Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 11:30, дипломная работа
Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Елдің сыртқы саяси доктринасы мен сыртқы саяси курсын мемлекет басшысы анықтайды. «Сыртқы саясат – бұл Президент саясаты», - дейді Н.Ә.Назарбаев. [1]
Мемлекет басшысы, Республика Президенті елдің ұлттық мүдделерін алға қоя отырып, сыртқы саясаттың векторларын анықтайды.
КІРІСПЕ ..........………………………………………………………………… 4-7
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .………….....8-33
1.1 Қазақстан халықаралық қатынастардағы геосаяси мүдделердің орталығы ретінде ....................…………………………………….…………………8-20
1.2. Франция халықаралық қатынастар жүйесінде .......………………...21-33
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ........................ 34-54
2.1. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы .. 34-43
2.2. Екі елдің саяси ынтымақтастығының ерекшеліктері ...............…........44-54
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ …………………………………………….........55-66
3.1 Қазақстан мен Францияның экономикалық ынтымақтастығының деңгейі мен эффективтілігін арттыру жолдары .......…………………………..55-62
3.2 Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы ....................…………63-66
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..…………67-69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............……………………………..........
Банктер акционерлік капитал иемдену жүйесі арқылы, холдингтік компаниялар, инвестициялақ қорлар, жеке унияны пайдаланып өнеркәсіптік компаниялардың қызметіне белсенді қатысуда.
Капитал ұштасуының үрдісі барлық экономиканың кең халықаралық байланыстары бар бірнеше қаржылық топтармен қамтылуына әкелді.
Францияның сауда және төлем балансы дәстүрлі түрде теріс сальдоға тең. Дефицит негізінен минералды шикізат, химиялық және электрониканы қоса алғанда тұтыну тауарлары есебінен қалыптасады. Соңғы он жылда өнеркәсіптік тауар саудасының сальдосы нашарлап кетті.
Экономикалық жүйенің қызмет етуі мемлекеттің ұдайы өндіріс үрдісіне қуатты ықпал етуімен жүзеге асады. Мемлекеттің экономиканы реттеу мен жоспарлауда, мемлекеттік жеке меншікті бөлуде көрініс табатын ГМК дамуының деңгейі бойынша Франция өнеркәсібі дамыған ірі елдердің ішінде ерекшеленеді. 80-жылдарда экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының дирежизмнен неолиберализмге, нарық рөлінің басымдылығына өзгерісі орын алды.
Сақталып отырған мемлекеттік сектор өңдеуші өнеркәсіптің базалық, инфрақұрылымдық салаларын қамтиды. Онда энергия өндірісінің 70% қамтамасыз етіліп, ол транспорт пен байланыстың 60%, авиағарыштық өнеркәсіптің 80%-дан астамын, автомобильдің 40% қамтиды. Мемлекеттік сектор экономикалық саясаттың маңызды құралы болып табылады. Негізгі капиталдың жаңаруы, шаруашылықтың көптеген салаларындағы ұдайы өндірістің қамтамасыз етілуі мемлекетпен шешіледі [24]
Мемлекеттің реттеуші рөлі соғыстан кейінгі жылдары кең етек алған мемлекеттік бағдарламалау мен жоспарлауда айқын көрініс табады. Осы мақсатпен ресми органдар құрылған болатын, олардың ішінде Жоспар комиссариаты ерекшеленеді. Даярланған жоспарлар француз экономикасын жаңа технологияларды игеру, құрылымдық қайта құру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының күшеюіне негіздеді.
Мемлекет НИОКР дамуына белсенді қатысуда. Оның үлесіне ғылыми-конструкторлық жұмыстарға жалпыұлттық ассигнацияның жартысынан көбі тиеді. Мемлекет Франция мен өзге жетекші елдер арасындағы ғылыми-техникалық потенциалдағы айырмашылықты жоюға ұмтылуда.
Францияда шаруашылықтың әлеуметтік құрылымын қаута құру, өндіріс пен капиталдың шоғырлану мен орталықтанлырылу үрдістері белсенді жүруде. Жүз аса ірі компания өнеркәсіптік өндірістің 2/3 бөлігін шоғырландырады. Бірқатар салаларда монополизация максимумға таяуда. Қара металлургияда аса ірі екі компания «Юзинор» мен «Сасилор» өз қолына құрыш өндірісінің 70%-ын, «Компани женераль д’электрисите» (КЖЕ), «Томсон» - электрондық және электротехникалық құрылғыларды өндірудің 50%, «Рено» мен «Пежо» - барлық дерлік автомобиль өндірісін шоғырландырды. Капиталдың шоғырлану мен орталықтандырылуы және Франция экономикасының қайта құру үрдістері өндіріс пен капиталдың интернационализациясы үрдісімен қатар жүрді, нәтижесінде қуаты жөнінен алпауыт ТҰК құрылды[25]
Франция өндіріс пен капитал шоғырлануының деңгейі жоғары ел саналғанымен, бұндағы шағын және орта бизнес те маңызды рөл ойнайды. Шағын және орта мекемелер 70-80-жылдары өз позицияларын нығайтып алды. Шағы сектор аса елгезек. Тіркелуші кәсіпкерлік бірліктердің 30% 2 жылдан кейін құрдымға кетіп жатады, ал әрбір екіншісі 5 жылға дейін өмір сүрмейді. Банкротқа ұшырап жатқан фирмалардың саны өте жоғары. Жаңа компаниялардың жолындағы кедергі алғашқы реттік және айналым капиталының жеткілікті жиналмауы болып табылады. Шағын сектор негізінен қызмет көрсету мен сауда саласында дамыған.
Сурет 1. Францияның жұмысқа қабілетті халқының салалар бойынша жұмысбастылығы
Қызмет көрсету саласы Франциядағы мәні жөнінен аса маңызды сала болып табылады. Оның үлесіне ЖІӨ-нің жартысынан астамы, жұмысбастылардың 69%-дан астамы тиесілі. Қызмет көрсету – француз экономикасының қарқынды дамушы және жұмысбастылық күн санап артып келе жатырған саласы боылп табылады. Саланың ірі бөлімшелері сауда, туризм, байланыс, транспорт, банк және сақтандыру ісі болып табылады.
Өнеркәсіптік өндірісте машина құрылысы өнімдерінің үлесі (31%-ға дейін) артты, ең алдымен электротехникалық және электрондық салалардағы өсім есебінен. Бұл құрылымдық алға басу дәстүрлі салалардың үлесінің азаюымен қатар жүреді. Аоайда Францияда «ескі» өндірістердің салмақты үлесі сақталуда, алайда олардың өнімдері әлемдік нарықта кейбір батыс елдері және, әсіресе, «жаңа индустриалды» елдер тарапынан бәсекелестікке шыдай алмайды. Мысалы жиһаз, тері және тоқыма өнеркәсібі секілді салаларда француз мекемелері жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті емес, және техникалық қаруланған германды, икемді италияндық не бельгиялық компанияларға орын береді.
Қатаң бәсекелестік жағдайында әрекет етуге мәжбүр болған Франция зерттеулерді дамыту, өндірісті модернизациялау, жаңа бұйымдар мен құрылғылар жасауға ден қойды. Өнеркәсіптік қуаттардың өндірістің жаңа ритміне икемделуі өндіріс өнімділігінің артуымен қатар жүрді. Сонымен қатар салалардың компьютерлендірілуі мен математикалық қамтамсыз етудің дамуы орын алды. Ол үрдістер өндіріске автоматтық жобалау мен технологиялық үрдістерді басқарудың жаңа жүйелерін енгізуге мүмкіндік берді.
Француздар әлемдік қаржылық жаһандану үрдісін қуып жетуге бел буды. Бұлайша париж (ке болса да) англосаксондық және германдық тенденцияларға жауап беруде. Алайда бұндай салмақты «қаржылық баобабты» мемлекет бақылауына қоя алмайсын. Бұл дегеніңіз Франция таңдаған экономикалық даму тенденциясы мемлекеттік араласу деңгейін төмендетуге бағытталған деген сөз.
Алайда бұндай тенденция Францияда түсіндіруді талап етеді. Оның үстіне президент Ширак та, премьер Жоспен де халық алдында өздерінің голлизм идеяларынан тамайтындығы туралы ант ішкен болатын. Көріп отырғанымыздай, қазіргі жағдайда бұл идеялар қатарынан мемлекеттің экономикалық бақылауы принципін сызып тастауға тура келіп тұр.
Франция экономикасының әлсіз дамуына «кінәліні» баяғыда анықтап қойыпты, бұл – ұжымдық сектор. Оны қаржылық нарықтағы белгісіздік құртып тұр, ақырында француз компанияларының инвестиция көлемі түсіп кетті. Экономикалық дамудың алғашқы жылдарында француз компаниялары көптеген инвестиция салатын, ал қазір күннен күнге артушы қарыздардың себебінен бос қалған өндірістік қуатын қайда жіберерін білмейді. Оның үстіне міндетті 35-сағаттық жұмыс аптасы мен жұмыстан шығарудың күрделі жүйесін бекіткен қатаң еңбек заңнамасы компанияларға сұраныс тербелісіне тез арада жауап беруге мүмкіндік бермейді. Жаңа үкіметтің жұмыс аптасына қойылған шектеулерді алып тастау қажеттілігін түсініп, компаниялар үшін салықтарды төмендетуге ниетті екендігін айта кету қажет. Алайда бұл «өрт сөндіргіш» тәсілдер, ал мемлекеттің ірі корпорациялардың менеджері ретіндегі эффективсіздігі секілді негізгі фундаментальды себептер еш өзгерусіз қалуда.
2-сурет. Франция ЖІӨ динамикасы
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ
2.1. Қазақстан-Франция қарым-
1992 жылы Қазақстан БҰҰ құрамына мүщелікке қабылданды, сәйкесінше әлемдік істер мен бүкіладамзаттық мәселелерді шешуге қатысу, адамзаттың қазіргі заманғы өркениеттік даму арнасында болу, оның саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық және қызметінің өзге де аса маңызды салаларындағы жетістіктеріне қол жеткізу мүмкіндігін иеленді. БҰҰ қарастыратын халықаралық мәселелердің кең спектрі саласында әмбебап ұйым шеңберінде Қазақстанның әлемдік саясаттағы орны мен рөлін, біздің мемлекетіміздің мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғауды ескере отырып, өзіндік айқын жеке ұстанымыңның болуы аса маңызды. Бұл қатынаста ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеяның 47-сессиясында сөйлеген сөзі анықтаушы мәнге ие. Онда тәуелсіз Қазақстанның бұл халықаралық ұйымдағы қызметінің принциптері, біздің көзқарасымыздағы БҰҰ-ның әлемдегі рөлі мәлім етілді. ҚР Президентінің сөйлеген сөзі, ол ұсынған көлемді сыртқы саяси бастамалар жас мемлекеттің әлемдік саясатқа қатысуға берген салмақты өтініші болғандығын, және бұл оқиғаның оны Бүкіләлемдік ұйымда мойындауына көп жағдайда себепші болғандығын көпшілік мойындайды. Біздің мемлекетіміздің басшысының салмақты және прагматикалық курсы, Республиканың халықаралық құқықтың нормаларын сақтауды ұстанатындығы Ұйымның басшылығы мен мүше-мемлекеттері тарапынан құрмет пен қолдау ие болды.
Өз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Қазақстан оның басшылығының сыртқы саяси курсының арқасында халықаралық аренада оң имиджге ие болды, әлемдік қауымдастыққа үйлесімді интеграциялануы үшін потенциалды мүмкіндіктерді иеленді. Осыған байланысты басынан бастап осы істе жалпы қабылданған нормаларға негізделген дипломатиялық қызмет құру қажеттілігі туындады. Приоритеттерді анық айқындай отырып, Республиканың көпжақты дипломатияның негізгі форумдарының жұмысына белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек болды. БҰҰ жұмысна қатыса отырып, Қазақстан көптеген халықаралық мәселелер, ең алдымен Республиканың өмірлік маңызды мүдделері қатарына кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға белсенді қатысуға шынайы мүмкіндікті иеленді. Сонымен қатар, БҰҰ-ға мүшелік Қазақстанға саясиғ экономикалық және өзге де ұтыстар әкеліп, біздің мемлекетіміздің прогрессивті дамуына, ұлттық қауіпсіздігінің нығаюына жағдай жасайтындығы сөзсіз.
Өзінің геосаяси орналасуының ерекшеліктерін ескере отырып Қазақстан еуропалық та, азиялық та мемлекеттермен теңгерілген байланыстарды дамыту курсын анықтап, көпвекторлы саясат ұстанады.
Қазақстан Республикасы сенімді қарым-қатынас орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі Француз Республикасы болып табылады. Қазахстан-француз қарым-қатынастарының тарихы 1992 жылы басталды. Французская Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін 1992 жылдың 7 қаңтарында мойындады. Ал 1992 жылдың 25 қаңтарында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. 1992 жылдың наурызында Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды, ал 1993 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі ашылды. 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін Жерар Перроле атқаруда. А.Жанкулиев 2005 жылдың 6 қарашасынан бастап Франциядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымында. [27]
Қазақстан-француз қарым-қатынасының негізгі принциптері 1992 жылы Президент Н.Назарбаевтың Францияға сапары барысында қол қойылған «Қазақстан мен Францияның достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі Келісімінде» көрініс тапты. Франция жас республикамен достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойған алғашқы мемлекеттердің бірі. Бұл Келісім Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтитын қарым-қатынасының мықты құқықтық негізін қалыптастырып берді. Келісім мәтінінде екі жақты қарым-қатынастарында екі мемлекет достық, өзара сенім мен барлық салалардағы тыңыз ынтымақтастық негізіндегі егеменді, тең құқықты мемлекеттер ретінде танылатындығы, Жақтар қажет жағдайда осы Келісімді жүзеге асыру мақсатында өзге келісімдер мен келісімшарттар жасай алатығы айтылған. Бұл мәтінге осы Келісімнің ажыратылмас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Француз Республикасы Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы Протокол тіркеледі. [3]
Келісім екі жақты да, көп жақты да қатынастағы саяси ынтымақтастықты анықтайды.
Олар бостандық пен демократияның жалпыадамзаттық принциптерін мойындай отырып, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау мен қолдау көрсету саласында, атап айтсақ, сәйкесінше халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастық орнатады.
Олар халықаралық қауіпсіздіуті қамтамасыз ету, шиеленістердің алдын алу мемлекеттер арасындағы қарым-қатынаста халықаралық құқықтың артықшылығын қамтамасыз ету бойынша күштерін біріктіреді. Сондай-ақ Келісімде Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының ортақ мүдделеріндегі екі жақтық қатынастағы да, халықаралық деңгейдегі де мәселелер бойынша, әсіресе, Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасу үшін сәйкесінше деңгейде тұрақты консультациялар жүргізетіндігі айтылған.
Қауіпсіздік саласына келесі мәтіндегі бап арналған: Жақтардың бірінің пікінше әлемге қауіп төндіретін, бейбітшілікті бұзатын не оның қауіпсіздігі мүдделерін қозғайтын өзге жағдайлар туындаған сәтте бұл жақ екінші Жаққа осы мәселе бойынша тез арада консультация жүргізу өтінішін білдіре алады. Жақтар бұл жағдайдан шығу жолдары жөнінде ортақ ұстаным қалыптастыруға бар күштерін салады. [3]
Француз Республикасы Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қауымдастық арасындағы байланыстардың дамуына ықпал етуге міндеттенеді. Жоғарғы деңгейдегі кездесулер жақтардың келісімімен, ал сыртқы істер министрлігі деңгейіндегі кездесулер жылына бір реттен кем емес ұйымдастырылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы өздері мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар, ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымы шегінде қажет жағдайда өз ұстанымдарын толық жақындастыру және олардың шеңберінде қабылданған шаралардың эффективті түрде жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында ақылдасатындығын келісті. Жақтар ЕҚЫҰ шеңберінде тығыз ынтымақтастық орнатуға міндеттенді. Олар оның институттарының, атап айтсақ заңи тұрғыда нығайту мақсатында, еуропалық континенттегі тұрақтылық, қауіпсіздік пен заң басымдылығын қамтамасыз ету үшін бірлесіп әрекет ететіндігін, шиеленістердің алдын алуды көздеген тәртіп нормаларының қабылдануын қолдайтындығын, өзара және өзге мүдделі мемлекеттермен Еуропалық Қауіпсіздік жөніндегі Келісімге келу мақсатында бірігіп әрекет ететіндігін мәлімдеді. Келісім жақтардың әскери саладағы да байланыстарын дамыту мен нығайтуға ниетті екендігін көрсетті. Осы мақсатпен Жақтар тұрақты негізде қорғаныс концепциялары туралы пікір алмасуға кіріседі.
Мәселелердің үлкен бір тобы ауыл шаруашылығы, энергетика, пайдалы қазбаларды игеру, өнеркәсіп, атом энергетикасының қауіпсіздігі, ғылыми зерттеулер мен ғарыш секілді салалардағы ынтымақтастыққа арналды.