Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 19:39, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық жүйесіндегі ойын бизнесі салығының қызмет етуін жетілдіруді теориялық және әдістемелік негізін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:
- ҚР салық жүйесінің мәні және маңызын анықтау;
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдерін анықтау;
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің түсуіне талдау жасау;
- салық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Вложенные файлы: 1 файл

Халитов М готовая работа22.doc

— 494.00 Кб (Скачать файл)

Лицензиялар туралы деректер ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тiзiлiмiне енгiзiледi. 
       Ойын бизнесiн ұйымдастырушыларға және ұтыстарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Казино мен ойын автоматтары  залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегiнде орналастырылуға жатады.

Ойын мекемелерi, тотализатордың немесе букмекер кеңсесiнiң кассалары тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда ғана орналастырылуға тиiс. Оларды өнеркәсiп  орындары мен олардың кешендерiнiң  ғимараттарында және басқа да өндiрiстiк, коммуналдық объектiлерде және қойма объектiлерiнде, ғибадат ету ғимараттарында (құрылыстарында), мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көлiктiң барлық түрлерiнiң станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады. 
      Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруға 
қойылатын жалпы талаптар: 

Бiр казинода кемiнде жиырма ойын үстелi орнатылуға тиiс.Ойын автоматтары залында кемiнде елу ойын автоматы орнатылуға тиiс.Әрбiр ойын автоматы тиiстi ойын жабдығына қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс. Ойын бизнесiн ұйымдастырушы құмар ойындарға және (немесе) бәс тiгуге қатысушыларға ұтыстарды төлеудi өткiзiлетiн құмар ойындардың және (немесе) бәс тiгудiң ережелерiнде көзделген мөлшерде және мерзiмде, бiрақ осы құмар ойынның және (немесе) бәс тiгудiң нәтижелерi шығарылған сәттен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей жүргiзедi.Ойын автоматтарын немесе олардың бөлiктерiн казинодағы және ойын автоматтары залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есiктiң ойықтарына монтаждауға тыйым салынады. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс процентi тоқсан проценттен төмен болмауға тиiс.

Ойын мекемелерiнiң кассалары  мен ойын орындары жазылған ақпаратты  кемiнде жетi тәулiк сақтауды қамтамасыз ететiн және құмар ойнына және (немесе) бәс тiгуге барлық қатысушылардың әрекеттерiн  тiркейтiн бейне жазу жүйелерiмен жабдықталуға тиiс.Кассада немесе ойын бизнесiн ұйымдастырушының шоттарында құмар ойынға және (немесе) бәс тiгуге қатысушыға ұтысты төлеу үшiн ақша жетiспеген жағдайда ойын бизнесiн ұйымдастырушы белгiленген ережелердi ескере отырып, жетпеген сомаға мiндеттi резервтердi пайдалануы тиiс.

Букмекер кеңсесiнiң немесе тотализатордың қызметiн жүзеге асыратын ойын бизнесiн  ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық  кешен мен ойын жабдықтары арқылы жасалған ставкалардың жалпы сомасын  қабылдауды, оның бiрыңғай есебiн жүргiзудi, бәс тiгуге қатысушылардың ставкаларын өңдеудi және ұтысты төлеудi жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге мiндеттi.Букмекер кеңсесiнiң қызметiн жүзеге асыратын ойын бизнесiн ұйымдастырушы нәтижесiне бәс тiгiлетiн оқиғаны өз бетiнше айқындайды.Тотализатор қызметiн жүзеге асыратын ойын бизнесiн ұйымдастырушы бәс тiгуге қатысушылардың нәтижесiне өздерi ставка жасаған оқиғаның дамуы мен аяқталуын қадағалауға мүмкiндiк беретiн ойын жабдығын орнатуға мiндеттi.Букмекер кеңсесiнiң немесе тотализатордың қызметiн жүзеге асыратын ойын бизнесiн ұйымдастырушы ставкаларды тотализатордың немесе букмекер кеңсесiнiң тиiстi кассалары және (немесе) тотализатордың немесе букмекер кеңсесiнiң электрондық кассалары арқылы қабылдайды.

Өтiнiм берушiлерге лицензия алу үшiн мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады: 
       1) ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлiгiнiң) болуы;

2) меншiк құқығындағы ойын жабдықтарының  болуы; 
          3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы;

4) ойын мекемесi жұмысының, ставкалар  қабылдаудың және өткiзiлетiн құмар  ойындарының және (немесе) бәс тiгудiң  мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде  әзiрленген ережелерiнiң болуы;

5) қолданылатын заңдастырылған белгiлердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi үлгiлерi мен номинацияларының болуы;

6) өтiнiм берушiде осы Заңда  айқындалатын әрбiр ойын мекемесi  үшiн мiндеттi резервтер түрiнде  (тиiстi қаржы жылына арналған  республикалық бюджет туралы  заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiшпен) ойын бизнесi саласында мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн:

Кесте 5

Ойын мекемесi үшiн мiндеттi резервтер

казино және ойын автоматтары залдарын

25000 АЕК мөлшерiнде

букмекер кеңселерiн

20000 АЕК мөлшерiнде

тотализаторларды

5000 АЕК мөлшерiнде




 

- казино және ойын автоматтары залдарын - 25000 мөлшерiнде;

-букмекер кеңселерiн - 20000 мөлшерiнде;

-тотализаторларды - 5000 мөлшерiнде қамтамасыз етудiң болуы. 
      Өтiнiм берушi Қазақстан Республикасында ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған әрбiр лицензияны алу үшiн уәкiлеттi органға (лицензиарға) өзiнiң осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды бередi.

