Лирикалық поэзия дәстүрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация

Краткое описание

Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................
3

1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ


1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................

9

1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25

2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ


2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................

48

2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................

67

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107

Вложенные файлы: 1 файл

ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ.docx

— 227.25 Кб (Скачать файл)

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдың 20–80-жылдарындағы дамуы, өсуі-өркендеуі – кеңестік кезеңдегі басшылық қызмет атқарған ұлтымыздың қайраткер азаматтарының  назарында болған мәлім. Бұл орайда біз қазақ әдебиетінің, мәдениетінің дамуы үшін өздерінің биік  лауазымды қызметтерінде халықшыл, отаншыл қасиеттерімен дараланған, жұртшылықтың құрметіне бөленген қайраткер азаматтардың тарих беттеріне өшпестей жазылғандығын айтамыз. Темірбек Жүргенов, Нұртас Оңдасынов, Ілияс Омаров, Өңбекәлі Жәнібеков, қазіргі Нұрсұлтан Назарбаев, Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мұхаммед есімді азаматтар ұлттық әдебиеттің әлем өркениетіндегі еңселі тұлғасын таныту жолында мәңгі ұмытылмайтын қызмет өнегесін қалыптастырды. Жазушы Нәсіреддин Серәлиевтің «Теңіз жыры» естелік-эссесінде Асқар Тоқмағамбетовке сол кездегі Қазақ КСР Мәдени министрі Ілияс Омаровтың 1957 жылы 26 мартта жазған хатынан үзінді келтіріліпті:

«... Асеке, – деп, жазыпты хатта  – көптен бері «Қазақ әдебиетінен» қиып алған Қызылорданың Зейнолла Шүкіров  деген баласының кішкентай өлеңі  жататын еді. Соны өзіңізге жіберсем деп жүр едім. Бүгін сәті түскен сияқты. Ол баланың кім екенін, қайда оқитынын білмеймін, бірақ аяқ алысы кең сияқты. Жақсыдан дәмете беретін көңілім теңіз суретін шын ақындықпен бергеніне риза болып, үміттеніп қалды. Сол үміт алданбағай, әйтеуір. Хабарласа қалсаң, сол бала жайлы да айтарсың. Мүмкін ескеріп жүрген інішегің болар. Сәлеммен Ілияс» [108, 49-б.].

Қайраткердің ХХ ғасырдың 40–70-жылдарындағы туған әдебиетіміздің өзекті мәселелер  туралы ойлары «Әдеби-толғамдар» (1988) [115] атты кітабында жинақталып берілген.

Қазақ әдебиетінде кеңестік саяси-идеологиялық бақылаудың, сөз өнерінің партиялылығы мен таптығы ұстанымын сақтауын қадағалаудың құрсауында жүрсе де халықтың жан діліндегі философиялық, психологиялық, асыл арна, биік нысаналы ойларды көркем шындықпен жазу үрдісі тоқталған  жоқ.                    ХХ ғасырдың 50–70-жылдары – қазақ әдебиетіндегі ең елеулі туындылардың жазылып, Кеңес Одағы көлемінде халықтардың, басқа шет ел тілдеріне аударылып әлем өркениетіне таралық танылған кезеңі.

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылып бітіп, 1959 жылы халықаралық Лениндік сыйлықты иеленуі де ұлттық әдебиеттің мерейін әлемдік деңгейде асқақтатты. Қазақ поэзиясында да, прозасында да, драматургиясында да романтизм мен реализм көркемдік әдістері сабақтастығымен жазылған туындылар ұрпақтардың сөз өнері арқылы тәрбиеленуіне және жалпы адамзаттық гуманизм мұраттары жолында өнегелі өмір сүруіне бағдар берді. Осы орайда, академик Рымғали Нұрғалиевтің сөз арқауындағы қазақ әдебиеті дамуына жасаған ғылыми-теориялық тұжырымын методологиялық ұстаным тұрғысында басты назарға алуды жөн көреміз:

«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті әлемдік көркемдік тәжірибені меңгерген дарынды қаламгерлер жасаған, барлық жанрларда дамыған, сұлулық жүйесі қалыптасқан, биік эстетикалық деңгейге көтерілген маманданған өнер екенін тамаша туындыларымен әйгілеп берді. Алаш ұранды әдебиет мұраттары ілгері дамып, жай көзге өп-оңай шалына бермейтін, өнердің ғажайып ұлттық игілік, асыл арна, биік нысаналары көгала толқын іспетті ағыстар талантты қаламгерлер шығармаларында өрістен өріске көтеріліп, жаңа арналар тауып, буы бұрқырап жатты. Саясаттан қашу, тоталитаризм құрығынан құтылу үшін қаламгерлер шыншыл сөз өткізудің сан алуан тәсілін тапты: бүгінгі тақырыптардан кетіп, тарих қойнауына сүңгіді; астарлы, емеурін ой айту амалдарын меңгерді; сөз өнерінің табиғатына жат сарындардан безді. Көкейкесті сырларды бейнелі, суретті, ишара сырлы сөзбен айта білген үздік шығармалар халық махаббатына бөленді, ұлттың рухани игілігіне айналды; еліміздің тұрмыс-салтын, тарихын, мінез-құлқын өзге жұрттарға таныстырды» [38, 8-б.].

Қорыта айтқанда, әлем әдебиетіндегі  романтизм мен реализм көркемдік  әдістері өркениеттер адамзат ұрпақтарының көркемдік-эстетикалық дүниетанымын байытты. Әлем халықтарының классикалық әдебиеттерінде қалыптасқан көркемдік дәстүр негіздерімен қазақ поэзиясы да сабақтасты. Хакім Абай және оның ақындық мектебі үрдісіндегі шығармашылық тұлғалар ХХ ғасырдың 50–70-жылдарында да көркемдік сапасы жоғары туындылар жазды. Көрнекті талантты ақын Зейнолла Шүкіровтің поэзиясы да Алаш ұранды классикалық әдебиетіміздің рухани құндылықтар қазынасын лайықты үлес болып қосылды.

 

 

1.2 Ақын лирикасы жанрларының поэтикалық ерекшеліктері

 

Әлем әдебиетінің әуелгі пайда  болған кезеңдерінде поэзиялық шығармалардың  негізгі поэтикалық желіні құрағандығы  – тарихи дамудың желісі. Адамзат өркениеті дамуының алғашқы дәуірлеріндегі антикалық риториканың поэзиялық және прозалық үлгілері [116], классикалық сөз өнері үлгілеріндегі жанрлар жүйесі [117] – бәрі де поэзиялық сипат аясында қалыптасып дамығандығы ғылыми зерттеулерде бағаланып келеді.

Ежелгі замандардан-ақ ақындарды  Жаратушының құдіреті ықыласына ие болған ерекше жан иелері – тұлғалар ретінде бағалау орын алған. Ғарыштық-ғаламдық кеңістіктегі Жаратушының құдіретімен жасалған үйлесім мен қарама-қайшылықтар әлемінің сырларын жан ділімен сезінуші, маңындағы кезеңдестеріне және кейінгі ұрпақтарға ұғындырушы қызметіндегі ақындар шығармашылығының айрықша болмысы барлық зерттеулердің әуелгі сөз бастауында аталумен келеді. Зерттеуші Н. И. Григорьеваның «Вдохновение и творчество в поэтике платоновских диалогов» атты зерттеуіндегі ғылыми тұжырым да антикалық әдебиет поэтикасы мен кейінгі әдеби үдеріс дамуындағы ақындардың тұлғасын даралап көрсетеді:

«Общеизвестна мысль древних о  том, что творчество всякого подлинного поэта инсценируется божеством. В архаическую эпоху поэт –  сверхчеловек, космический пророк, охватывающий своим словом небо и  землю. Поэт является олицетворением сверхобычного  видения, создателем грандиозных картин жизни, хранителем памяти коллектива. Поэт воспевает прошлое и будущее  мира, он избранник богов, и гарантом поэтического авторитета выступает  муза, божественная входновительница его творчества [116, с. 135].

Қазақ әдебиеттануының қазіргі  қисыны жүйесіндегі академик                                З. Ахметовтің пікірінше: «Ақын – поэзиялық туындыларды: өлең, жыр-дастан, поэмаларды ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтық көркемдік дәстүрлерін қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері» [81, 25-б.].

