Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 18:10, курсовая работа
Бұл елдің әлемдік мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі өте мол. Сондықтан осы елдің мемлекеті мен құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн. Себебі біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың да мемлекеттігі орнықты болып, мұндағы жағдай азаматтық соғыстарға айналмауы және ТМД елдеріндегі соңғы кездері орын алған (Грузия, Украина) теке-тірестерге ұласпауы да осындай іргелі елдердің тәжірибесін өз елімізде қолдана білуге итермелейді.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
I ФРАНЦИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Франция мемлекетінің тарихы............................................................................5
1.2 Орта ғасырдағы жаңа кезеңдегі Франция..........................................................8
II 1875 жылғы ФРАНЦИЯДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙІНГІ КЕЗДЕ ӨЗГЕРУІ
2.1 1875 жылғы Франциядағы Конституциялық заңдар........................................14
2.2 1946 жылғы Конституция...................................................................................17
2.3 Конституция заңдарындағы өзгертулер............................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................27
Алжирдегі Француз Ұлттық азат ету комитеті өзін Француз Республикасының Уақытша үкіметі деп жариялады. 1946ж. Төртінші республиканың конституциясы қабылданды. 1949ж. Фрацния НАТО-ның құрамына кірсе де, 1966 ж. оның әскери құрылымынан шықты. Соғыстан кейін Ф-ның отарлық жүйесі ыдырай бастады. 1954 ж. сегіз жылдық соғыстан кейін Ф. Үндіқытайды тастап шықты. 1954 ж. 1 қарашада Алжирде ұлт-азаттық көтеріліс басталды. 1956 ж. наурызда Франция Марокко мен Тунистің тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды.
1956 ж. қарашада Франция Египетке қ
Алжирдегі француз армиясының басшылығы да бүлікшілерге қосылып, генерал Шарль де Голль бастаған “Ұлттық құтқару” үкіметін құруды талап етті. 1 маусымда Ұлттық жиналыс Голльдің төтенше өкілеттілік жөніндегі заң жобаларын мақұлдады. 1958 ж. Бесінші республиканың конституциясы атқарушы билік құқықтарын кеңейтті.
Президент Ұлттық жиналысты тарату мүмкіндігіне
ие болып, референдум өткізуге, заң жобаларын
ұсыну, төтенше жағдайларда бүкіл өкімет
билігін өз қолына алуға құқылы болды.
1958 ж. 21 желтоқсандағы сайлаудың нәтижесінде
Голль президент болып сайланды. 1958 —
60 ж. Африкадағы француз отарлары — Гвинея, Судан, Сенегал, Мада
1962 ж. ұзаққа созылған соғыстан кейін Алжир толық тәуелсіздікке қол жеткізді. 1960 — 90 ж. Франция экономикасы дамыған, демократ. қоғамы толық қалыптасқан әлемдегі жетекші елдердің біріне айналды. 1981 ж. ел президенті болып бірінші рет социалист Франсуа Миттеран сайланды. 1995 жылдан ел президенті Жак Ширак болды.
1.2 Орта ғасырлардағы жаңа кезеңдегі Франция
Франциядағы абсолютизм
шашыраңқы феодалдық
Жергілікті әкімшіліктерді губернаторлар мен корольдік соттар басқарады. Олардың ішінде Францияда парламенттер деп аталған жоғарғы инстанциялық сот маңызды орынға ие болады. Ағылшындарға қарағанда, француз парламенттері заң шығарушы емес, сот және әкімшілік мекемелері құзырын иеленді. Парламенттер Францияның сол кездегі барлық ірі қалаларында болған.
XVII ғасырдың II жартысында Франция Еуропадағы бір орталыққа бағынған және ірі мемлекеттердің бірі болды. Отыз жылдық соғыстағы жеңіс Францияның еуропалық құрлықтағы әскери-саяси беделін асақақтата түседі.
