1875 жылғы Франциядағы конституция және олардың кейінгі кездегі өзгеруі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 18:10, курсовая работа

Краткое описание

Бұл елдің әлемдік мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі өте мол. Сондықтан осы елдің мемлекеті мен құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн. Себебі біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың да мемлекеттігі орнықты болып, мұндағы жағдай азаматтық соғыстарға айналмауы және ТМД елдеріндегі соңғы кездері орын алған (Грузия, Украина) теке-тірестерге ұласпауы да осындай іргелі елдердің тәжірибесін өз елімізде қолдана білуге итермелейді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3


I ФРАНЦИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Франция мемлекетінің тарихы............................................................................5
1.2 Орта ғасырдағы жаңа кезеңдегі Франция..........................................................8
II 1875 жылғы ФРАНЦИЯДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙІНГІ КЕЗДЕ ӨЗГЕРУІ
2.1 1875 жылғы Франциядағы Конституциялық заңдар........................................14
2.2 1946 жылғы Конституция...................................................................................17
2.3 Конституция заңдарындағы өзгертулер............................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

1875 франция.doc

— 243.50 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

 

 

I ФРАНЦИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 Франция мемлекетінің тарихы............................................................................5

1.2 Орта ғасырдағы жаңа кезеңдегі  Франция..........................................................8

 

 

 
II 1875 жылғы ФРАНЦИЯДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ  ЗАҢДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙІНГІ КЕЗДЕ ӨЗГЕРУІ

2.1 1875 жылғы Франциядағы Конституциялық заңдар........................................14

2.2 1946 жылғы Конституция...................................................................................17

2.3 Конституция заңдарындағы өзгертулер............................................................23

 
 

 

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................26 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі. Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, аумағы – 550 000 ш. км-ге жуық, халқы – 58.5 миллион адам, бұл Еуропа одағы халқының 15.67%-ын құрайды.

Жаңа саяси ахуал  континенттегі экономикалық және саяси жағдайды өзгертті, сондықтан да қазіргі заманғы Еуропаның алдында шешімін табуды күтетін бірталай мәселелер тұр. Бұл Еуропа Одағына да тікелей қатысты.

Бұл мәселе Атлантикадан Оралға дейінгі бүкіл еуропалықтарды толғандырады. Еуропа елдері ортақ мақсатта тең мемлекеттер ретінде бірігу арқылы аумақтағы саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге тырысуда.

Француз Республикасы еуропалық  және әлемдік саясатта айрықша ролге  ие. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің  тұрақты мүшесі, экономикасы дамыған жеті мемлекеттің бірі, ракеталық-ядролық күш-қуаттың иесі.

Сондықтан да Францияның әлемдік саясатта орны да, салмағы  да ерекше. Осы ретте ХХІ ғасырда  «жаңа әлемдік тәртіп» қандай болады және мұнда жалпы Еуропа, оның ішінде Франция қандай роль атқарады деген мәселе салмақты болмақ.

Осы себептен де Францияның жалпыеуропалық интеграцияны жүзеге асыру  тәжірибесін зерттеп-зерделеу өзекті ғана емес, сонымен бірге осы күні әлемдік күн тәртібінде ежелден  келе жатқан геосаяси мәселе: болашақта  шешуші ролді кім атқарады деген мәселе тұрғанда қосымша маңызға ие болады.

Әсіресе, бұл жаһандану  дәуіріне аяқ басып отырған, әрбір  аймақтық мемлекеттер өзара бірігуге, одақтасуға көшкен қазіргі кезеңде  өте маңызды.

Жалпы Франция Еуропада өзінің автономды жағдайын сақтай ала ма? Біз бұл сұрақтың жауабы оның қазіргі кездегі еуропалық кеңістіктегі ролін геосаяси тұрғыдан пайымдағанда табылады деп санаймыз.

Франция бүгінгі таңда  әлемдегі барлық саласы жағынан жете дамыған мемлекеттері қатарында  алғашқы орынды иеленіп тұр.

Франция тарихының қай  кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге бергісіз ұлы держава  болғанын көре аламыз. Әлемнің қай  түпкіріндегі болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді.