Қазақ поэзиясының ежелгі замандардан  қазіргі дәуіріміздегі ұласу  жолындағы байырғы, негізгі арнасы – лирикалық өлеңдер. Әлем әдебиеттері дамуының классикалық деңгейлерге көтерілген кезеңдерінде байырғы антикалық жанрларды жаңаша түрлендіре дамыта жырлау өрістей келе, мазмұны мен пішіні жаңғырған жаңа үлгілерінің қолданысты байқалатыны – табиғи ерекшелік. Сақ, ғұн, түркі өркениеті дәуірлерінде негізгі қаланған қазақ поэзиясының кейіннен араб, парсы, үнді, сонымен бірге еуропалық (грек, ағылшын, неміс, француз, орыс, т.б.) классикалық әдеби үрдістері ықпалымен жанр поэтикасын байыта, дамыта түскені мәлім Зейнолла Шүкіров шығармашылығы өрістеген ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ лирикасының жанрлар жүйесінде классикалық үлгілер сонеттің, романстың, элегияның, рубаның, жаңғыра қолданылып жырлануы жоғарыда аталған ақындар шығармашылығында байқалды. Ал, академик Қажым Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы», академик З. Қабдоловтың «Сөз өнері: Әдебиет теориясының негіздері» [23] кітаптарында айтылған шығыстық және батыстық лириканың байырғы классикалық атаулары да, кейінгі аталымдары (көңіл-күй, саяси, азаматтық, махаббат, табиғат лирикасы) да ХХ ғ. 50–70-жылдар ақындарының поэзиясында көрініс тапты. Ал, Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышындағы» [1] лириканың мағыналық түрлері (сап толғау, марқайыс толғау, намыс толғау, намыстаныс толғау, сұқтаныс толғау, ойламалдау, сөгіс толғау, күліс толғау) де ақындар поэзиясындағы ұлттық көркемдік ойлау дүниетанымымен сәйкес жырлануымен ерекшеленді. Бұл арада біз ақын Зейнолла Шүкіров поэзиясындағы қазақтың классикалық ақын-жыраулары, шығыстық және батыстық поэзиясы үлгілерінің аралас қолданылған күрделі сипатын назарға аламыз.

Зерттеуші Л. И. Емельяновтың «Образ объективный  и объективированный» атты еңбегіндегі  пікірлерінің қазақ лирикасындағы                   50–70-жылдар поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық табиғатын түсінуге дәйектемелік қатысы бар:

«Хорошо известно, что художественная литература, как и вообще искусство, есть одна из форм общения людей  между собой. Сложная форма, специфическая  форма, но – именно форма общения. А это значит, что главное, а  по сути дела и единственное ее назначение – выражать определенную мысль о  том или ином явлении, убеждать тех, кому это мысль сообщается, в том, что явление именно таково, каким  оно представляется автору данной мысли. Именно в интересах такого убеждения  и создается литературное произведение. Мысль произведения может быть какою  угодно – глубокой, мелкой, оригинальной, ложной и т.п., но что она всегда есть, всегда присутствует и всегда может быть обнаружена в произведении – это подлежит сомнению» [118, с. 17].

ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ  лирикасы әлем әдебиетінің классикалық  жанрлары жүйесі құрамына бағаланады. Себебі, Зейнолла Шүкіров ортасында  қалыптасқан сөз арқауында аталған  ақындардың лирикалық өлеңдері көркем әдебиет ұғымын құрайтын шығармашылық өнер сипатының талаптарына сәйкес болмысымен оқырмандардың көңілдерінен орын алды. Бұл туралы қазақ лирикасына арналған ғалымдарымыздың зерттеулерінде де лайықты бағалаулар жасалды.

Зейнолла Шүкіров поэзиясындағы  лирикалық өлеңдерін сөз басындағы  бағалауымыз желісімен романтикалық және реалистік сарындар тұтастығындағы күрделі көркем өнер туындылары тұрғысында бағалаймыз. Лирикалық қаһарман ақынның тағдыр тәлкегімен арпалыса, көркем шығармалары арқылы өршіл күрескер адам рухының қуаттылығын, күрескерлігін дәлелдеген туындылары оптимистік сенімді де, элегиялық мұңды-шерлі қайғыны да тұтастандыра танытты.

Зейнолла Шүкіров поэзиясындағы  азаматтық-отаншылдық, саяси-әлеуметтік сарындар ХХ ғасырдағы қазақ классикалық  поэзиясы алыптар ықпалымен қалыптаса  келе әлем әдебиеттері мұраларымен  танысу барысында жаңашыл ізденістерімен көркемдігін жетілдіре берді.

Қазақ поэзиясының қалыптасу, даму жолындағы көркемдік дәстүр сабақтастығы ғасырлар бойы жалғасып келеді. Әдеби  үдерістегі классик қаламгерлердің шығармашылық ықпалы арқылы жаңа толқын ақын-жазушылардың да қалыптасатыны мәлім. Қазақ поэзиясының көркемдік негізін құрайтын мұралар – ежелгі дәуірдегі, орта ғасырлардағы, XV–XVIII ғғ. және XIX–XX ғасырдағы жаңа жазба реалистік әдебиет дамуының ықпалы ұлттық әдебиетінің жаңа толқынының шығармашылық бағдарын айқындады. Нақтылып айтқанда, қазақ поэзиясындағы хакім Абай қалыптастырған лирикалық өлеңдер мен эпикалық поэмаларды әлем әдебиетінің классикалық деңгейі тұрғысында жазу үрдісі – ұлттық әдебиетіміздің көркемдік сапасын күшейтті, жанрлар жүйесін байытты.

Қазақ поэзиясының XX ғасырдағы көрнекті тұлғалары Шәкәрім Құдайбердиевтің, Мағжан Жұмабаевтің, Бернияз Күлеевтің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтің, Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлинның, Ілияс Жансүгіровтің, Қасым Аманжоловтың, Хамит Ерғалиевтің, Ғафу Қайырбековтің, Сырбай Мәуленовтің, Жұбан Молдағалиевтің, Төлеген Айбергеновтің, Мұқағали Мақатаевтің, Жұмекен Нәжімеденовтің және т.б. олардан кейінгі толқын ақындардың шығармалары поэзиясындағы лирикалық және эпикалық шығармалар жазу үрдісін көркемдік-эстетикалық биіктікке көтерді. Қазақ өлеңі – XX ғасырда хакім Абай дәстүрінің кең өрісі жалғасқан поэтикалық қуатын дәлелдеді.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы  шығармашылық мұрасымен, қоғамдық-әлеуметтік қызметімен классик дәрежесіндегі  тұғырын қалыптастырған, танытқан Сәбит  Мұқановтың поэзиялық шығармалары  әдеби үдерістегі ықпалды тағылымымен ерекщеленеді. Зейнолла Шүкіровтің поэзиясындағы, лирикалық және эпикалық шығармаларындағы өрнектер Сәбит Мұқановтпен үндестік сипатымен де байқалады.

ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ  поэзиясында ұлттық поэзиясының тарихындағы азаматтық-отаншылдық сарынды жырларды жалғастыра жырлау жаңаша серпінмен дамыды. Сәбит Мұқанов сынды алыптар қалыптастырған қазақ даласының өлкеоерін, ата-бабалар сақтаған, қорғап кейінгі ұрпаққа қалдырған байырғы түркілік-қазақтыңқ қоныстар, таулар мен өзендер, ормандар мен көлдер, халықтың туған атамекендерді ардақтаған, еңбек еткен, ұрпақ өсірген тыныс-тіршілігі жер арқауында тұрақты жырланды. Сөз басында айтылған талантты ақындар шоғырындағы Зейнолла Шүкіров шығармашылығындағы азаматтық сарынды лирикалық өлеңдердің поэтикалық-эстетикалық сипатынан ұлттық поэзиядағы көркемдік-эстетикалық дүниетаным кеңістігінің тағылымы танылды.

Ақынның «Отаным менің», «Алатаудан аттанғанда», «Аягөз тоғайы», «Арал», «Өлкем менің», «Көкше», «Жұмбақтас», «Ару көл», «Айнакөл», «Далам-ай...», т.б. лирикалық өлеңдері осындай дәстүрлі сарындар сабақтастығымен жырланды.

Ақын – дала перзенті. Қазақ  даласының тауларын да, көлдерін де, теңіздерін де перзенттік махаббатымен сүюші. Зейнолла ақынның өлеңдеріндегі  лирикалық қаһарманның романтикалық ойлау өлшемі – кең даладағы гүлдерді де, көлдерді де тауларын да – бәрін  де тұтастай, егіздей өріп, өрнектеп жырлау.

«Өлкем менің» өлеңіндегі лирикалық  қаһарманның елжіреген көңілінен  төгілген жыр тармақтары байтақ Отанының барлық болмысын жанарына, жүрегіне сыйғыза  жырлаған ақын дүниетанымын аңғартады:

 

Аяулым, анам менің – өлкем менің,

Құндақтап қызғалдаққа «еркем»  дедің.

Информация о работе Лирикалық поэзия дәстүрі