Жаңа заманның бастапқы кезеңіндегі Францияның ішкі құрылымы аграрлық қатынастарға негізделген болатын. 28 млн халқы бар мемлекеттің 90%-ын шаруалар құрады. Соғыс нәтижесінде шаруалардың жағдайлары нашарлады, салық көбейді және ауру –сырқат адамдар саны арта түседі. Алайда, Францияда шашыраңқы мануфактура тез қарқынмен дами бастады. Олар негізінен тауарлары ішкі және сыртқы рынокта кең тараған тоқыма-тігін өнеркәсіп саласына бейімделген еді.
Француз өндірісшілері саудаға бағалы маталар, сағат, шарап және т.б. өз заманының аса сұранысына ие болған қат тауарлар шығаруымен айналысады. Сондай-ақ қару-жарақ шығаратын кәсіпкерлік, қағаз мануфактуралары, баспаханалар бір орталықтанған мануфактуралар санатына ене бастайды. Кейбір Францияның солтүстік аудандарында мануфактураларды жаңаша сипатта негізделе бастаған капиталистік түрдегі жалға беру әрекеттері дами бастады.
Сонымен бірге, Францияда
жерге иелігі мен шаруашылығын жүргізіп
отырған шаруаларына сенген дворяндардың
қал-ақуалы, жаңа дәуірдің лебі ескен
сәттерде біршама шалқақтай бастайды.
Алайда, ағылшын джентриіне қарағанда, жаңа мүмкіндіктеріне бейімделе
ауқаттана бастаған француз дворяны сауда-саттықпен
және кәсіпкерлікпен айналыспады. Әскери
дворяндық та құрылады. XVII ғасырда қалыптаса
бастаған өзіндік саясаттарын орнату
мүкіндігі болмады және абсолютизмге
жалтақ болды.
Мемлекеттің негізгі табыс көзі соғыстарға
жұмсалды. XIV Людовик билік еткен 54 жылдың
33 жылы соғыстармен өтеді.
Осы соғыстарды жүргізудегі оның бастапқы мақсаты Францияның Еуропадағы құдіреттілігіне қол жеткізу болғанымен, ол жүзеге аспай қалады. Францияның өзге елдермен, коалициялармен соғыс әрекеттері адам өмірі құрбандығымен қатар, қаншама соғыс қажеттіліктерін талап етіп жатты.
Францияда XVII ғасырдың соңғы ширегінде 15 млн халық болса, XVIII ғасырдың басында ол 3 млн кемиді. Әсіресе, ең ауыр соғыс Испан мұрагерлері (1701-1714) үшін болды. Соғыс әрекеттермен қатар, Севенн тауарларындағы камизарлар көтерілісі де бір тынбайды.
Сонымен бірге, соғыстың
мемлекеттің экономикасына
Тіпті талантты экономист, әрі Францияның өнеркәсіп, сауда және қаржы саласының ұқыпты бақылаушысы Кольбердің өзі біршама шараларына қарамастан елді тереңдеп кеткен дағдарыстан шығара алмады. Оның ірі мануфактуралардың құрылуын қолдауы, икемді салық заңдарын енгізуі және сол кездегі еуропалық меркантилизмнің озық үлгілерін терең қолданудағы талпыныстары ғана, француз экономикалық құлдырау жағдайының алдын алып қалған сыңайлы.
Жаңа отарларды игеру мен жаулап алу мақсаттарында мемлекеттің тікелей қолдауымен француздық Ост-Үнді, Вест-Үнді, Левантиялық сауда компаниялары құрылады.
Революциялық жағдайдың түзілуі және басталуы (1789 жылдың 5-мамыры 1792 жылдың 10-тамызы). 1788 жылдың көктемінен басталған қуатты халық қозғалысы нан бүлігі, сеньорлар жерін басып алу, салықтық бақылауды жою, баспаханаларды цензурадан босату секілді талаптардан туындап жатты. Ең ірі қозғалыс Париждегі бай түсқағаз өндіріснің иесі Ревельенің жұмысшылардың жалақы мөлшерін төмендетуіне наразылықтан туындайды.
1789 жылдың 5-мамырында
Версальға Бас штаттардың
Халықтың сословиелік бөлінісіне наразы болған үшінші сословие депутаттары өкілдерінің жиналыс қарарларындағы сословиелік ұстанымдарға қарсы шығып, 17маусымдағы отырыста өздерін бүкіл ұлттың атынан сөйлейтін «Ұлттық жиналыс» деп жариялайды. Жиналыс егер таратылар болса, оған қарсы әрекет салық жинамау наразылығы ұйымдастыратындығы хабарланады.
Бас қосу барысындағы мұндай әрекеттерге тыйым сала отырып, король отырыс залдарын жабуға, оларды әскери жасақ күшімен бақылауға жарлық береді. 20-маусымның таңертеңінде Ұлттық жиналыс депутаттары ойын залына жиналып, депутат Мирабонның ұсынысымен конституция әзірленбейінше тарамау шешімін қабылдайды.
27-маусымда король
өзге де сословиелердің Ұлттық
жиналысқа қосылуына рұқсат
Тұтанып келе жатқан революциялық бүлікті
басудың алдын-алу мақсатында Парижге
жалдамалы әскер кіргізген король әрекеті
ешқандай нәтиже бермейді. Елдің экономикалық
жағдайын реттей алмағанның кесірінен
осындай бүліктің орын алуына кінәлі ретінде
король тарапынан айыпталған Неккер қызметтен
кетіріледі. 12-13 шілде аралығында әскер
мен халық арасындағы соғыс әрекеттері
басылмастан-ақ, қалада халық көтерілісі
де қарыштай, тасымалданатын азық-түлік
салықтарын жүргізетін бекеттер талқандалады.
14-шілденің таңертеңгісін халықтық бүлікшілер тобы қару-жарақ тығылған қойма бар Мүгедектер үйін басып алып, сонда тұрған қару-жарақты иемдене, деспотизммен азғындықтың символына айналған саяси түрме қызметін атқаратын Бастилия қамал түрмесіне лап қояды.
Қамал комендантына мұнараларын қоршай орнатылған зеңбіректен алып тастау мен қамалда сақталынған қару-жарақты беру талабын орындата алмаған көтерілісші Париж тұрғындары мен оларға қосылған француз гвардиясының әскерлері Бастилияны шабуылмен иеленеді. Қамал түрменің коменданты маркиз де Лонэнің басы алынады.
Бастилияны алғандардың үш тізімі сақталған. Солардың бірінде 662 адам саны беріліп, мамандығына дейін жазылған, Бастилияны алғаннан кейін Францияның барлық аумақтарын халық полициясын құрды. Француз шаруалары сеньорлар мен монастрь иелігіндегі жерлерді басып алып, сеньорлардың өздерінен тартып алған қауымдық жерлерін де қайтарып жататын. Париж қаласының мэрі қызметіне Байи және қалалық Ұлттық гвардия қолбасшылығына Лафайет сайланады. Жалпы абсолютизмнің жойылуын сипаттап жатқан француз қоғамындағы өзгерістер, дворяндардың эмиграцияға кету шараларымен бастау алды. Бұдан былайғы саяси билік ақсүйектер қарамағынан үшінші сословие өкілерінің қолына өте, елде Құрылтай жиналысының құзырындағы үкімет орнайды.
Халықтық қозғалыстан жасқанатын Құрылтай жиналысы 1789 жылдың тамызында маңызды екі заң актісін қабылдайды. 4-тамызда және 11-тамызда қабылданған бұл заң актілерінің бірнеше декреттерге арқау болған негізгі мазмұны феодалдық құқықтарды, шіркеу десятинасын, сословиелік артықшылықтарды жою және заң алдында барлығының тең болуына сай жасалынған еді. Алайда жерге кіріптарлыққа қатысты цензалар, әсіресе шампар, сатып алу жағдайымен күшінде қалды. 1789 жылдың 26-тамызда Жиналыс үлкен революциялық мәне бар құжат
«Адам және азамат құқығының декларациясын» қабылдайды. Оның мазмұны Ағартушылық идеяларын негізделген халықтық егеменділік, барлығының заң алдында тең болуы, адамның мәжбүрлеуге қарсылық және қорғаныс құқығы, ар-ождан, баспасөз, сөз бостандығы мәселелерін сипаттайды. Жалпы, «Адам және азамат құқығының декларациясының» құрылымына 1776 жылдың 4-шілдеде қабылданған АҚШ-тағы тәуелсіздік декларациясының саяси әсері болғанын айтып кеткен жөн. «Декларациясының» соңғы 17-бабында жеке меншіктің «қасиетті және ешкімнің қол сұқпайтындық» құқығы жарияланады.
Революциялық ахуалдың өрши түсуіне қарамастан, Францияның экономикалық жағдайында ешқандай ілгерілеушілік байқалмайды. Елдегі қымбатшылық, нан тапшылығы, алыпсатарлық халық наразылығын ушықтыра түскен еді. «Құқық декларациясына » және 4-11 шілдедегі жария болған декреттерге корольдің қол қоймауына наразы болған халық, сол кездегі король отбасының және Құрылтай жиналасының резиденциясы саналатын Версаль сарайына – 1789 жылдың 5 қазанында 20 мыңға жуық адамнан тұратын шоғыр құра ентелей енеді. Жиналған король отбасының сарайға тығылмай Парижге қоныс аударуын талап етті.
Ал, 6-қазанда Парихге келуге мәжбүр болған король Құрылтай жиналысымен біріккен бас қосу өткізуге келіседі. Осылайша халықтық бақылауға өткен елдегі саяси ақуал жағдайында король 4-11 тамыздағы декреттерге және «Адам және азамат құқығының декларациясына» қол қоюға мәжбүр болады. 5-6 қазан аралығындағы халық қозғалыстың мұндай серпіліс алуы, революцияға қарыс сарай пиғылының жүзеге асуының алдын ала, оны бұдан былайғы әрекеттенуінің серпілісіне жағдай жасады.
Франциядағы революциялық ақуал еуропалық державалар монархтары мен дворяндарының мазасын алады. Ең алдымен Француз революциясынан Пруссия мен Австрия қауіп көреді. Император Леопольд II мен Прусс королі Фридрих-Фильгельм II Саксонияның Пильниц замогінде 1791 жылдың 27-сәуірінде Франциядағы «биліктің монархиялық түрін қорғау» туралы декларацияға қол қояды.
Король және оның жақтастары революция қауіпінен сақтап қалатын күш соғыс деп есептей, оған енуден қашпайды. Фельяндар клубының бір бөлігі және яконбиншілдер жетекшілері соғысқа қарсы болып, одан сақтануға тырысады. Жиронда департаментіндегі жирондистер және өзге де департаменттегі негізгі сауда және өнеркәсіп иелері соғысты мақұл көре, оның шапшаң жеңісіне үмітпен қарайды.
1792 жылдың 20- сәуірінде соғысты қалаушылардың үміті басымдық ала, Франция Австрияға қарыс соғысы болды. Соғыстың бастапқы кезеңінде бұрынғы әскердің қайта жабдықталуының ретсіздігі, көптеген офицерлердің эмиграцияда болуы, революцияны қорғаушылардың ерікті жасағының біліксіздігі, офицерлерге деген сенімсіздік және нашар қарулану жағдайларымен Франция үшін сәтсіз басталады.
25-шілдеде герцог
Революцияның белсенді жасаушылары қатарында саналған Шометт, журналшы Эберлер мүше болған бұл ереуілші коммуна комитетіндегілер Жиналыс Ұлттық конвентті шақыруды ұсынады деп жария етеді. Осы кезде Жиналыстан шығарылып тасталған министр-жирондистер саяси ақуалды пайдалана сайлаусыз-ақ өз қызметтеріне қайтып келіп алады. Министрлік құзырға, жирондист болмаса да, Дантон да тағайындалады. Ереуілшілер король сарай Тюильриді басып алады да, 13-тамызда король отбасы Тампль түрме замогіне көшіріледі.
Информация о работе 1875 жылғы Франциядағы конституция және олардың кейінгі кездегі өзгеруі