Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 18:10, курсовая работа
Бұл елдің әлемдік мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі өте мол. Сондықтан осы елдің мемлекеті мен құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн. Себебі біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың да мемлекеттігі орнықты болып, мұндағы жағдай азаматтық соғыстарға айналмауы және ТМД елдеріндегі соңғы кездері орын алған (Грузия, Украина) теке-тірестерге ұласпауы да осындай іргелі елдердің тәжірибесін өз елімізде қолдана білуге итермелейді.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
I ФРАНЦИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Франция мемлекетінің тарихы............................................................................5
1.2 Орта ғасырдағы жаңа кезеңдегі Франция..........................................................8
II 1875 жылғы ФРАНЦИЯДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙІНГІ КЕЗДЕ ӨЗГЕРУІ
2.1 1875 жылғы Франциядағы Конституциялық заңдар........................................14
2.2 1946 жылғы Конституция...................................................................................17
2.3 Конституция заңдарындағы өзгертулер............................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................27
Соғыстан кейінгі жылдары Францияда саяси күштердің қайта топтасуы жүрді. Француз коммунистік партиясы, Социалистік партия және католиктік Халықтық-республикалық қозғалыс ықпалды партияларға айналды. Осы партиялармен байланыста болған Шарль де Голль үкіметті қайта басқарды. Үкімет Халық Майданы жылдарындағы әлеуметтік және еңбек заңдарын қайта қалыптастырды, банктер мен сақтандыру компаниялары мемлекет меншігіне айналдырылды.
Осы тұста конституцияны жасау аса тартысты өтеді. Үш партия Францияда парламенттік республика құру ұсынысын қолдады. Де Голль үш партияның ешқайсысына да қосылмай, АҚШ үлгісіндегідей президенттік республика құрудың жақтасы болды. Мұндай жағдай саяси қайшылықты тереңдетіп, кейінгі де Голльдің кейінгі отставкаға кетуіне әсер етті.
Әрине, соғыстан кейін Францияның саяси ішкі өміріндегі маңызды оқиға жаңа конституция жасауға тиіс Құрылтай жиналысына сайлау болды. Болашақ Конституцияның мазмұны, Құрылтай жиналысының өкілеттілігі мен құқықтары жөніндегі мәселе қызу таластар туғызды. Коммунистік партия мен ВКТ Құрылтай жиналысына кең өкілеттіліктер беруді ұсынды. Радикалдар партиясы Құрылтай жиналысын шақырмай-ақ, 1875 жылғы конституцияны қалпына келтіруді талап етті. Генерал де Голль Құрылтай жиналысының өкілеттілігін шектеп, оны шақыру мәселесін шешуді халыққа беруді, референдум өткізуді ұсынды.
1945 жылы 21 қазанда Францияда
соғыстан кейінгі алғашқы
Коммунистік партия Франция тарихында тұңғыш рет парламентте бірінші орын алып, үлкен жеңіске жетті - 5 млн. дауыс, 152 депутаттық мандат алса, екінші орында социалистік партия - 4,6 млн. дауыспен 142 депутаттық мандат иеленді. МРП 4,5 млн. адамның дауысын жинап, 141 мандатқа ие болды. Оңшыл Республикандық бостандық партиясына сайлаушылардың небәрі 6 проценті ғана дауыс берді [2.48].
Осылайша Құрылтай жиналысында коммунистер мен социалистер көпшілік орынға, 545 мандаттың 294-іне ие болды. Коммунистік партия демократиялық үкімет құруды ұсынды. Алайда социалистік партияның лидерлері компартия ұсынысын қолдамады. Олар МРП партиясымен бірге генерал де Голль басқарған үш партиялық өкіметке ғана қосылатынын білдірді.
Коммунистік партия ұсынысын қайтып алды, мұнан соң Құрылтай жиналысы бірауыздан генерал де Голльге үкіметті құруды міндеттеді. Де Голль оған үлкен үш партияның өкілдерін де кіргізуді ұсынды, бірақ коммунистерге жетекші министрлік посттарын - әскери, ішкі істер министрі, сыртқы істер министрі портфельдерін - беруден бас тартты. Жаңа үкіметке де Голльдің өз жақтастарынан басқа әр үш партиядан - коммунистік, социалистік, МРП - бес өкілден кірді.
Құрылтай жиналысында коммунистер мен социалистердің басым болуы, олардың МРП партиясымен ынтымақтастығына қолайлы жағдай туғызды. Үш партия әлеуметтік-экономикалық саясат саласындағы талаптармен өзара келісті. НСС программасына сәйкес олар басты банктерді, сақтандыру компанияларын, өнеркәсіптің түйінді салаларын ұлт меншігіне айналдыруды ұсынды. Үш партия да Виши режимінің қалдықтарын толық жоятын, демократиялық бостандыққа кепілдік беретін әлеуметтік сақтандыру жүйесін жақсартатын экономикалық даму жоспарын жасауға ұмтылды. Үш партия конституциялық мәселеде келісе алмады.
МРП өзінің конституция жобасын ұсынды, енді коммунистер мен социалистер бірігіп әрекет етуге келісті.
Социалистер мен коммунистердің жақындасуы реакция жоспарын бұзды, үкіметте басымдыққа ие болған депутаттар бақылауы орнады.
Құрылтай жиналысының
басым көпшілігіне көнгісі
Де Голль отставкаға кеткен соң коммунистер социалистік партияға бірігіп үкімет құруды ұсынды. Ол Морис Торездің сипаттауы бойынша, халыққа сүйенген демократияға жаңа мазмұн бере алатын еді. Социалистік лидерлер мұны қолдамады, билік басында үш партиялық коалиция қалды. Үкімет басшысы болып социалист Ф.Гуэн, сонан соң 1946 жылдың маусымынан - МРП партиясының лидері Ж.Бидо болды. Гуэн мен Бидо үкіметіне коммунистердің қатысуы қалың көпшілік талап еткен ірі реформаларды жүзеге асыруға себепші болды.
1945-1946 жылдарда оңшыл
топтардың қарсылығына
Еңбек министрі А. Круазаның ұсынысымен 40-сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді, 40 сағаттан асқан жұмысқа жоғары бағада ақы төленді. Жұмысшыларға екі апталық, қызметкерлерге үш апталық төленетін демалыс қалпына келтірілді. Морис Торездің басшылығымен шахтерлердің мемлекеттік қызметкерлердің статусы жасалды. Үкімет шаруашылығы соғыстан бүлінген шаруаларға ссуда берді, қартайған шаруалар зейнатақы алатын болды [2.114]. Соғыстан бүлінген экономиканы тез қалпына келтіру үшін компартия мен ВКТ жұмысшыларды «өндіріс үшін күреске» шақырды. Бұған жауап ретінде шахтерлар көмір өндіруді екі есеге арттырды, жұмысшылар өндірісті қалпына келтіруде бар күшін салды.
Құрылтай жиналысында
социалистер мен коммунистердің
ынтымақтастығы конституцияның демократиялық
жобасын жасауға мүмкіндік берд
Конституциялық мәселелер төңірегіндегі пікірталас, оған генерал де Голль қатысқанда қайта қызып, ушыға түсті. 1946 жылдың маусымында ол Бай қаласында сөйлеген сөзінде «күшті өкіметті» талап етті. Де Голль парламентке есеп бермейтін президент - кең өкілеттіліктерге ие мемлекет басшысы қызметін бекітпекші болды. Президентке үкіметті басқару, министрлерді тағайындау және орнынан алу, қарулы күштердегі басшылық, сыртқы саясатты басқару, Құрылтай жиналысын тарату құқығы мен саяси қақтығыстарда арбитор ретінде қатысу міндеттері жүктелді.
«Күшті өкімет»
жобасы демократиялық күштер
тарапынан бірден сынға алынды.
Ұзаққа созылған
13 қазан 1946 жылы екінші
рет өткізілген референдумда
сайлаушылардың көпшілігі
1946 жылы конституцияда еңбек ету құқы, демалыс құқы, әлеуметтік қамтамасыз ету құқы, білім алу құқы сияқты ең қажетті әлеуметтік құқықтар көрсетілген. Сонымен қатар конституцияда ерлер мен әйелдердің тең құқылығы, еңбекшілердің кәсіпорын басқаруға қатысуы, кәсіподақ және саяси қызмет, «заң аясында» ереуіл жасау құқықтары айқындалған. 1946 жылы конституцияға солшыл күштердің талап етуіменен әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мүмкіндігі енгізілді. «Француз империясы» деген атау «Француз одағы» деген терминмен ауыстырған [5.245].
Франция халқының және отар
мен тәуелді елдердегі
1946 жылғы конституция
бойынша мемлекеттік өкіметтің
ең жоғарғы органы Ұлттық
Конституцияға сәйкес 1946 жылы қарашада Ұлттық жиналысқа, ал желтоқсанда республика Кеңесіне алғашқы сайлаулар өткізілді. Сайлауда 5,5 млн. дауыс жинап, компартия бірінші орынға шықты, Ұлттық жиналыста 182 депутаттық мандатты иеленді. Екінші орында МРП партиясы (26,3%, 164 мандат); үшінші орында — социалистік партия (17,9%, 101 мандат) [6.163]. Осылайша үш ірі партия сайлаушылардың көп даусына ие болды. Сайлау нәтижесі бойынша парламентте көп орын иеленген коммунистік партия үкіметті басқару құқына ие болады.
Олар Морис Торезді премьер-министр постына ұсынды және республикандықтардың бәрінің мүддесін қорғайтын НСС бағдарламасы талаптарын негізіне алған үкімет бағдарламасын жасады. Коммунистер ірі монополистік өндірісті ұлт меншігіне айналдыруды, орта және ұсақ кәсіпкерлікті қолдауды, шаруа меншігін қорғауды ұсынды.
Сонымен қатар олар жұмысшылар мен республикандықтардың одағын, фашизм қалдықтарын толық жоюды, Германияны қарусыздандыруды, КСРО, Англия, АҚШ сияқты ұлы державалармен одақтасуды көздеді. Торез Францияның келешегі, демократиялық прогресс жөнінде былай дейді: «...орыс коммунистері жүріп келе жатқан жолдан бөлек, социализмге өтудің жаңа жолдарын қарастыруға мүмкіндік беріп отыр. Даңқты дәстүрлерге бай Франция халқы үлкен демократия, прогресс және әлеуметтік әділеттілікке апарар жолды өзі табады» [3.264].
МРП партиясы Торездің кандидатурасына қарсы шықты, социалистік партия коммунистерді формальды қолдады, социалист-депутаттар көпшілігі ФКП Бас хатшысына дауыс бермеді. Осы себептен Торез кандидатурасы қажетті дауыс жинай алмады.
МРП лидерлері компартияға басты постылардың бірін беруге де қарсылық білдірді, ал Социалистік партия басшылары екі партиялық үкімет құрамына кіргісі келмеді. Осы себептен Блюм бастаған тек социалистерден тұратын бірпартиялық үкімет құрылды.
Ол бір ай ғана өмір сүрді. Соған қарамастан Францияның тағдырында терең із қалдырған 1946 жылдың желтоқсанында Вьетнамда отарлық соғыс тұтандыруға себепші болды. 1947 жылы желтоқсанда Блюм үкіметі социалист Рамадье бастаған коммунистер, социалистер, МРП мүшелері, радикалдардың өкілдері кірген коалициялық үкіметке орын берді. Екі палатаның біріккен мәжілісінде Франция президенті болып Венсан Ориоль сайланды. Ұлттық жиналыстың төрағасы Эррио болды.
Уақытша режимнің күні бітті. Төртінші Республика кезеңіне аяқ басты. Ол уақытта жаңа құрылымның өмірі небары он екі жылға созылатындығын ешкім де білмеді.
Францияның соғыстан кейінгі тарихи үш кезеңге бөлінді. Уақытша режим (1944-1946жж)-елдің азат етілгеннен кейін уақытша үкімет құрылып, жаңа конституция жасалып, экономиканың қалпына келтіру кезеңі. 1946 жылғы желтоқсанынан 1958 жылы күзіне дейінгі кезең Төртінші республика деп аталады.Ол дағдарыспен және 1958 жылы жаңа конституцияның негізінде
Бесінші республиканың орнатылуымен аяқталды. Уақытша режим.1944-1946 жж. Қарсыласу қозғалысы Франциядағы соғыстан кейінгі партиялық-саяси жүйенің қалыптасуы мен жаңа конституцияның сипатына өте үлкен әсер етті. Уақытша үкіметтің құрамына қарсыласуға қатысқан негізгі саяси партиялардың-коммунистік партияның, социалистік партияның, католиктік партия-Халықтық-республикалық қозғалыстың (ХРҚ) және басқалардың өкілдері енді. Үкіметті «Азат Франция» қозғалысының басшысы генерал де Голль басқарды.
Төртінші республика. 1946-1958жж. Францияда парламенттік республика орнықты. 1946 ж. конституциясы 1789 ж. Адам және азамат құқықтары туралы декларацияда қойылған азаматтардың дәстүрлі құқықтары мен бостандықтарынан басқа еңбек етуге, демалуға, әлеуметтік қамсыздандыруға, білім алуға, сонымен бірге еңбекшілердің өндірісті басқаруға қатысуға, кәсіподақ және саяси әрекеттерге құқықтарын жариялады.
1947ж. мамырына дейін үкімет үш басты партиняның келісімі негізінде құрылып келді. 1947 ж. мамырында коммунистер үкіметтің ауызбіршілігін бұзды деген айыппен біріккен үкімет қатарынан шығарылады (олар Рено зауыты жұмысшыларының ереуілін қолдаған болатын). Сол уақыттан бастап Төртінші республика құлағанға дейін үкімет бірнеше партиялардың одақтасу негізінде құрылып келді.
Көп партиялық режимнің тұрақсыздығының себептерінің бірі болды-12 жыл ішінде 15 үкімет ауысты. Республиканың жылдан жылға терңдеп келе жатқан дағдарысының екінші бір себебі-ол елдің билеуші топтарының 1946-1954жж. Вьетнамда,1954 жылдан Алжирде жүргізген отаршылдық соғыстары болды.
Экономиканың қалпына келтіру. 1948 ж. өнеркәсіп өндірісі соғыстан бұрынғы деңгейге жетті. Жаңарту мен қайта құрудың бірінші жоспары (Монне жоспары) міндетті түрде болмағандығына қарамастан, француз экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарды. Жан Монненің «Жаңару немесе құлдырау» деген сөзі оның жоспарлау жөніндегі бірінші бас комиссар лауазымындағы қызметтін сипаттап берді.
Бірақ саяси тұрақсыздық, отаршылдық соғыстар, сыртқы саясат жолдары туралы мәселелер бойынша қоғамдағы алауыздық елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларын дәйектілікпен іске аысруға бөгет болды.
Информация о работе 1875 жылғы Франциядағы конституция және олардың кейінгі кездегі өзгеруі