Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 11:30, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Елдің сыртқы саяси доктринасы мен сыртқы саяси курсын мемлекет басшысы анықтайды. «Сыртқы саясат – бұл Президент саясаты», - дейді Н.Ә.Назарбаев. [1]
Мемлекет басшысы, Республика Президенті елдің ұлттық мүдделерін алға қоя отырып, сыртқы саясаттың векторларын анықтайды.

Содержание

КІРІСПЕ ..........………………………………………………………………… 4-7
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .………….....8-33
1.1 Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде ....................…………………………………….…………………8-20
1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде .......………………...21-33
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ........................ 34-54
2.1. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы .. 34-43
2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері ...............…........44-54
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ …………………………………………….........55-66
3.1 Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығының деңгейі мен эффективтілігін арттыру жолдары .......…………………………..55-62
3.2 Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы ....................…………63-66
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..…………67-69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............……………………………..........

Вложенные файлы: 1 файл

Франция-Казахстан.doc

— 535.00 Кб (Скачать файл)

10.Агранат Г.А. О повышении роли территориального фактора в жизни общества//Территориальная организация хозяйства как фактор экономического развития. -М., 1987.

11.Чеботарев А. Казахстан:  проблемы  и перспективы выбора приоритетного маршрута экспорта нефти // Центральная Азия и Кавказ, 2001. №3 (15).

12. Зардомский   Л.Б.   Десять   лет   после   распада   СССР:    некоторые результаты и перспективы эволюции пространства СНГ // Россия и современный мир, 2002. №2 (35).

13.Назарбаев Н.А. Евразийский союз: идеи, практика, перспективы, 1994 -1997. - М.: Фонд содействия развитию соц. и полит, наук, 1997. - 480 с.

14.Володин А., Широков Г. Глобализация: начала, тенденции, перспективы. – М., 2002.

15. Казахстанская правда, 2002. 13 февраля. №54. 268 Ф  Геополитические и географические факторы...

16. Усубалиев Е., Усубалиев Э. Проблемы территориального урегулирования и распределения водно-энергетических ресурсов в Центральной Азии // Центральная Азия и Кавказ, 2002. №1(19).

17. Исингарин Н.К. Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции. -Алматы: ОФ БИС, 2000. -216 с.

18. Жусупов Б.С. Политические аспекты внутренней и внешней политики Республики Казахстан. - а/р к.п.н. – Алматы. – 2001. – С.18

19. Казахстан: президент и внешняя политика  Е.Борисова.- Москва, 2005

20. Исингарин Н.К.  Транспорт - магистраль экономической интеграции СНГ. -Алматы: Атамура, 1998. - 256с.

21.Аубакирова А.А. Геополитические и географические факторы в формировании внешнеполитической стратегии Республики Казахстан. Алматы, 2003. – Экономика», С.271.

22. Рахметова Г. Новая модель региональной интеграции // Казахстанская правда, 2002. I марта. №45.

23. Ardant Ph. Institution politique et droit constitutionnel. — P.: LGDJ, 1992; Chevallier J. L’Etat de droit. — P.: Montchrestien, 1992.

24.Crozier M. Etat modeste, Etat moderne. — P.: Fayard, 1991. — Р. 58.

25.Duverger M. La monarchie républicaine. — P.: Laffont, 1974. — Р. 175.

26.Gaulle Ch. de. Mémoires de guerre. — V. 3. — Р. 117

27.Султанов Б. Внешняя политика  Республики Казахстан: основные  этапы развития. (1991-2001 гг.) Казахстан  и современный мир. - Алматы, 2001. - №1. - С. 7.

28.Основные внешнеэкономические приоритеты Республики Казахстан на современном этапе: Научное издание. — Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2004. — 173 с.

29.Политика и интересы мировых  держав в Казахстане/ Под редакцией  Б. Султанова – Алматы: ДАйк-пресс, 2002 -238с.

30.Казахстан в системе мировых экономических процессов. Научное издание. Под общей редакцией Б.К. Султанова – Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан, 2008. – 272 с.

31.Евразийская стратегия суверенного Казахстана / Под общ. ред. Б.К. Султанова: Научное издание. — Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан, 2005. — 202 с.

32.Казахстанский путь политического реформирования: Сб. мат. «круглого стола» (12 декабря 2007 г.). – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2008. – 104 с.

33.Казахстанская модель межэтнического согласия: проблемы и перспективы: Сборник материалов научно-практической конференции. — Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2007. — 143 с.

34.Современные демократические преобразования в Республике Казахстан. Науч. изд. Под общ. ред. Б.К. Султанова. — Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2008. — 296 с.

35.Закон Республики Казахстан. О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан // Казахстанская правда. — 22 мая 2007

36.Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмагамбетов И.Н. Казахстан: эволюция государства и общества. — Алматы: ИРК, 1996. — С. 249.

37. Конституция Республики Казахстан 1995 г. — Алматы, 1995.

38. В. Жискар д’Эстен. Президент: арбитр и гарант // Известия. — 8 марта 1990 г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Келісім

(Париж қаласы, 23 қыркүйек 1992 жыл)

 

Келісім 1994 жылдың 13 қарашасында күшіне енді

ҚР Жоғарғы кеңесінің 29.01.93 ж-дағы № 1939-XII қаулысымен ратификацияланған

 

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы

  • Достық пен ынтымақтастық негізінде қарым-қатынасын дамытуға шешім қабылдай отырып,
  • Қазақстан Республикасының бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынығ заңды мұрагер-мемлекетінің бірі екендігін ескеріп,
  • Жалпыадамзаттық бостандық құндылықтары, демократия мен әділдікті құрметтеу мен сенім негізінде байланыс орнату қажеттілігіне көзі жетіп,
  • Мемлекеттер арасындағы қатынастағы халықаралық құқықтың артықшылығын мойындап,
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптерін жетекшілікке алып,
  • Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің Хельсинки Қорытынды Актісі мен Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясы шеңберінде жүктелген міндеттемелерді бекіте отырып,
  • Еуропалық Одақты құру перспективасы мен оның бейбітсүйгіш және толерантты Еуропаны құрудағы орнын мойындай отырып,

төмендегідей келісті:

 

1-бап

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы өзара қарым-қатынасында достық, өзара сенім мен барлық салалардағы тыңыз ынтымақтастық негізіндегі егеменді, тең құқықты мемлекеттер ретінде танылады.

Жақтар қажет жағдайда осы Келісімді жүзеге асыру мақсатында өзге келісімдер мен келісімшарттар жасай алады.

Бұл мәтінге осы Келісімнің ажыратылмас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Француз Республикасы Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы Протокол тіркеледі.

 

2-бап

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы екі жақты да, көп жақты да қатынаста саяси ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Олар бостандық пен демократияның жалпыадамзаттық принциптерін мойындай отырып, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау мен қолдау көрсету саласында, атап айтсақ, сәйкесінше халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастық орнатады.

Олар халықаралық қауіпсіздіуті қамтамасыз ету, шиеленістердің алдын алу мемлекеттер арасындағы қарым-қатынаста халықаралық құқықтың артықшылығын қамтамасыз ету бойынша күштерін біріктіреді.

 

3-бап

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы ортақ мүдделеріндегі екі жақтық қатынастағы да, халықаралық деңгейдегі де мәселелер бойынша, әсіресе, Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасу үшін сәйкесінше деңгейде тұрақты консультациялар жүргізеді.

Жақтар мүмкіндіктерінше осы салалардағы ұстанымдарын барынша жақындатуға ұмтылады, қажет болса бірлескен не келісілген әрекеттер жасайды.

Осы мақсатпен жоғарғы деңгейдегі кездесулер Жақтардың келісімімен ұйымдастырылады, ал сыртқы істер министрлері жылына бір реттен сирек емес кездесіп отырады. 

Екі мемлекеттің сыртқы істер министрліктері қажет жағдайда өз өкілдерінің қызметтік жиналыстарын жүргізеді.

 

4-бап

Жақтардың бірінің пікінше әлемге қауіп төндіретін, бейбітшілікті бұзатын не оның қауіпсіздігі мүдделерін қозғайтын өзге жағдайлар туындаған сәтте бұл жақ екінші Жаққа осы мәселе бойынша тез арада консультация жүргізу өтінішін білдіре алады. Жақтар бұл жағдайдан шығу жолдары жөнінде ортақ ұстаным қалыптастыруға бар күштерін салады.

 

5-бап

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы өздері мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар, ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымы шегінде қажет жағдайда өз ұстанымдарын толық жақындастыру және олардың шеңберінде қабылданған шаралардың эффективті түрде жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында ақылдасады.

 

6-бап

Француз Республикасы Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қауымдастық арасындағы байланыстардың дамуына ықпал етуге міндеттенеді.

Француз Республикасы Қазақстан Республикасымен екі жақты келісімдер бойынша өзіне міндеттемелер ала отырып Еуропалық Қауымдастықтың келісімдері мен оны орындау үшін қабылданған құжаттарды орындайды.

 

7-бап

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы ЕҚЫК шеңберінде тығыз ынтымақтастық орнатады.

Жақтар оның институттарының, атап айтсақ заңи тұрғыда нығайту мақсатында, еуропалық континенттегі тұрақтылық, қауіпсіздіу пен заң басымдылығын қамтамасыз ету үшін бірлесіп әрекет етеді.

Олар, атап айтсақ, шиеленістердің алдын алуды көздеген тәртіп нормаларының қабылдануын қолдайды.

Жақтар өзара және өзге мүдделі мемлекеттермен Еуропалық Қауіпсіздік жөніндегі Келісімге келу мақсатында бірігіп әрекет етеді.

 

8-бап

Француз Республикасы бірлескен сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында ортақ саясат жүргізуде қарастыратын, еуропалық мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін және континент пен бүкіл әлемдегі тұрақтылыққа өз үлесін қосатын Еуропалық Одақтың құрылу маңыздылығын баса көрсетеді.

 

9-бап

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы қарусыздану жөніндегі келісімдердің еуропалық және халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесін ерекшелей отырып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесі шеңберінде қарусыздану, сенім мен қауіпсіздікті нығайту және Қауіпсіздік форумы шегінде шиеленістердің алдын алу үрдістеріне қолдау көрсетеді.

Жақтар жалпылай қырып-жою қаруларының таралуын алдын алуға мүмкіндік беретін шараларға баса назар аударады және осы мақсатта халықаралық ұйымдар шеңберінде бірлесе әрекет етеді.

Француз Республикасы Қазақстан Республикасының ядролық қарусыз мемлекет болу шешімін қанағаттанарлықпен басты назарға алады. 

 

10-бап

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы әскери саладағы байланыстарын дамытады және нығайтады. Осы мақсатпен Жақтар тұрақты негізде қорғаныс концепциялары туралы пікір алмасуға кіріседі.

Олар сыртқы істер министрліктері мен қорғаныс министрліктері, сондай-ақ екі мемлекет армияларының штабтары арасындағы байланыстарға қолдау көрсетеді.

 

 

 

11-бап

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы ауыл шаруашылығы, энергетика, пайдалы қазбаларды игеру, өнеркәсіп, атом энергетикасынығ қауіпсіздігі, ғылыми зерттеулер мен ғарыш секілді салаларға ерекше приоритет береді.

 

12-бап

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы экономикалық жыне қоғамдық қызмет саласында кадрлар дайындауда ынтымақтастықты дамытады.

Жақтардың әр біреуі өз территориясындағы екінші Жақтың кәсіпорындарының қызметі жағдайларын жақсартуға бар күшін салады, атап айтсақ тікелей инвестициялар мен инвестицияланған капиталды қорғау салаларында. Жақтар экономикалық ақпаратты мүмкіндігінше кең түрде алмасуға ықпал етеді және оған екі елдің бизнесмендері мен ғалымдарының қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

 

13-бап

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы халықаралық экономикалық, қаржылық ұйымдар мен институттар шеңберінде ортақ мүдделерін ескере отырып, өзге мемлекеттермен ынтымақтастық орнатады.

 

14-бап

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы екі мемлекеттің Парламенттерінің ынтымақтастығына ықпал етеді.

Жақтар осы Келісімнің мазмұнына сәйкес екі елдің қалалары мен аймақтары арасындағы тікелей байланыстарға қолдау білдіреді

Жақтар екі елдің саяси, қоғамдық және профодақтық ұйымдарының арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.

 

15-бап

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы білім, мәдениет, ғылым және техника секілді салалардағы ынтымақтастықты дамытады.

Жақтар олардың мәдени мекемелерін құруға қолғабыс етеді.

Жақтардың әрбіреуі өз халқын екінші Жақтың ғылыми, техникалық және мәдени жетістіктерімен жақсырақ таныстыруға тырысады және осы қатынаста өзге жақтың кітаптары, газеттері мен журналдарын таратуға жәрдемдеседі.

Жақтар барлық мүдделі тұлғаларға өз елінің тілі, мәдениеті, әдебиеті мен тарихын үйреніп-білуге мүмкіндік жасау үшін бар күшін салады.

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы халықтары арасындағы өзара түсінушілікті қамтамасыз ету үшін жақтар бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастықты дамытады.

Жақтар қос мемлекеттің азаматтары арасындағы, атап айтсақ Қазақстан мен Франция жастары арасындағы байланыстарды мақұлдайды. Сондай-ақ спорт пен туризм салаларындағы ынтымақтастыққа қолдау көрсетеді.

Жақтар ынтымақтастықтың және мәдениет, ғылым және техника саласындағы алмасудың приоритетті бағыттарын бекітетін және екі елдің құзыретті ведомстволарының қатысуымен жүзеге асырудың нақты формаларын анықтайтын бірлескен бағдарламаларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

 

16-бап

Қазақстан Республикасы  мен Француз Республикасы қоршаған ортаны қорғау маңыздылығын түсіне отырып, осы салада тығыз ынтымақтастық орнатады және еуропалық және халықаралық деңгейде бірлескен әрекеттерді дамытуға жәрдемдесуге міндеттенеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы