Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:26, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезеңде адам уақыт талабына қызмет етеді. Уақыт талабына сай болу, осы тауқыметті шешу жөніндегі негізгі тұтқалардың бірі ол өндірісті, қоғамды, жалпы экономиканы іскерлікпен басқару, нарықты экономикалық қатынастарды дамыту, оларды құқықтық тұрғыдан реттеу, ақша-несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру болып табылады. өндірісті басқару, басқару қағидалары мен әдістерін, құралдары мен формаларының жиынтығын мененджмент сөзінің аясына саяды. «Менджмент» – шет ел сөзі, аударғанда басқару деген мағынаны білдіреді.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылу негіздері
1.1. Мемлекеттік қызмет түсінігі және маңыздылығы .......................................5
1.2. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі..............................................................7
1.3. Мемлекеттік қызметті дамытудың шетелдік тәжірибесі............................11
ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
2.1. Мемлекеттік қызметтің үрдісі мен қарқындылығын талдау......................13
2.2. ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңының жүзеге асуы............................. 16
2.3. Мемлекеттік қызметке кадрды іріктеу жүйесі.............................................18
2.4. Мемлекеттік қызметті дамытудың Қазақстандық үлгісі............................20

Қорытынды .........................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі.doc

— 189.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар, мемлекеттік  қызметшінің жұмыс сапасын бағалаудың болмауы оның еңбек үлесі мен  материалдық, мансаптық және моральдық ынталандыру жүйесі арасындағы өзара байланыстың төмен болуына әкеп соғады.

Мемлекеттік органдардың  жұмысы еңбектің тиімсіз ұйымдастырылуымен  және мемлекеттік қызметшілерді  әлеуметтік қорғаудың нақты жүйесінің  болмауымен сипатталады. Бұл білікті  кадрлардың, оның ішінде шетелдік білімі бар мамандардың жеке секторға кетуіне, сондай-ақ мемлекеттік қызметті жұмысқа орналасуға қызықтырмайтын орын ретінде қабылдауға әкеп соғады.

Кадрлық әлеуеттің төмендеуі  мемлекеттік органдардың (әсіресе  өңірлік деңгейде) кадрлық құрамын кәсібилендіруді толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Жауапты хатшы институтының жұмыс істеу мәселелері

Мемлекеттік қызмет жүйесінде  жауапты хатшы институты енгізілген, оның негізгі міндеті мемлекеттік  саяси қызметшілер ауысқан кезде мемлекеттік органдардың жұмысында кадрлық сабақтастықты сақтау болып табылады.

Сонымен бірге, кейбір орталық  мемлекеттік органдарда басшылық құрамның жиі ауысуы байқалады. Бұл мемлекеттік  органдар қызметінің тиімділігіне әсер етеді.

Сондай-ақ, жауапты хатшы лауазымының саяси лауазым болып табылатындығы ескеріле отырып, мемлекеттік органдардың жаңа басшыларын тағайындау іс жүзінде сол жауапты хатшылардың өздерінің ауысуымен қатар жүруде.

Мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен имиджін қалыптастыру мәселелері

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы айқын  сипатқа ие.

Мысалы, мемлекеттік қызметке сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын  жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке  тартылған адам не мемлекеттік қызметке кіруге байланысты және Заңда белгіленген  шектеулерді қабылдаудан бас тартқан адам қабылданбайды.

Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы және олардың мемлекеттік  қызметте болумен байланысты жазбаша  шектеулерді қабылдауы нормасы  бекітілген.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің              ар-намыс кодексі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері тексеру барысында мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Алайда, тексеру нәтижелері мемлекеттік органдардың жұмысында  мемлекеттік қызметке кіру және оны атқару мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтардың бар екенін көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері анықталған бұзушылықтар туралы анықтаманың негізінде  мемлекеттік органның басшысына бұзушылықтарды жою және тиісті лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар жасайды, кейіннен ұсынымдар шығара отырып, тәртіптік кеңестерде мемлекеттік органдардың есептерін тыңдауды жүргізеді.

Сонымен қатар, қазіргі  кезде тәртіптік кеңестердің жұмысын жетілдіру қажет.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері

Халықтың мемлекеттік  аппаратқа деген көзқарасы мемлекеттік  қызметтердің сапасымен және қолжетімділігімен  байланысты екенін атап өту керек.

Мемлекеттік қызметтер  көрсетудің қолданыстағы стандарттары мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін, мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігі көрсеткіштерінің нормативтік және міндетті түрде орындалуға тиіс мәндерін, шағым беру тәртібін және байланысу ақпаратын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі уақытша шектеулерді белгілейді.

Алайда, қазіргі кезде  мемлекеттік органдардың қызметінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде  тиімсіз ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер  көрсетудің бекітілген стандарттарын бұзу фактілері байқалуда. Бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметтер сапасы мен қолжетімділігіне тиісті дәрежеде қанағаттанбауына әкеп соғады.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейінің төмен болуы, бюрократия көріністері және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілердің болуы мемлекеттік қызмет имиджіне кері әсерін тигізуде және халық пен бизнестің мемлекеттік органдар жұмысына қанағаттанбауының негізгі себебі болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастыру және оны кәсібилендіру мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін қаматамасыз етуге бағытталатын болады.

 

 

 

Қорытынды

Менің бұл курстық  жұмысымның барысында негізгі шығаратын  қорытындым мемлекеттік қызмет жүйесінің кемшіліктерін де атап өтсек. Олар, әсіресе, конкурстық іріктеу процедураларында, кадрлар резервін жасақтауда, мемлекеттік қызметшілерді аттестациялауда, бір мемлекеттік органнан екінші мемлекеттік органға ауысу кезінде байқалады. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық қорғау жағынан, әсіресе негізсіз жұмыстан шығару, болмаса төмендету тұрғысында проблема болып отырғаны рас. Кейбір мемлекеттік органдардың басшылары, көбінесе жаңадан басшы болғандар, қарауындағы мемлекеттік қызметшілерді «өз еріктері бойынша» қызметтен кетуге, болмаса төменгі қызметке баруына астыртын мәжбүрлейді. Мұндай жағдайлар, әсіресе басшылар ауысқанда жиі кездеседі. Бір қарағанда, бәрі заң талаптарына сай жасалады, ал, шын мәніне келгенде жаңадан келген басшы өзінің «командасын» жасақтауға әрекет жасайды, жоқ дегенде бұрынғы қызмет атқарған органнан өзіне керек, өзіне «берілген» қызметкерлерді тарта бастайды. Басшылардың мұндай «ауруларына» Мемлекет басшысы 2011 жылдың 17 сәуірінде өткен кеңейтілген мәжілісінде жол бермеуді қадап айтты.

Сонымен қатар, бұдан  былай мемлекеттік органдарда лауазымды  қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа  ұрынатын болса, онда олардың бірінші  басшысы қызметінен кететіні туралы да қатаң ескертілді. Жоғарыда айтылған жағдайларды болдырмау үшін оларды заң жүзінде реттеу керек деп ойлаймын. Қазір мемлекеттік қызметтің жаңа тұжырымдамасы дайындалып жатқанда мынандай ұсыныс айтар едім. Егер аудан, қала әкімдері ауысып жатқан жағдайда оларға бұрынғы жерінен тек екі қызметкердің ауысуына рұқсат берілсе, ал облыс әкіміне – 3 қызметкер­дің. Ондай қызметкерлердің нақты санатын көрсетіп қоюға болар еді. Сонда ғана жаппай кадр ауысуына қойылған шектеулер заң жүзінде сақталар еді, оны қадағалауға болар еді. Мұндай тосқауыл заң шеңберінде қойылмаса бұл «ауру» тоқтамайды. Ондай талапты республикалық орталық органдарға да жасауға болар еді.

Қазіргі кадрлық резерв мәселесінің де кемшіліктері, осал жерлері көріне бастағаны бәрімізге аян. Мемлекеттік қызметке келген кезде кадрлық резервті «керек адамды» қабылдау үшін пайдалану жағдайлары байқалады, демек ол сыбайластыққа жол ашады.

Осы мәселелерді ескере келе, мемлекеттік қызмет жүйесінің  алға дамуын нығайта отырып, тиімді жетістіктерге жетуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы.

 

2. «Қазақстан Республикасының  Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақтан 1999ж.  15 мамыр. 3-4б.

 

3.  Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, «Жеті жарғы».

2000ж.

 

4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1998.10б

 

5. Амандықов С.К. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж. 348б.

 

6. 1 наурыз 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің кезекті Жолдауы//Егемен Қазақситан, 2 наурыз

Мемлекет және құқық  теориясы. –Алматы, ҚазМу баспа орталығы.  1999. 320б.

 

7. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж.

 

8. Қазақстан Республикасының соттарының қысқаша тарихи кезеңдері. Зерттеу нәтижесі. //Тураби. 1/2001 10-11б.

 

9. Қазақстан Республикасының «Парламенті және оның депутаттарының  мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан. 1995ж.   21 қазан.  3-5б.

 

10. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж. 106б.

 

11. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003. 328б.

 

 




Информация о работе Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі