Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 23:31, курсовая работа
Ғылыми жұмыстың мақсаты бүгінгі ТМД елдерінің шеңберіндегі интеграциялық үдерістерді зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қоямыз:
ТМД елдерінің КСРО ыдырағаннан кейінгі экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайына қысқаша тоқталу;
ТМД құрылуының негізгі алғышарттары мен оң және теріс жақтарын қарастыру;
Аймақтық интеграциядағы Қазақстандық бастамалар;
Посткеңестік интеграцияның негізгі ерекшеліктеріне тоқталу.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ТМД елдері аймағы Ресей мен Қытай, Ауғанстан мен Пәкістан, Иран мен Кавказ елдері сияқты қақтығысты аймақтардың торабында орналасқан. Бұл жағдай Орталық Азия мемлекеттері қауіп −қателердің алдын алуда әлемдік қоғамдастықпен қатарласа қызмет атқаруына жол ашты. Қалыптасқан миграция, қашқындар мәселесі, діни экстремизм, лаңкестік, ұйымдасқан трансшекаралық қылмыспен күресу әрине жалғыз мемлекет үшін қиынға соқпақ. 2000ж. Орталық Азия мемлекеттері арасында Ташкентте «Терроризммен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және басқа да бейбітшілік пен тұрақтылық қаупіне қарсы біріккен іс − қимылдар» келісіміне қол қойылғанымен, аталған келісім ары қарай дами алған жоқ. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей «біздің алдымызда таңдау тұр: бірі — әлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық шылауы болып қалу, екіншісі тағы бір империяның келуін күту немесе Орталық Азияның барынша интеграциялануына қарай қадам жасау. Мен осының соңғысын ұсынамын. Бұдан былайғы интеграциялануымыз — біздің өңіріміздің тұрақтылығына, прогреске, экономикалық және әскери, саяси тәуелсіздікке апаратын жол». Қарастырылатын мәселенің өзектілігі көптеген себептермен түсіндіріледі, ол әлемдік шаруашылықтың дамуына арналған жағдайлардың күрделенуімен сипатталады.
Біріншіден, қазіргі кездегі әлемдік
Ғылыми жұмыстың мақсаты бүгінгі ТМД елдерінің шеңберіндегі интеграциялық үдерістерді зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қоямыз:
Бұл міндеттерді орындау
барысында автор бірнеше зертте
Зерттеу объектісі - посткеңестік елдер және соның ішінде Қазақстан қатысатын интеграциялық бірлестіктер қызметінің негізгі бағыттарын құрудың себептерін талдаудың және олардың алдында тұрған проблемаларды шешудің мүмкін жолдары.
Зерттеу пәні болып ТМД шеңберіндегі халықаралық экономикалық интеграцияның дамуының саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық факторлары, осы жерде қалыптасатын интеграциялық жағдайлар мен олардың даму болашағы қарастырылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін әлемдік экономика мен халықаралық байланыстар саласындағы отандық және шетелдік ғалым-экономистердің еңбегі құрайды.
Жұмыста ресми үкімет шешімдері, заңдар, құқықтық актілер және әр түрлі шет елдермен бекітілген келісімдер қолданылды. Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде статистика агенттігі, ТМД-ның халықаралық статистикалық комитеті, Қазақстан Республикасының ведомстволары мен басқа да министрліктер, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық ұйымдары және халықаралық экономикалық ұйымдардың мәліметтері пайдаланылды.
Ғылыми жұмысқа Отандық және ресейлік, шетелдік ғалымдардың еңбектері қолданылды. Отандық зерттеушілер қатарына Алесин В. И1., Жакенов Д2., Федосеев С. Г3., Ауелбаев Б. А4., Бердигожина Л5., Шаймергенов Т.Т6., Казыханов Е. Х7. мақалалары қарастырылды. Ол мақалаларда әсіресе Орталық Азия аймағы интеграция мәселелері жіті қарастырылған. Шетелдік ғалымдардан Фредерик Старрдың8, Роджер Федерер9, Мария Фрейз10 еңбектерінің маңызы зор. Аталған зерттеушілердің еңбектерінде көптеген ұсыныстар мен сын пікірлер айтылған.
Ал ресейлік ғалымдарға келсек, олардың арасында Рыбаков О11., Астров В12., Зевин Л13. Еңбектері ерекше бағаланды.
Ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. ТМД ЕЛДЕРІНІҢ
ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануын зерттеу және осы негізде оның дамуындағы ерекшеліктер мен қазіргі кездегі даму тенденцияларын анықтау арқылы елдердің интеграциялануының нәтижелілігін бағалау. Посткеңестік кеңістіктегі аймақтық экономикалық интеграцияның даму мәселелерін зерттеу мен қорытындылау негізінде кешенді және біртұтас тұжырымдарды нақтыланды. Экономикалық тетіктер және саяси - құқықтық құралдар мен әдістер жиынтығын қолдана отырып интеграция механизмдерін айқындау, олардың көмегімен ұлттық шаруашылықтардың жақындасуы мен өзара бейімделуі процесінің жүзеге асырылуы қарастырылды. Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздемесіне көңіл аударылып, экономикалық әдебиеттердегі интеграциялық түсініктерге және мемлекеттердің ұлттық экономикасының әлемдік қауымдастыққа араласу процестерін бағалауға қатысты көзқарастарға көңіл аударылды. Қазіргі кездегі шаруашылық байланыс түрлерінің жаһандану процесіне тартылуы және олардың халықаралық көлемде өте тығыз байланыста болуы халықаралық экономикалық интеграцияның кең етек жайғанын көрсетеді.
Осы орайда халықаралық экономикалық интеграцияның туындауы мен дамуын зерттеген атақты ойшылдардың пікірлері қарастырылып нақтыланды. Оның негізіне төмендегідей белгілер енді: планетарлық көлемі, аймақтық деңгейі, фирмалық деңгейі, мемлекеттің ролі және нарық пен мемлекеттің үйлесімі.
Экономикалық интеграцияның тиімділігінің өлшеудің экономикалық әдебиеттердегі әдістемелік жолдары қарастырылды. Қазіргі кезде экономикалық интеграцияның нәтижелілігін анықтау үшін бірнеше тәсілдемелер қолданылады: Дж.Вайнердың «ағымды туындатушы» және «ағымды ауытқытушы» және т.б тәсілдердің шектеулі сипаты бар екендігі көрсетіліп, жаһандану жағдайындағы халықаралық экономикалық интеграцияның ерекшеліктерін ескере отырып, олардың көмегімен интеграцияның дамуының сандық және сапалық параметрлері анықталды. Ол екіге бөлінеді: абсолюттік көрсеткіштер және салыстырмалы көрсеткіштер. Болып жатқан интеграциялық процестердің нәтижелерін сипаттайтын абсолюттік көрсеткіштер жүйесі нақтыланды. Оларға: ІЖӨ-нің көлемдері, өзара сауда көлемі, капитал ағымының көлемдері, бірлескен кәсіпорындардың өсуі, кооперациялану дәрежесі, халықтың миграциялану деңгейі, сонымен бірге елдердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің кең спектрі.
Сондай-ақ салыстырмалы көрсеткіштер жүйесіне жататындар: сыртқы сауданың жан басына шаққандағы шамасы, ІЖӨ-дегі елдер мен одақтың үлес салмағы, сыртқы экономикалық қызмет (сыртқы сауда) және ішкі өндіріс көлемінің арақатынасы; ІЖӨ-дегі экспорттық (импорттық) құраушының көрсеткіші, икемділік коэффиценті (сыртқы сауда айналымы индексінің қоғамдық өнім индексіне қатынасы арқылы есептеледі); салалардағы жекелеген өнім түрлерін өндірудегі экспорт үлесі; шаруашылық салаларындағы жекелеген өнім түрлерін тұтынудағы импорт үлесі; тұтыну тауарларындағы импорттық өнімнің үлесі; жалпы және жекелеген тауар топтары бойынша сыртқы саудадағы елдің үлес салмағы; сыртқы сауданың географиялық құрылымы. Әлемдік экономика өмірінде аймақтық интеграциялық топтардың құрылуы мен олардың өзара бірлесіп іс-қимылдар жасауында үлкен жеткілікті тәжірибелер жинақталды. Осы тәжірибелерді Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтарға, оның ішінде Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысуы мен оны одан әрі дамытуда ескерудің маңызы зор. Бұл орайда әсіресе Еуропа елдерінің өзара қарым-қатынасының қалыптасуы мен даму тәжірибесінің маңызы зор екендігіне көңіл аударылды14.
Әлемдегі мемлекеттер арасындағы интегрциялық процесстердің даму теориясында ТМД мен Еуропалық Одақтың басты айырмашылықтарын салыстырып, зерттеудің маңызы зор. Бұл салыстырмалы талдау диссертациялық жұмыста қарастырылып отыр.
Демек, ТМД – бүгінгі таңдағы ірі аймақтық бірлестіктердің ішіндегі әлемдік шаруашылық процесіне енуде өзіндік жолы мен даму ерекшеліктері бар бірлестік болып табылады. Осы орайда жұмыстың келесі тарауы ТМД мемлекеттерінің экономикалық интеграциялануының диалектикасына арналған.
Посткеңестік кеңістіктегі
интеграциялық процестерді
Елдер экономикасының тұрақты өсу тенденциясына келетін болсақ, бұл арада мынаны айта кету керек. Қазіргі уақытта ТМД елдерінде барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсудің жағымды тенденциясы сақталып отыр. ІЖӨ - нің өсуі негізінен өнеркәсіптің дамуы есебінен орын алды. 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Украина да ІЖӨ 2003 жылдағы кезеңмен салыстырып қарағанда 13,4%-ды құрады, өнеркәсіп өндірісі - 14,4% болды, ал Белерусияда - 10,8% және 15,7%, Тәжікстанда - 13,6% және 16%, Қазақстанда - 2,1% және 10,3%.
ТМД республикаларында өнеркәсіп
Әрбір елдегі ІЖӨ-ның өсу қарқыны нақты
экономика секторының жағдайымен, қалыптасқан
әлеуметтік экономикалық ахуалдармен
байланысты болып отыр, жеке алатын болсақ,
тұрақты даму үстіндегі Қазақстанның
орташа жылдық экономикалық өсу қарқыны
соңғы 4 жылда 10,6%-ды құрады, бұл ең төменгі
және орташа зейнетақы мөлшерін екі есеге
арттыруға, ең төменгі және орташа жалақыны
– сәйкесінше 2,5 және 1,6 есеге, мемлекеттік
әлеуметтік жәрдем ақыны 45%-ға арттыруға
мүмкіндік берді. Мамандардың болжауы
бойынша жылына 9%-дан кем болмайтын өсу
қарқыны 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы
ІЖӨ көлемін шамамен 3,5 есеге, еңбек өнімділігін
3 есеге өсіруге, ІЖӨ энергия сыйымдылығын
2 есеге кемітуге мүмкіндік береді екен.
Осы кезеңде экономикалық саясатты жүзеге
асыратын негізгі құралдар мен қаржы-несие,
салық-бюджет және инвестиция саясатына
орайластырылған заңды жетілдіру көзделіп
отыр. Бүгінгі таңда ТМД елдеріндегі
Информация о работе Посткеңестік кезеңдегі интеграцияның сипаты