Лирикалық поэзия дәстүрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация

Краткое описание

Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................
3

1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ


1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................

9

1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25

2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ


2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................

48

2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................

67

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107

Вложенные файлы: 1 файл

ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ.docx

— 227.25 Кб (Скачать файл)

Өлеңнің бірінші бөліміндегі тіршілік қозғалысындағы қарама-қарсылықты әрекеттердің, қасиеттердің егізделе өрілуі өмір шындығын айқын болмысымен көз алдымызға  елестетеді:

 

Қайран өмір, күнде қызық ат бәйгі,

Әркім оған бір-бір тайын сақтайды.

Кей даукестер шаппай сұрап жүлдесін,

Бір жағында ауылдасы жақтайды,

Ат қайтқанда қалмай бірақ көтермеге  қаптайды.

 

«Қас тұлпар!» деп қыдыңдатып құр тайды,

Жұртқа әйтеуір ат оздырмақ бір қайғы.

Кім келерін көмбе басы көрсетер,

Бәйгі айырар жаман торы сұмпайды,

Қаса тұлпар көтермесіз өзі-ақ алда шырқайды [98, 102-б.].

Поэзиядағы азаматтық көзқарас – шынайы өмірдегі барлық адамдардың жан әлеміндегі бұлқыныстарды, талпыныстарды танытады. Әрбір саналы адамның өзін қоршаған қоғамдық-әлеуметтік ортадағы өмір қозғалысындағы оқиғаларға, жаңалықтарға, өзіндік үлестерін қосатыны мәлім. Жеке тұлғалардың жаңалықтарымен жалпы тіршіліктегі адамдарға ортақ құндылықтар құралады. Өмір қозғалысы бәйгісінде жеке тұлғалардың әрқайсысының дара әрекеттері өзара әрі үндес, әрі өзгеше сипаттарымен айқындалады. Әсіресе, өнер иелерінің (ақындардың, жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің, мүсіншілердің, сәулетшілердің) шығармашылық шабыты баураған жан-жүйе толғаныстарынан мәңгілік туындылар дүниеге келеді. Шығармаларының адамзат ұрпақтарына рухани қызмет ләззаттын беруін ойлаған өнер адамының шабытты еңбек бәйгісі аламанындағы психологиялық хал-ахуалының романтикалық-реалистік сипатын Зейнолла ақын өлеңі арқылы айқын сезіне аламыз:

 

...Қызды ат бәйгі.

Арқам қозып тұрмаймын!

(Бір сілтейік, бола бермес мұндай  күн)

Тай емеспіз,

Тарлан тартқан басым бар,

Көрінгеннің жетегіне қимаймын,

 

Жан қинасам мыңдар үшін қинаймын.

Мен біреудің уысына симаймын,

Жан қинасам мыңдар үшін қинаймын.

Бірақ, жаппай көтермеге шаппаңдар,

Көп торыдан айылымды жимаймын,

Жалғыз шауып,

Бәйгіңді алып,

Мыңдар, саған сыйлаймын! [98, 102-103-бб.].

 

Ақындардың азаматтық-отаншылдық ұстанымдары туған жерді, атамекенді жырлаған өлеңдерінен де мол байқалады. Қазақ даласының барлық аймақтарындағы таулар да, өзендер де, ормандар да, бетегелі белдер де, жалпақ жондар да, кең жазықтар да, т.б. барлық өңірлер  – бүкіл қазаққа ортақ Отан. Зейнолла  ақын да қазақ даласының барлық өңірлерін өзара сабақтас, тұтас Отан ұғымымен сүйген қазақ азаматына тән парасат биіктігі ұлағаты көзқарасын жырлайды. Кең-байтақ қазақ жеріндегі көлдер де, таулар да, жусан көмкерген кең дала да, қойнауларды мекендеген ауылдар, күннің қызуы мен таза ауасы – бәрі де қазақ перзенттерінің жан ділі сыры болып төгілген:

 

1. Аяулым, анам менің өлкем менің,

Құндақтап қызғалдаққа «еркем»  дедің.

Менің де өзіңе ұқсап жаным жайлау,

Өзіңдей мен де жомарт, өр кеудемін.

 

Қандырған сусынымды егіз көлің,

Жүрсем де қай қияда соны іздедім.

Аңсадым бір қарауға Алатауға,

Құмарттым бір жұтуға теңіз демін  [98, 158-б.].

 

2. Дала!

Дала, аңсап сені ақ қанатты ұшты арман,

Шалғыныңа бауырын төсеп бір  аунауға құштар жан.

Айхай, шіркін! Дем алсыншы кеуде  бір,

Қысы-жазы қалада алыс шаң-түтінге  ысталған.

 

Не жетсін-ай, кең далада Айсыз  түні жүргенге,

Түн әлдиі маужыратып қисаясың бір  жерге.

Қатып ұйықтап бір-ақ ашсаң көзіңді,

Көкжиекте қызыл шырай күн шапағы күлгенде.

 

Айнала аңқып жусан иісі жарып кетер мұрныңды,

Ауа таза, жұтып тоймай ашқызады ындынды.

Асығасың алыстағы ауылға,

Асып түсіп,

Асып түсіп бір қырдан соң  бір қырды.

 

... Бұл өмірде шеңберді де, параллелді  көп сыздық,

Елеңдейсің кейде алдыңнан кесіп жұмбақ өтсе іздік.

Құба жондар...

Құба жондар талдырады көзіңді,

Осы арадан басталардай әлем деген  шексіздік [98, 159-160-бб.].

 

Әлем әдебиетіндегі азаматтық  лирика арқылы халықтардың ұлттық-отаншылдық және жалпыадамзаттық гуманистік көзқарастары танылады. Ақындар – туған Отандарының  және адамзат өркениетінің ортақ  мұраттарын жырлаушылар. Зейнолла Шүкіров  поэзиясындағы азаматтық-отаншылдық өлеңдер де классикалық мұралар  дәстүрімен үндес сипатымен жырланған. Туған Отаны қазақ даласындағы  ата-бабалар қалыптастырған кемел  ойлы парасат, көркемдік ойлау биіктігінде  жырлауды дамыта жалғастырған Зейнолла Шүкіров өлеңдері қазақ поэзиясының  поэтикалық қазынасын байыта түскендігімен  ерекшеленеді.

Қорыта айтқанда, дарынды ақын Зейнолла Шүкіров поэзиясындағы азаматтық-отаншылдық өлеңдер арқылы халық ділінің  мызғымас беріктігі дәлелденген. Жан-жақтан анталаған жат ықпалдармен арпалыса жүріп, туған даласын, жан жүйедегі қайсарлығын, күрескерлігін жоғалтпаған  қазақ ұрпақтарының ғасырлар белестерінен өткен, енді жаңа тарих асуларына аттанған жарқын болашақ жолы аңғарылады. Ақындардың азаматтық ұстаным жолын ұлықтаған қуатты жырлары арқылы қазақ әдебиетінің, тәуелсіз Қазақстанның әлем өркениеті кеңістігінде де өзіндік тұғырын биіктете беретін мемлекеттік бағдарына да зор сеніммен қараймыз.

Әлем халықтары ақындарының  поэзиялық мұраларында лирикалық  өлеңдердің мол жырланатыны мәлім. Лирикалық өлеңдер жырлаушы автордың жан әлемі кеңістігіндегі тебіреністерден, толғаныстардан туындайды. Лирикалық  өлең – туынды авторының жан діліне ықпал еткен жағымды, жағымсыз жағдайлардың әсерін өмір шындығы құбылыстарымен, қасиеттерімен сабақтастырады. Шығарма  авторын қоршаған қоғамдық-әлеуметтік ортаның қабылдау ықыласын иеленетін  лирикалық өлеңдер бүкіл адамзат  ұрпақтарына ортақ сезім әлемін көркем шындықпен жырлаған құдіреттілігімен құнды.

Көңіл-күй, табиғат, махаббат, саяси-әлеуметтік, аазаматтық, философиялық лирика болып  шартты түрде жіктелетін өлеңдердің бәріне де ортақ поэтикалық сарын  – адамдардың ішкі жан ділі әлеміндегі сезім тебіреністерін көркемдік  шындықпен жырлауы.

Зейнолла ақынның көңіл-күй лирикасы сипатындағы өлеңдерінде лирикалық  қаһарманның сезім тебіреністері  арқылы қайшылықты тіршілік қозғалысындағы адам жан ділінің ішкі әлем құбылыстары  психологиялық тұрғыда жырланған. Ақынның көңіл-күй лирикасы –  психологиялық өлеңдерге тән  жанрлық болмысымен айқындалатын үлгілер. Академик З. Ахметовтің тұжырымы бойынша: «… ақындардың көңіл-күй лирикасы автордың өз тағдырын, қуаныш-қайғысын қоғамдық өмір, заман, дәуір туралы ой-толғаныстарымен  терең қабыстырып ұштастыра білуімен құнды» [81, 113-б.].

