Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:26, курсовая работа
Қазіргі кезеңде адам уақыт талабына қызмет етеді. Уақыт талабына сай болу, осы тауқыметті шешу жөніндегі негізгі тұтқалардың бірі ол өндірісті, қоғамды, жалпы экономиканы іскерлікпен басқару, нарықты экономикалық қатынастарды дамыту, оларды құқықтық тұрғыдан реттеу, ақша-несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру болып табылады. өндірісті басқару, басқару қағидалары мен әдістерін, құралдары мен формаларының жиынтығын мененджмент сөзінің аясына саяды. «Менджмент» – шет ел сөзі, аударғанда басқару деген мағынаны білдіреді.
Кіріспе
І-тарау. Мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылу негіздері
1.1. Мемлекеттік қызмет түсінігі және маңыздылығы .......................................5
1.2. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі..............................................................7
1.3. Мемлекеттік қызметті дамытудың шетелдік тәжірибесі............................11
ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
2.1. Мемлекеттік қызметтің үрдісі мен қарқындылығын талдау......................13
2.2. ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңының жүзеге асуы............................. 16
2.3. Мемлекеттік қызметке кадрды іріктеу жүйесі.............................................18
2.4. Мемлекеттік қызметті дамытудың Қазақстандық үлгісі............................20
Қорытынды .........................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................25
Мысалы, өткен жылы басқарманың
ықпал ету шараларының
Сол сияқты, осындай заң талаптарын бұза отырып жарияланған Тараз қаласы әкімдігі ветеринария бөлімінің де конкурсы заңсыз деп танылды. Мемлекеттік орган басшыларының және кадр қызметтерінің кәсібилігі, жауапкершілігі күшті болса, мұндай заң бұзушылықтар болмас еді. Осыдан туындайтын маңызды мәселе – ол кадрларды іріктеу және тиімді пайдалану, Президентіміз айтқандай: «Еліміздегі кадр саясатын Қазақстанның айрықша маңызды ұлттық басымдығына айналдыру».
Мемлекет басшысының
мемлекеттік басқару
«Жаңа тұрпатты шенеунік – өз ұлтының отаншыл әрі әділ, ісіне адал және кәсіпқой білікті қызметшісі болуға тиіс. Мемлекеттік қызметтің беделін биік көтеру және қолдап отыру – біздің таяу жылдарда шешуге тиіс стратегиялық міндетіміз», – деген Мемлекет басшысы Жолдауында.
2.3. Мемлекеттік қызметке кадрды іріктеу жүйесі
Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен өту мәселесі Мемлекеттік қызметтен өту тәртібі туралы Ережемен реттеледі.
Қазақстан — 2030 Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі — кәсіби үкімет құруды есепке ала отырып, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі өзінің алғашқы іс-әрекетінен бастап негізгі күшін тиісті білімі және қажетті жұмыс тәжірибесі бар, жоғары кәсіби кадрларды мемлекеттік қызметке тарту үшін жағдай туғызуға бағыттады.
2000 жылдың қаңтарынан
бастап республикада
Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу Ережесімен сәйкес жүргізіледі.
Конкурстың бірқатар тізбекті кезеңдері бар:
қатысушылардың құжаттарын қабылдайды және талдайды;
Ашықтылық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында конкурс өткізуші мемлекеттік орган конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауға міндетті.
Орталық мемлекеттік
органдарында және олардың аумақтық
бөлімшелері мен
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар Ережеде көрсетілген құжаттарды (анкета, конкурсқа қатысуға өтініш) конкурс өткізуші мемлекеттік органға тапсырады, олар конкурстық комиссияда қаралады.
Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде біркелкі көзқарасты қамтамасыз ету және үміткерлерді конкурстық іріктеу кезінде бұданда кеңірек таңдау үшін жағдай жасау мақсатында Типтік біліктілік талаптарын басшыдыққа алады.
Конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органға хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның мекен-жайына ұсынады.
Ұсынылған құжаттарға талдау жасаудың негізінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыны тестіден өтуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Әр конкурстың шарттарына сәйкес үміткерлер заңдарды білудің міндетті компьютерлік тестісінен өтуге тиісті.
Тестілеудің мақсаты үміткерлердің қабылеттілігіне әділ баға беру болып табылады.
Әкімшілік мемлекеттік
лауазымдардың санаттарына
Қазіргі уақытта тестілеу бағдарламасында заңдарды білу, сондай-ақ, қисынды ауызша емес (санаттарына байланысты) сынақ түрлері бар.
Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны белгіленген тәртіппен Агенттікте немесе еліміздің барлық 16 аумақтарындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аумақтық тестілеу орталықтарында, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтеді.
Тестілеудің қашықтық жүйесі «Мемлекеттік қызметте персоналдарды басқару жөніндегі ұлттық орталығы» АҚ орталық серверіне қосылған компьютерлерде өтеді, бұл тестілеу рәсімдері талаптарының бір ізділігіне және барынша шынайылығына кепілдік береді, конкурстық іріктеудің сапасын бақылауға жағдай туғызады.
Тестілерді қолданудың ең жоғары қалыптарын мүлтіксіз ұстану ықтимал мәселелер мен теріс пиғылдардан аулақ болуға және конкурстық іріктеуге қатысушының, жалпы мемлекеттік қызметшілер үшін және әрбір үміткерлер үшін олардың артықшылығын барынша пайдалануға мүмкіндік береді, бұл және барлығы үшін әділдік пен тең мүмкіншілікті қамтамасыз етеді. Тест бойынша алғашқы қадамдары табысты болған үміткерлер конкурстық іріктеудің келесі кезеңі — әңгімелесуге жіберіледі.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны, тестілеу өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда өтеді.
