Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 11:30, дипломная работа
Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Елдің сыртқы саяси доктринасы мен сыртқы саяси курсын мемлекет басшысы анықтайды. «Сыртқы саясат – бұл Президент саясаты», - дейді Н.Ә.Назарбаев. [1]
Мемлекет басшысы, Республика Президенті елдің ұлттық мүдделерін алға қоя отырып, сыртқы саясаттың векторларын анықтайды.
КІРІСПЕ ..........………………………………………………………………… 4-7
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .………….....8-33
1.1 Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде ....................…………………………………….…………………8-20
1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде .......………………...21-33
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ........................ 34-54
2.1. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы .. 34-43
2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері ...............…........44-54
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ …………………………………………….........55-66
3.1 Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығының деңгейі мен эффективтілігін арттыру жолдары .......…………………………..55-62
3.2 Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы ....................…………63-66
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..…………67-69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............……………………………..........
Жақтар білім, мәдениет, ғылым және техника, қоршаған ортаны қорғау мен қылмыспен күрес салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылмақ.
1992 жылы Францияның экс-президенті Ф.Миттеран Батыс лидерлерінің ішінде бірінші болып ресми сапармен Қазақстанға келіп кетті. Аталмыш кездесуде екі елдің экономикағ сауда және білім беру салаларындағы белсенді ынтымақтастығы жөнінде келісімге келінді. Қазақстан-француз қарым-қатынасының қалыптасу үрдісінің жалғасы Францияның экс-президенті Ф.Миттеранның 1993 жылы Қазақстанға сапары болды. Экс-президент Ф.Миттеран мен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кездесуі барысында Қазақстанда француздық ЭНА үлгісінде жоғары мектеп құру идеясы туындады.
Және де 1995 жылы Францияның белсенді қаржылық және техникалық ынтымақтастығымен Алматыда Мемлекеттік басқарудың Ұлттық жоғары мектебі құрылды. Франция болашақта да бұл мекемені дамытуды жоспарлауда.
1996 жылы Франция
президенттерінің ауысуы позити
90-жылдардың ортасынан
бастап екі ел көшбасшылары
екі жақты шаралар мен
Ынтымақтастықтың алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан-француз саяси диалогы қарқынды дамуда. Саяси қатынаста Қазақстан мен Франция өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізіп, қазіргі заманның ең өзекті мәселелері бойынша ұқсас позицияларды ұстануда. Франция өзге ядролық қаруы бар мемлекеттер қатарында Қазақстанға қауіпсіздік кепілін берді. Француз Республикасы біздің мемлекетімізді аймақтағы тұрақтылықтың кепілі және Еуропа мен Азияны жалғасырушы көпір ретінде көреді. Ресми Париж Қазақсанның «аймақтағы тұрақтылық пен даму тірегі» деп мойындап, оның АӨСШК шақыру, әлемдік және дәстүрлі діндер съездін өткізу, Орталықазиялық мемлекеттер Одағын құру бастамаларына қолдау көрсетеді.
Өзінің жеке энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін, сондай-ақ жаңа ашылған экономикалық перспективаларды ескере отырып, Франция Қазақстан мен Орталық Азия аймағының өзінің сыртқы сяаси мүдделер жүйесіндегі орнын ерекшелейді. Оның айқын дәлелі Франция Премьер-министрінің Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастың даму перспективаларына қатысты баяндама даярлауды тапсыруы. Бұл баяндама авторы, сенатор Э. де Монтескью қорытындылауынша, Орталық Азия аймағында француз үкіметі өз үмітін Қазақстанмен байланыстырады, ол қарқынды дамушы экономикасымен, саналы ішкі және сыртқы саясатымен сенімді серіктес образын қалыптастырады.
