Нарықты маркетингтік зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 15:03, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500млн АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің 11 пайызын қамтасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады.

Содержание

Кіріспе
3

1
Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері


1.1 Маркетингтік зерттеулердің мәні
5

1.2 Маркетингтік зерттеулердің әдістері
7

1.3 Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен жіктелуі
11

2
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау


2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы

13

2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау («Химфарм» компаниясының мысалында)

14

2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу

20
3
Фармацевтикалық нарықты жетілдірудің негізгі бағыттары


3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар

26

Қорытынды
28

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

КУРС.doc

— 389.00 Кб (Скачать файл)

Зауыт өнімінің жоғары сапасы мыналарға байланысты қамтамасыз етіледі:

- IMA фирмасы (Италия) өндірген қазіргі заманғы жоғары технологиялық құрал – жабдықтар;

- Дәрілік препараттар өндірісінің барлық кезеңдерінде халыққаралық стандарттармен сәйкес жүргізілетін бақылаудың қатал жүйесі;

- Европалық жабдықтаушылардың дәрілік субтанцияларын пайдалану.

Компанияның дженериктік препараттары өздерінің құрамы мен әсер етуі жағынан таза (оригиналды) дәрілік формаларға толық сәйкес келеді. Тестілеу әдістерін жетілдіру дәрілік препараттардың оригиналды препараттардан құрамы мен терапевтік қасиеттерінің ауытқуларын жоюға мүмкіндік береді.

Дайын дәрілік формаларды шығарудың көлемі қарқынды өсіп жатыр. Осының барлығы оларға өмір сүру деңгейін жақсарту үшін қауіпсіз, тиімді, жоғары сапалы және бағасы қолайлы дәрілерді зерттеуге, жасауға және өндіруге мүмкіндік береді.

SANTO компаниясы кардиология, гастроэнтерология, психиатрия мен неврология, гинекология, андрология, урология мен иммунология үшін дәрілік препараттарды жасау мен өндіруде танымал көшбасшы болып табылады.

Клиниктік – фармакологиялық классификациясы:

- аминогликозидтер тобының антибиотиктері;

- пенициллин тобының антибиотиктері;

- антисептиктер;

- жөтелге қарсы дәрілік заттар;

- метаболиялық үрдістерді реттейтін дәрілік препараттар;

- жүрек – қан тамырлар жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар;

- сульфаниламидті препараттар;

- тұмауды емдеуге арналған препараттар;

- орталық нерв жүйесі;

- иммуналогия мен аллергология.

Орталық Азиядағы дәрілік препараттардың жетекші өндірушісі «Химфарм» компаниясы Қазақстанның, ТМД елдері мен алыс шетелдердің нарықтарында табысты жұмыс істеп жатыр. «Химфарм» компаниясы дәріханалық сатулардың көлемі бойынша жетекші өндірушілер рейтингінде 20 – шы орынды алып отыр, оның үлесі дәріханалық сатулардың жалпы көлемінде 1 % құрады [9, 29-35 б.].

«Медфарм Қазақстан» фармацевтикалық және медициналық өнімдердің тауар өндірушілерінің ассоциациясының классификациясы бойынша республикада өндірістің көлемі бойынша фармацевтикалық өнімдер өндірушілерінің 3 тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топқа «Химфарм» компаниясы кіреді, оның көлемі 2009 жылы 16 млн. АҚШ долларын құрады, бұл отандық фармацевтикалық кәсіпорындармен өндірілген өнімдердің жалпы көлемінің 60%-на  сәйкес келеді. Екінші топқа өндіріс көлемі жылына 1 млн. АҚШ долларына аспайтын кәсіпорындар кіреді. Бұл «Леовит» ЖШС, Алматы фармацевтикалық фабрикасы, қан құюдың Республикалық орталығы және «Ромат» ЖШС. Үшінші топқа өндіріс көлемі 300-400 мың АҚШ доллары және одан төмен болатын барлық қалған кәсіпорындар кіреді. Жалпы Қазақстанда дәрілік препараттарды шығаратын 40 кәсіпорын қызмет ететіндігін есепке алғанда, үшінші топқа 35 кәсіпорын жатқызылады.

 

3-кесте – Өндірістің жылдық көлеміне байланысты Қазақстанның фармацевтикалық өндірушілерінің екі тобы

 

№№

Фармацевтикалық өндірушілер

Өндірістің жылдық көлемі, млн.

АҚШ доллары

11

«Химфарм» АҚ

16

22

«Леовит» ЖШС, Алматы фармацевтикалық фабрикасы, қан құюдың Республикалық орталығы, «Ромат» ЖШС

18

Ескерту – [8, 66-67 б.] әдебиет негізінде құрастырылған



 

 «Химфарм» компаниясы Қазақстанның медициналық тәжірибесінде неғұрлым танымал және кең түрде пайдаланылатын дәрілік препараттардың тізімінен 70% - дан астам түрлерін өндіреді. Қазіргі кезде кәсіпорынның номенклатурасында препараттардың 200 – ден астам түрі бар. Жыл сайын жасау сатысында 35 – 40 препарат болады. «Химфарм» компаниясы – жаңа препараттарды, технологиялар мен талдау әдістерін ендіру мен қолдану бойынша орталығы бар Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Кәсіпорын ғылыми – зерттеу лабораториясымен, техникалық сапа бөлімімен, орталық – зауыттық лабораториямен жабдықталған. Бұл компанияға өнімнің жаңа түрлерін шығарудың дербес зерттемесін жүргізуге, жобалауға және игеруге мүмкіндік береді.

 

2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу

 

Қазіргі уақытта әрбір дәріхана дәрілік препараттар ассортиментінің кеңдігімен, қолайлы бағалармен, ішкі көрінісімен және қазіргі заманғы құрал - жабдықтармен мақтана алады. Яғни фармацевтикалық нарықта бәсекелестік орта қалыптасқан. Осы жағдайда дәріханалар нарықта белгілі бір орынды алу, тұтынушыларды тарту және табыстарды жоғарлату үшін бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың неғұрлым тиімді тәсілдерін ендіріп, пайдалану керек.

Зерттеудің міндеттері:

- тұтынушылар арасында дәрілік препараттарды сатып алу жиілігін анықтау;

- белгілі бір дәріханаға байланысты тұтынушылық таңдауларға әсер ететін факторларды айқындау;

- қарапайым сатып алушылардың дәріханадағы қызметкерлердің кәсіби қасиеттерін бағалауы;

- тұтынушылар неғұрлым жиі сатып алатын дәрілік препараттарды анықтау;

- дәрілерді сатып алуға әсер ететін критерийлерді анықтау;

- респонденттердің дәрілік препараттарды сатып алу қабілеттілігін анықтау;

- дәрілік препараттар бағасының деңгейіне байланысты сатып алушылардың пікірін анықтау.

Пікір сұрау үшін социологиялық зерттеу әдісі – сауалнама пайдаланылды. Респонденттер ретінде дәрілік препараттарды тұтынатын 1130 адам болды. Респонденттердің құрамы 16-дан бастап 65-ке дейін және одан жоғары жас аралығындағы адамдардан тұрады.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей негізгі тұтынушылар болып әйелдер (86,7 %) табылады. Сонымен қатар талдау барысында тұтынушылардың көп бөлігінің (62,9 %) жоғары білімі бар екендігі, ал респонденттердің қалған 37,1 % орта кәсіптік және орта техникалық білімі бар екені анықталды.

Зерттеу барысында дәрілік препараттарды тұтынушылар осы заттарды көбінесе дәріханада алуды ұнататындығы анықталды. Дәрілерді сатып алудың осы орнын респонденттердің 92,9% көрсетті. Тек қана тұтынушылардың 7,1% дәрілік препараттарды дәріханалық дүңгіршектерде, супермаркеттерде және басқа жерлерде сатып алатынын көрсетті.

 

Сурет 3 – Дәрілік / медициналық препараттарды сатып алу орны

 

Дәрілік препараттарды сатып алғанда респонденттер көбінесе олар сатып алатын тауардың сапасына көңіл бөледі (бұндай жауапты дәрілік препараттарды тұтынатын сатып алушылардың 88 пайызы берді). Тұтынушылардың тек 12 пайызы ғана дәрілерді таңдап алғанда олардың сапасына емес, көбінесе бағасына қарайды .

Аптасына 2-3 рет дәріханаға баратын респонденттерге 16 мен 24 жас аралығындағы адамдар жатады, дәріханаға айына бір реттен көп баратын респонденттерге 55-тен бастап және жоғары жастағы тұтынушылар жатады. Осы топқа көбінесе қызметкерлер мен зейнеткерлер жатады.

Сатып алушылардың белгілі бір дәріханаға әрқашан барып жүруі бірнеше факторлармен анықталады. Дәрілік препараттарды сатып алғанда респонденттер үшін провизордың ықыласпен көңіл бөлуі маңызды фактор болып табылады. Осындай жауапты 820 адам (72,6%) көрсетті. Сонымен қатар маңызды факторлардың бірі болып дәріхананың орналасқан жері – 650 адам (57,5%) және қолайлы бағалар – 790 адам (70%) саналады. Ассортимент кеңдігі мен тез қызмет көрсетуді сәйкесінше 510 адам (45%) және 410 адам (36,3%) көрсетті.

Зерттеу барысында провизордың кәсіби қасиеттерін және дәріханадағы қызмет көрсету сапасын бағалау керек болды. Респонденттердің 49,6% дәріханадағы қызметкерлердің қасиеттерін жақсы деп бағалады, ал 7,1% қанағаттанарлық деп бағалады. Респонденттердің 58,4% дәріханадағы  қызмет көрсету сапасы жақсы деп санайды.

Сурет 4 – Дәрілерді / медициналық препараттарды сатып алғанда бағасына көңіл бөлу

 

Сонымен бірге респонденттер үнемі сатып алатын дәрілік препараттардың тізімі анықталды. Халық арасында неғұрлым кең тараған дәрілік препараттар болып дәрумендер (77,9%), суық тию мен тұмауға қарсы дәрілер (73,5%), ауырмайтындай етуге (жансыздандыруға) бағытталған дәрілер мен қызуды төмендететін дәрілер (63,7%), жөтелге және тамақ ауруына қарсы дәрілер (57,5% және 54%) саналады.

 

4-кесте – Үнемі сатып алынатын дәрілік препараттар

 

Дәрілік препараттар

%

1

Дәрумендер

77,9

2

Суық тию мен тұмауға қарсы дәрілер

73,5

3

Ауырмайтындай етуге бағытталған дәрілер мен қызуды төмендететін дәрілер

63,7

4

Жөтелге қарсы дәрілер

57,5

5

Тамақ ауруына қарсы дәрілер

54

Ескерту – [10, 56-67 б.] әдебиет негізінде құрастырылған


 

Дәріқағазсыз (рецепті жоқ) дәрілік препараттарды сатып алғанда тұтынушыларға белгілі бір факторлар әсер етеді. Осы факторлардың арақатынасын өнімді нарыққа жылжытқан кезде есепке алу маңызды болып табылады.

Тұтынушының дәрілік препараттарды сатып алу туралы шешіміне провизор үлкен әсер етеді. Провизор осы салада сарапшы болғандықтан, тұтынушыға белгілі бір дәрілік препарат туралы кеңес бере алады. Көбінесе провизордың кеңесі сатып алушы үшін шешуші болады Компанияның дженериктік препараттары өздерінің құрамы мен әсер етуі жағынан таза (оригиналды) дәрілік формаларға толық сәйкес келеді. Тестілеу әдістерін жетілдіру дәрілік препараттардың оригиналды препараттардан құрамы мен терапевтік қасиеттерінің ауытқуларын жоюға мүмкіндік береді.

Дайын дәрілік формаларды шығарудың көлемі қарқынды өсіп жатыр. Осының барлығы оларға өмір сүру деңгейін жақсарту үшін қауіпсіз, тиімді, жоғары сапалы және бағасы қолайлы дәрілерді зерттеуге, жасауға және өндіруге мүмкіндік береді [10, 9-15б.].

Дәрігердің ұсыныстары, фармацевтің кеңестері, сонымен бірге дәрілік препараттардың бағасы мен оның тиімділігінің арақатынасы дәріқағазсыз дәрілік препараттарды сатып алған кезде неғұрлым жиі әсер ететін факторлар болып табылады. Тұтынушылардың жартысы дәрілік препараттарды сатып алған кезде өздері бұрын пайдаланған дәрілерді алады. Дәрілік препараттарды сатып алғанда тұтынушылардың 20% жарнамаға сенеді. Соның ішінде респонденттердің 16% дәріханадағы жарнамаға, ал қалған сатып алушылар бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) сенеді.

Дәрілік препараттарды таңдағанда тұтынушылар мыналарды басшылыққа алады:

- Өзіндік тәжірибесі. Тұтынушылардың негізгі бөлігі өзін нашар сезінген кезде дәрігерге бармай, тексеруден өткен дәрілік препараттарды қолданады. Бұл ОРЗ мен ОРВ-ді емдеуге арналған халық арасында кең тараған дәрілерге қатысты.

- Дәрігер кеңесі. Негізінен дәрігерге екі жағдайда: «қатты қысқан кезде» немесе «бұндай бұрын болмаған кезде» барады.

- Таныс адамдардың кеңесі. Таныстардың кеңесіне негізінен аурулардың алдын алу кезінде жүгінеді.

- Жарнама. Көптеген адамдар дәрілерді сатып алғанда жарнамаға сүйенетінін мойындамайды. Сонымен бірге, кейбіреулері жарнаманы естіген кезде көбінесе жарнамаланған дәрілік препаратқа сапалы зат ретінде сенім білдіретінін айтады.

- Фармацевтердің кеңестері. Адамдардың көпшілігі алдымен дәрігерге бармай, дәріханаға барып, сол жерде кеңес сұрайды. Бұл жағдай келесі суретте көрсетілген:

 

 

 Сурет 5 – Дәрілерді таңдау қалай жүзеге асырылады.

 

Сатып алушылардың экономикалық жағдайының деңгейін анықтау үшін оларға қажетті дәрілерді сатып алу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды. Тұтынушылардың жартысынан көбі (51,8%) қажетті дәрілердің тек кейбіреулерін сатып алуға мүмкіндігі бар деп жауап берді. Бірақ сатып алушылардың 46,4% - да  қажетті дәрілерді әрдайым сатып алуға мүмкіндігі бар.

Содан кейін респонденттер дәріханадағы бағалар деңгейін анықтауы керек болды. Тұтынушылардың 7,6% дәріханадағы бағаларды жоғары, 69,8% - орташа, 11,3% - төмен деп санайды.

Бірақ, жоғарыда айтылғанға қарамастан, тұтынушылардың көп бөлігі (80,4%) дәріханадағы бағаларды қолайлы деп санайды.

Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе дәріхананың орташа сатып алушысын сипаттауға болады. Бұл айына 2–3 рет дәріханаға баратын, қажетті заттарды, соның ішінде дәрілерді сатып алуға табысы жететін жоғары білімі бар, орта жастағы әйел. Тұтынушының дәрілік препараттарды сатып алу туралы шешіміне провизор үлкен әсер етеді. Провизор осы салада сарапшы болғандықтан, тұтынушыға белгілі бір дәрілік препарат туралы кеңес бере алады. Көбінесе провизордың кеңесі сатып алушы үшін шешуші болады Компанияның дженериктік препараттары өздерінің құрамы мен әсер етуі жағынан таза (оригиналды) дәрілік формаларға толық сәйкес келеді. Тестілеу әдістерін жетілдіру дәрілік препараттардың оригиналды препараттардан құрамы мен терапевтік қасиеттерінің ауытқуларын жоюға мүмкіндік береді.

Дайын дәрілік формаларды шығарудың көлемі қарқынды өсіп жатыр. Осының барлығы оларға өмір сүру деңгейін жақсарту үшін қауіпсіз, тиімді, жоғары сапалы және бағасы қолайлы дәрілерді зерттеуге, жасауға және өндіруге мүмкіндік береді [11, 126-128 б.].

Информация о работе Нарықты маркетингтік зерттеу