Әңгімелесудің мақсаты — үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады.
Қорытынды мәжілісте конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың, тестілеу нәтижелерінің және өткізілген әңгімелесудің негізінде әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасу үшін үміткерлерді іріктеуді жүзеге асырады. Тек бір ғана үміткер қанағаттанарлық қорытындыға ие бола алады, екінші үздік үміткерді кадр резервіне есепке алу үшін ұсынуы мүмкін. Егер бос лауазымға орналасуға лайықты үміткерлер анықталмаған жағдайда, мемлекеттік орган қайта конкурс жариялай алады.
Конкурстық комиссияның қанағаттанарлық қорытындысын алған үміткер әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін заңда көзделген талаптарды сақтай отырып, конкурсқа шығарылған лауазымға ие болуға құқылы.
2.4. Мемлекеттік қызметті дамытудың Қазақстандық үлгісі
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамыту мемлекеттің тәуелсіздік жылдарындағы рөлінің өзгеруі, саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қатынастардың қалыптасу, мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру процестерімен тығыз байланысты.
Тәуелсіз Қазақстан
Республикасының мақсаттары мен
басымдықтарын іске асыру үшін кадрларды
іріктеу мен жоғарылатудың
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2730 Заң күші бар Жарлығы тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет жүйесін институттандырудың бастауы болып мемлекеттік басқару жүйесінің кадрлық ұйытқысын сақтауға мүмкіндік берді және мемлекеттің маңызды институты ретінде мемлекеттік қызметтің дамуына негіз қалады.
Жарлықтың қабылдануы мемлекеттік қызмет қағидаттарын, мемлекеттік лауазымдардың сатылығын белгілеу жолымен мемлекеттік қызмет қатынастарын реттеуге, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін айқындауға және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізуге мүмкіндік берді.
1997 жылы мемлекеттік
дамудың ұзақ мерзімді
1999 жылы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) мемлекеттік қызметтің кәсіби және тиімді жүйесін және бірыңғай кадр саясатын қалыптастыруға бағытталған, өзекті қажеттіктерге сай келетін жаңа тәсілді айқындап берді.
Қазіргі кезде Заң және оны іске асыру үшін әзірленген тиісті нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік қызметке кіру, оны атқару және тоқтату мәселелерін реттейді.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметке кіру мәселелері
Азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізудегі конституциялық құқығы міндетті конкурстық іріктеуді енгізу арқылы іске асырылды, оның тетіктері Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген.
Мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеуді енгізу кандидаттың мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын бекітілген біліктілік талаптарына сай болуын анықтауға бағытталған.
Мәселен, Заңға сәйкес
мемлекеттік әкімшілік
Мемлекеттік қызметтің кадр резерві қалыптасуда.
Алайда, конкурстық іріктеуді жүргізудің қазіргі кездегі тәжірибесін алғанда, мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі конкурстық рәсімдердің әділдігіне азаматтар тарапынан бірқатар сенімсіздік байқалады.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу тәртібін жетілдіру және оның транспаренттілігін арттыру қажет.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелері
Қазіргі кезде мемлекеттік
қызмет жүйесінде Қазақстан
Жыл сайын орташа есеппен мемлекеттік қызметшілердің үштен бірі қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқудан өтеді, соның нәтижесінде үш жылдық кезеңде мемлекеттік қызметшілерді жүз пайыздық оқыту қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, қазіргі кезде оқыту процесінің сапасын басқару жүйесін жаңғырту және мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу бағдарламаларына оқытудың инновациялық әдістерін енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Мемлекеттік қызметшілерге білім беру жүйесі практикалық маңызы бар және мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, кәсіби білім мен дағдыларды дамытуға бағытталуы керек.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді оқыту жөніндегі жұмысты тиімді үйлестіру қажет.
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді аттестаттау
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымында үш жыл болғаннан кейін аттестаттаудан өтеді. Оның мақсаты олардың кәсіби дайындық деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау болып табылады.
Аттестаттау рәсімі мемлекеттік қызметшіге тікелей басшысының аттестаттаудан өтетін қызметшінің кәсіби, жеке қасиеттерін және қызметтік жұмысы нәтижелерін көрсететін қызметтік мінездемені ұсынуын қамтиды.
Сонымен бірге, қазіргі кезде аттестаттауды өткізу рәсімін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы мен түпкілікті нәтижелерін бағалауға бағдарлау арқылы жетілдіру және аттестаттау қорытындылары мен мансаптық өсудің өзара байланысын қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр.
Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мәселелері
Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі қолданылады.
Бұл жүйе коэффициенттерге негізделген және қызмет өтілі мен атқаратын мемлекеттік әкімшілік лауазымының санатын ескеруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу тәртібі айқындалған.
Тұрақтылыққа қарамастан, мемлекеттік қызметшілердің еңбек төлемақысы, жеке сектормен салыстырғанда, бәсекеге қабілеттілігі төмен болып қалуда.
Мәселен, 2011 жылғы 1 сәуірдегі статистикалық деректерге сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесіндегі орташа жалақы 69 027 теңгені құрайды, ал құрылыс саласындағы орташа жалақы 101 500 теңгені, тау-кен өнеркәсібінде – 133 309 теңгені, қаржы және сақтандыру қызметінде – 148 680 теңгені құрайды.
Информация о работе Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің қазіргі жүйесі