Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация
Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ...........................................................................................................
3
1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ
1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................
9
1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25
2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ
2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................
48
2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................
67
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107
Менің де өзіңе ұқсап жаным жайлау,
Өзіңдей мен де жомарт, өр кеудемін.
Қандырған сусынымды егіз көлдің,
Жүрсем де қай қияда соны, іздедім.
Аңсадым бір қарауға Алатауға,
Құмарттым бір жұтуға теңіз демін.
Бұлт шалмай қарт Алатау аппақ басын,
Алдымда мейлі солай асқақтасын!
Кең өлкем, мен де сонда бақыттымын,
Бір түйір баурайыңда шақпақ тасың!.. [98, 158-б.].
Қазақ поэзиясындағы атамекендерді, туған өлкенің ғажайып сырлы күндері мен түндері, адамға да төрт түлікке де, аңдарға да, құстарға да, жәндіктерге де – бәріне жайлы көркем сипатының жырлануы ежелгі замандардан бері фольклор мен әдебиет мұраларынан тұрақты орын алумен келеді.
Қазақ – кең даланың ауасымен тыныстаған, үнемі кеңістікті ғана мекендеуді мұрат тұтқан халық. Даланың өсімдіктері де, түні де, алаулаған күні де, көшпелілердің мәңгілік рахатты тұрағы ауылы да – бәрі де ақындар жырларының арқауы. Зейнолла ақын да даланың ғажайып сырлы романтикалық бояулы келбетін, жаңға жайлы әсерін тебіреністі жолдармен бейнелей жырлайды:
Дала!
Дала, аңсап сені ақ қанатты ұшты арман,
Шалғыныңа бауырын төсеп бір аунауға құштар жан.
Айхай, шіркін!
Демалсыншы кеуде бір,
Қысы-жазы қалада алыс шаң, түтінге ысталған.
Не жетсін-ай, кең далада айсыз түні жүргенге,
Тән әлдиі маужыратып қисаясың бір жерге.
Қатып ұйықтап бір-ақ ашсаң көзіңді,
Көк жиекте қызыл шырай күн шапағы күлгенде.
Айнала аңқып жусан иісі жарып кетер мұрныңды,
Ауа таза, жұтып тоймай ашқызады ындынды.
Асығасың алыстағы ауылға,
Асып түсіп
Асып түсіп бір қырдан соң бір қырды [98, 159-б.].
Зейнолла Шүкіров – қазақ поэзиясындағы теңіз сырларын романтикалық жырлармен өрнектеген ақын. Арал теңізінің шалқып жатқан кезеңінде өршіл ойлы жан әлеміне толқындардың қозғалысын, теңіздің шалқар кеңістігін, дауылды сәтіндегі аласұрған, тымық күндегі момақан қалпын, т.б. – өмір құбылыстарымен баламалы суреттерін өз жырларымен сабақтастырды. Ақынның теңіз келбетін жыр арқауына алған өлеңдері «Қайрат-кеме», «Теңізге», «Теңіз жыры», «Арал», «Теңізді тентек жел тербеп», «Шулайды теңіз», «Теңізбен кездесу», «Теңіздің жағасында», т.б. – бәрі де ақынның өмір ағынында адамдардың жан әлемі мен теңіз құбылыстарының тоғыса тұтасқан болмысын танытады.
Лирикалық қаһарман – тынымсыз қозғалыстағы теңіз – өмір ортасындағы романтикалық тұлға. Ақынның теңіз туралы өлеңдерінен табиғат құбылыстарымен егізделе өрілген ақын-күрескердің әрі нәзік, әрі өршіл рухты қайсар бейнесімен дидарласамыз. Теңізбен сырласу – лирикалық қаһарман ақынның жүрек тебіреністерінің үні. Теңіз – өмір – тынымсыз қозғалыстағы тіршіліктің шынайы болмысы. Адамдардың табиғаттың толық мүшесі тұрғысында өзін қоршаған құбылыстармен іштей сырласа өмір сүретіні – Жаратушы Алланың құдіреті арқылы жүзеге асқан ұлы заңдылық. Зейнолла ақынның теңізбен тілдесе, сырласа жырлауы оның азаматтық лирикасындағы ұллтық-отаншылдық дүниетаным биіктігін дәлелдейді.
«Теңіз жыры» өлеңіндегі лирикалық
қаһарманның теңізге арнай
Шалқар теңіз, шуылдайсың, неге алмайсың сен тыным,
Асыр салып көкке атылып, ойнайды ерке толқының.
Көбік шашып күркірейді, соғып жартас төсіне,
Бұрқ-сарқ етіп құлап түсіп, қайта ұрады өшіге...
Онан сенің қайтпас қайсар қайратыңды көрем мен,
Асқақ үнді жыр іздесем күнде саған келем мен,
Тымық түнде тұңғиыққа қонақтаттың сен Айды,
Күміс Күн де көкжиектен қимай саған қарайды.
Қандай көркем маужыраған жазғы сабат кешкі уақ,
Мүлгиді ойшыл жасыл жағаң,
Не тыңдайды жас құрақ?!
Сыршыл жырдың бір шумағын таптым ба екен сонан мен,
Терең ойда толқып жалғыз тебіренгендей болам мен [98, 30-б.].
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы сыршылдық сарындарын туған жер, атамекен, Отан туралы толғаныстарымен сабақтастыра жырлауды жүзеге асырды.
Хакім Абай, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бернияз Күлеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов және осы дәстүрді жалғастырған ақындар Зейнолла Шүкіров сынды ақындар шығармалары – қазақтың атамекендерін жырлау үрдісін мәңгілікке қалыптастырды. Туған өлкенің тауларымен, өзен-көлдерімен, теңіздерімен, ормандарымен, т.б. ғадайып ортасымен тілдесе, сырласа жырлау – қазақ ділінің шынайы көрсеткіші.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы әдебиет алыптары қалыптастырған азаматтық-отаншылдық сарын жырларын классикалық деңгейге көтере дамыта түсті.
Қазақ поэзиясындағы азаматтық лирика жанрындағы шығармалардың даму жолы халқымыздың көп ғасырлар бойы қалыптасқан тарихымен сабақтас сипатымен ерекшеленеді. Байырғы түркі өркениеті жазба ескерткіштері, орта ғасырлардағы Қазақ хандығы (XV–XVIII ғғ.) кезеңіндегі ХІХ ғ. және ХХ ғасырдағы мұралар – бәрі де кейінгі әдеби дамудағы азаматтық-отаншылдық сарындағы шығармалардың көркемдік негізі болды. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының азаматтық сарынмен толыға, толыса жырлануында осындай дәстүрлі көркемдік жалғастық тағылымын танимыз.
Зейнолла Шүкіров – қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби үдерістегі елеулі шығармаларымен даралана танылған көрнекті шығармашылық тұлға. Қырық жыл бойы төсекте жатқанда қолынан қаламы түспеген, оқуы мен шығармашылық қызметін ұштастырған еңбек ізденісін оның әдеби мұрасы – ұлттық рухани құндылықтарымыз тағылымын танытады. Шығармалары бастапқыда аудандық («Социалистік Арал», «Толқын»), бұдан кейін облыстық («Ленин жолы»), республикалық («Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті») баспа сөз беттерінде («Жұлдыз», «Жалын») жарияланды.
Ақынның алғашқы өлеңдерінен бастап, бүкіл шығармашылығы жолында оның туған халқы, Отаны, ұрпақтар тағдыры, адамгершілік-имандылық, тәлім-тәрбиесі туралы ойлары негізгі тақырыптары болды. Ақынның азаматтық лирикасы ата-бабалар қалыптастырған ұстаздық, тәлімгерлік ойлардың жалғасындай жырланды.
Зейнолла – қазақтың ақын-жыраулары
поэзиясындағы азаматтық-
Академик З. Ахметов поэзиядағы азаматтық сарынды өлеңдердің өмір шындығына арлналған поэтикалық табиғатын айқындайды: «Азаматтық лирика – лирикалық поэзияның заман жайын, әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы. Өмір жөнінде, халықтың тағдыры туралы ой-толғамдар ақынның өз көңіл-күйімен терең ұштасып, өзінің өмірге қатынасын суреттеу арқылы көрінеді» [81, 22-б.].
Қазақ поэзиясының бұрынғы-соңғы
тарихындағы азаматтық
Ақын өлеңдеріндегі лирикалық
қаһарман – қайсар рухты, жігерлі
адамдардың қасиеттерін поэтикалық
жинақтаумен дараланған, романтикалық-реалистік
тұтастықпен сомдалған тұлға. Лирикалық
қаһарманның психологиялық
1. Қызыққа жоқ жылтырауық сөзге мен,
Жалғыз шумақ сұраған жоқ өзгеден.
Жылдар жылжып өте берсін,
Жырым барда
Жаспын мен
Суымасын өз денем! [98, 10-б.].
(«Жылдар жылжып» өлеңінен.)
2. Бір дабыл дауылдатып, жел тұрғызып,
Әкетті-ау жүрегімді желпіндіріп.
Асқақ ой еркін өскен жастық даусы,
Өмірдің жыр сауығын еркін құрып.
... Жатса да кемдік көрген жанымда мұң,
Ешкімге жайымды айтып шағынбадым.
Ауыр дерт иығымнан басса зілдей,
Тәуекел, шыдап көрдім, тарынбадым.
... Қыран боп қашан көкте шарқ ұрғаным,
Мен жұрттай дария боп та шалқымадым.
Жанымның бар мөлдірін елге ұсындым,
Кеудемнен таппасам да артық ағын [98, 59-60-бб.].
(«Жауап хат» өлеңінен.)
Қазақ поэзиясындағы азаматтық сарынды лирикалық өлеңдердің біразы халық тарихындағы аса көрнекті қайраткер тұлғаларды даралай мінездеу, мадақтай бейнелеу өрнектерімен жырлау дәстүрімен қалыптасқан. Бұл – байырғы түркі өркениеті жазба ескерткіштерінде («Күлтегін», «Тоныкөк», т.б.), түркілік суфизм поэзиясы ақындары (Қожа Ахмет Иасауи, Ахмет Йүгінеки, Жүсіп Баласағұн, т.б.) шығармаларында, жыраулар (Асан Қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Үмбетей, Бұхар, т.б.) поэзиясында, кейінгі ақындар туындыларында – бәрінде де желісі үзілмеген дәстүрлі ерекшелік. Зейнолланың поэиясындағы азаматтық лирика өлеңдерінде де осы дәстүрлі сипат жаңғыртыла жалғасқан. Қазақ тарихындағы ақын-жырауларды (Асан Қайғы, Қазтуған, Досмамбет, Шернияз. Т.б.), хакім Абайды, көрнекті қаламгерлерді (Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Абдолла Жұмағалиев, Жұмағали Саин, Мұқағали Мақатаев, Сағи Жиенбаев, Нәсіреддин Серәлиев, т.б.) тарихи және көркем шындық тоғысуымен, поэтикалық сымбатымен жырлаған. «Тарихпен сырласу» өлеңінде Желмаясына мініп, Алаш ұранды қазақтың кең-байтақ атыраптарын аралаған, әрбір өңірлерге атамекендерге өзіндік бағалауларын жасаған, қазақтың мәңілік жайлы қонысы боларлық Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыздың тарихи-поэтикалық тұлғасы бейнеленген. «Құмдар, құмдар» атты өлеңде Алтын Орда, Қазақ хандығы дәуірлерінің тарихи тұлғалары (Жошы, Қазтуған, Орманбет, т.б.), өзара қақтығысқан сол кезеңдер шындығы өлең құрылысының бейнелі өрімді ойларымен баяндалған.
Ақынның өлеңдерінде шыншылдық ұстанымдарымен ұсақ ойлы пенделерге, қуыс кеуде, өзімшіл, пасық мансапқорларға, күншілдерге басын имей, өлеңдерімен опасыздарды, екіжүзділерді әшкерелеп, сынап өткен қайсар мінезді, қайраткер жырауларымыздың, ақындарымыздың көркем бейнелері де даралана жырланған. («Шернияз ақынның сөзі», «Сәкенге», т.б. өлеңдері).
Зейнолла поэзиясындағы
Азаматтық сарындағы лирикалық өлеңдерден ұлттық-этнографиялық ерекшеліктердің айқын байқалатыны – классикалық әдеби шығармашылықтың үздік үрдісі. Әлем халықтары әдебиеттеріндегі көрнекті ақындардың негізгі қаһармандары – сол авторлардың туған топырақтарының тұрғындары. Ақындардың азаматтық тұғыры – туған елі, Отаны, атамекен аймағы. Қазақ халқы үшін қасиетті мекен-ауылы, туған өңірі, кең даласы.
Лирикалық қаһарман – ақынның жеке «Мені» ұғымына жинақталған отаншыл ұл-қыздардың көркем шындықпен бейнеленген поэтикалық тұлғалану көрсеткіші. Ғасырлар бойы кең-байтақ даламызды ақкөңіл адал пейілімен, жомарт көңілімен, кір жуып кіндік кескен атамекендерін перзенттік махаббатпен сүйген Алаш ұрпақтарының отаншыл ұстанымдарын мағыналы жыр жолдарынан ұғамыз:
Отаным,
Тыңда!
Алдыңда тұрған туған балаң,
Ары бар таза кір қонбаған,
Жаны бар жарқын жырға арнаған,
Қиыннан қашып ұрланбаған,
Жай жұртты жаулап құлданбаған.
...Кеудем бір шексіз тұрған ғалам,
Жолым бар тартқан шыңдарға һәмән.
Қолым бар қанға былғанбаған,
Сырым бар бояп сырланбаған,
Жырым бар нәзік гүлге арнаған
Күн туса бірақ ұрған боран,
Отаным, саған қорған болам,
Тайсалмай алға жырмен барам,
Мен сенің, Отан, туған балаң! [98, 70-б.].
Азаматтық лирика – өмір қозғалысын
философиялық көзқарастар аясында
қамтитын толғаныстар әлемі. Өмір қозғалысындағы
әрбір тіршілік иелерін, құбылыстарды,
қасиеттерді үндес, ұқсас ерекшеліктеріне
орай баламалай жырлау барысында
жеке адамдардың жалпы қоғамға, өркениетке
қосатын үлесі айқындалады. Ақын
Зейнолла қазақтың ұлттық-этнографиялық
дәстүрлі тұрмысы мәдениетіндегі өмірге
құштарлықты, шынайы қабілетті, өнер сайысымен
өрнектелген дала өркениеті адамдарының
жан әлемі сілкіністерін, мұрат
ұстанымдарын романтикалық-реалистік
болмысымен бейнелейді. Мысалы, «Бәйгі»
өлеңінің идеялық-композициялық