Біздің елдеріміздің экономикалық және мәдени байланыстары мығым, ал ұзақ мерзімді өзара ұтымды серіктестіктің негізі жоғарыда аталғандай Президент Назарбаевтың 1992 жылғы Францияға алғашқы сапары барысында қаланды. 2003 жылы экономикалық байланыстардың құқықтық-келісімдік базасын толықтырған бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Екі ел ынтымақтастығына жаңа серпін берген ҚР басшысы Н.Назарбаевтың Францияға 2002 жылғы екінші сапары болды. 2003 жылы Астана қаласында ұйымдастырылған сауда-экономикалық форум – Н.Назарбаевтың Францияның сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Рено Мюзельемен кездесуі барысында ұсынылған идеясының жүзеге асуы еді.
Тоқсаныншы жылдардың басында тәуелсіз қазақстанның Конституциясын құрастырғанда мемлекеттің құрылыстың француздық тәжірибесіне ерекше мән берілсе, бүгінгі таңда Франция көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда бейбітшілік пен келісім сақтаудағы Қазақстан тәжірибесін үлгі етуде.
Француз іскерлік қауымы да
Қазақстанға үлкен қызығушылық танытуда. Оған дәлел “Элф-Акшпен”,
“Тоталь”, “Томсон”,
Буиг”, “Сюкр-ЭДаир”, “Креди коммерсиаль
де Франс”, “Ски Батиньон” секілді
танымал француз компанияларының республикамыздағы
белсенді қызметі [29]
Қазақстанның сыртқы саясатының француздық векторы бес аса маңызды аспектілер тұрғысынан приоритетті басымдылықтарға ие:
Осылайша Франциямен ынтымақтастықтың Қазақстан Республикасы үшін стартегиялық маңызы бар.
Халықаралық аренадағы статусы бойынша Францияны әлемдегі ең ірі державаларының қатарына жатқызуға болады. Ол дамыған индустриалды жеті мемлекеттің тобына жатады, ядролық қаруы бар және жетекші саяси және қаржылық институттар мен ұйымдардағы өкілдіктерінің деңгейі жоғары, Еуропалық Одақтың беделді мүшесі. Француз дипломатиясының халықаралық беделі жоғары. Франция жаңа әлемдік экономикалық тәртіпті орнатуда маңызды рөл ойнайды. Ең алдымен бұл оның экономикалық даму деңгейінің жоғарылығымен түсіндіріледі. Франция ЖІӨ көлемі бойынша әлемде (АҚШ, Жапония мен ГФР-ден кейін) төртінші орында, щетелдік инвестициялардың ағымы бойынша – үшінші орында (104,5 млрд. франк) АҚШ пен Ұлыбританиядан кейін, шетелдегі инвестициялары көлемі жөнінен – төртінші орында, капитал салымдарының басым көпшілігі (44,8%) Еуропада, 17% АҚШ, 10,4% - Германияға бағытталған. Францияның экспорт пен импорт көлемінің 60% ЕО елдерімен сауда үлесіне тиеді. Қазақстанның Францияға қызығушылығы экономикалық ынтымақтастықтың потенциалы, оның үлкен инвестициялық мүмкіндіктері мен жоғары технологияларымен түсіндіріледі. Франция экономикасының жоғары өнімді аграрлы секторы да Қазақстан үшін тартымды.
Екі ел үкіметтері ынтымақтастықиы одан әрі кеңейтуге мүдделі, күштерін мен мүмкіндіктерін біріктіру, мүмкін жобаларды қаржыландыру жүйелерінің перспективты схемалары қарастырылуда.
Францияның экономикалық және геосаяси дамуының перспективаларын анықтаушы негізгі факторлардың бірі мемлекеттің бірегей «еуро» валютасын енгізу арқылы 1999 жылдың 1 қаңтарында Еуропалық экономикалық және валюталық одаққа енуі болды. Франция мен Германия өзіндік бір локомотиві болып табылатын еуропалық интеграцияны әрі қарай тереңдету Еуропалық одақтың стратегиялық міндеті болып қала береді.
Соңғы жылдары Францияның ТМД елдерімен дипломатиялық қарым-қатынасы мен екі жақты байланыстары белсенділігінің арту тенденциясы байқалуда. Екі бағытқа да негізделуі тенденциясы айқын.
Біріншіден, Париждің басты стратегиялық приоритеттері қатарына Еуропада жаңа балансты қауіпсіздік жүйесін құру жатады, оның ішінде Ресейге ерекше орын берілген. Францияның ТМД елдеріне қатысты ұстанымын анықтаудағы өзге маңызды аспект Францияның тек ресейде емес, Орталық Азия мен Закавказьеге қатысуын нығайту мен кеңейтуге ұмтылысы. Француз дипломатиясы аталған аймақтарда белсендірек рөл ойнау мүмкіндігін қарастыруда.
Францияның жоғары экономикалық потенциалы, әлемдік саясаттағы беделі мен ықпалы оны Қазақстанның Еуропадағы приоритетті серіктестері қатарына шығарады. Франция Еуропалық Одақтың жетекші мемлекеттерінің бір болып табылады. Олсыз Еуропаның тағдырына қатысты бірде-бір шешім қабылданбайды. Көптеген маңызды мәселелер бойынша оның ұстанымы анықтаушы рөлге ие, ол өзге мемлекеттерге үлгі болып табылады. Онымен конструктивті ынтымақтастық орнату Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы ұстанымдарын нығайтуға жол ашады. Өз жағынан Франция да Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға мүдделі.
Оның саяси ортасында біздің мемлекетімізді геосаяси қатынаста екі әлем – Азия мен Еуропаның түйісіндегі, байланыстырушы ел, аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде негізгі рөл ойнайтын, экономикалық перспективалары жоғары мемлекет ретінде қарастырады.
Өзара түсіністік, достық және ынтымақтастық туралы Келісімін ратификациялау құрметіне жасалған Ұлттық Жиналыстың сыртқы істер жөніндегі Комиссиясының баяндамасында «Орталық Азияға апаратын жол ең алдымен Алматы арқылы өтеді» деп көрсетілген болатын. Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатып, екі жақты экономикалық байланыстарды қолдай отырып, Франция Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде АҚШ, Германиямен қатар алғашқы орындарды иеленуге ұмтылады.
Бұл қатынаста Қазақстан Франциямен екі жақты қарым-қатынастың барлық салаларында ынтымақтастықты белсенді дамытуда.
Бүгінгі күні Қазақстан мен Франция өзара қарым-қатынасы ынтымақтастықтың барлық саласында әрі қарай даму мен кеңейту тенденциясы жылдан жылға үдейтін, сенімді ұзақ мерзімді серіктестік ретінде сипатталады. Елдердің байланысын дамытуда мемлекет басшыларының арасындағы сенімді диалог маңызды рөл ойнайды.
Атап айтсақ, ҚР президенті Н.Назарбаевтың Францияның жаңа лидері Николя Саркозимен соңғы кездесуі біздің қарым-қатынасымыздағы жаңа кезең болып, олардың әрі қарайғы тереңдеуіне қуатты серпініс берді.
Қазақстан мен Франция саяси, экономикалық, мәдени салаларда қарқынды ынтымақтастық орнатқандығын баса айту маңызды.
Экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – ауыл шаруашылығы, энергетика, пайдалы қазбаларды игеру, өнеркәсіп, ғылыми зерттеулер, кадрлар дайындау саласы.
Экономика саласындағы қарым-қатынастың белсенділігін арттыру үшін экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы құрылды, олардың отырыстары кезектескен негізде екі мемлекет астаналары Париж бен Астана ұйымдастырылады. Жұмыс тобының отырыстарында ҚР мен Франция арасындағы өзара түсіністік пен екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен тереңдету мәселелері, елдер арасындағы өзара ұтымды ынтымақтастық талқыланады.
Жұмыс тобының отырыстарында ҚР мен Франция арасындағы екі жақты ынтымақтастық пен өзара түсіністікті дамыту мен тереңдету мәселелері, мұнай және газ салаларындағы жобалар, елдер арасындағы өзара ұтымды ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.
Қазіргі таңда Қазақстан нарығында мұнай-газ, тау-кен өндірісі, энергетикалық, құрылыс, транспорт мен қызмет көрсету салаларында 40-тан астам француз компаниясы жемісті жұмыс істеуде. Франция ҚР-дың шетелдегі сауда серіктестерінің ішінде Ресей, Италия, Швейцария мен Қытайдан кейін 5-ші орында. Статистика жөніндегі ҚР агенттігі мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы Қазақстан мен Франция арасындағы өзара сауда көлемі 4,68 млрд. долларға жеткен (экспорт – 3,98 млрд., импорт – 705,1 млн.), 2006 жылы - 3,8 млрд. долларды құраған.
Инвестиция көлемі бойынша Франция әлемде Нидерланды, АҚШ пен Ұлыбританиядан кейін 4-ші орында. 2007 жылдың 1 қазанындағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан экономикасына салынған француз инвестициясы көлемі 3,76 млрд. долларды құраған (тікелей инвестиция - 2,82 млрд. долл.). 1993 жылдан бері республика экономикасына түскен тікелей инвестиция 30 млрд долларға жеткен. Қазақстанның француз экономикасына салымы 262,2 млн. доллар болған екен.
Бүгін Франция мұнайды оңтүстік жол бойынша Қытай мен Үндістанға тасымалдау жобасын даярлауға мүдделі. Азия арқылы өту, бизнесмендердің пікірінше, арзанға шықпақ.
Үнемдеу баррелі үшін екі долларға тең болмақ, ақырында бұл біршама ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайда Францияның кей ірі компаниялары қазақстандық экономикаға ендігі араласып кетті. Мысалы, «Тоталь» компаниясы Қашаған кен орнын игеруге қатысуда.
Француз сенаторы Эмери де Монтескью айтуынша, француз тарапы Қазақстанға тікелей инвестициларды одан да арттыруды, технопарктер жұйесін әрі қарай дамытуды жоспарлап отыр, өйткені Франция жоғары технологиялар трансфертімен айналысады. Эмери де Монтескью сондай-ақ халықаралыө алмасу салмақты байланыстар мен қатынас жолдарын қажет ететіндігін айтады.
Сондай-ақ қазіргі кезеңде елдер парламенттері арасындағы ынтмақтастық та бңр арнаға салынған. Қазақстандық сенаторлар өздерінің француз әріптестерімен екі жақты қарым-қатынасты, сондай-ақ ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеялары, Еуропа Кеңесі мен НАТО, және де Парламентаралық одақ шеңберінде өзара әрекет етуді дамытпақ.
Францияның іскерлік қауымы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға оң көзқарас танытуда. Оған Президент Н.Назарбаевтың Францияның «Вивенди», «Тоталь Фана Эльф», «БРЖМ», «Томпсон» секілді ірі-ірі компанияларының басшыларымен кездесуі куә болады. «БРМЖ» жетекшілерімен кездесу нәтижесінде Павлодарлық «Химпром» қызметі нәтижесінде сынаппен уланған зонаны қайта қалпына келтіру жөніндегі жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Жобаның құны 9,5 млн. доллар. Атырау және Маңғыстау облыстарындағы мұнай-газ кен орындарында инфрақұрылым объектілерін бірлесім салу ниеттілігі туралы Протокол қабылданды. Ол мамандармен 240 млн. долларға бағаланған.
Қазіргі таңда Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық әр түрлі формада және көптеген бағыттарда дамуда. Геология, жер қойнауын қорғау, мұнай және газ өнеркәсібі салаларында Қазақстан «Эль Акитен», «Эль Нефтегаз» фирмаларымен, «Женераль де Жеофизик» компанияларымен ынтымақтастық орнатқан.
Осылайша, Франция Орталық Азиямен жан-жақты ынтымақтастық курсын жалғастыруда. Француз СІМ басшысы атап көрсеткендей, «Қазақстан, оның аймақтағы көшбасшы позицияларын ескерсек, Еуропаның Орталық Азиядағы мүдделерінің теңдесі жоқ жолсерігі болып табылады». [30]