Француз өндірісшілері  саудаға бағалы маталар, сағат, шарап  және т.б. өз заманының аса сұранысына ие болған қат тауарлар шығаруымен айналысады. Сондай-ақ қару-жарақ шығаратын  кәсіпкерлік, қағаз мануфактуралары, баспаханалар бір орталықтанған мануфактуралар санатына ене бастайды. Кейбір Францияның солтүстік аудандарында мануфактураларды жаңаша сипатта негізделе бастаған капиталистік түрдегі жалға беру әрекеттері дами бастады.

Сонымен бірге, Францияда жерге иелігі мен шаруашылығын жүргізіп отырған шаруаларына сенген дворяндардың қал-ақуалы, жаңа дәуірдің лебі ескен сәттерде біршама шалқақтай бастайды. Алайда, ағылшын джентриіне қарағанда, жаңа мүмкіндіктеріне бейімделе ауқаттана бастаған француз дворяны сауда-саттықпен және кәсіпкерлікпен айналыспады. Әскери дворяндық та құрылады. XVII ғасырда қалыптаса бастаған өзіндік саясаттарын орнату мүкіндігі болмады және абсолютизмге жалтақ болды.  
Мемлекеттің негізгі табыс көзі соғыстарға жұмсалды. XIV Людовик билік еткен 54 жылдың 33 жылы соғыстармен өтеді.

Бұл елдің әлемдік  мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі  өте мол. Сондықтан осы елдің  мемлекеті мен құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн. Себебі біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың да мемлекеттігі орнықты болып, мұндағы жағдай азаматтық соғыстарға айналмауы және ТМД елдеріндегі соңғы кездері орын алған (Грузия, Украина) теке-тірестерге ұласпауы да осындай іргелі елдердің тәжірибесін өз елімізде қолдана білуге итермелейді.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Францияның халықаралық саясаты мәселесі отандық және шетелдік зертеушілерге кеңінен таныс. Алайда Францияның соңғы жылдардағы Еуропадағы халықаралық-саяси жағдайын қарастырған еңбектер соншалықты көп емес, негізінен оларды шетелдік ғалымдар жазған.

Зерттеушілердің қатарында Ш.Ү. Шапақ, А.Қ. Мұхтарова, Д.А. Булгакова, А.Ж. Истаев, В.Г. Васин, А.Б. Вебер, И.В. Данилевич, В.А. Качанов, И.М. Кривогуз, М.А. Неймарка, Ж.Ф. Осадчей, Б.С. Юрлов, В.С. Панькова, Ф.Я. Полянский, С.И. Попов, С.С. Салычев, Н.Г. Сибилева, Г.С. Согомонян, И.Н. Ундасынов, В.Я. Швейцер, В.Г. Шубин, В.С. Шумский және т.б. есімдерін атауға болады.

Біздің жұмысымыздың мақсаты: тарих, саясаттану және геосаясат секілді ғылымдар аясында жинақталған тәжірибелер негізінде Францияның қазіргі заманғы сыртқы саясатын бағдарлау болып табылады. Мұнда Еуропалық интеграция мәселесінің құқықтық, экономикалық және геосаяси перспективалары да тиісінше қарастырылады.

Осыған орай курстық  жұмыс алдына мынадай міндеттер  қойып отыр:

– Еуропа интеграциясы тарихы арқылы құқықтық, экономикалық және геосаяси аспектілерді бір-бірімен бірлікте де, бір-біріне қарсы қойып та қарастыру;

– Еуропада іске асырылып жатқан төрт іргелі еркіндік – тауарлардың, адамдардың, қызметтер мен капиталдың еркін қозғалысына еуропа елдерінің интеграциясы мен үйлесімі аясында талдау жасау;

– Францияның ұстанған саяси бағыттарына  талдау жасау;

– капиталды иелену мен басқарудағы, ұлттық мүдделерді қорғаудағы және қоғамда  әлеуметтік тепе-теңдікті құрудағы француздар тәжірибесін қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

I ФРАНЦИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

 

    1. Франция мемлекетінің тарихы

 

Франция аумағын адамдар  ең ежелгі заманнан бастап мекендеген.Палеолит пен мезолиттің ғылымға белгілі негізгі мәдениеттерінің бірқатары Франциядағы жер атауларына байланысты (шелль, ашель, мустье,ориньяк, солютрей, мадлен, азиль, тарденуаз).

Оңтүстік Франциядағы  палеолит кезеңіне тән үңгірлер (Фон-де-Гом, Ласко, Монтеспан, т.б.) жартастарға салынған суреттерімен көпке танымал. Ерте палеолит дәуірінде Франция аумағында кампиния мәдениеті тайпалары өмір сүрген (б.з.б. 6 — 4 мыңжылдықтар). 

Сена, Уаза, Марна өзендерінің алаптарынан алғашқы егіншілік құрал-саймандары (б.з.б. 3-мыңжылдық) табылды. Б.з.б. 6 — 5 ғасырларлардан бастап б.з. 1-мыңжылдықтың соңына дейін Франция аумағына кельт тайпалары қоныстанды. Римдіктер оларды галлдар деп атады, сондықтан бүкіл ел Галлия атанды. Оңтүстік-батыста негізінен иберлер тұрды, б.з.б. 6 ғасырдан бастап Жерорта теңізіжағалауларына гректер өз иеліктерінің негізін қалады.

Олардың ішінде негізгісі — Массалия (қазіргіМарсель) болды. Б.з.б. 2 ғасырдың соңы — 1 ғасырдың ортасында Галлияны римдіктер жаулап алды. Галлдар Рим империясына қарсы ерлікпен шайқасты. Дегенмен, күш тең емес еді. Рим үстемдігі елдің көп бөлігінде өндірістің дамыған құл иеленушілік әдісінің орнығуына себеп болды, көптеген қалалар салынды (Лион, Ним, Бордо, т.б.). 2 — 4 ғасырларда Францияда христиан діні таралды.

Романдану процесінің нәтижесінде кельт тілдерін латын тілі ығыстырып шығарды. 3 ғасырда басталған Рим империясындағы саяси дағдарысқа байланысты Галлияда тауарлы өндірістің көлемі қысқарып, Италиямен экон. байланыстар әлсіреді. 4 — 5 ғасырларда герман тайпаларының баса-көктеп кіруі ел аумағындағы Рим үстемдігін түпкілікті жойды. Жаңадан бургундтардың (406), вестготтардың (418) мемлекеттері құрылды. 486 ж. франктер Галлиядағы соңғы рим иелігін басып алды (қ. Франк мемлекеті, Карл). 10 ғасырдан бастап ел Франция деп атала бастады. 987 ж. франк тағын Капеттер әулеті иеленді.

Біртұтас корольдік іс жүзінде  бір-біріне тәуелсіз көптеген иеліктерге бөлініп кетті. 10 ғасырда бір-біріне туыстас екі ірі халық — Луара өзінінің солтүстігіне қарай солтүстік француз және оңтүстікте, Бретань түбегіне бретань халқы қалыптасты.

Алғашында король иелігі (домен) Францияның солтүстік бөлігіндегі Париж бен Орлеанның айналасында ғана болды. 11 — 12 ғасырларда крест жорықтарына байланысты оңтүстіктегі қалалардың (Бордо, Тулуза, Ним, Марсель, т.б.) гүлденуі басталды. Егіс көлемі артып, дәнді дақылдардың сорттары мен мал тұқымы жақсарды. Қолөнер (әсіресе, шұға тоқу) жоғары дамыды.

Солтүстік Франциядағы қалалардың дамуы мен жеке аймақтар арасындағы экономикалық байланыстардың кеңеюі елдің  бұл бөлігіндегі саяси бытыраңқылықты жоюға маңызды алғышарттар жасады. 13 ғасырдың бас кезінде Англия корольдігі Солтүстік Францияның көпшілік бөлігінде билік құрды. 13 ғасырдың 2-жартысында елдің орталықтануы күшейіп, Париж оның саяси және экономикалық орталығына айнала бастады. 14 ғасырдың бас кезінде король иелігі елдің көпшілік бөлігін алып жатты. 1302 ж. үш сословие өкілдерінен құрылған — Бас Штаттар шақырылды.

Ол орталық өкімет билігінің күшеюіне қызмет етті. Бірақ Жүз жылдық соғыс Францияның дамуын тежеді.

Соғыс қимылдары, тонау, салықтардың  өсуі халықтың азаюына, өндіріс пен  сауданың құлдырауына алып келді. 15 ғасырдың 2-жартысынан бастап Франция экономикасы біртіндеп қалпына келе бастады. Король билігі нығайып, елге жаңадан Бургундия, Пикардия, Ниверне герцогтіктері қосылды. 15 ғасырдың соңында Прованс пен Бретань бағындырылды. 16 — 17 ғасырларда Франция Батыс Еуропадағы үстемдік үшін Габсбургтер әулетімен (“Қасиетті Рим империясы” және Испаниямен) соғыстар жүргізді.

