Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:26, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезеңде адам уақыт талабына қызмет етеді. Уақыт талабына сай болу, осы тауқыметті шешу жөніндегі негізгі тұтқалардың бірі ол өндірісті, қоғамды, жалпы экономиканы іскерлікпен басқару, нарықты экономикалық қатынастарды дамыту, оларды құқықтық тұрғыдан реттеу, ақша-несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру болып табылады. өндірісті басқару, басқару қағидалары мен әдістерін, құралдары мен формаларының жиынтығын мененджмент сөзінің аясына саяды. «Менджмент» – шет ел сөзі, аударғанда басқару деген мағынаны білдіреді.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылу негіздері
1.1. Мемлекеттік қызмет түсінігі және маңыздылығы .......................................5
1.2. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі..............................................................7
1.3. Мемлекеттік қызметті дамытудың шетелдік тәжірибесі............................11
ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
2.1. Мемлекеттік қызметтің үрдісі мен қарқындылығын талдау......................13
2.2. ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңының жүзеге асуы............................. 16
2.3. Мемлекеттік қызметке кадрды іріктеу жүйесі.............................................18
2.4. Мемлекеттік қызметті дамытудың Қазақстандық үлгісі............................20

Қорытынды .........................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі.doc

— 189.00 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік қызметтің  көптеген тиімді модельдерінде (Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Италия) жоғары мемлекеттік  қызмет институты қолданылады, ол саяси  шешімдер қабылдау процесін оларды іске асыру процесінен ажыратуға бағытталған. Жоғары мемлекеттік қызметтің функциялары жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес басқару талаптарын әзірлеу және әкімшілік қызметті жүргізу болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделі мемлекеттік қызметтің баспалдақтық және позициялық модельдерінің элементтерін қамтып, аралас болып қалады.

Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасының 2020 жылға дейінгі  Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде  корпустық вертикаль: мемлекеттік  саяси қызметшілер, «А» басқарушылық корпусы және «Б» атқарушылық корпусы айқын көрініс табатын болады.

Жаңа модельді қалыптастыру 2012 жылға қарай үш корпусқа негізделген  мемлекеттік лауазымдардың жаңа тізілімін бекітуді көздейді.

Мемлекеттік саяси қызметшілер  корпусына мемлекеттік саясатты қалыптастыратын, мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылық етуді жүзеге асыратын, тиісті саладағы мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыттарын айқындайтын қызметшілер, сондай-ақ тағайындалуы саяси-шешуші сипатқа ие қызметшілер енгізіледі.

Мемлекеттік саяси қызметшілер  корпусына мынадай лауазымдар: орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың бірінші басшылары, олардың орынбасарлары, облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері және олардың орынбасарлары, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын басқа да мемлекеттік лауазымдар енгізілетін болады.

Жаңа модельде мемлекеттік  әкімшілік қызмет құрылымында мемлекеттік  саяси қызметшілер қалыптастыратын  саясатты іске асыруды және стратегиялық шешімдер қабылдау мен оларды орындау арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін «А» басқарушылық корпусы құрылатын болады.

«А» басқарушылық корпусының әкімшілік лауазымдарына тағайындау тек қана кадр резервінен жүзеге асырылатын болады. Оны пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету үшін кандидаттың «А» корпусының кадр резервінде тұру міндеттілігін көздейтін құқықтық норма қарастырылатын болады.

Саяси кадр резервін және мемлекеттік әкімшілік қызметтің  «А» басқарушылық корпусының кадр резервін қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мемлекеттік органдардың және облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің ұсыныстары негізінде жүзеге асыратын болады.

Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын болады.

Мемлекеттік қызметтің  жаңа моделінде мемлекеттік саяси лауазымдар тізілімі қайта қаралып, мемлекеттік саяси қызметшілер саны шектелетін болады. Жауапты хатшы лауазымына тағайындалған адамның рөлі мен жауапкершілік дәрежесі нақты айқындалып, оны тағайындаудың ашық, транспарентті, сіңірген еңбегіне негізделген тетігі әзірленетін болады.

Қазақстан Республикасының  Президенті айқындаған мемлекеттік қызметті дамыту басымдықтары ескеріле отырып, жауапты хатшы лауазымы «А» басқарушылық корпусына жатқызылатын болады, тиісінше, жауапты хатшылардың өкілеттіктері, құқықтары, міндеттері осы корпустың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер шеңберінде айқындалатын болады.

Сондай-ақ, мемлекеттік  орган жұмысындағы сабақтастықты  сақтау мақсатында мемлекеттік органдардың  бірінші басшыларының лауазымда  болу кезеңіне қарамастан, жауапты  хатшылар белгілі бір мерзімге тағайындалатын болады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусына іріктеу өздерін кәсіби құзыретті және тиімді жұмыс істейтін қызметкерлер ретінде көрсеткен «Б» атқарушылық корпусына жатқызылған мемлекеттік қызметшілер қатарынан тұрақты рекрутинг негізінде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, қолда бар кадр әлеуетін кеңейту және мемлекеттік қызмет жүйесінің ашықтығы «әлеуметтік лифт» тетігі есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Осы тетік мемлекеттік  қызметшілер болып табылмайтын, бірақ мемлекеттік ұйымдарда  және жеке секторда басшы лауазымдарды атқаратын кәсіби даярлығы бар кадрларға «А» корпусының кадр резервіне енгізу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға мүмкіндік береді.

Саяси кадр резервіне  және «А» басқарушылық корпусының кадр резервіне қосу критерийлері мемлекеттік  қызмет істер жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша жеке нормативтік құқықтық актімен айқындалатын болады.

Атап айтқанда, кандидатты саяси кадр резервіне және мемлекеттік  әкімшілік қызметтің «А» басқарушылық корпусының кадр резервіне қосу туралы шешім қабылдауға негіз ретінде мынадай критерийлерді:

    • білім деңгейі мен бейінін,
    • жұмыс өтілі мен тәжірибесін,
    • кәсіби және жеке құзыреттерін бағалауды,
    • қызметтік этиканы сақтауды,

Мемлекеттік саяси қызметшінің не басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мол «А» басқарушылық корпусы әкімшілік қызметшісінің жазбаша ұсынымының болуын айқындаған жөн.

Кандидаттарға «А» басқарушылық корпусына кіру үшін мемлекеттік  қызметшінің басқару лауазымында  функционалдық міндеттерін тиімді орындау ісінде маңызды кәсіби және жеке құзыреттерді бағалау қолданылатын болады.

Кәсіби және жеке құзыреттерінің негізінде тестілеу, сондай-ақ кәсіби бағдарланған әңгімелесу мен емтихандар өткізу мемлекеттік әкімшілік «А»  басқарушылық корпусының кадр резервіне  конкурстық іріктеудің тетіктері болады.

Саяси лауазымды атқаратын мемлекеттік орган басшысы ауысқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жұмысының тұрақтылығын және ведомствоішілік сабақтастықты қамтамасыз ететін тиімді тетікті қалыптастыру үшін мемлекеттік қызметшінің «А» корпусында лауазымда болу мерзімі белгіленетін болады.

Қызметшіні «А» басқарушылық корпусы лауазымына тағайындау және лауазымынан босату Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты  жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілетін болады.

Кәсіби және басқару  дағдыларының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметшілерді  ротациялауды жүргізу көзделеді.

Мемлекеттік қызметшілерді  ротациялау жүйелі негізде мынадай: деңгейаралық («орталық – өңір, өңір – орталық»), өңіраралық («өңір – өңір»), сектораралық («орталық – орталық») схемалары бойынша жүргізілетін болады, бұл орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға кәсіби кадрлардың көптеп келе бастауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметшілерді  ротациялауды жүргізудің шарттары мен  тәртібі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен айқындалатын болады.

Мемлекеттік қызметті деңгейаралық және өңіраралық ротациялауды табысты жүргізу үшін әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде лауазымдық жалақыға «үстемақылар» (өңірлік коэффициенттер) белгілеу тетігі әзірленетін болады және өңірлерде ротациялау тәртібімен тағайындалатын мемлекеттік қызметшілер үшін тұрғын үй қорының болуы қамтамасыз етілетін болады.

Жұмыс істеп жатқан мемлекеттік  әкімшілік қызметшілерді басқарушылық корпусқа және атқарушылық корпусқа бөлу лауазымдық критерий бойынша жүзеге асырылатын болады (мемлекеттік қызметшінің  қазіргі кезде атқаратын лауазымына сәйкес).

Мемлекеттік әкімшілік  кызметтің «Б» атқарушылық корпусына  атқарушы лауазымдардағы мемлекеттік  кызметшілер («А» корпусына жатпайтын  лаузымдар) кіретін болады.

«Б» корпусындағы мемлекеттік  қызметшілерінің негізгі міндеті  «А» басқарушылық корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің талаптарын сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыру (атқарушылық қызмет) болады.

Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілер лауазымдарының санаттар бойынша қолданыстағы тізілімінің  оң практикасы ескеріле отырып, мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» басқарушылық корпусының және «Б» атқарушылық корпусының лауазымдары үшін санаттар белгіленетін болады.

Мемлекеттік әкімшілік  қызмет құрылымында «А» және «Б»  корпустарын қалыптастыру кезінде  қолданыстағы мемлекеттік әкімшілік  қызметшілер лауазымдарының тізілімін оңтайландыру көзделеді.

Үш корпусқа негізделген  мемлекеттік лауазымдар тізілімін  мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  уәкілетті органның ұсынуы бойынша  Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Мемлекеттік қызметті  дамытудың шетелдік тәжірибесі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) орталық  мемлекеттік органдардың қажеттілігі  бойынша, шет елдерде біліктілігін арттыру бағдарламасының 2009 жылға арналған республикалық тізбесі бекітілді.

