Посткеңестік кезеңдегі интеграцияның сипаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 23:31, курсовая работа

Краткое описание

Ғылыми жұмыстың мақсаты бүгінгі ТМД елдерінің шеңберіндегі интеграциялық үдерістерді зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қоямыз:
ТМД елдерінің КСРО ыдырағаннан кейінгі экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайына қысқаша тоқталу;
ТМД құрылуының негізгі алғышарттары мен оң және теріс жақтарын қарастыру;
Аймақтық интеграциядағы Қазақстандық бастамалар;
Посткеңестік интеграцияның негізгі ерекшеліктеріне тоқталу.

Вложенные файлы: 1 файл

НЕГІЗІГ БӨЛІМ.docx

— 92.01 Кб (Скачать файл)

Нақты тенденция әрбір елдің ұлттық шаруашылық құрылымында пайда болды. ТМД елдерінің ІЖӨ өндірісіндегі негізгі үлесті өнекәсіп өнімдері құрайды. Алайда экономиканың бұл секторы бүгінгі таңға дейін дағдарыстың салдарын жая алмай отыр: бірақ мемлекеттерде әр деңгейіндегі жетістіктер байқалып отыр, сол себепті де өнім өсімінің қарқыны да бір-бірінен көп айрықшаланады (2-кесте)15.  

ТМД елдері бойынша орташа есеппен шаққанда өнеркәсіп өндірісінің  көлемі 2002 жылмен салыстырып қарағанда 2003 жылы 8%-ға артқан. Ең жоғары өсім мына мемлекеттерде байқалды: Украинада 15,8%, Молдовада 15,6%, Армения 15%. Бұл Қазақстанда 9,1%-ға, ал Ресейде 7%-ға өскен. Алдағы жылдың кезеңімен салыстырғанда, 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өндірісінің өсім қарқыны ТМД елдері бойынша орташа есеппен алғанда 9%-ды құрайды. Өнеркәсіп өндірісінің өсімі бойынша мына мемлекеттер жетекші орында: Тәжікстан - 16% және Беларусь - 15,7%. Өнеркәсіп өнімі көлемінің ең аз өсу қарқыны Грузияда 4,9% және Арменияда 1,6%.

Импорттық жабдықтаудың құнын көтеру экономиканы  нығайтумен, ТМД елдері арасындағы үзіліп қалған байланыстарды қалпына  келтіріп, оны одан әрі кеңейтумен, жаңа сауда серігін табумен байланысты. Мұнда импортты арттырудағы қауіп мынада: Достастық елдерінің ішкі нарығында отандық өнімді ығыстырған шетелдік тауарлардың үстемдігі басым. Оның үстіне экономикалық қауіпсіздікке соққылар берілуде: мемлекеттің өз ішінде халықтың күш-жігерімен қалыптасқан табыс әлдеқайда жоғары табысы бар елдерде қалыптасқан өндіру құнымен тауарларды өткізуде ұмтылып, көп зиян шегеді.

2004жылы сыртқы саудада экспорттық және импорттық  операциялардың    өсіміндегі айырмашылық сақталып  қалған. 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Украинаның тауарлар мен қызметтерінің сыртқы сауда айналымында жағымды сальдо қалыптасты: 2003 жылмен салыстырғанда экспорт көлемі 47,1%-ға, ал импорт 29,9%-ға артқан. Экспорт импорттан 17,2% пунктке артық. Украина әлемнің көптеген елдерімен сауда-саттық байланысын орнатқан ел, алайда оның саудадағы негізгі серігі бұрынша Ресей болып қалды - жарты жыл ішіндегі жалпы алғанда экспорттық жабдықтауы 16,8% болды. Украиндық экспорттың 8,4% - ы Германияның үлесіне тисе, Түркия - 5,2%, Италия - 4,7%, Қытай - 4,3%. Импортерлердің ішінде де Ресей аса ірі жабдықтаушы болып қалған, ол жалпы импорттың 39%-ын Украинаға жібереді. Импорттық жабдықтау үлесі тұрғысынан алсақ, Түркменстан - 10,1%, Германия - 9,4%, Польша - 3,3%, Италия - 2,8%, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ - 2,5%.

Тауар айналымының көлемі мемлекеттер  арасындағы экономикалық ықпалдастықтың маңызды көрсеткіші болып табылады. ТМД республикаларындағы сауда-саттыққа құрылған экспорттық-импорттық жаңа қатынас Достастықтың өз ішінде де, әлемнің басқа да елдерімен де онша жақсы емес. Мұны 3 кестеден байқауға болады. 

Әлемдік нарықта ТМД елдерінің экспортын  негізінен отын-энергетика және минералды-шикізат  секторларындағы ресурс өндіруші салалардың өнімдері құрайды.    

Сыртқы  экономика конъюнктурасының қолайлы  жағдайында Ресей мен Украина  экономикасының өсімі елеулі деңгейде экспорттық операциялардың өсімімен анықталады. Алайда негізгі шаруашылық байланыстары әлі күнге ішкі нарықпен шектеліп қалған. ТМД елдері арасында аса ірі сауда серігіне айналған Ресейде 2004 жылдың қаңтар-шілде айларындағы экспорт көлемі 125,5 млн-ды, ал импорт 124,1 млн-ды АҚШ долларына шаққанда немесе экспорттауы 98,9%-ды құрады. Әлемдік тауар нарығында қалыптасқан одан арғы ахуал Ресей экспорттаушыларына, атап айтқанда, мұнайдың, түрлі түсті және қара металдың әлемдік бағасының жоғары деңгейіне қолайлы жағдай тудырды. Ресей орталық банктің бағалауы бойынша, 2003 жылмен салыстырырып қарағанда ресейлік экспорттағы негізгі тауарлардың әлемдік бағасының өсуі орташа есеппен 12,1%-ға бағаланды. 2004 жылдың қаңтар-маусым айларындағы Ресейдің мұнай экспорты 113,2 млн тоннаны құрады, бұл 2003 жылдың көрсеткішінен 17%-дан да көбірек болды. Алыс шетелдерден Балтық елдерінен 19,39 млрд. доллар сомасында 97,1 млн. тоннадан көп мұнай әкетілсе, ал бұл көрсеткіш ТМД елдерінде - 2,49 млрд. доллар сомасында 15,8 млн. тонна мұнайды құрады. Армениядағы экспорт пен импорттың көлемі АҚШ долларымен алғанда 12,6 млн. доллар және 30,4 млн. доллар, Грузияда - 20,0 млн. доллар және 77,4 млн. доллар. Армениядағы импорт экспорттан 2,4 есеге асып түссе, Грузияда - 3,9 есе. Шын мәнінде, бұл елдерде бұрынғыша экономиканың сырттай өсу факторы жоқ, өйткені әлемдік нарыққа ұсынып шағара алатын бәсекеге жарамды тауарлары жоқ. Оның үстіне, импорттың жоғары болуы салыстырмалы түрде экономикалық дамудың ішкі факторларын шектеп тастайды16.

Сонымен бірге, экспорттық секторлардың, оның ішінде, валюталық түсім есебінен дамып отырған Ресейдегі оның қарқынды дамуы нақты экономика секторларындағы басқа салаларының ұдайы өндіру процесімен байланыспаған. 2004 жылдың қаңтар-мамыр айларында алыс құрылымындағы отын-энергетика тауарлары 57,4%-ды құрады.Мұның бәрі әлемдік бағаның сыртқы конъюнктурасына  экономиканың тәуелділігін арттыруға әкеп соқтырады.

Достастық мемлекеттердің экономикалық жағынан  тиімді экспортын өсіру үшін кәсіпорындарды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырып, осының негізінде бәсекеге жарамды  өнімдерді шығарудың көлемін  және ең алдымен өндіріс қаражатын ұлғайту қажет. Бұл экспорт құрылымындағы шикізат ресурстарының үлес салмағын кемітуге мүмкіндік береді. Елдің ақша және валюта нарықтарында қалыптасқан тенденциясының өзіндік ерекшеліктері бар. ТМД елдері бойынша, орташа есеппен алғанда инфляцияның ең шырқау шыңы 1993 жылы орын алыпты: Ресейде 1992 жылы, ал Қазақстанда 1994 жылы. Инфляцияның бұрын-соңды болмаған ең жоғары деңгейі Арменияда тіркелген. Жылдар тізбегімен алғанда ондағы инфляция: 1992 жылы - 828,7%, 1993 жылы - 1922,9% және 1994 жылы - 5062,3%. 1997 жылы инфляция деңгейі 117%-ға төмендеп, 2002-2003 жылдары өткен жылмен салыстырғанда 112 және 111 %-да тұрақтаған. 2004 жылдың 10 айы ішінде бұл көрсеткіш 109 %-ға теңесті; 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында баға 19,4 %-ға дейін өскен Беларусьта ең жоғары деңгейдегі тұтыну бағасының индексі қалыптасқан болса, ал ең төменгісі Қырғызстанда  - 4,6 %. Бұл кезеңде инфляцияның жоғары деңгейі Модовада да тіркелді - 12,7 %, ал Ресейде - 10,6 %. Достастық елдерінің өндірген өнеркәсіп өнімдерінің  баға индексі айтылған кезеңде айтарлықтай  жоғары болып, орташа есеппен алғанда 20 %-ға өсті. Ең көп жоғарылау Беларусьта байқалды - 26,9 %, ал Ресейде - 20,9 %. Ақылы  қызмет саласында бағалар өсті. Қазақстанда бұл нарық сегментінің бағасы 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,7 %-ға артты. Инфляция ұлттық валютаның-теңгенің сатып алу қабілетіне, яғни нақты еңбекақыға елеулі ықпалын тигізді17.  

Посткеңестік  кеңістікте ұлттық валюта бағамы белгілі  бір деңгейде ресей рубльнің жағдайына тәуелді. Евроның енуіне орай АҚШ долларына, евроға және ресей рубліне қатысы бойынша ТМД елдерінің ұлттық валюта жағдайы бірдей емес. 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылдың соңында беларусь рублінің 1 АҚШ долларына қатысы бойынша 12,3 %-ға, евроға қатысында - 38,6 %, ресей рубліне қатысты - 21,2 % өсті. АҚШ долларына, евроға және ресей рубліне  байланысты ТМД елдері ұлттық валютасының  айырбас бағамындағы ауытқу тек  әлемдік бағытта қалыптасқан  ахуалға ғана емес, сонымен қатар  «доллар-евро» жұбының бағамдық арақатынасына да тәуелді болып табылады. Ахуалдың күрделі болуының себебі ұлттық валютаны нығайту және ұйғарымды деңгейге дейін инфляцияны ұстап тұру проблемаларының негізгі бөлігі елден тысқары, яғни құзырет жүрмейтін аумақта жатуында болып тұр. Бұған қоса, ТМД-да төменгі инфляциямен ұлттық валютаның нақты бағамының қолайлы деңгейін ұстап тұру бойынша қаржы құралдарының жетіспеушілігіне байланысты жағдай одан сайын қиындай түсуде. Ішкі мүмкіндіктердің шектеулі болуы қаржы институттарын макроэкономикалық салыстырмалы тұрақтылықты сақтап қалудың жолдарын іздестіруге мәжбүрлейді. Әрбір елдің халықты жұмыспен қамтуының бұрынғы қол жеткізген деңгейі шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне өту сипатына қарай экономикалық белсенді және жұмыспен қамтылмаған халық санының артуы немесе кемуінің салдарынан экономикалық, әлеуметтік әрі демографиялық факторлардың ықпалымен өзгерді. Мәселен, Әзірбайжанның еңбек нарығы соңғы жылдар ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының артуымен сипатталады: 1992 жылы 3728,4 мың адамнан 2003 жылы 3801,4 мың адамға немесе 1,9 %-ға дейін өсті. Осы жылдары республикада бір мезгілде жұмыспен қамтылған халық саны да өсті. 3722 мың адамнан 3747 мың адамға дейін немесе 0,7%-ға. Бұл экономикалық белсенді халықтың кен ауқымда жұмыс қамтуды қамтамасыз етеді. Қырғызстандағы экономикалық белсенді халық санының өсімі: 1837,7 мың адамнан 2003 жылы 2004,1 мың адамға дейін немес 9,1%-ға; жұмыспен қамтылғандар саны 1835,9 мың адамнан 1834,1 мың адамға дейін немесе 0,7 %-ға кеміді. Арменияда, Беларусьта, Молдовада, Ресейде, Украинада экономикалық белсенді халықтың саны да, жұмыспен қамтылғандардың саны да қысқарды. Реформаланған экономикада  еңбек  белсенділігі төмендеуі  жұмысқа  орналастыру  мүмкіндіктерінің азаюы қоғамдағы  еңбек әлеуетін бөлудің ұтымды үлгілерін қалыптастыру секілді себептерге байланысты болды. Жұмыспен қамтудың кемуі жұмыссыздық проблемасын ұшықтырып жіберді. Арменияны қоспағанда ТМД еңбек нарығында  тіркелген мәліметтерден байқағанымыздай, жұмыссыздық динамикасында аса ауытқу байқалмайды. Мынаны айта кету керек, жұмыссыздардың бір бөлігі мемлекеттік жұмыспен қамту қызметіне жүгінбей-ақ өз беттерінше дербес жұмыс іздестіруді қалайды.

ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің мәліметтері бойынша, 2004 жылы еңбек нарығында елеулі өзгерістер болмаған, алайда жұмыссыздар санының кемігені туралы жағымды тенденция байқалған екен. ТМД елдері ішінде бір жағынан, адам ресурстары мол болуымен жетекші орынды алатын, екінші жағынан - жұмыссыз жүрген азаматтар санының аса көп болуымен көзге түскен. Ресейде 2004 жылдың қаңтар айының соңында жұмыссыздар саны 1639,6 мың адамды құраса, осы жылдың тамыз айының соңында - 1594,0 мың адам немесе 2,8 %-ға кеміген.

Жұмыспен  қамту саласындағы ахуал ең алдымен  меншік түрін өзгертумен, өндіріс құрылымындағы сәйкессіздікті, техникалық жағынан артта қалушылықты жоюмен және жұмыскерлердің әлеуметтік құрамы мен еңбек қатынасына әр қилы әсерін тигізетін басқа да жағдайлармен байланысты ұзақ мерзімді факторлардың ықпалына тәуелді. ТМД елдері макроэкономикалық саясат, экономикалық тұрғыдан өсудің мүмкіндіктерін, сондай-ақ ел экономикасының құрылымдық-сапалық баланстарын реттеу тетіктерін пайдалану арқылы жұмыспен қамтуды қажетті деңгейін ұстап тұр. Алайда Достастықтың еңбек нарығындағы әлеуметтік қорғау бағдарламалары қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен толық жүзеге аспай отыр. Бұл мемлекеттердегі жұмыссыздық проблемасы жұмыспен қамтуды арттыруға қабілетсіз шикізат ресурстары негізіндегі  экспортқа бағдарланған өсудің қолданыстағы үлгілері түрінде түбегейлі шешімін таппайды. Бүкіл ТМД бойынша жұмыссыздықтың болу себебі бұрынғыша өзіндік ерекшелігі бар демографиялық, әлеуметтік-экономикалық факторлармен, адам ресурстарымен, елдердің геосаяси орналасуымен, урбанизацияның деңгейімен, өндірістің дамуымен, әлеуметтік саланың жағдайымен байланысты. Осы ерекшеліктерге орай елдерде құрылымдық қата өзгертулердің және әкімшілік реформаларының жүзеге асуы нәтижесінде жұмыстан кеткен жұмыскерлерді жұмыспен қамтылуының қамтамасыз ету проблемасын ушықтыратын жұмысшы күшіне деген сұраныспен ұсыныстың арасындағы белгілі бір сәйкессіздік туып отыр. Сондықтан да ТМД республикалары жұмыс орындарын ашуға, жұмысқа орналастыруға және жұмыссыздарды кәсіпке үйретуге бағытталған саясатты еңбек нарығында белсенділікпен жүргізіп отыр.

Сонымен бірге, доллармен есептелетін еңбекақының  шамасы бойынша Достастық елдеріндегі алшақтық сақталып отыр. 2003 жылы доллармен есептелетін ең төменгі номиналды орташа айлық еңбекақы деңгейі Тәжікстанда 15,3 АҚШ долларлы, ен жоғары деңгей Ресейде - 179,6 долларды құрады. 2004 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қырғызстанда орташа айлақ номиналды еңбекақы 2081,5 сомға немесе 50 АҚШ долларына дейін өсті. Бұл салыстырулар мынаны көрсетті: жұмыскерлердің еңбек ақысындағы проблема - оның деңгейі төмен, көптеген жұмыспен қамтылғандардың еңбектері арзан бағаланады. Достастықтың жекелеген елдері бойынша, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің мәліметтері халықтың ақшалай табысы мен шығысының өсу қарқындарындағы айырмашылықтарды көрсетіп берді. Халықтың нақты еңбекақысы мен табысының өсу шамасына қарай тұтынушылық индексі де артып отыр18.

