Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 23:31, курсовая работа
Ғылыми жұмыстың мақсаты бүгінгі ТМД елдерінің шеңберіндегі интеграциялық үдерістерді зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қоямыз:
ТМД елдерінің КСРО ыдырағаннан кейінгі экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайына қысқаша тоқталу;
ТМД құрылуының негізгі алғышарттары мен оң және теріс жақтарын қарастыру;
Аймақтық интеграциядағы Қазақстандық бастамалар;
Посткеңестік интеграцияның негізгі ерекшеліктеріне тоқталу.
Сонымен қатар, ТМД-ның көптеген елдерінде соңғы жылдары бір мезгілде экономиканы өсірудің ішкі факторларының рөлі, ең алдымен макроэкономикалық тұрақтылық пен тұрақты қаржы жағдайына әсер ететін инвестициялық факторлардың рөлі артып келеді.
Аймақтық экономикалық интеграцияның даму салдарын анықтау және мемлекеттердің интеграциялауының алғышарттарын іске асыру жолдары мен оны сараптау мәселелері қарастырылды. Елдердің экономикалық ашықтығы, халықаралық салыстыруда кең көлемде қолданады.
Посткеңестік кеңістікте
құрылған аймақтық құрылымдардың бәрі
– Ресей мен Беларусь одақтық
мемлекеттері, ТМД, ОАЭҚ және ЕураАзЭҚ
үмітті ақтай алмады. Аймақтық құрылымдар
шеңберінде бекітілген көпжақты келісімдерге
қарағанда, екіжақты үкіметаралық келісімдер
ұтымды жұмыс істеп тұр. Оның себептері
объективті, субъективті факторға келіп
тіреледі. Атап айтсақ, нарықтық трансформация
үлгілерінде, ұлттық экономикалардың
даму қарқынында елеулі айырмашылық
бар. Бұған осы аймақтағы саяси
элиталардың амбициясын қосыңыз. Сондай-ақ
жаһандану жағдайында ұлттық мемлекеттер
рөлінің эволюциясын дұрыс
Бұл факторлардың сақталуы, тіпті белең
алуы жаңа интеграциялық жобаларға қауіп
төндіреді. Табысты даму жолына түсу жайындағы
одақтас мемлекеттердің үмітін ақтамауы
мүмкін.
Біріншіден, қазіргі кездегі әлемдік
ТМД елдері ұзақ уақыт бойына социалистік достастық елдері шеңберімен шектеле отырып, халықаралық экономикалық ынтымақтастықтан тыс қалып қойды. Әлемдік экономикалық кеңістікке кіру кезінде нарықтық өзгертулер курсын таңдай отырып, ТМД-ның барлық елдері үшін ортақ экономикалық блок ретінде ену тиімді және қауіпсіз болар еді. Ол ТМД мемлекеттерінің тең құқықты серіктестер ретінде басқа экономикалық және саудалық одаққа қатысуының маңызды шарты болады.
Қазақстан үшін бұл мәселе айырықша мәнге ие, өйткені, біріншіден, Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграцияға қатысуы Қазақстан Республикасы егемендігінің экономикалық негіздерін құрудың, Қазақстанның жоғары экономикалық өсуін қамтамасыз етудің, толыққанды мүше ретінде оның әлемдік қауымдастыққа кіруінің шарты болып табылады.
Екіншіден, бұл мәселені шешудің маңыздылығы
бүгінгі таңда қалыптасқан
Бұл жағымсыз тенденциялар
жаһандану процесімен тығыз
Сондықтан да Орта Азиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде 21.04.2000 жылы Өзбекстанның ұсынысы бойынша оның қатысушылары терроризммен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдастырылған қылмыспен және Келісім тараптарының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне ықпал етуші қауіптермен күресу бойынша бірлескен іс-әрекеттер жөніндегі Келісімге қол қойды.
ТМД елдері ішінде терроризмге қарсы әрекет ету саласындағы ынтымақтастық едәуір жанданды. Аталған құбылыстармен күрес «Шанхай бестігі» қызметінің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен қатар азиялық бағытта терроризммен және экстремизммен күрес мәселелері Қазақстан Республикасының Президентінің СВМДА-ны шақыру бойынша инициативасын дамыту жөніндегі жұмыстары шеңберінде қарастырылады. Біздің еліміз Азия континентінде қауіпсіздік құрылымдарын құру үшін әрекет етеді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі Азия үшін өзекті болып табылады. Мұнда 3,5 млрд-тан астам адам өмір сүреді, әлемдік ЖҰӨ-нің 55%-ы өндіріледі, әлемдік сауданың 40%-ы шоғырланған. Сонымен қатар бұл аймақ өте тұрақсыз аймақтың бірі болып сипатталады. Осы уақытқа дейін Азияда көптеген қақтығыстар, өзара сенімсіздік орын алып келеді. Интеграциялық процестердің дамуы осындай экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелерді шешуге, осы елдердің әрқайсысының саяси хал-ахуалын жақсартуға, оларда мекендейтін және тарихында көптеген ортақтығы бар халықтар достығын нығайтуға ықпал ететін болады.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасы
Президенті өзінің Қазақстан халқына
жолдауында «Біздің ары қарайғы
интеграциялануымыз – бұл аймақтағы
тұрақтылыққа, прогреске, экономикалық
және әскери-саяси тәуелсіздікке
жүру жолы» дегенді атап көрсетті.
Бұл әлемде жинақталған интеграциялық
бірлестіктердің қалыптасу
Осылайша, бірқатар ғалымдар жаһандану мен интеграцияның ұлттық экономикаларға тигізер қаупін, экономикасы нашар дамыған елдердің индустриалды дамыған елдерге тәуелділігінің күшеюін, дағдарыстық құбылыстардың таралу көздерін көре отырып, оларға жағымсыз баға береді. Осыған қарама-қарсы негізде әлемдік экономиканың, халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінің ары қарайғы прогресінің қозғаушы факторлары ретіндегі жаһандану мен интеграция жөніндегі пікірлер де туындайды. Кейбір ғалымдар көңілді мынаған аударады, яғни әлемдік шаруашылық байланыстардың жаһандануы елдің жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерге тартылуы мен тәжірибе алмасуы үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуға және мемлекеттің әлемдік экономикадағы барлық нишаларды(«қуыстарды») алуына мүмкіндік береді.
ХЭИ және хаһанданудың халықаралық қатынастар жүйесінің дамуына ықпал етуін бағалаудағы қарама-қайшы пікірлер олардың қарама-қайшы және тұрақсыз феномендер екендігін дәлелдейді.
Бұл процестердің адамдық өркениетке
ықпал етуін объективті бағалау үшін тәжірибеге
жүгіну керек. Жаһанданудың тереңдеуі
нәтижесінде қазіргі кезде
Сондықтан да, ТМД елдері
үшін интеграцияның даму сатылары теориялық
мәселелерін және осы процеске ықпал
етуші факторларды зерттеу, сонымен
бірге ТМД-да интеграциялық байланыстардың
қалыптасуы тәжірибесін талдау үлкен
мәнге ие болып отыр. Осыларға негізделе
отырып, жұмыста халықаралық
Сондықтан барлық елдің мүмкіндіктерін
барынша пайдалануға
Біздіңше, бұл жұмыстар мынадай бағыттарда
жүргізілуге тиіс:
Әлемнің шаруашылық жүйесін басшылыққа
ала отырып, ЕАО-ны құрудың құрылуының
тұжырымдалық негізін жасау ләзім. АҚШ-тың
үш жолақты туы астындағы біржақты жаһандану
қатеріне қарсы тұру қажет. ЕАО-ны құру
барысындағы техникалық мәселелерді шешу
үшін үкіметтер деңгейінде келіссөз процесі
қарқынды жүргізілуге тиіс.
Елдер арасындағы өзара тәуелділік басым.
Бұл басқа елдердің мүддесіне нұқсан келтірместен,
халықаралық мәселелерді шешудің салиқалы
жолдарын іздестіруді талап етеді. Сондықтан
посткеңестік интеграция негізі әлеуметтік
әділеттік болуға тиіс. Әдістемелік аспектілерге
келсек, біздің аймақта мемлекет және
ұлттың қалыптасуы мен Еуропада ұлттық
мемлекеттердің пайда болуында айтарлықтай
айырмашылық бар. Еуропадағы ұлттық мемлекеттердің
табиғи шекаралары, белгілі бір табиғи
ландшафтары бар. Түрлі соғыстар кезінде
өзгерсе де, жалпы алғанда, табиғи шекаралар
сақталып қалды. Ресей империясының және
Кеңес одағының құрамында болған Қазақстан,
Орталық Азия республикаларының шекаралары
басқаша принципте құрылды. Жалпы, еуразиялық
мемлекеттер үлгісінің еуропалық үлгіден
елеулі айырмашылығы бар. Сондықтан, қазір
жасалып жатқандай, еуропалық үлгіні ерекшелігімізге
бейімдеместен, басы бүтін қабылдауға
болмайды. ЕАО құру процесі әрі оның толыққанды
жұмыс істей бастауы, бір мезгілде атқарылатын
шаруа емес. Оның күнін белгілеу де мүмкін
емес. ЕАО-ны құруда кездесетін кез келген
мәселе шешімінің екі өлшемі бар. Біріншісі
– саяси шешімнің қабылдануы. Екіншісі
– осы саяси шешімді жүзеге асырудың тетіктерін
жасау, құқықтық база жасау. Әрине, нормативті-құқықтық
база жасау, оны барлық қатысушылардың
мақұлдауы, әр елдің мүддесін ескеру ұзақ
уақытты қажет етеді.
Айта кету керек, Кеден
одағы мен БЭК-тің құрылуы
Кеден одағы, содан кейін БЭК құрыла бастағанда
қабылданған саяси шешім ортақ заңнамалық,
нормативті-құқықтық базалармен бекітілмеді.
ЕАО-ның құрылуы – интеграцияның жоғары
формасы. Ұлттық егемендікке қатысты құқықтың
бір бөлігі ерікті түрде мемлекеттен жоғары
тұратын органға беріледі. Ол жүйе ортақ
мақсатқа жету жолында әр елдің мүддесін
барынша қорғайтын сенімді тетік болуға
тиіс. Олай болмаса, Беларусь президенті
атап көрсеткендей, кейбір елдердің мүдделері
мен құқықтарына нұқсан келтіру «бүгін
ұсақ-түйек болып көрінгенімен, ертең
алдымен сенімді, сосын ортақ күш-қайрат
жұмсап құрған жаңа құрылымға сызат түсіреді».
Басты назар аударатын
нәрсе, БЭК пен ЕАО-ны құруда институционалдық
аспектілерге назар аударылмай жатыр.
Мемлекеттен жоғары тұратын институттардың
қажетті тізімі жасалынбады. Олардың қызметтері
нақты көрсетілмеді. Оларға берілетін
өкілділіктің көлемі, ұлттық үкіметпен
өзара қарым-қатынас принциптері айқындалмады.
Кейбір саяси көшбасшылардың ортақ валюта
енгізу, Еуразиялық парламент, Еуразиялық
банк секілді мемлекеттен жоғары тұратын
институттар құру туралы ұсынысын интеграцияға
қарсы топтар Ресейдің «КСРО-2» жаңа империялық
жобасы ретінде қарайды. Ұлтшыл-патриоттар
Ресеймен кез келген интеграцияны ұлттық
егемендік пен тәуелсіздікті жоғалту
ретінде бағалайды. Басқа қырынан қарағанда,
Ресейге қарсы картаны ойнатушы саяси
күштер белсенді әрекетке көшті. Мұны
мемлекеттен жоғары тұратын органға ұлттық
егемендігіміздің бір бөлігін беру деп
есеептеп, «кесімді сөзді ресейліктер
айтатын болады» деп сендіреді.
Меніңше, посткеңестік кеңістіктегі интеграцияны
қолдамайтындар эмоцияға бой ұрған. Бұл
пікір еліміздің тәуелсіздігін сақтауға
бағытталмаған, керісінше, тәуелсіздігімізге
үлкен қатер төндіреді. Өйткені, олар халықаралық
қауымдастықтың даму үрдістерін ескермей
отыр.
Бүгінгі күнге дейін интеграцияның үлгісін
негіздеуге қатысты зерттеу жұмыстары
жасалмады. Әр ел үкіметтері ұлттық заңнамаларды
үйлестіруге бас қатырып жатыр. Бұл бағытта
жиырмаға жуық келісімшарт жасалды. Бірақ
олар егжей-тегжейлі «жабық» режимде жүргізіліп
келеді. Бизнес құрылымдар әр елдің мүмкіндіктерін
барынша пайдалану үшін мемлекетаралық
вертикальды-интеграциялық кешендер құру
бағытында бастамашылдық танытып, әрекетке
көшті. Алайда, өкінішке қарай, бұл жүйелі
әрекет емес. Кейбір елдердің мүддесімен
тоқайластырмай-ақ, нақты экономикалық
пайда көруді көздейді20.
Информация о работе Посткеңестік кезеңдегі интеграцияның сипаты