Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 23:31, курсовая работа
Ғылыми жұмыстың мақсаты бүгінгі ТМД елдерінің шеңберіндегі интеграциялық үдерістерді зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қоямыз:
ТМД елдерінің КСРО ыдырағаннан кейінгі экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайына қысқаша тоқталу;
ТМД құрылуының негізгі алғышарттары мен оң және теріс жақтарын қарастыру;
Аймақтық интеграциядағы Қазақстандық бастамалар;
Посткеңестік интеграцияның негізгі ерекшеліктеріне тоқталу.
Әрбір егеменді мемлекеттің
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымактастық
ұйымы (ЕҚЫҰ) сияқты ұйымдардың құжаттарында
көрсетілген халықаралық
Дегенмен де өзіндік идентификация проблемасының өткірлігі, Орталық Азия елдерінің экономикалық, саяси — құқықтық жүйелері жағдайының транзиттік сипаты, жаңару үдерістерінің әртүрлі серпіні, бағыты және терендігі, осы процестер шеңберінде жүргізіліп жатқан реформалар өмірлік қажетті интеграцияны жүзеге асырудағы қиындықтарды анықтайды. Қазақстан көптеген өркениеттер, этностар және діндер тоғысына орналасқан. Сондыктанда оған интеграциялық үдерістердің деңгейімен және жағымды нәтижелерімен органикалық ұштасқан саяси тұрактылық, ұлтаралық келісім және аймактағы қауіпсіздік ауадай қажет. Сонымен қатар, дәл Казақстан ғана объективтік жағдайлары мен XX гасырдың аяғында басталған кайта қүрулардағы ішкі табыстарына байланысты интеграцияның басты козғаушысы әрі көшбасшысы рөлін атқара алды. «Дамудың Қазақстандық моделі» қазіргі кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда . Осы жағдай халықаралық ғылыми жэне саяси-практикалық тұрғыдан тандап алган тақырыптың өзектілігін айқындайды. 1998 жылы қаңтарда Ашхабадта өткен кездесуде Орталық Азия елдерінің басшылары Достастықты өтпелі кезеңде гана іске асыруга болатын ынтымакітсшк үлгісі және әрбір мемлекет ішкі дамуының басыңқы жактары мен халықаралық міндеттерін есепке ала отырып, ынтымактастыққа қатынасу түрлерін өздері аныктайды деген қорытындыға келді. Дегенмен де, қайта қүру жылдарында дэл осы аймактық бірлестік, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте Достастыққа қатысушы елдер арасындағы шаруашылықаралық байланыстарды қолдап, ара-тұра бой көтерген кейбір қайшылыктар мен эскери қактыгыстардың кейде алдын алып, кейде өзара келістіріп, реттеуші қызмет атқарды. Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін мемлекеттердің саяси жэне экономикалық мүдделерінің киыспаушылыгы белең алып, жас тэуелсіз мемлекеттер арасында мемлекетаралық қатынастардың контуры анықтала бастады.
Осындай жағдайда бүрынгы
жинакталған тэжірибенің
Қазіргі кезде Қазақстан
дамудың сапалық жаңа деңгейіне
көтерілді. Ашық демократиялық қоғам
орнатып, элемдік кеңістікке белсене
кірігу үстінде.Біз қарқынды даму жолына
түскен нарыктық экономика құрдық.
Көптеген халықаралық сарапшылардың
пікірінше, қазакстандық даму жолы посткеңестік
елдердің көбісіне үлгі-өнеге жолы
ретінде кабылданады»,-деп
Демек, Қазақстанның аймақтық стратегиялық маңызы өте зор. Екіншіден, тікелей теңізге шыға алмайтын құрлық ортасындағы мемлекет ретінде біз, әлемдік нарыққа тек көрші мемлекеттер арқылы ғана шыға аламыз, сондықтан көршілес елдермен байланыс орнатудың мәні қаншалықты зор екендігі айтпаса да түсінікті. Үшіншіден, Қазақстан табиғи ресурстарға өте бай, оның ішінде, әсіресе, табиғи газ, мұнай, түсті металдар және басқа да пайдалы қазба көздері бар. Ауылшаруашылығы саласында мақта, астық, көкөніс және басқа да экономикалық дақылдарды дамытудағы мүмкіндіктері мол. Сондықтан еліміз едәуір зор экономикалық потенциалға ие. Төртіншіден, ұлттық, діни, мәдени жағынан алғанда біздің еліміздің өзіндік айырмашылығы бар. Кейбір мемлекеттерде шиеленістің себебі болған бұл фактор Қазақстанда біріктіруші күш ретінде артықшылыққа айналып отыр. Түркі және ислам мәдениетімен дәстүрлі байланыстарының тамыры терең, оған қоса, Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің қосылған ықпалы да бар. 1991 жылдың аяғында КСРО тарих сахнасынан кеткен соң, Орталық Азия елдері де өз тәуелсіздіктерін жариялап, егемен ел ретінде халықаралық қауымдастықтан өздеріне тиесілі орындарын алуға тырысты. Сол жылдың желтоқсан айында КСРО-ның іс жүзінде ыдырауы туралы Беловеж келісіміне қол қойылып, көп ұзамай Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізі қаланды. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, одан кейін Франция, Жапония, Корея және Иран мойындады. Тәуелсіздік алған Орталық Азиядағы бес мемлекеттің әлеуметтік-саяси жағдайы, экономикалық дамуы шамамен бір деңгейде болды. Ал жеке-дара мемлекет ретінде өмір сүре бастаған кезде Орталық Азия елдері өзіндік даму жолын таңдап, олардың әрқайсысының ұстанған саяси бағыты әртүрлі болды. Мысалы, Түрікменстан ешкімге қосылмайтын бейтараптықты таңдап, оқшауланды. Тәжікстанда ішкі тартыстардың салдарынан 5 жылдан аса уақытқа созылған азамат соғысы басталып кетті. Өзбекстан мен Қырғызстан да өз жолдарын таңдады. Кейбір экономикалық көрсеткіштер мен ұлттық құрамына қарай, тәуелсіздік таңында сарапшылардың Қазақстанның зайырлы болашағына күмән келтіргені белгілі.24
Дегенмен мемлекет басшысының таңдаған сара жолының арқасында еліміз бүгін жетістіктер биігінен көрінді. Қазақстан өзін толығымен ақтаған көп бағытты сыртқы саясатты ұстана отырып, әлем елдерімен тең құқықты ынтымақтастықты дамытуда. Жетпіс жыл орталықтан басқарылған бұрынғы Одақтан шыққан бес ел үшін өзара шаруашылық байланыстардың үзілуі салдарынан болған экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіру қажет еді. Әртүрлі себептермен олардың таңдауы да бір-біріне ұқсамайтын. Осы жағдайды өз пайдасына қолданбақ болған әлемдік ықпалы мол күштер де өз мүддесін ілгерілетуге тырысып бақты. Бүгінде демократияны да, басқа құндылықтарды да сырттан таза күйінде «импорттау» салдары ауыр саяси қателік боларына көзіміз жетті25.
Ол – тасқа тал еккенмен бірдей. Қазақстан басшылығы оны жақсы түсініп, алдымен экономика, сосын саясатқа бет алған өзіндік «қазақстандық жолды» таңдады. Айта кетері, ұстанымымыздың дұрыс болып шыққанын әлем мойындады. Бұл концепцияның жемісі ретінде еліміздің осы таңдағы қарқынды экономикалық дамуы, қоғамдағы бірлігіміз бен әлемдегі мәртебемізді айтуға болады. Қазақстан мен Орталық Азия өзара бәсекелес АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия, Иран және Үндістан сияқты мемлекеттердің мүдделері тоғысқан аймаққа айналды. 1990 жылдары бұл аймақта ірі мемлекеттер, негізінен, экономикалық мүддені көздесе, жаңа ғасырдың басынан бастап экономикалық мүддеден гөрі саяси мүдде басым түсіп жатты.Орталық Азия ынтымақтастығы, оның ішінде Қазақстан мен халықаралық қатынастарды құру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып отыр. XX ғасыр адамзат баласының тарихында маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы бір тарихи кезенде дүниежүзілік соғыстар, әлемдегі ең бірінші социалистік мемлекет — Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) мен социалистік жүйе пайда болды. Біріккен Ұлттар Үйымы (БҰҰ), НАТО, Варшава Шарты, АСЕАН және баска да әр түрлі халыкаралык ұйымдар, блоктар мен бірлестіктер кұрылды. Ғасырдын аяғы, әсіресе 1980-1990 жылдар әлемдік деңгейдегі дамуда кұрделі өзгерістермен сипаттадды. Бұл кезенде биполярлық жүйе өзгерді, «қырғи қабақ» соғыс аяқталды, екі Германия қосылды, КСРО күйреді, бұрынғы халыкаралык қатынастар жүйесі біртіндеп ыдырай бастады. Міне осы оқиғалар 90-шы жылдары бүрынғы КСРО-ның орнында пайда болған жас тәуелсіз мемлекетгердің халыкаралык қатынастар жүйесінде, геосаяси және геоэкономикалық бағытттарын айкындады.
Бұрынғы КСРО құрамында болып,
енді тәуелсіздік алып өз бетінше
даму жолына түскен мемлекетгердің жаңадан
қалыптасуы мен одан әрі алға басуы
үлкен қиыншылықтармен
Сондықтан Қазақстан баска да тәуелсіз мемлекеттер сияқты әлемдік кауымдастықта өзінің лайыкты орнын алу жолдарын іздестіруде. Соның ішіңде Қазакстан Орталық Азия мемлекеттерімен халыкаралык қатынастар жүйесіне кіре отырып, жаңа үлгідегі ынтымақтастық пен қарым-катынастарды қальштастыруда. Осы үрдісте төмендегідей екі тенденция қабысады. Халықаралық мәселелерді анықтауға келгенде Орталық Азия мемлекеттерінің тарихи дамуы, мәдени және әлеуметтік тұрмысы жактарынан ұксастығы айқындай түседі, оларды шешуде аймактық және халыкаралык аренада жаңа қауымдастық ретінде ұмтылыс жасайды.Бұл тенденциялар Орталык Азия мемлекеттерінін тәуелсіздік жолында одан әрі дамуын түсіндіреді.
Бірақ Орталык Азия мемлекеттерінің ішінде маңызды мәселелерді шешуде елеулі өзгешеліктер мен карама-қайшылықтар бар. Сол сияқты бүгінгі күні Орталык Азия мемлекеттері үшін маңызды болып отырған мынадай факторларды да атап өткен жөн. Олар территориясының үлкендігі, халқының санында көптігі, табиғи байлықтың, әсіресе мұнай мен газдын мол қоры, оларды әлемдік рынокқа тасымалдаудың жолдары т.с.с. Орталық Азия мемлекеттері бірынғай геосаяси және геоэкономикалық кеңістікте орналасқандықтан да бірлесуге карай ұмтылуда. Соған байланысты бірлесудің түрлі жоспарлары, идеялары, жобалары жасалуда. Оның казіргі заманғы соны үлгісі ретінде интеграциялық бірігу жолын тандап алған Орталық Азия мемлекеттері ортаазиялык интеграцияны объективті қажеттілік ретінде, территориялық түтастыкпен, сол сияқты экономиканың ең маңызды, ең басты салаларымен байланыстырады. Сондыктан тарихи қалыптасқан тығыз шаруашылық байланыстары мен аймақтың ұтымды геосаяси жағдайы Орталық Азия мемлекеттерін өзара ынтымактасуға жетелейді. Сол сияқты аймактың газ, су-энергетика ресурстарын, экологиялық мәселелерін бірлесе отырып шешу, көлік-коммуникация жүйелерін бірлесе отырып пайдалану, соңғы жылдары күшейіп келе жатқан наркобизнес пен әр түрлі экстремистік, террористік топтар мен ағымдарға бірлесе отырып күрес жүргізу сияқты маңызды шараларды іске асыру үшін де аймақтық интеграция кажет. Сондыктан Орталық Азия мемлекеттерінің нарықтық экономикаға өтуі мен интеграцияны таңдап алуы жаһаңдану жағдайында орындалуы әлемдік тарихтағы бірінші оқиға деп бағалануда. «Жаһандану — халыкаралық қатынастардағы коғамдык өмір мен іс-әрекеттердің әр түрлі салаларындағы өзара тәуелділік пен өзара әсер етудің нығаюы». Қазакстандық ғалымдардың пікірінше, «жаһандану жағдайында қарастырылатын әлемдік экономикалық жүйедегі ұлттық шаруашылыктың интеграциясы проблемаларын қарастырғаңда, аймақтық интеграция мәселелерін тыскары қалдыруға болмайды.
Аймақтык құрылымдар қазіргі
танда ғаламдастырудың
Бүтінгі тандағы халықаралық катынастар жүйесінде Орталық Азия елдерінің болашақтағы, алдағы уақытта алатын орны өте маңызды және өзекті болып отыр. Өйткені оның перспективалары мен басымдылықтарын дамыту дүние жүзінің, оның ішінде Азия аймағының тұрактылығына байланысты. Аймақтық және халықаралық саясатта тең кұқылы мемлекет болу үшін, Орталык Азия елдері серіктестіктің, ынтымақтастыктың, кауымдастықтың тиімді жолдарын таңдағаны дұрыс. Соңдыктан Қазақстанның Орталык Азия мемлекеттерімен экономикалық ынтымактастығының қалыптасуының тарихи жолдарын көрсету, бұл ынтымактастықтын кандай дәрежеде дамып отырғандығын, оның перспективалары мен бағыттарын айқындауда Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері арасында қол қойылған екі және кеп жақты саяси-құқықтық, нормативтік қүжаттарды, деректік материалдарды бір жүйеге келтіріп, оны ғылыми айналымға енгізе отырып, осылардың негізінде аталмыш тақырыптың мәселелерін зерттеу дипломдық жұмысының өзектілігі болып табылады. Аз уакыттың ішінде ең теменгі деңгейден бастап және күрделі халықаралык қатынастар жүйесіне кіруге ұмтылыс жасай отырып, жаңа серіктестер мен ынтымақтастықтың тиімді сатыларына карай бейімделу керек. Осы ретте халыкаралык катынастар жүйесінде жаңадан құрылған тәуелсіз Орталык Азия мемлекеттерінің қандай дәрежеде орын алатыңдығы, оның ішінде Қазакстанның Орталык Азия мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастығының калыптасуының тарихи жолдарын көрсету маңызды да өзекті болмақ. Оны Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» деп аталатын еңбегіндегі «Орталык Азия елдері күшті және тәуелсіз аймақ бола алады, өйткені соңғы 500 жылдың ішінде тұңгыш рет біздің аймак дүниежүзілік экономика үшін маңызды аймак болып отыр деген пікірлері толықтыра түседі .
Информация о работе Посткеңестік кезеңдегі интеграцияның сипаты