Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 15:03, курсовая работа
Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500млн АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің 11 пайызын қамтасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады.
Кіріспе
3
1
Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
1.1 Маркетингтік зерттеулердің мәні
5
1.2 Маркетингтік зерттеулердің әдістері
7
1.3 Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен жіктелуі
11
2
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау
2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы
13
2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау («Химфарм» компаниясының мысалында)
14
2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу
20
3
Фармацевтикалық нарықты жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар
26
Қорытынды
28
Қолданылған әдебиеттер тізімі
2012 жыл – қазіргі уақытқа дейін фармацевтикалық қызметтер нарығының тұрақтылығы.
ҚР фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары мыналар болып табылады:
«Химфарм» АҚ (Шымкент қаласы) дәрілік препараттарды жасау мен ендіруге, ампулдық, дәрілік түрлерді, антибиотиктерді өндіруге маманданған. Бұл республикада наркотиктік препараттар (прамедал, морфин, эфедрин) мен этил спиртінің үлкен көлемдерін өндіретін жалғыз өндіруші.
«Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ (Алматы қаласы) тұнбалардың, эликсирлердің, тамшылардың, экстрактардың, майлардың, линименттердің ірі өндірушісі [4, 12-19 б.].
«Береке» АҚ (Орал қаласы) флакондардағы залалсыздандырылған ерітінділердің өндірушісі.
Дәрілік препараттарды өндіретін шетел үлесі бар кәсіпорындар:
1. «Қазақ Аджанта фарма ЛТД» ЖШС БК (қазақстан-үнді кәсіпорны) ;
2. «Ақсу-Дзен» ЖШС БК (қазақстан-корей кәсіпорны) ;
3. «Глобал фарм» ЖШС БК (қазақстан-корей кәсіпорны) ;
4. «Экофарм» ЖШС БК (қазақстан-бельгиялық кәсіпорны).
2009 жылдан бастап республикада «Дәрілік препараттардың мемлекеттік реестры» деген электронды анықтамалық шығып жатыр. Көп жылдар бойы осында өмірлік маңызы бар дәрілік препараттар жетіспей жүр [5, 56-67 б. ].
Қазақстанның фармацевтикалық нарығының сиымдылығы әртүрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша 150 – 300 млн АҚШ долларын құрайды. Бүгінгі күні Қазақстанда 6000 астам дәрілік препараттар тіркелген.
Дәрілік тәуелсіздік мәселесінің тиісті шешімі – мемлекеттік дәрілік саясаттың басымдылығы – отандық зерттемелерді мемлекеттік қолдау кезінде және сапалы бәсекеге қабілетті дәрілік препараттарды өндіргенде ғана мүмкін болады.
2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау («Химфарм» компаниясының мысалында)
Қазақстанда дәрілік препараттарды өндірумен айналысатын 100-ге тарта кәсіпорын тіркелді. 2009 жылы жалпы соммасы 3,16 млн теңгені құрайтын медициналық препараттар өндірілді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 110%-ке жоғары. Айта кететін жайт, 2011 жылы медициналық препараттардың экспорты 305,8 млн теңгені құрады.
Қазақстандағы нарықтық қарым-қатынастардың дамуымен байланысты тауарлардың әртүрлілігінің өсуі тек қана азық-түлік тағамдарының нарығына ғана емес, сондай-ақ дәрілік препараттар нарығына да үлкен әсерін тигізді.
Қазіргі уақытта дәрілік препараттар нарығында әлемдік фармацевтикалық нарықтың барлық танымал өндірушілері ұсынылған. Бұл жағдай тұтынушыға өзіне неғұрлым ыңғайлы және тиімді дәріні таңдауға мүмкіндік береді [6, 54 б.]. 2012 жылы импорт көлемі 26 млрд теңгені (186,6 млн АҚШ долларын) құрады, 2010 жылмен салыстырғанда 26 % өскенін білдіреді.
Берілген мәлімметтер бойынша ішкі күштер нарық қажеттіліктерінің 11% қанағаттандырады.
Қазақстан Республикасын медициналық препараттармен негізгі жабдықтаушылар препараттарды әкелу көлемінің қысқару ретімен келесі кестеде көрсетілген:
2-кесте – ҚР медициналық препараттармен негізгі жабдықтаушылар
Бағасына байланысты |
Санына байланысты | ||
11. |
Ресей |
11. |
Ресей |
22. |
Германия |
22. |
Үндістан |
33. |
Үндістан |
33. |
Беларусь |
44. |
Венгрия |
44. |
Литва |
55. |
Словения |
55. |
Германия |
66. |
Франция |
66. |
Польша |
77. |
Польша |
77. |
Франция |
Ескерту – [6, 57 б.] әдебиет негізінде құрастырылған |
Бірақ орташа қазақстандық тұтынушының дәрілік препараттарды сатып алудың нақты көлемдері дамыған елдердегі (АҚШ, Батыс Еуропа) медициналық препараттарды тұтынумен салыстырғанда бірнеше рет (шамамен 10 рет) төмен.
Сурет 1 – Дәрілік препараттарда ішкі қажеттіліктердің қанағаттану құрылымы
Қазақстанның фармацевтикалық нарығы қарқынды даму үстінде және жақын болашақта украиналық нарықты басып озуы мүмкін. Бірақ бұл тек мына жағдайда болуы мүмкін: егер Ресейдің табысты мысалына жүгініп, Қазақстанның билік күштері отандық фармацевтерге қажетті қолдау көрсеткенде [7, 56-63 б.].
Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңда ресейлік фармацевтикалық нарық ТМД елдерінің арасында дамыған болып есептеледі, ал медициналық препараттардың украиналық нарығы дамуы жағынан 2 жылға артта қалып қойды, ал қазақстандық нарық 4 жылға артта қалды. Ресейдегі фармацевтикалық саланың дамуында маңызды рөлді қосымша дәрілік қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасы атқарады. Бұл бағдарлама мемлекет бюджетінен қаржы құралдарын бөлу есебінен нарық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туғызды. Осы бағдарлама есебінен 2011 жылы ресейлік нарық 25-28 %-ға өсті.
Қазақстанның дамуы дәрілік препараттар нарығына шетелдік өндірушілер де қызығушылық білдіреді. Сарапшылардың айтуынша, бірнеше шетелдік фармацевтикалық компаниялар Қазақстандағы өздерінің фирмалары мен өкілдіктерінің инфрақұрылымына күрделі инвестициялар салуды жоспарлап отыр. Бұл нарықта отандық фармацевтердің позициялары едәуір көзге түседі. Ірі украиналық компаниялар, атап айтқанда, «Дарница», «Фармак» және «Борщаговский ХФЗ» компаниялары нарықтың 57 % алып жатыр. Бірақ күшейіп жатқан бәсекелестікті және Қазақстан нарығының даму
қарқынын есепке алғанда, нарық үлестерінің бөлінуі жақын уақыт аралығында өзгеруі мүмкін.
Егер қазақстандық фармацевтика нарығын жалпы қарастырсақ, қазіргі
кезде 6000 препараттар бар, олардың 600 дәрілері Қазақстанда өндіріледі. Дәрілік заттардың нарық көлемі жалына 400 млн АҚШ долларына бағаланады. Шетелдік фармацевтикалық компаниялардың 100 өкілдіктері қазақстандық нарықта әрекет етеді. Қазақстандағы дәрілік препараттардың ең ірі жабдықтаушылары болып Ресей, Германия, Франция және АҚШ саналады. 2012 жылдың бірінші кварталы бойынша отандық өндірушілер сату көлемнің екі реттік өсімін көрсетті.
Сәйкесінше, республикада дәріханалық сату нарығының көлемі ұлғайды. Сонымен қатар көп жағдайда халық науқастанған кезде бірінші кезекте дәріханаға барады, ал дәрігерге соңғы сәтте барады.
Медициналық жүйеге деген азаматтардың қарым-қатынасы қандай? Қазақстанда респонденттердің 52% емдеу мекемелерінің қызметі жайлы өткір сын айтқан жоқ. Басқа 40 % қанағаттанбаған және 8% мүлдем наразы.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат қызметінің мәліметтері бойынша республикалық бюджетте 2012 жылы денсаулық сақтау шығындарына 80 млрд астам теңге бөлінген. Негізгі акцент емханалардың материалдық – техникалық базасын жақсартуға, халықты профилактикалық медициналық тексеруге, азаматтарды дәрілермен қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау объектілерін салу мен жаңғыртуға қойылған. Ұзақ уақыт бойы зауыт тек фармацевтикалық субстанцияларды шығаруға маманданған болатын. Бірақ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елде өзіндік фармацевтикалық индустрияны дамыту қажеттілігі туындады. Әсіресе бұл дайын дәрілік препараттарды өндіруге қатысты болды. Осының салдарынан «Химфарм» АҚ (осылай 1993 жылы зауыттың аты өзгертілді) негізінде дайын дәрілік препараттарды шығару бойынша қазіргі заманғы ірі өндірісті құру бағдарламасы жасалып, сенімді түрде іске асырылды.
Австрия |
45 |
46 |
4 |
5 |
Босния-Герцоговина |
32 |
42 |
25 |
1 |
Хорватия |
21 |
52 |
26 |
1 |
Чехия |
25 |
47 |
15 |
13 |
Венгрия |
36 |
56 |
7 |
1 |
Қазақстан |
17 |
45 |
38 |
Польша |
32 |
48 |
15 |
5 |
Румыния |
15 |
45 |
38 |
2 |
Ресей |
18 |
39 |
24 |
19 |
Словакия |
18 |
57 |
2 |
33 |
Словения |
21 |
54 |
17 |
22 |
Украина |
21 |
37 |
26 |
16 |
барлық маңызды дәрілер
маңызды дәрілердің басым
тек кейбір маңызды дәрілер ғана
бәрібір
Сурет 2 – Дәрілерді сатып алу мүмкіндігінің деңгейі
Қазіргі кезде зауыт SANTO сауда белгісімен аталатын дайын дәрілік препараттарды шығару үрдісін дамытуда және қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен өндірілетін дәрілердің тізімін кеңейтуде.
Бұрын көптеген дәрілер дефицит болып, оларды сатып алу қиынға түсетін. Бірақ қазір нарықтық экономика жағдайында бұл мәселе шешілді. Респонденттердің 17% көзқарасы бойынша барлық маңызды препараттарды Қазақстанда сатып алуға мүмкіндік бар, басқа 45% маңызды дәрілердің басым көпшілігі бар дейді, және 38% маңызды препараттардың тек кейбіреулерін ғана қазақстандық халық сатып алуы мүмкін деп айтады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда отандық фармацевтикалық өндірушілердің арасында «Химфарм» компаниясы көшбасшы болып табылады.
1882 жылы Шымкент химия – фармацевтикалық зауыттың негізі қаланды. Әлемнің барлық елдерінде сапасы жағынан жақсы танылған сантонин дәрісін шығаруды бастағаннан кейін өндіріс тез дамып, шығарылған өнім ассортименті ұлғайды.
Зауытта белгілі дәрілік формаларды шығаруға маманданған 5 негізгі цехтар бар. Олар мыналарды өндіреді:
- Ампулалардағы инъекциялық ерітінділер;
- Инъекциялар үшін флакондардағы антибиотиктердің залалсыздандырылған ұнтағы;
- Капсулалар;
- Бальзамдар, тұнбалар, сироптар, сулы, майлы және спирттік ерітінділер;
- Өсімдік шикізатынан және химиялық синтездің негізінде жасалған фармацевтикалық субстанциялар.
Зауытта майлар, линименттер, суппозиториялар түрінде жұмсақ дәрілік формалардың өндірісі бойынша жаңа бағыттар жүргізіліп жатыр [8, 9-15 б.].
Зерттеу лабораториясы барлық технологиялық құралдармен жабдықталған. Кәсіпорын өзінің өнімдерін тек ішкі нарық үшін өндіріп қана қоймайды, сонымен бірге оларды алыс және жақын шетелдерге экспорттайды. Қазақстанда өндірілетін фармацевтикалық өнімдердің жалпы көлемінде кәсіпорын үлесі 55 % - ды құрайды.
Қазіргі кезде зауыт капсулалар, дәрілер, ампулалардағы инъекциялық ерітінділер, сироптар, тұнбалар, майлар, сулы және спирттік ерітінділер формасында дженериктік және таза (оригиналды) дәрілік препараттардың 200-ден астам түрлерін өндіреді.
Өндірістік үрдістің барлық кезеңдері автоматты тестілеуді өтеді және микробиологиялық тазалыққа сертификацияланады. Соңғы өнімнің сапасы компанияның қазіргі заманғы аналитикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған лабораториясында бақыланады.