Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 15:03, курсовая работа
Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500млн АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің 11 пайызын қамтасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады.
Кіріспе
3
1
Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
1.1 Маркетингтік зерттеулердің мәні
5
1.2 Маркетингтік зерттеулердің әдістері
7
1.3 Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен жіктелуі
11
2
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау
2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы
13
2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау («Химфарм» компаниясының мысалында)
14
2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу
20
3
Фармацевтикалық нарықты жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар
26
Қорытынды
28
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Дәрігердің ұсыныстары, фармацевтің кеңестері, сонымен бірге дәрілік препараттардың бағасы мен оның тиімділігінің арақатынасы дәріқағазсыз дәрілік препараттарды сатып алған кезде неғұрлым жиі әсер ететін факторлар болып табылады. Тұтынушылардың жартысы дәрілік препараттарды сатып алған кезде өздері бұрын пайдаланған дәрілерді алады. Дәрілік препараттарды сатып алғанда тұтынушылардың 20% жарнамаға сенеді. Соның ішінде респонденттердің 16% дәріханадағы жарнамаға, ал қалған сатып алушылар бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) сенеді.
Қорыта айтқанда, тұтынушының дәрілік препараттарды сатып алу туралы шешіміне провизор үлкен әсер етеді. Провизор осы салада сарапшы болғандықтан, тұтынушыға белгілі бір дәрілік препарат туралы кеңес бере алады. Көбінесе провизордың кеңесі сатып алушы үшін шешуші болады
3 Фармацевтикалық нарықты жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін бұл процесті басқаруға қажет жаңа оңтайлы әдістерді жасауды және мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету керек.
Мемлекет тарапынан қажет шаралар:
- өндірістік секторды дамыту үшін оңтайлы жағдайларға жету бағытындағы салық жүйесін жетілдіру;
-фармацевтикалық өнеркәсіпке инвестициялау үшін ынталандырушы шараларды ендіру;
- кеден бақылауын жетілдіру және контрабандамен күрес;
- әрекет етуші заңнама бойынша мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде отандық фармацевтикалық өндірушілерге басымдылық беру;
- өмірлік маңызы бар дәрілік препараттар өндірісіне мемлекеттік тапсырыс;
- ішкі нарықтың ашықтылық деңгейін әртүрлі сыртқы экономикалық шаралар арқылы реттеу (кедендік тарифтер, импортты шектеу және т.б.)
- фармацевтикалық өнеркәсіпті мемлекеттік басқарудың жүйесі мен құрылымын жетілдіру;
- халықты сапасыз фармацевтикалық өнімнен қорғау, денсаулық сақтау мәселелері бойынша орталық өкілетті мемлекеттік орган жанындағы бақылау – қадағалау бөлімін құру
Денсаулық сақтау мәселелері бойынша орталық өкілетті мемлекеттік органның рөлі мынада болады:
- стратегияны жасау, өндіріс жағдайларын бақылау және мемлекеттік қолдау үшін инвестициялық жобаларды іріктеу;
- жергілікті органдардың тапсырыстарын жинау мен өндірушілерді ақпараттандыру арқылы дәрілік препараттардағы денсаулық сақтаудың жалпы қажеттіліктерін анықтау;
- негізгі өмірлік маңызы бар дәрілік препараттардың тізімін жасау;
- өндірушілерге лицензия беру;
- дәрілік препараттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын бақылау;
- дәрілік препараттарды сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру;
- дәрілік препараттардың өндірісі саласындағы әрекет етуші заңнамаға өзгертулер мен толықтыруларды дайындау [12, 126-128 б.].
Қысқа мерзімді кезеңде келесідей міндеттер анықталуы керек:
- отандық тауар өндірушілерді қолдауды және республиканың фармацевтикалық өнеркәсібінің дамуына шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайларды қамтамасыз ететін заңнамалық базаны құру;
- саланың ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылымын жасау;
- саланың ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
- халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін және шетелдік технологияларды қолдану арқылы өздерінің өсімдік және мал шикізатында жұмыс істейтін фармацевтикалық өндірістерді қайта жөндеу;
- республика үшін өзіндік шикізаттың барлық түрінен жасалған жаңа дәрілік препараттарды өндіріске ендіру;
- өзіндік шикізаттың негізінде медициналық бұйымдардың өндірістерін жасау.
Ұзақ мерзімді кезеңнің міндеттері келесідей болуы керек:
- негізгі және көмекші фармацевтикалық өндірістерді және олармен байланысты өнеркәсіптік және ғылыми -техникалық инфрақұрылымдарды дамыту;
- фармацевтикалық өнеркәсіп үшін кадрларды дайындау;
- қазақстандық ғалымдармен жасалған жаңа дәрілік препараттар бойынша ғылыми жобалардың жоспарын іске асыру.
Қорытынды
Қазақстанда фармацевтикалық өнеркәсіптің инфрақұрылымы нашар дамыған. Фармацевтикалық машина жасау жоқ болып отыр. Өндірілген дәрілік препараттарды өткізу жүйесі қажетті деңгейде жасалмаған. Осындай жағдайда фармацевтикалық саланы тиімді басқару жүйесін құру оның жемісті қалыптаса бастауының маңызды факторларының бірі болып табылады.
Дәрігердің ұсыныстары, фармацевтің кеңестері, сонымен бірге дәрілік препараттардың бағасы мен оның тиімділігінің арақатынасы дәріқағазсыз дәрілік препараттарды сатып алған кезде неғұрлым жиі әсер ететін факторлар болып табылады. Тұтынушылардың жартысы дәрілік препараттарды сатып алған кезде өздері бұрын пайдаланған дәрілерді алады. Дәрілік препараттарды сатып алғанда тұтынушылардың 20% жарнамаға сенеді. Соның ішінде респонденттердің 16% дәріханадағы жарнамаға, ал қалған сатып алушылар бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) сенеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, фармацевтикалық өнеркәсіп өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде белгілі бір мемлекеттік жеңілдіктер жүйесі болмай дами алмайды.
Қазақстандағы фармацевтикалық нарықтың дамуын талдау келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
- әрекет етуші фармацевтикалық өндірістер ескірген және модернизацияны талап етеді;
- мемлекеттің салықтық және инвестициялық саясатын жетілдіру жағында заң шығаратын базаны өзгерту қажет;
- салаға салынған инвестициялардың аз көлемдері оның дамуын тежейтін фактор болып отыр;
- мемлекет жағынан саланы нашар басқару;
- дәрілік препараттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіздігі;
- төлем қабілеттілігі төмен сұраныс халықты арзан және тиімділігі аз дәрілік препараттарды қолдануға бағыттайды.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат қызметінің мәліметтері бойынша республикалық бюджетте 2012 жылы денсаулық сақтау шығындарына 80 млрд астам теңге бөлінген. Негізгі акцент емханалардың материалдық – техникалық базасын жақсартуға, халықты профилактикалық медициналық тексеруге, азаматтарды дәрілермен қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау объектілерін салу мен жаңғыртуға қойылған. Ұзақ уақыт бойы зауыт тек фармацевтикалық субстанцияларды шығаруға маманданған болатын. Бірақ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елде өзіндік фармацевтикалық индустрияны дамыту қажеттілігі туындады. Әсіресе бұл дайын дәрілік препараттарды өндіруге қатысты болды. Осының салдарынан «Химфарм» АҚ (осылай 1993 жылы зауыттың аты өзгертілді) негізінде дайын дәрілік препараттарды шығару бойынша қазіргі заманғы ірі өндірісті құру бағдарламасы жасалып, сенімді түрде іске асырылды
Қазақстанның фармацевтикалық индустриясының қалыптаса бастауының кезеңіне қарай дәрілік препараттарды өндірушілерді қолдаудың оңтайлы жүйесін жасау қажет. Бұл жүйе тікелей дотациялардың есебінен емес, инвестицияларды тарту, несиелік жолдар және мемлекеттік тапсырыстар арқылы қалыптасу тиіс. Сонымен бірге республиканың фармацевтикалық өнеркәсібінің дамуына шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін заң шығарушы базаны құру қажет.
Дайын дәрілік формаларды шығарудың көлемі қарқынды өсіп жатыр. Осының барлығы оларға өмір сүру деңгейін жақсарту үшін қауіпсіз, тиімді, жоғары сапалы және бағасы қолайлы дәрілерді зерттеуге, жасауға және өндіруге мүмкіндік береді.
Дәрігердің ұсыныстары, фармацевтің кеңестері, сонымен бірге дәрілік препараттардың бағасы мен оның тиімділігінің арақатынасы дәріқағазсыз дәрілік препараттарды сатып алған кезде неғұрлым жиі әсер ететін факторлар болып табылады. Тұтынушылардың жартысы дәрілік препараттарды сатып алған кезде өздері бұрын пайдаланған дәрілерді алады. Дәрілік препараттарды сатып алғанда тұтынушылардың 20% жарнамаға сенеді. Соның ішінде респонденттердің 16% дәріханадағы жарнамаға, ал қалған сатып алушылар бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) сенеді.
Дәрілік препараттарды таңдағанда тұтынушылар мыналарды басшылыққа алады:
- Өзіндік тәжірибесі. Тұтынушылардың
негізгі бөлігі өзін нашар
сезінген кезде дәрігерге
- Дәрігер кеңесі. Негізінен дәрігерге екі жағдайда: «қатты қысқан кезде» немесе «бұндай бұрын болмаған кезде» барады.
- Таныс адамдардың кеңесі. Таныстардың кеңесіне негізінен аурулардың алдын алу кезінде жүгінеді.
- Жарнама. Көптеген адамдар дәрілерді
сатып алғанда жарнамаға
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Есімжанова С.Р «Маркетинг». – Алматы: Экономика, 2009. – 506 б.
2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту шаралары туралы: 2007 ж. 18 қараша №1149 Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысы.
3 Баева Е. «Основные составляющие потребительских предпочтений покупателей лекарственных средств» Аль Пари, 2009. – 238 б.
4 Бердыбекова А «Фармацевтические услуги в Южно-Казахстанской области на современном этапе развития» Аль Пари, 2011. – 240 б.
5 Колмаков А. «Таблетки от головной боли: Развитие отечественной фармацевтической промышленности не должно ограничиваться стратегией имортозамещения Эксперт Казахстана», 2005. – 400 б.
6 Ормантаев Р.К. «Формирование и развитие фармацевтического рынка в РК» Фармация Казахстана, 2006. – 260 б.
7 «Оценка работы медицинских представителей фармацевтических компаний »Практический маркетинг, 2004. – 320 б.
8 Сейдалиева А. «Хит – парад препаратов: фармацевтический рынок »Маркетинг товаров и услуг, 2004. – 169 б.
9 Дюсембекова Ж.М. «Маркетинговые исследования». Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2010. – 320 б.
10 «Қазақстан Республикасы. Үкімет. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнім өндірісін дамытуды мемлекеттік қолдау туралы: 18 шілде 2009 ж. Қаулысы» ҚР қаржы Министрлігінің Информбюллетені, 2008. – 295 бет.
11 www.chimpharm.kz
12 www.google.kz