1875 жылғы Франциядағы конституция және олардың кейінгі кездегі өзгеруі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 18:10, курсовая работа

Краткое описание

Бұл елдің әлемдік мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі өте мол. Сондықтан осы елдің мемлекеті мен құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн. Себебі біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың да мемлекеттігі орнықты болып, мұндағы жағдай азаматтық соғыстарға айналмауы және ТМД елдеріндегі соңғы кездері орын алған (Грузия, Украина) теке-тірестерге ұласпауы да осындай іргелі елдердің тәжірибесін өз елімізде қолдана білуге итермелейді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3


I ФРАНЦИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Франция мемлекетінің тарихы............................................................................5
1.2 Орта ғасырдағы жаңа кезеңдегі Франция..........................................................8
II 1875 жылғы ФРАНЦИЯДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙІНГІ КЕЗДЕ ӨЗГЕРУІ
2.1 1875 жылғы Франциядағы Конституциялық заңдар........................................14
2.2 1946 жылғы Конституция...................................................................................17
2.3 Конституция заңдарындағы өзгертулер............................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

1875 франция.doc

— 243.50 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтік қақтығысулар. 50-жж. әлеуметтік қақтығусылар шиеленісе түсті. Жұмысшы қозғалысы бірнеше маңызды мәселелерді өз пайдасына шешті:ұжымдық келісімдер туралы заң қабылданды, жалақы артты, еңбекақының кепілдік берілген ең төменгі минимумы еңгізілді, ол орташа еңбекақының кепілдік берілген ең төменгі миимумы еңгізілді, ол орташа еңбекақының жартысына тең болды. Шаруалардың жаппай қозғалысы әділ сатыпалу бағаларын белгілеуді және салықтарды азайтуды талап етті. Ұсақ саудагерлер мен қолөнершілердің наразылығы дүкенші П. Пужад басқарған үкіметке қарсы қозғалысқа айналды.

Алжир дағдырысы. Шын  мәнісінде Төртінші республиканың  дағдарысы үздіксіз жүргізілген  отыршылдық соғыстардаанық көрініс  тапты. Қоғамдағы алауыздық, негізгі  партиялардың қатарындағы келіспеушіліктер ультраотар-шылдық пен жаңаотаршылдықты жақтаушылартарапынан шықты. 1958 жылы басында

Алжирде жеңіске жетуге қабілетті «Күшті билік» орнатуды талап еткен ультраотаршылдар тарапынан қастандық дайындалып жатты. Қастандық ұйымдастырушылар елде тәртіп орнатуға күші келеді деп генерал де Голльге беруді талап етті. 1 маусымда Ұлттық жиналыс де Голль үкіметіне сенім білдіріп, оған төтенші уәкілеттіліктер беріп, жаңа конституция жасауына келісті. Осыдан соң Ұлттық жиналыс өз қызметін тоқтатты. Төртінші республика кезеңі осылай бітті.

АҚШ-та тәуелсіздік Декларациясының авторы Т. Джефферсон, ал АҚШ Конституциясының атасы Д. Мэдисон, Франция Конституциясының дем берушісі және идеологы генерал Шарль де Голль болса, жаңа тәуелсіз мемлекет — Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдаудың ұйымдастырушысы, дем берушісі және авторы Елбасы Н.Назарбаев болғандығы бәрімізге аян.

Қазақстан Республикасы Конституциясының Франция Конституциясына  ұқсас тұстары өте көп. Дегенмен де, еліміздің жаңа Конституциясын дайындау барысында қазақ елінің өткен тарихтағы дәстүрлерінің көрініп тұратын болуы да ұмыт қалған жоқ.

 

 

2.3 Конституция заңдарындағы  өзгертулер

 

Кез келген мемлекеттің  қалыптасуында Конституция қайта бағамдалуы мүмкін емес айрықша маңызға ие. Нақ осы Конституция мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесін айқындайды. Әлемдегі көптеген елдердің конституцияларының көбінесе алғашқы баптарының өзінде-ақ қысқаша түрде сол мемлекеттің мәні, ондағы биліктің қайнар көзі болып табылатын табиғатының кең ауқымды, жалпылама және негізгі сипаты айтылады.

Әрбір мемлекет өзінің даму барысында өз халқының тарихына, салт-дәстүріне, саяси мәдениетінің деңгейіне және ең бастысы, менталитетіне неғұрлым толық сәйкес келетін саяси жүйе мен Конституцияның үлгісін таңдайды. Конституция жайлы бейнелеп былай деуге болады: бұл – белгілі бір халықтың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне кигізілетін киім, егер де бұл киім халықтың менталитетіне сәйкес келсе (яғни, «дәл шақ» болса) – онда бұл халық тұрақты даму мен гүлденуге қол жеткізеді.

Егер басты заң саяси  мәдениет деңгейі мен менталитетке сәйкес келмесе – онда халық тұтастай күрделі мәселелерге тап болып, ақырында өз дамуынан ажырап, тіпті, кейде қайғылы күйге душар болады. Әрбір мемлекет өзінің дамуында Конституцияны қабылдау және оны елдің ең басты құжаты ретінде қалыптастыру кезеңін бастан кешеді.

Заңдық мағынасында  Конституция – бұл құрылтайшылық  сипаттағы құжат. Өзінің шығу тегі бойынша Конституция буржуазияның билікке келуі, дәлірек айтқанда – оның саяси аренаға шығуына, феодализммен күресу кезеңіне қарыздар. Басқа елдерге қарағанда буржуазиялық қалыптасуы ертерек басталған Англияда Конституциялық сипатқа ие құжаттар қабылданды, мәселен, 1653 жылғы Басқару құралы, 1679 жылғы Халықтың бостандығын сәтті қамтамасыз ету мен теңіздерге бақылау жасау туралы акт, т.б. Алайда, қазіргі ұғымдағы алғаш рет жазылған Конституция АҚШ-та 1787 жылы және Франция мен Польшада 1791 жылы қабылданды.

Қазақстан Республикасы Конституциясы философиясының (концептуалдық) тамыры тереңде жатыр. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетіміздің негізін қалаушы әрі оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саяси философиясына негізделген. ҚР Конституциясы концептуалдық, жекелей алғанда институттық және қызмет етуі жөнінен Француз Республикасының V Конституциясына бағдарланып әзірленген. 1958 жылдың 28 қыркүйегінде V Франция Республикасының Конституциясы жалпыхалықтық референдум бойынша қабылданды. Бұған сайлаушылардың 79 %-ы дауыс берді. Алдымен, парламенттік билікке негізделген 1946 жылғы Конституцияға қарағанда, Францияның жаңа Конституциясы президенттің өкілеттігімен бірге мемлекеттік биліктің негізгі органдарының құзыретіне мән берді. Содан бері президентке мемлекеттегі жетекші рөл берілді.

Францияның президенті Конституцияның сақтаушысы, ұлт тәуелсіздігінің, елдің аумақтық тұтастығының кепілі. Сонымен қатар, ол билік тармақтарының қалыпты қызмет етуін және мемлекеттік саясаттың сабақтасуын қамтамасыз етеді. Ол мемлекеттік органдардың заң аясында қалыпты қызмет етуіне кепілдік беруі тиіс.

Францияда ағымдардың әрекетіне  қарсы және оны бақылау Министрлікаралық миссиясын құру механизмі бар. Бұл жағдайда арнайы комиссия «жаңа» деп аталатын ұйымдардың, дәстүрлі емес культтердің және секталардың қызметтерін қарастырып, жағдайын талдап, мінездеме дайындайды. Осы орайда, Францияда теріс пиғылды діни ағымдардың әрекеттеріне қатысты мемлекеттік қызметкерлер үшін әдістемелік түсіндіру жұмысы дайындалды.

Францияның Ішкі істер  министрлігінде «Рансеньеман Женеро»  атты арнайы қызмет бар. Олар мемлекет қауіпсіздігінің өзекті мәселелерімен айналысады, әсіресе, ағымдарды бақылау. Аталған арнайы қызмет тоталитарлық және теріс пиғылды ұйымдардың он (10) өлшемін құрған:

  • сананы тұрақсыздандыру;
  • шамадан тыс қаржы талап ету (ауыр салық алу);
  • бұрынғы айналасындағы адамдардан күштеп айыру;
  • тәндік денсаулығына қастандық жасау;
  • балаларды өздеріне алдап қосу;
  • қоғамға жат пікірлерді айту;
  • қоғамдық тәртіпті бұзу;
  • маңызды айып тағу бойынша сотқа немесе тергеу ісіне назар аударту;
  • экономикалық қызмет мөлшерін бұзу (қаражатты жасыру);
  • билік құрылымына кіруге талпыну.

Жалпы Франция тәжірибесін  жоғары деп мойындауға болады.

Кейбір діни қауымдардың  әлеуметке қарсы әрекеттерін, құқықтық тәртіпке салу мен діни қауымның қайшы  қызметтерінің бағытын анықтау және осыған байланысты Францияда соңғы уақытта болған келесі кезеңдерді атап айтуға болады:

- 1972 жылы Францияның  Үкімет мүшелері кейбір діни  бірлестіктердің қызметін бақылауға  алу қажет екендігі туралы  мәлімдеді;

- Ален Вивьен басқарған  дәстүрлі емес діни ағымдарды бақылау және оған қарсы әрекет ету бойынша Министрлікаралық миссия құрылды (оның жұмысы негізінен әлеуметке қауіпті секталар бойынша бірнеше баяндама шығарумен шектелді, алайда, нақты секталардың сот процестеріне қатысып отырды);

- 1998 жылдың қарашасында Францияның Әділет министрі Элизабет Гигу Парламентте дәстүрлі емес діни ағымдармен күресті қатаңдату шаралары туралы хабарлаған. Нақтырақ айтқанда, әрбір апелляциялық сотта «дәстүрлі емес діни ағымдармен күресті үйлестіру жұмысымен» айналысатын прокурор тағайындалатынын және ол «дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерді қорғау» қауымдастықтармен белсенді қарым-қатынас жүргізіп отыруға міндетті;

- 1999 жылы «Секта ұғымын  анықтау және оған түсінік  беру, тиісті қозғалыстардың әр  мағынада жіктелуі» - дәстүрлі емес діни ағымдарды бақылау және оған қарсы әрекет ету бойынша Министрлікаралық миссияның Францияның Премьер-министріне берген баяндамасы;

- 1999 жылғы «Францияда  және әлемде сектанттыққа деген  көзқарас» - дәстүрлі емес діни  ағымдарды бақылау және оған қарсы әрекет ету бойынша Министрлікаралық миссияның баяндамасы;

- 2000 жылдың 6 наурызындағы  № 2000-196 заңмен балалар құқығы  бойынша Уәкілдік құрылды;

- «Негізгі бағыттар  бойынша нақты айғақтарды зерделеу»  - дәстүрлі емес діни ағымдарды бақылау және оған қарсы әрекет ету бойынша Министрлікаралық миссияның 2001 жылғы баяндамасы;

- 2001 жылдың маусым  айында Франция «адам құқығы  мен негізгі бостандығын қорлайтын  дәстүрлі емес діни ағымдарды  ескерту және олардың алдын  алу» туралы заң қабылданды;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Францияның қазіргі  замандағы Еуропадағы ұстанған бағыты генерал де Голл тұсында қалыптасқан  принциптермен әлі де тығыз байланысты. Голлизм Францияның Еуропада және әлемде жетекші рол иемденуін, сондай-ақ ұлттық идеяны француздарды біріктіру үшін пайдалануды көздейді. Әлбетте, бұндай саясат Францияның Еуропадағы, сол сияқты әлемдегі жақын орналасқан геосаяси серіктестерін ойландырмай қоймады.

1980 жылдары Францияның  сыртқы саясаты қарқынды дамыды. Француз қоғамында голл дәстүрін қайта бағалау бастау алып, Еуропаны блоктық құрылымда интеграциялау үрдісі нығайды. Тәуелсіз «еуропа қорғанысы» концепциясына оралу көзделді. Франция қайтадан «жаңа Еуропаның» тепе-теңдігін сақтайтын кепіл роліне талпыныс жасады. Германияның бірігуі Францияның әрқилы әсерін тудырды. Француздардың көпшілігі мұны қостаса да, олар енді Германия мықты әрі бой бермейтін бәсекелес болады деп қауіптенді.

Жаңа еуропалық тәртіптің  іргетасы ретінде президент Ф.Миттеран Еуропалық Қоғамдастықты жасауды ұсынды. Оның ойынша, бұл конфедерация ретінде қалған мемлекеттермен көп жақты ынтымақтастық шеңберінде байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл жол Еуропа одағының болашақтағы ықтимал баламасын көрсетті. Миттеран тұсында батысеуропалық интеграция қалған сыртқы саясаи бағаттардан гөрі басымдыққа ие болды, АҚШ-тың еуропа жүйесіне қатысуына да қарсылық болмады.

Заңдық мағынасында  Конституция – бұл құрылтайшылық  сипаттағы құжат. Өзінің шығу тегі бойынша Конституция буржуазияның билікке келуі, дәлірек айтқанда – оның саяси аренаға шығуына, феодализммен күресу кезеңіне қарыздар. Басқа елдерге қарағанда буржуазиялық қалыптасуы ертерек басталған Англияда Конституциялық сипатқа ие құжаттар қабылданды, мәселен, 1653 жылғы Басқару құралы, 1679 жылғы Халықтың бостандығын сәтті қамтамасыз ету мен теңіздерге бақылау жасау туралы акт, т.б. Алайда, қазіргі ұғымдағы алғаш рет жазылған Конституция АҚШ-та 1787 жылы және Франция мен Польшада 1791 жылы қабылданды.

Ж. Ширактың қазіргі президенттігі кезеңінде бұл бағдар күшейді. Алайда 1990 жылдары Францияда бірқатар проблемалар туындады.

Батыстың басқа да демократиялық мемлекеттері секілді  Франция азаматтарын шекара сыртындағы емес, ең алдымен ел ішіндегі проблемалар  толғандырды. Экономикалық дағдарыс, жұмыссыздықтың өсуі осы күні де күн тәртібінде тұр. Осындай жағдайда ірі халықаралы немесе стратегиялық мәселелерге ықылас шектеулі болатыны түсінікті. 1997 жылғы 1 маусымда Ұлттық Мәжіліске сайлауда негізгі партия сыртқы саясатқа біршама уақыт арнады.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 2009ж.
  2. Булгакова Д. А. Истаев А. Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Алматы, 2008 ж.
  3. Всеобщая история государства и права – Под ред. К.И. Батыра – М., 2007
  4. Федоров К.Г., Лисневский Э.В. История государства и права зарубежных стран. Ч 1- Ростов на Дону 2009
  5. БСЭ, том 28, г.Москва , 2008 г.
  6. ЭС, том 2, г.Москва, 2007 г.
  7. История государства и права зарубежных стран, г.Москва, 2009 г., под редакцией П.Н. Галонзы.
  8. Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран, г.Москва, 2008 г.
  9. Корсунский А.Р., «Образование раннефеодального государства в Западной Европе», г.Москва, 2009 г
  10. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 2009.
  11. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,2008.
  12. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 2007
  13. Проблемы истории абсолютизма: Ученые записки Всесоюзного заочного юридического института .//Под.ред.К.И.Батыра.-М.,2007
  14. Прокопьев В.И. Армия и государство в истории Германии 10-20вв.-М.,2007.
  15. Разумович Н.Н. Политическая и правовая культура.Идеи и институты Древней Греции.-М.,2009.
  16. Рождение Французкой буржуазной политико-правовой системы.2008.
  17. Ш. де Голль. Военные мемуары. т.2. М., 2007. -328 б.
  18. Смирнов В.П. Новейшая история Франции. М., 2009. -219 б.
  19. Торез М. Избранные произведения, т.1. М.,2009. -339 б.
  20. Бийу Ф. Когда мы были министрами. М., 2007. - 97 б.
  21. Конституции буржуазных государств Европы. М., 2007 – 945 б.
  22. Макаренкова Е.М. Французская социалистическая партия в годы ІҮ республики. М., 2008. -281 б.

 

 


Информация о работе 1875 жылғы Франциядағы конституция және олардың кейінгі кездегі өзгеруі