Мiндеттi резервтердi ойын бизнесi саласындағы  қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияларды алуға үмiткер өтiнiм берушiлер әрбiр қызмет түрi үшiн әрбiр ойын мекемесiне осы Заңда белгiленген мөлшерде қалыптастырады және банктiң клиентпен жасасқан шарты негiзiнде және алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейiнгi салым) салымды беру шарттарында Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде салым шарттарында орналастырылады.

Лицензияға өтiнiм берушi мiндеттi резервтердi осы Заңда белгiленген тәртiппен және шарттарда орналастыруды  қамтамасыз етуге мiндеттi.     Мiндеттi резервтер Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тек қана ойын бизнесiн ұйымдастырушының құмар ойындарға және (немесе) бәс тiгуге қатысушыларға ұтысын төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау мақсатында және ойын бизнесiн ұйымдастырушының шоттары мен кассасында ақша жетiспеген жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкiн.

Егер мiндеттi резервтердiң сомасы осы Заңда белгiленген мөлшерден  азайған жағдайда, ойын бизнесiн  ұйымдастырушы осындай азайған  күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мiндеттi резервтердi әрбiр лицензияланатын қызмет түрi үшiн Заңда белгiленген мөлшерге дейiн толықтыруға мiндеттi. Ойын бизнесiн ұйымдастырушы кемiнде алты айда бiр рет  уәкiлеттi органға банктiк салым шартын жасаған кезде ашылған банктiк шоттар бойынша ақшасының көлемi және оның қозғалысы туралы анықтама табыс етедi. Қазақстан Республикасының жиырма бiр жасқа дейiнгi азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тiгуге қатысуына тыйым салынады.

Ойын мекемесi жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткiзiлетiн құмар ойындарының және (немесе) бәс тiгудiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi ережелерi құмар ойындарға және (немесе) бәс тiгуге қатысушылардың олармен танысуы үшiн ойын мекемесiндегi көрiнектi жерге орнатылуға тиiс.

Ойын бизнесiн ұйымдастырушы:

1) ойын мекемесiне еркiн келуге  Қазақстан Республикасының заңнамалық  актiлерiне қайшы келмейтiн шектеулер  қоюға;

2) ойын мекемесi жұмысының, ставкалар  қабылдаудың және өткiзiлетiн құмар  ойындарының және (немесе) бәс тiгудiң  ережелерiн бұзған адамдарды құмар ойындарына жiбермеуге құқылы.     

Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.Ойын бизнесi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды тексерулер және (немесе) құжаттарды сұрату арқылы жүзеге асырады.

Тексерулердi ұйымдастыру мен жүргiзудiң  тәртiбi осы Заңға және Қазақстан  Республикасының өзге де заңдарына  сәйкес жүзеге асырылады. Тексеру уәкiлеттi органның тексеру жүргiзу туралы шешiмiнiң  негiзiнде жүргiзiледi.

  Тексерулер жоспарлы және  жоспардан тыс болып бөлiнедi. 
Жоспарлы тексеру Қазақстан Республикасы заңнамасының белгiленген талаптары ескерiле отырып, уәкiлеттi органның басшысы не оны алмастыратын адам бекiткен тексерулер жүргiзудiң алдын ала жоспарланған жоспар-кестесiне сәйкес жүргiзiледi.Жоспарлы тексерулердiң кезеңдiлiгi жылына бiр рет болады. 
          Жоспардан тыс тексерулер жеке, заңды тұлғалардың өтiнiштерiне, арыздарына және (немесе) басқа да мемлекеттiк органдардан келiп түскен материалдарға дереу ден қоюды талап ететiн жағдайдың қалыптасуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында жүргiзiледi. Уәкiлеттi органның басшысы не оны алмастыратын адам тексеру 
жүргiзу үшiн тексерудi тағайындау туралы акт шығарады, онда мынадай 
мәлiметтер қамтылуға тиiс:

1) бақылаушы органның атауы,  тексерудi тағайындау жөнiндегi өкiлеттiкке  ие адамның тегi, аты, әкесiнiң  аты, атқаратын қызметi және оның  қолы; 
         2) бақылаушы органның журналы бойынша тексерудi тағайындау туралы актiнiң күнi және тiркеу нөмiрi;

3) тексерудi жүзеге асыратын лауазымды  адамның тегi, аты, әкесiнiң аты; 
        4) ойын бизнесiн ұйымдастырушының атауы, орналасқан жерi және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

5) тексеру түрi;

6) тағайындалған тексеру нысанасы;

7) тексерудi жүргiзу мерзiмi;

8) тексерудi тағайындау негiздемесi;

9) егер ойын бизнесiн ұйымдастырушының  құжаттарын белгiлi бiр уақыт  кезеңiнде зерттеу талап етiлген  болса, тексерiлетiн кезең. 
           Тексеру тағайындау туралы актiнiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
Тексерудi тағайындау туралы актi өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде тiркеледi. Тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерудi тағайындау туралы актi тiркелгеннен кейiн жүргiзiледi.

Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлетiн  тексеру жүргiзу мерзiмi қойылған мiндеттер мен алдағы жұмыстардың көлемi есепке алына отырып белгiленедi, бiрақ ол күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс. 
         Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер (сынақтар) және сараптама жүргiзу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудiң едәуiр көлемдi болуына байланысты уәкiлеттi органның басшысы не оны алмастыратын адам тексерудi жүргiзу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс, бұл ретте тексеру жүргiзетiн уәкiлеттi органның лауазымды адамы жиырма төрт сағаттың iшiнде бұл туралы ойын бизнесiн ұйымдастырушыны хабардар етедi.

Тексерудiң мерзiмдерi ұзартылған жағдайда, уәкiлеттi орган мiндеттi түрде құқықтық статистика органында тiркеу арқылы тексерудi ұзарту туралы қосымша актiнi ресiмдейдi, онда тексеру тағайындау туралы алдыңғы актiнiң нөмiрi мен тiркелген күнi және ұзартудың себебi көрсетiледi.Тексеру тағайындау туралы бiр актiнiң негiзiнде бiр ғана тексеру жүргiзiлуi мүмкiн. Уәкiлеттi органның тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адамы (лауазымды адамдары) ғана тексеру жүргiзе алады.

Ойын бизнесiн ұйымдастырушыға  тексеру тағайындау туралы актiнi тапсырған  кез тексеру жүргiзудiң басталуы болып есептеледi. 
         Тексеру тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартқан жағдайда немесе уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу үшiн қажет материалдарға қол жеткiзуiне кедергi келтiрiлген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға уәкiлеттi органның лауазымды адамы және ойын бизнесiн ұйымдастырушы немесе оның өкiлi қол қояды.Тексеру тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексерудi жүргiзбеуге негiз бола алмайды.Тексеру мынадай кезеңдерден:

- тексерудi жүргiзуден;

- тексерудi жүргiзу кезiнде алынған нәтижелердi талдаудан және қорытудан, қорытындыларды тұжырымдаудан, тиiстi құжаттарды ресiмдеуден; 
       - ойын бизнесiн ұйымдастырушыны тексерудiң нәтижелерi туралы хабардар етуден;

- жұмыстың қорытындыларын шығарудан;

- бұзушылықтар анықталған болса, осы фактiлер бойынша шаралар  қабылдаудан тұрады.

 Тексерудi жүзеге асыру кезiнде лауазымды адамдар: 
             1) ойын бизнесiн ұйымдастырушыға қызметтiк куәлiктерi мен тексерудi тағайындау туралы актiнi көрсетуге;

   2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының талаптарын бұзуға ықпал ететiн себептер мен мән-жайлар анықталған жағдайда, оларды анықтауға мiндеттi.  Лауазымды адамдардың тексеру жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты сұратуға және тексеру нысанасына қатысты құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар. Ойын бизнесiн ұйымдастырушы тексерулердi жүргiзу кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының талап етуi бойынша лицензиялардың түпнұсқаларын, сондай-ақ жүзеге асырылатын қызметтiң Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн растайтын өзге де құжаттарды көрсетедi. 
            Тексерудiң нәтижелерi бойынша:

1) актiнiң жасалған орны мен  күнi;

2) тексеру жүргiзген мемлекеттiк  органның атауы;

3) тексеру жүргiзуге негiз болған  тексерудi тағайындау туралы актiнiң  реквизиттерi; 
        4) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты;

5) тексерiлетiн ойын бизнесiн  ұйымдастырушының атауы, тексеру  жүргiзу кезiнде қатысқан ойын  бизнесiн ұйымдастырушы өкiлiнiң  тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы;

 6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;

 7) тексерудiң түрi;

 8) тексерудiң объектiсi;

9) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаттары туралы мәлiметтер; 
      10) алдыңғы тексерулер және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы мәлiметтер;

  11) анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi ұсынымдар; 
             12) ойын бизнесiн ұйымдастырушының немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ тексеру жүргiзу кезiнде қатысқан адамдардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы;

  13) тексерудi жүргiзген лауазымды адамдардың қолдары көрсетiле отырып, тексерудiң нәтижелерi туралы акт жасалады.Тексерулер жүргiзу нәтижесi актiсiнiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.  Уәкiлеттi органның лауазымды адамы тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi жасаған кезде Қазақстан Республикасының тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiне сiлтеме жасай отырып, анықталған бұзушылықтар туралы тек қана нақты, негiзделген және құжаттамамен расталған деректердi көрсетуге мiндеттi. Тексерудiң нәтижелерi туралы актiге тексерудi жүргiзген лауазымды адам және ойын бизнесiн ұйымдастырушының осы тексерудi жүргiзуге қатысқан өкiлi тексеру аяқталысымен қол қояды.

Информация о работе Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері