бірге қарама-қайшылықты құбылыстарын да, қасиеттерін де психологиялық егіздеумен де, қатарластыра, салыстыра шендестірумен де бейнелеуі жаңашыл серпінмен өрістеді. Қазақ поэзиясындағы романтикалық және реалистік бейнелеулерден ғарыш кеңістігіндегі бүкіл жанды және жансыз денелердің өзара қарым-қатынастар жүйесі поэтикалық көркемдік жинақтаулармен өрнектелді. Бұл арада, әрине, ХІХ–ХХ ғасырлардағы қазақ ақын-жазушылары шығармашылығындағы әдеби ықпалдастықтар жүйесінің маңызы да ерекше орын алды. Себебі, ежелгі дәуірдерден бері әлем халықтарының фольклор мұралары мен әдебиет шығармаларының өзара араласуларының, байланыстарының үздіксіз дамып келгені мәлім. Қазақ сөз өнеріндегі ежелгі замандардан бері түркі халықтарына ортақ жәдігерліктердің, жанрлардың, сюжеттердің аралас-құралас келгені – табиғи-тарихи ерекшелік. Сонымен бірге, Азия, Африка, Еуропа, Америка құрлықтары халықтарының фольклор мұралары мен әдебиет шығармаларының өзара үндесуі де, ортақ сюжеттердің болуы да, сол арқылы ұлттық және жалпыадамзаттық көркемдік-эстетикалық ойлаудың біртұтастығы да айқындалады.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби үдеріс қазақ поэзиясының көрнекті ақындары Қасым Аманжолов, Әбу Сәрсенбаев, Сырбай Мәуленов, Хамит Ерғалиев, Ғафу Қайырбеков, Аманжол Шамкенов, Әбдікәрім Ахметов, Ізтай Мәмбетов, Тоқаш Бердияров, Қуандық Шаңғытбаев, Қайнекей Жармағамбетов, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев, Зейнолла Шүкіров, Төлеген  Айбергенов, Сағи Жиенбаев, Әділбек Абайділданов және т.б. талантты ақындар шоғыры ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі жолын жаңа көркемдік сапамен жаңғыртты. Осы ақындардың лирикалық және эпикалық жанрларда жырланған шығармаларында өмір шындығы романтикалық және реалистік сарындар тұтастығымен жырланды.

Әдеби үдерістегі ақындардың ұлттық және әлемдік үдеріс сабақтастығы сәйкестігімен  жырлауы арқылы қазақ поэзиясындағы  әлем өркениеті деңгейіндегі өсуі, жетілуі дамыды. Поэзиялық шығармалар жанрларының да романтикалық сипатпен жырлануы – көркемдік жаңашылдықпен дамудың көрсеткіші.

Аға буын және кейінгі толқын ақындардың осындай көркемдік үдерістерге  сәйкес өсуі, жетілуі, ұлттық поэзияның  көркемдік сапамен дамуы туралы қайраткер тұлғаларымыздың пікірлері  де сол кезеңде айтылды. Бұл орайда, суреткер жазушы Мұхтар Әуезовтің «Мәлік Ғабдуллинге жауап хат» (1955) атты хат-мақаласындағы келелі ойдың келісті тұжырымдары сөз арқауындағы ХХ ғасырдың 20–50-жылдарындағы ұлттық поэзиядағы романтизм мен реализм көркемдік әдістері аясындағы даму сипатын тануға бағдарлайды:

«Біздің поэзиямыз 20-шы жылдардан 30-шы жылдарға басқанда бір он жыл емес, талай он жылдар сапалы сапарын кешіп өтті. Одан әрі 40-шы жылдарға, қан сапырылған қатал жылдарға жалғаса тағы да өскелең қанат қақты. Қара үзіп, аса түсті. Қазір, міне 50-ші жылдардың орта деңгейіне жетіп отырмыз. Бүгінгі поэзия қырқыншы қырқыншы жылдардыкі емес. Аса өскен мәдениетімен ізденгіш өнерімен, әр сипат нәрімен де, барымен де үлгілі поэзия өрісін тауып отыр. Саты-саты, қат-қаты қасиеті танылады» [82, 383-б.].

Бұл – қазақ поэзиясының жаңа тақырыптарды, көркемдік шеберлікті игеруін таныған классик қаламгердің, ғұламаның тұжырымы. Поэзиясындағы  лирикалық және эпикалық шығармалардың  оқырмандардың көркемдік-эстетикалық  дүниетанымын тереңдететін, рухани түсіну, бағалау көзқарастарына ықпал ететін шығарма тұғырында танылуы талантты, дарынды ақындардың ғана туындылары арқылы жүзеге алады. Қазақ және әлем халықтарының сөз өнері мұраларын  жан-жақты зерделеп зерттеген Мұхтар Әуезовтің ХХ ғасырдың 20–50-жылдарындағы қазақ поэзиясының даму жетістіктерін  де, игере алмағанын да сынып бағалауы көркемдік мұраттың жүзеге асуын ойлаған, өнерді сүйген жанашырлықтың көрінісі.

Информация о работе Лирикалық поэзия дәстүрі