Тізбені әзірлеу кезінде  Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына, Қазақстан  Республикасының 2030 дейінгі даму стратегиясында бекітілген стратегиялық құжаттарға, 2003-2015жж индустриалды-инновациялық даму стратегиясына, Елбасының жыл сайынғы жолдауы және де басқа стратегиялық құжаттарға ерекше назар аударылды.

Біліктілігін арттыру  курстарын ұйымдастыру мақсатында Агенттік шетелдік мемлекеттік қызмет істері жұмыстарын жүргізді. Жасалған жұмысқа талдау жасай келе, 2009 жылы әріптестер ретінде келесі жетекші білім беру және ғылым орталықтары нақтыланды:

• РФ Президентінің жанындағы  Ресей мемлекеттік қызметшілер  Академиясы, Мәскеу қаласы;

• Германия мемлекеттік  басқару мектебі, Берлин қаласы;

• Голландия мемлекеттік  басқару институты, Гаага қаласы;

• Лондон экономика және саясат мектебі, Лондон қаласы;

• Дьюк университеті, Дюрем  қаласы;

• Франция Ұлттық Мемлекеттік  басқару мектебі, Париж қаласы;

• Ли Куан Ю атындағы Ұлттық университетінің Сингапур Мемлекеттік саясат мектебі, Сингапур қаласы;

• Малайзия ақпараттық технология университеті, Куала-Лумпур қаласы.

Жоғарыда аталған оқу  орталықтары әлемдегі жетекші оқу  орындары және мемлекеттік қызметшілерді  даярлауда мамандандырылған не елеулі бәсекеге ие артықшылықтары бар оқу орындары болып табылады. Мысалы, Сингапур Ұлттық университетінде индустриалды-инновациялық даму саласын зерттеуде және оқытуда үлкен тәжірибе жинақталған. Лондон экономика және саясат мектебі, экономика және саяси ғылым саласында Гарвард жоғарғы оқу орынымен тең дәрежедегі әлемдегі озат оқу орны, оның ішінде 5 оқытушы экономика саласындағы атақты жетістіктері үшін Нобель сыйлығына ие болған. Мемлекеттік басқару мектебі (ENA) жоғарғы буынды мемлекеттік қызметкерлерді даярлау саласында Француз Республикасындағы жалғыз жоғарғы оқу орны болып табылады.

Сонымен қатар, Лондон экономика  және саясат мектебі, Сингапур Ұлттық Университеті, Дьюк Университеті әлемдегі 20 үздік жоғарғы оқу орнының  қатарына енген.

2009 жылы Агенттік ҚР Президенті Әкімшілігінің ескертулерін жою мақсатында, «Шетелде мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру» 006 бағдарламасының тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар атқарды.

Агенттік Республикалық  комиссияның шешімі бойынша, Агенттік пен мемлекеттік қызметкер арасындағы келісімнің 2 бөлімі, 2.2 тармағының 2.3 тармақшасына өзгерістер енгізді. Берілген мөлшерге сәйкес, біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары, біліктілігін арттыру курсы аяқталғаннан кейінгі 10 күн ішінде сараптамалық есеп беруге міндетті.

Сонымен қатар, Агенттік сараптамалық есептің үлгілерін  әзірледі және ол бойынша шетелде  оқып келген мемлекеттік қызметшілер  алған өз тәжірибелерін салалас  мемлекеттік органдарда пайдалану  туралы пікірлерін топ басшысына  ұсынады. Топ басшысы өткізілген курс бойынша жалпы талдамалық көзқарасын әзірлеп, оқыту курсын жетілдіру бойынша пікірін қосып, Агенттікке ұсынады.

Сараптамалық есеппен  қатар, Агенттік сауалнама-сұраулар әзірледі. Сауалнаманың нәтижесі бойынша, Агенттік оқу курстарын жетілдіріп, оқу бағдарламаларына өзгертулер мен толықтаулар енгізу мақсатында, сараптамалық шолуының жалпы мағлұматын шетелдік әріптестерге ұсынады.

Үміткерлерді алғашқы  іріктеу рәсімін оңтайландыру және талапкерлерді таңдау кезінде немқұрайлылықты  жою мақсатында, мемлекеттік орган Агенттікке конкурс құжаттарын ұсынғанда біліктілікті арттыру курсының бағдарламасына сәйкес оқуға жіберілетін үміткердің лауазымды өкілеттілігін қосымша жазып көрсетеді.

Сонымен қатар, біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша шетелде оқығандардың қайталап баруын болдырмау мақсатында, Агенттік 2005-2009 жылдарды қамтитын мемлекеттік органдар бойынша шетелде оқып келген мемлекеттік қызметшілердің аты-жөні көрсетілген электронды мәліметтер базасы бар мониторингті енгізді.

Информация о работе Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі