Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 11:30, дипломная работа
Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Елдің сыртқы саяси доктринасы мен сыртқы саяси курсын мемлекет басшысы анықтайды. «Сыртқы саясат – бұл Президент саясаты», - дейді Н.Ә.Назарбаев. [1]
Мемлекет басшысы, Республика Президенті елдің ұлттық мүдделерін алға қоя отырып, сыртқы саясаттың векторларын анықтайды.
КІРІСПЕ ..........………………………………………………………………… 4-7
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .………….....8-33
1.1 Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде ....................…………………………………….…………………8-20
1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде .......………………...21-33
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ........................ 34-54
2.1. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы .. 34-43
2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері ...............…........44-54
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ …………………………………………….........55-66
3.1 Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығының деңгейі мен эффективтілігін арттыру жолдары .......…………………………..55-62
3.2 Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы ....................…………63-66
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..…………67-69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............……………………………..........
Президенттік басқару жүйесінің қазақстандық моделінің доктринасы мен тәжірибесі мемлекеттік билікті ұйымдастырудың келесі принциптарына негізделеді:
Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасы үшін билік бөлінісі және оған сәйкес мемлекеттік органдар жүйесінің конституциялық теориясының оптималды нұсқасы келесі принциптерді қамтиды:
Президенттік жүйенің маңызды мәселесі биліктің екі тармағына саулаулардың бөлектігінен және билікте болудың белгіленген мерзімінен келіп шығады.
Президенттік демократиялық режим – өзара тәуелсіздік жүйесі, өйткені заңнамалық билік те, Мемлекет басшысы да олардың легитимділігінің қайнар көзі болып табылатын белгіленген сайлау мандатына ие. Бұл билік тармағының біреуінің күшейіп кетпеуінің кепілі. Президенттік жүйелер парламенттік жүйелерге қарағанда көп жағдайда бағдарламасы заңнамалық билікпен шектелетін атқарушы билікті иемденуге бейім. Президенттік режим туралы сөз еткенде кез-келген президенттік жүйенің кемшіліктері бар екендігін ұмытпау қажет. Олардың ішінде біздің мемлекетте де орын алуы мүмкіндерін де айту керек. Ең алдымен бұл биліктің қоғамдық пікірден алыстау қаупі. Бұл қауіптің алдын алу үшін Президент барлық ақпаратты иемденіп және өз еліне амандық тілей отырып, дұрыс шешім қабылдауы тиіс.
Келесі қауіп биліктің Президент және оның төңірегіндегілердің қолында тым көп шоғырлануында. Өз кезінде В.Жискар д’Эстен жазғандай, «тіпті Президент қаламаса да ол лауазымына сайланған күннен бастап қоғамдық пікірде шешімін талап ететін мәселелердің барлығын оның деңгейіне жеткізуге ұмтылыс пайда болады. Сондықтан да оның төңірегінде шексіз билікке ие тұлғалардан құралған команданың пайда болу қаупі бар. Бұны болдырмау үшін билік құрылымдары арасында сәйкесінше теңдікті табу қажет». [38].
Қазақстан Республикасының да, Францияның да Президенті кең құзыреттерге ие болғандықтан әрқашан бұл лауазымның өз қызметін асыра пайдаланатын саяси лидердің қолына тиіп кету қаупі бар. Францияда бұл қатынаста екі «фильтр» бар. Біріншіден, болашақ Президент кандидатурасын саяси партиялар анықтайды. Екіншіден, Францияда оның азаматтарының екі ғасырдан астам уақыт бойы қалыптасқан тұрақты демократиялық дәстүрлері бар.
Қазақстанда қуатты партиялық жүйе де, азаматтардың саяси мәдениеті де әлі де болса толық қалыптаспаған. Сондықтан да қазіргі заманғы конституциялық реформа Қазақстандағы саяси жүйедегі партиялар рөл нығайтуға бағытталуы аса маңызды.
Басқару формасы бойынша біздің мемлекетіміз президенттік республика болып қала береді, алайда бұл басқарудың элементтерінің көп түрлілігі мен икемділігі, дамыған демократиялардың сынақтан өткен конституциялық тәжірибелері бойынша президенттік басқарудың қазақстандық формасы жаңа конституциялық реформа арқасында басқарудың президенттік-парламенттік формасының жетілген түрін, қоғамдағы бірегей мемлекеттік биліктің бөліну мен қызмет етудің ерекше жүйелерін иеленуде. Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қазіргі уақытта икемдірек саяси жүйе құру, біздің еліміздің әрі қарайғы демократизациясының жолымен жүруіне мүмкіндік береді. Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қ.К.Тоқаевтың айтуынша, «бұл біздің еліміздің толық көлемдегі демократияға жарып өтудің, экономикалық және саяси дамудың жаңа деңгейіне шығу уақыты болып табылады» [6].
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
3.1 Қазақстан мен Францияның
экономикалық
Қазіргі таңда Қазақстан мен Француз Республикасының экономикалық ынтымақтастығы сауда мен инвестицины, бірлескен мекемелерді құруды, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірқатарын жүзеге асыруды қоса алғанда қарым-қатынастың кең спектрін қамтиды. Қазақстан экономикасының позитивті тенденциялары екі ел ынтымақтастығының кеңеюі туралы оптимистік көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұл тенденциялар қаржылық тұрақтылықты қамтамаыз ету, экономиканың ашықтығы деңгейін көтеру, жағымды салықтық және кедендік режим құру, инвестиция тартуға бағытталған саясатпен анықталды.
Бұл энергетикалық саладағы ынтымақтастық, транспорт, атап айтсақ, теміржол саласындағы, атом энергетикасы саласындағы бірлескен ынтымақтастық, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері. Сондай-ақ туризм мен спорт, білім, мәдени даму салаларында да ынтымақтастық орнаған.
Франция Қазақстанның еуропа мен әлемдегі перспективті экономикалық серіктестерінің бірі. Екі жақты тауар айналымы 2007 жылы 4,6 млрд. долларды құраған (экспорт – 3,9 млрд., импорт – 0,7 млрд.), 2006 жылы - 3,8 млрд. долл. (экспорт – 3,3 млрд., импорт – 0,5 млрд.), 2005 жылы - 2,9 млрд. долл. (экспорт – 2,6 млрд., импорт – 0,3 млрд.), 2004 жылы - 1,8 млрд. долл. (экспорт – 1,5 млрд., импорт – 0,3 млрд.) құраған.
Бүгінгі таңда француз капиталының Қазақстанға мұнай-газ, энергетикалық, тау-кен, қорғаныс және экономиканың өзге салаларында ұызығушылық танытуда. Көлік-байланыс секторында да ынтымақтастық белсенді дамуда.
Франция біздің елімізге дәрі-дәрмектер, тамақ өнімдерін, парфюмерия, автомашиналар, тұрмыстық электроника, олардың жеке түрлеріне бөлшектер жеткізеді. Екі жақты байланыстардың дамуындағы оң фактор ретінде "ҚазФраМұнай" қазақстандық-француздық мұнай орталығын құру туралы Келісімге қол қоюды, сондай-ақ пайдалану жылуэлектростанциясының құрылысы жөніндегі келіссөздерді айтуға болады. Ірі-ірі француз инвесторлары электроэнергетикалық және урандық жобаларға қатысуда.
Қазақстандың экспорттың негізін мұнай, металдар мен металл өнімдері, химиялық өнімдер, ауылшаруашылық өнімдері құрайды.
Қазақстан Франциядан электрлік, электрондық және механикалық құрылғылар, тұтыну тауарлары, дәрі-дәрмек пен косметика, автомобильдерғ тамақ өнімдері, құрылыс материалдарын импорттайды. Франция сондай-ақ шарап, теңіз тағамдары, ірімшіктер, парфюмерия мен косметика, киім мен аксессуарлардың жеткізуші болып табылады. Қазақстанмен салыстырғанда Француз импорты әртараптандырылған. Француз импортында машина құрылысы өнімдерімен қатар тағам мен кең тұтыну тауарлары басым.
Француз кәсіпкерлері Қазақстанды тұрақты және сенімді серіктес ретінде таниды және жылдын-жылға ел экономикасына салатын инвестицияларын арттыруда.
Қазақстан-француз қарым-қатынасының бір әлсіз тұсы – әлі күнге дейін сала ішілік кооперацияның болмауы, тек салааралық ынтымақтастық қана орнаған. Қазақстан тауарлардың бір номенклатурасын экспорттайды, ал Франция өзгесін жеткізеді, және де өзара экономикалық тәуелділік байқалмайды. Қазақстан Республикасы инвестицияларға қолдау көрсету мен оларды бірлесе қорғау жөнінде халықаралық келісмідерге келу арқылы экономикаға шетелді капитал салымдарын инвестициялау үшін құқықтық режим қалыптастыруда. Бұндай мазмұндағы келісімдер Франциямен де жасалған. Осылайша 2007 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына салынған француз инвестицияларының жалпы көлемі 3,7 млрд долларды құраған, оның ішінде тікелей инвестициялар - 1485,9 млн.доллар, бұл Нидерланды (12917,3 млн.), АҚШ (8953,1 млн.) және Ұлыбританиядан (4792,1 млн.) кейінгі төртінші көрсеткіш. Қазақстанның француз экономикасына капитал салымдары $260 млн жетіпті. Қазақстанда мұнай-газ, тау-кен, энергетикалық, транспорт және қызмет көрсету салаларында 40-тан астам француз компаниялары жұмыс істейді.
Экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – ауыл шаруашылығы, энергетика, пайдалы қазбаларды игеру, өнеркәсіп, ғылыми зерттеулер, кадрлар дайындау саласы.
Әрі қарай Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттарын сала-сала бойынша қарастырамыз.
Мұнай-газ саласы. «Тоталь» компаниясының «Қашаған» кен орнын игеру жобасына қатысуы бұл саладағы Қазақстан-Француз қарым-қатынасының өзекті бағыты болып табылады. «Тоталь» компаниясы Құрманғазы жобасы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның стратегиялық серіктесі ретінде таңдалған. «Тоталь» көмірсутек шикізатын экспортының инфрақұрылымын дамытуға белсенді қызығушылық танытуда және оңтүстік бағыттағы (Иран арқылы) құбыржелісінің құрылысы жобасына қатысты конструктивті позицияны ұстануда. Бұл саладағы ынтымақтастықтың үлгілі мысалы «Сифаль» француз тобының қаржыландыруымен Атырауда Қазақстанның мұнай-газ инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында «Техникалық қызмет көрсету және білім беру Орталығын» құру болып табылады.
1993 жылдан бастап айналымы
"Тотальдың" қызметі
әлемде мұнай өнеркәсібінің
Қазіргі таңда компанияда әлемнің 120-дан астам елдерінде 140 мың қызметкер еңбек етуде. Айта кететін бір жайт, Франция үкіметі қащір "Тотальдің" құрамындағы "Elf Aquitaine" компаниясының компания активтерін шетелдік инвесторлардың иеленуіне вето құқығын беретін «алтын акциясынан» бас тартты. Бұндай қадам Еуропалық соттың шешімімен қабылданды, сот пайымдауынша, «алтын акциялар» Еуропалық Одақтағы еркін конкуренция нормаларын бұзады.
"Тотальдің" біздің
еліміздің экономикасын
Мұнай-газ саласындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды оқиға Алматы қаласында 2003 жылы бірлескен Қазақстан-Француз Мұнай Орталығының ашылуы болды. Оның тұсаукесерінде, Мюзелье азамат: « ... Франция – бұл ең жетілген қазіргі заманғы технологиялар, тағдыр жазып еліміз қуатты державаға айналған соң ол енді өзгелермен бөлісуі керек».
Орталықты құру бастамасымен шыққандардың бірі "Тоталь" компаниясының қолдауымен Француз мұнай институты (IFP) еді. Француз мұнай институты әлемдегі жетекші зерттеу орталығы болып табылады және мұнай-газ, мұнай-химия және автомобильді өнеркәсіп үшін ғылыми және технологиялық өңдеу жобаларын дайындайды. Институт 1947 жылы құрылды және қазіргі таңда 14 мыңнан артық ғылыми және технологиялық жобаларға авторлық куәліктері бар. IFP қызметінің маңызды бағыты болып мұнай-газ саласы үшін жоғарыквалификацияланған мамандарды профессионалды дайындау есептеледі. Институт әлемнің көптеген елдеріннде үйрету орталықтарын құрған, мамандарға тәлім беру саласында біршама тәжірибе жинаған.
Орталық туралы идея 2000 жылы пайда болды. Астанада Франуия Елшілігі мен Энергетика және минералды ресурстар Министрлігі қолдауымен симпозиум ұйымдастырылды, оған республиканың мұнай-газ секторының ғылыми-зерттеу институттары мен компаниялары қатысты. Француз мұнай институты (IFP) "Тоталь" компаниясының қолдауымен Қазақстанның приритетті қажеттіліктері, сондай-ақ орталықтың болашақ қызметін анықтау үшін алдын-ала сараптау жүргізді.
Құрылған Қазақстан-Француз Мұнай Орталығының бірегейлігі, Қазақстанның Энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің пайымдауынша, оның өз қызметін зерттеу – даярлау – өнеркәсіпте іс жүзінде пайдалану толық қолданбалы схемасы бойынша құратындығында. Республикада мақсатты бағытталған өндіріс пен ғылым интеграциясының қажетті инфрақұрылымының негізі қаланды.
Сондай-ақ "Кожема" компаниясы да өз қызметінде үлкен нәтижелерге қол жеткізілді. "Қазатомпром" АҰК мен француздық "Кожема" "Арева" тобын құра отырып, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданындағы Мойынқұм уран кен орнын игеруде ортақ жобаны жүзеге асыруда. "Катко" бірлескен мекемесі 2001 жылы полигонды жарақтандыруды және жылына 100 тонна уран өндіретін қуатты тәжірибелік завод құрылысын аяқтады. "КАТКО" бірлескен мекемесінің негізі 1996 жылы қаланды. 1999 жылдың наурызында "КАТКО" Мойынқұм кен орнының екі бірдей жері «Оңтүстік» және «Төртқұдықты» игеруге лицензия алды. Лицензиялардың әрекет ету мерзімі – 25 жыл. Жер қойнауын пайдалану туралы Келісім ҚР үкіметімен 2000 жылы жасалды. Париж қаласында 2004 жылдың 28 сәуірінде Қазақстанда уранды игеру жөніндегі бірлескен жобаның өнеркәсіптік кезеңін іске қосу туралы келісімдерге қол қойылды. Мойынқұм кен орнының қоры 20-27 мың тонна уран деп бағалануда.