2004 жылы Украинада тұтыну тауарлары  мен қызметтерін сатып алуға  жұмсалатын халықтың ақшалай  шығысының өсімі салыстырмалы  түрде өсу деңгейі төмен ақшалай  табыстан асып түскен. Халықтың ақшалай табысты пайдалану құрылымында тауарлар мен қызметтерді сатып алуға кететін шығын үлесі 71,3 %-ды құрады. Халықтың  нақты ақшалай табысы өсіп келеді. 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында  оның өсу қарқыны 2003 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда, Ресей мен Тәжікстанды қоспағанда, барлық елдерде өскен. Қазіргі кезеңде әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттерінің біріне материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерді (қанағаттандыруға арналған халықтың нақты табысын арттыру жатады. 

Табиғи  монополиялардың қызмет тарифтерін өсірмеу, халықтың қызмет төлемдерін, оның ішінде тұрғын үй-коммуналды шаруашылық төлемдерін азайту да маңызды мәселелер  болып табылады. Мәселен, өткізудің  барлық арналары арқылы бөлшек саудадағы  тауар айналымы Достастық елдері бойынша орташа есеппен алғанда 2004 жылдың каңтар-тамыз айларында 2003 жылдың осы кезеңіне қарағанда, айталық, Грузияда 6,8 %-дан, Тәжікстанда 21,7 %-ға дейін ауытқыған. Жекелеген кезеңдерде бөлшек саудадағы тауар айналамының көлемі өзгеріссіз қалды. Мәселен, Арменияда жылдың маусым айында осы жылдың мамыр айына қарағанда бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі бар-жоғы 0,9 %-ға ғана өссе, Украинада тіпті 1,7 %-ға келіп жетті. Ішкі сұраныстың параметрлерінің төмен болуы осы мемлекеттердегі халықтың көп бөлігінің табыс деңгейлерінің төмен болуымен байланысқан. Достастықтың құрамына кіретін барлық елдердегі құрамы халықтың ақылы қызметі 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырып қарағанда жоғары қарқынмен өскен.

Ақылы қызметтің құны орташа есеппен алғанда 23 %-ға, ал нақтысы 6 %-ға артқан. Беларусьта барлық арналар  бойынша ақылы қызметті өткізу көлемінің  ағымдағы бағасы 38,7 %-ға, Қырғызстанда 36 %-ға, Тәжікстанда 35 %-ға, Ресейде 23,5 %-ға өскен. Тұрғын  үй мәселесі бүкіл ТМД елдерін қамтуда. Достастық елдері бойынша орташа есеппен алғанда 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында 2003 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда қаржыландырудың барлық кезеңдері есебінен пайдалануға берілген тұрғын үй 9 %-ға өскен. Тұрғын үй алаңдарын кеңейту: Украинада - 52 % (1-ші тоқсан), Тәжікстанда - 45 %, Қазақстанда - 41 %. Тұрғын үй алаңының көлемі кеміген мемлекеттер қатарына Армения мен Грузия кіреді (өткен кезеңнің көлемімен салыстырып қарағанда 82 және 89 %)19. Осылайша  елдер экономикасының тұрақты өсуінің жағымды тенденциясы орын алғанына көз жеткіздік. Елдердің экономикалық жағынан өсуі нақты сектордың позициясына негізделеді. Ен алдымен бұл өнеркәсіпке қатысты. Мынаны айту керек, ТМД республикаларындағы өнеркәсіп өндірісінің негізгі өсу факторларына сыртқы фактор жатады - қолайлы рынок конъюнктурасы мен мұнай және шикізат тауарларының әлемдік бағасынан жоғары болуы. Экономиканың кен өндіруші салаларында инвестицияның өсуі өз жалғасын тауып келеді. Инвестициялық процесте орталықсыздандыру жүріп жатыр. Бюджет көздерінен қаржыландырылатын күрделі қаржы жұмсаудың үлес салмағы азайып, жеке-меншіктің және кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражатын тікелей шетелдік инвестицияларда тарту артып келеді.

Информация о работе Посткеңестік кезеңдегі интеграцияның сипаты