Психологиялық өлеңдеріндегі көңіл-күй  толғаныстарының сүйіну, күйзелу, өкіну, үміттену, т.б. алуан түрлі өрнектері ақын жырларының ойлау кеңістігін қамтыған күрделі болмысын танытады. Мысалы, «Жылдар жылжып», «Жастық-ай, әр күнің бір қызық ойнақ», «Түнгі сәуле», «Көңілің нені түйеді», «Қайтейін сені, жас шақ-ай!», «Ішім жанып барады, ішім жаным», «Қоштасу», «Ақсау», «Ақ қайыңды ой басқан», «Іздеттің достар», «Үзілме, домбыраның әні мұңды!», «Сағыныш саздары», «Қайран басым», «Япырай, эалғыздықтың жаман-ай!», «Еске алмақ өткен күнді қиын, ақын!», «Жалғыз досым, жан досым – жыр деп едім», «Кеуде күрк-күрк», «Асықтар, жүректі үзген аруларым», «Түсімде», т.б.

Көңіл-күй лирикасы тобындағы өлеңдердегі  психологиялық өрнектермен айтылған ой желілерінде адамдарға ортақ  ішкі жан-дүниедегі тебіреністер романтикалық сарындар аясында жырланады:

 

... Айқай, көңіл!

Көкке ұштың, жар да құштың,

Түн ортасы сен үшін талма түс  күн.

Өз қызығым өзіммен, өз думаным,

Шарап емес, келеді, шәрбат ішкім.

Тойғанына мәз болған құр өңештің,

Құрсын, өмір!

Жоқ оны тілемеспін!

Ішпей-жемей мас болып толқыған сәт,

Өзі қандай жалт еткен бір елестің.

Кетті ме екен кеудемді күшім жарып,

Қыса түсем қаламды құшырланып.

Борышы көп бір жан мын  кең дүниеге,

Соны ойласам кетеді ішім жанып... [91, 55-б.].

(«Ішім жанып барады, ішім жанып»  өлеңінен).

 

Көңіл-күй лирикасына жататын өлеңдерде  адамдардың маңындағылар байқай бермейтін ішкі жан әлеміндегі әралуан құбылыстар, толғаныстар, күрсіністер мен серпілістер, армандар, т.б. алуан түрлі ой арналары көркемдік жинақтаумен қамтылады. Лирикалық қаһарманның ғарыштық-ғаламдық әлемді шарлаған ұшқыр, жүйрік қиялы арманшыл адамның алыстарға, биіктерге талпынған қыран, сұңқар қанатты ой еркіндігін бейнелейді:

 

Кеудем менің жалын боп алаулады,

Күңіренемін адамдай қамаудағы.

Кең дүниені тарсынып тулағанда,

Жұдырықтай бұл жүрек сан  аунады.

... Бұл жүрек – кең әлемнің  еркін құсы,

Самғап ұшып келеді серпілігісі.

Сағынтты ғой маңдала шығайыншы,

Кеудеме бар жаһанның толсын күші [91, 65-66-бб.].

(«Аңсау» өлеңінен).

 

Адамдардың арманшыл көңіл-күйі әлеміндегі алыстарға, болашақтың бақытты кезеңдеріне  ұмтылған өршіл әрі мұңшыл сезімдері  ақын өлеңдерінде поэтикалық-психологиялық  өрнектермен жырланған.

Әлем әдебиетіндегі көрнекті ақындардың барлығында да табиғат құбылыстарын, суреттерін адамдардың ішкі жан әлеміндегі сезіммен тұтастандыра жырлау тұрақты  байқалады. Табиғаттың құбылыстарын, суреттерін, көріністерін саналуан болмысымен жырлауда ақындар бүкіл тіршілік денелерінің, қозғалыстарының өзара үндес, тектес, болмысын баламалауды негізге алады. Қазақ әдебиеті тарихындағы ақындардың табиғат құбылыстарын, суреттерін адам сезімі аясындағы таным көзқарасы  тұрғысынан жырлауы тіршілік қозғалысының романтикалық және реалистік сарындар тұтастығына негізделді.

Қазіргі қазақ әдебиеттануы ғылымының  қисыны адамзат ұрпақтарының ежелгі замандардан қазіргі кезеңге  ұласқан дүниетаным көзқарастары жүйесімен  байыпталған:

«Табиғат лирикасының алғашқы  белгі, нышандарын фольклорлық поэзиядан  бажайлауға болады. Өйткені қашанда  адамзат табиғатпен етене жақын. Сондықтан айнала қоршаған орта және оның түрлі жаратылыс сырлары  адамның назарын өзіне аудармай қоймаған. Осындай жағдайда ақындар  табиғатқа арнап лирикалық өлеңдер  жазып отырған. Біреулер табиғаттың пейзаждық суреттерін жасаса, енді бір ақындар сол табиғат арқылы қоғамдық өмірді, адамның шкі көңіл-күйін  астастыра жырлаған» [81, 192-б.].

Қазақ поэзиясына сыршыл лирикалық  өлеңдерімен өзіндік үлес қосқан ақын Зейнолла Шүкіровтің табиғат лирикасына жататын өлеңдері де классикалық  көркемдік үрдістер аясындағы шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. «Таң алдында», «Аңсарым алыс жұлдызда», «Теңіз жыры», «Күн батарда», «Тербейді таң самалы, май самалы», «Алматым», «Айнакөл», «Теңіз», «Таң алдында» («Тыныпты тентек жел ескен»), «Дауыл», «Ай», «Қала берсін мүлгіп құрақ», «Ақша қар», «Көктем», «Қыс», «Аякөз тоғайы», «Ерке гүл, сарғайма ерте күзің соқпай», «Сыпырды қыс ақ көрпесін», «Жайылып жаңбырдан соң алақаны», «Ақша қар», «Күз әпке», «Табиғат қалады-ау бір жырғап таңда», «Теңізбен кездесу», «Ей, таулар, бұлт айналған төбесінен», «Қансонар», «Қарағай», «Ару көл», «Бұлттар, бұлттар», «Көл жағада», «Айнакөл», «Күншуақ», «Көктем күліп кіреді талай баққа», «Бақша», «Балқұрақ», «Нөсер күні», «Тау гүлі», «Қоңыр күз», «Дауыл», «Бұлт», «Қыз бен аяз», «Жауғытұрым», т.б.

Табиғат лирикасы – адамның тіршілікпен  тыныстаған өмірінің өзегі. Тіршіліктің  күндізі де, түні де адамды қоршаған табиғат ортасындағы барлық көріністердің  өзара үндескен, бірін-бірі толықтырған, алуан түрлі құбылыстарымен адамдарды  бірде жадыратқан, біресе жабырқатқан  әсері – бәрі де ақынның бейнелі  өрнекті тіркестерімен, тармақтарымен  суреттеледі. Кең дала мен көл  жағалаулары арасында тұрған кейіпкердің  аспан, Күн, көл айдыны, жасыл табиғат  – бәрін көз жанарына сыйғыза  қарап тұрып қайталанбас суреттер тұтастығын өлең өрнегімен бейнелеуі  лирикалық-психологиялық тебіреністермен  өрілген:

 

Мөлдіреп ұшан – теңіз ашық аспан,

Жер үстін жаздың салқын кеші басқан.

Балқиды көкжиекте нарттай жанып,

Қызыл күн нұр шапағын шашыратқан.

 

Бөленді қызғылт түске су беті де,

Әлде бұл батар күннің құдіреті ме?!

Жел тынып, жасыл құрақ мүлгіп қалған,

Көз тоймас кештің сол бір суретіне.

 

Кең айдын көлдің шалқар атырабы,

Жай толқып тынши алмай жатыр  әлі.

Тек жым-жырт көл жағада жасыл тоғай,

Жас талдың селт етпейді жапырағы.

(«Күн батарда» өлеңінен) [91, 22-б.].

 

Зейнолла – романтик ақын. Тіршілік кеңістігіндегі табиғат құбылыстарының алай-түлей дауылды, жауынды сәттерін лирикалық қаһарманның көңіл-күй  әуендерімен егіздей бейнелеп жырлауы  да романтикалық өршіл ой келеріне ортақ психологиялық жағдаймен  баламаланғандай әсер береді:

 

Азынайды жел гүлеп,

Алаулайды соңғы арай.

Информация о работе Лирикалық поэзия дәстүрі