Ұзаққа созылған сәтсіз соғыстар, елдің материалдық ресурстарының елеулі сарқылуы, салықтардың өсуі мен экономиканың кері кетуінің нәтижесінде терең қоғамдық-саяси дағдарыс қалыптасты.

Халықтың әр түрлі топтарының әлеуметтік наразылығының идеологияның негізі сол кездегі кең тараған кальвин ілімі болды (бұл ілімді жақтаушыларды гугеноттар деп атады). Ел католиктер мен гугеноттар болып екіге жіктелді. Олардың абсолютизммен және өзара күресі ұзаққа созылған азамат соғысына (“Діни соғыстарға”) ұласты.

Оның шарықтау шегі — 1572 ж. 24 тамызда Парижде гугеноттарды жаппай қырғынға ұшырату болды (“Варфоломей түні”). Билікке келген Бурбондар әулеті діни соғыстарды тоқтатып, католик дінін Франциядағы ресми дін ретінде бекітті, ал гугеноттарға дін ұстану еркіндігі берілді. Людовик XIV кезінде Францияны іс жүзінде бірінші министр кардинал А.Ж.П. Ришелье биледі (1634 — 48).

Ол король билігін елеулі нығайтып, елдің орталықтануын күшейтті. Отыз жылдық соғыстың нәтижесінде Франция өзіне Эльзасты қосып алып, Еуропадағы ең қуатты монархияға айналды. 1701 — 1714 ж. испан тағы үшін болған соғыста Англия, Австрия мен олардың одақтастары Францияның Еуропадағы үстемдігіне тосқауыл қоюға тырысты. Жеті жылдық соғыста (1756 — 63) Франция Үндістан мен Канададағы отарларының көпшілігінен айрылып, Ұлыбританияға беруге мәжбүр болды. 1789 ж. басталған Француз революциясы нәтижесінде монархия мен феодалдық тәртіптер жойылып, Бірінші республика жарияланды.

1792ж. революциялық соғыстар басталды. Ол  Наполеон Бонопарт-тың билікке келуімен және Еуропаны түгел қамтыған соғыстың нәтижесінде Францияның жеңілуімен аяқталды.

Елде король билігі қалпына  келтірілді. 1848 ж. ақпан революциясының нәтижесінде Екінші республика орнады. Либералдар мен социалистердің арасындағы жанжалды пайдаланған Луи Наполеон 1852 ж. Екінші империяны жариялап, таққа отырды. 1870 — 1871 ж. Франция — Пруссия соғысының нәтижесінде Франция Эльзас пен Лотарингиядан айрылып, Екінші империя жойылды. 19 ғасырдың соңында отаршылдық империяның құрылуы негізінен аяқталды.

1914 — 18ж. бірінші дүниежүзілік соғысқа Франция Антан-таның құрамында қатысты. 1919 ж. Версаль бітім шарты бойынша Францияға Эльзас пен Лотарингия қайтарылды. 1920 — 30 ж. елде экономикалық дағдарыстар жиі-жиі болып тұрды. Нәтижесінде жұмысшы қозғалысы күшейіп, фашистік ұйымдар құрылды.

1936 ж. Халықтық майдан  құрылып, фашистік ұйымдарға тыйым  салынды, еңбекшілердің жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар (40 сағаттық жұмыс аптасын, ақысы төленетін демалыс енгізу, т.б.) жүзеге асырылды.

1938 ж. Халықтық майдан ыдырады.  Екінші дүниежүзілік соғыс Франция  үшін сәтсіз басталды.

1940ж. Францияны Германия оккупациялады. Министрлер кабинетінің жаңа төрағасы маршал Анри Петен Германиямен бітімге қол қойып, елді екі аймаққа бөлуге келісті. Оның біреуі — немістер басып алған Солт. және Оңтүстік-батыс Франция аумағы болса, екіншісі Францияның қалған бөлігі мен теңіздің ар жағындағы аумақтар енген, астанасы Виши қала болған автономды француз мемлекеті атанған аймақ болды. Маршал Петен осы француз мемлекетінің президенті болып тағайындалды. 1944 ж. Францияны одақтастар әскері азат етті. 

Информация о работе 1875 жылғы Франциядағы конституция және олардың кейінгі кездегі өзгеруі