Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 19:39, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық жүйесіндегі ойын бизнесі салығының қызмет етуін жетілдіруді теориялық және әдістемелік негізін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:
- ҚР салық жүйесінің мәні және маңызын анықтау;
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдерін анықтау;
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің түсуіне талдау жасау;
- салық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Вложенные файлы: 1 файл

Халитов М готовая работа22.doc

— 494.00 Кб (Скачать файл)

Тексерудiң нәтижелерi туралы актi бойынша ойын бизнесiн ұйымдастырушының өкiлi тарапынан қарсылықтар немесе ескертулер болған жағдайда, ол бұл туралы өзi қол қояр алдында ескертпе жасайды және жазбаша түсiнiктеменi қоса бередi. Ойын бизнесiн ұйымдастырушының өкiлi тексерудiң нәтижелерi туралы актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда актiде тиiстi жазба жүргiзiледi.

Тексерудiң нәтижелерi туралы актi екi дана етiп жасалады. Актiнiң бiрiншi данасы, ойын бизнесiн ұйымдастырушыдағы  түпнұсқасы бар құжаттардың көшiрмелерiн  қоспағанда, қосымшалардың көшiрмелерiмен бiрге ойын бизнесiн ұйымдастырушыға не ойын бизнесiн ұйымдастырушының тексерудi жүргiзуге қатысқан өкiлiне тапсырылады, екiншi данасы тексерудi жүргiзген уәкiлеттi органның лауазымды адамында қалады. 
      Тексерудi жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi органның лауазымды адамы:

1) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк  құқық бұзушылық туралы заңнамасына  сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға; 
         2) тексерiлушi адамға анықталған бұзушылықтарды жою туралы, оларды жою мерзiмдерiн белгiлей отырып нұсқама беруге;

3) уәкiлеттi орган басшысының алдында  Қазақстан Республикасының ойын  бизнесi туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы сотқа талап-арыз беру туралы өтiнiш жасауға мiндеттi. 
        Тексерудiң нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы тексеру жүргiзген уәкiлеттi органның лауазымды адамы екi дана етiп жасайды. Бiрiншi данасы ойын бизнесiн ұйымдастырушының тексеруге қатысқан өкiлiне берiледi, нұсқаманың екiншi данасы уәкiлеттi органда қалады. 
         Ойын бизнесiн ұйымдастырушы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетiлген мерзiм iшiнде бұзушылықтарды жоюға және бұл туралы уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауға мiндеттi.  

   Бұзушылықтарды жою туралы жазбаша жауап алғаннан кейiн немесе оны нұсқамада белгiленген мерзiмде ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы ойын мекемесiн ұйымдастырушыны анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалу нысанасына тексерудi жүзеге асырады. Ойын бизнесiн ұйымдастырушыға не ойын бизнесiн ұйымдастырушының осы тексеруге қатысқан өкiлiне тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудiң аяқталу мерзiмiнен кешiктiрмей тапсырған күн тексерудiң аяқталған күнi болып есептеледi.  

 Ойын бизнесiн ұйымдастырушының өкiлi тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi алудан бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы пошта байланысы арқылы ойын бизнесiн ұйымдастырушыға тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiбередi. Бұл жағдайда ойын бизнесiн ұйымдастырушыға тексерудiң нәтижелерi туралы актi тапсырысты поштамен жiберiлген күн тексерудiң аяқталған күнi болып есептеледi. Егер ойын бизнесiн ұйымдастырушы тексеру нәтижелерi туралы актiмен келiспесе, сот тәртiбiмен осы әрекеттерге шағым жасауға құқылы. 
      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Ойын бизнесі салығының  бюджеттегі үлесіне талдау

 

 

2.1  Ойын бизнесіне қатысты қызметтерді лицензиялау

 

 

Ойын автоматтары:

Нысанын «Лицензиялау туралы» Қазақстан  Республикасының Заңын iске асыру  туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылдың 29 желтоқсандағы  №1894 қаулысымен бекiтілген Заңына сәйкес:

- белгiленген үлгiдегi арыз;

       - лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

       - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды түрде расталған көшірмесі;

      - ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматының орнатылуы туралы актілердің нотариалды расталған көшірмесі.

     - Әр ойын автоматының сертификатының және оларды тестілеу туралы қорытындының нотариалды түрде расталған көшірмелері.

        - Ойын автоматына технологиялық түрде салынған пайыздық ұтыстар туралы қорытынды.

       - Жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасауға берілген құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі.

-Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының қорытындысы.

-Өртке қарсы қадағалау органдарының қорытындысы.

-Меншік құқығын куәландыратын құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмесімен бірге ойын жабдығының тізбесі.

-Күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамамен белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғаның шартының (шарттарының) нотариалды түрде расталған көшірмесі (көшірмелері).

-Құмар ойындары және ставкаларды қабылдау өткізілетін ойын мекемесі жұмысы ережесінің нотариалды түрде расталған көшірмесі, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде қолданылатын легитимациялық белгілер мен атаулардың нотариалды түрде расталған көшірмесі.

-Қазақстан Республикасы аумағында екінші деңгейдегі банк бірінші талап ету бойынша (талап ету бойынша салым) салымды (депозитті) берген жағдайда салым (депозит) ашу шартының нотариалды түрде расталған көшірмесі немесе банк кепілдігі.

-Құмар ойындарын және (немесе) бәс тігулерді өткізу мен менеджментін жүзеге асыратын персоналдың тізімі.

-Ойын жабдығы тізбесінің нысаны

-Персонал тізімінің нысаны

-Уәкілетті органға салымдарда (депозиттерде) ақшаның болуы және оның әрекеті туралы кемінде алты айда бір рет анықтама беру туралы міндеттеменің нысаны

Букмекер кеңсесі:

  1. Нысанын «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылдың 29 желтоқсандағы №1894 қаулысымен бекiтілген, белгiленген үлгiдегi арыз;
  2. Лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
  3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды түрде расталған көшірмесі;
  4. Жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасауға берілген құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі.
  5. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының қорытындысы.
  6. Өртке қарсы қадағалау органдарының қорытындысы.
  7. Меншік құқығын куәландыратын құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмесімен бірге ойын жабдығының тізбесі.
  8. Күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамамен белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғаның шартының (шарттарының) нотариалды түрде расталған көшірмесі (көшірмелері).
  9. Құмар ойындары және ставкаларды қабылдау өткізілетін ойын мекемесі жұмысы ережесінің нотариалды түрде расталған көшірмесі.
  10. Қазақстан Республикасы аумағында екінші деңгейдегі банк бірінші талап ету бойынша (талап ету бойынша салым) салымды (депозитті) берген жағдайда салым (депозит) ашу шартының нотариалды түрде расталған көшірмесі немесе банк кепілдігі.
  11. Құмар ойындарын және (немесе) бәс тігулерді өткізу мен менеджментін жүзеге асыратын персоналдың тізімі.
  12. Персонал тізімінің нысаны
  13. Уәкілетті органға салымдарда (депозиттерде) ақшаның болуы және оның әрекеті туралы кемінде алты айда бір рет анықтама беру туралы міндеттеменің нысаны.

Казино:

- Нысанын «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылдың 29 желтоқсандағы №1894 қаулысымен бекiтілген, белгiленген үлгiдегi арыз;

- Лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды түрде расталған көшірмесі;

- Бір казинода кемінде жиырма ойын столының орнатылуы туралы актілердің нотариалды түрде расталған көшірмесі.

- Кассалар мен казиноның ойын орындарында жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойынына қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерін орнату туралы актілердің нотариалды расталған көшірмесі.

- Жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасауға берілген құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі.

- Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының қорытындысы.

- Өртке қарсы қадағалау органдарының қорытындысы.

- Меншік құқығын куәландыратын құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмесімен бірге ойын жабдығының тізбесі.

- Күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамамен белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғаның шартының (шарттарының) нотариалды түрде расталған көшірмесі (көшірмелері).

- Құмар ойындары және ставкаларды қабылдау өткізілетін ойын мекемесі жұмысы ережесінің нотариалды түрде расталған көшірмесі, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде қолданылатын легитимациялық белгілер мен атаулардың нотариалды түрде расталған көшірмесі.

- Қазақстан Республикасы аумағында екінші деңгейдегі банк бірінші талап ету бойынша (талап ету бойынша салым) салымды (депозитті) берген жағдайда салым (депозит) ашу шартының нотариалды түрде расталған көшірмесі немесе банк кепілдігі.

- Құмар ойындарын және (немесе) бәс тігулерді өткізу мен менеджментін жүзеге асыратын персоналдың тізімі.

- Ойын жабдығы тізбесінің нысаны

- Персонал тізімінің нысаны

- Уәкілетті органға салымдарда (депозиттерде) ақшаның болуы және оның әрекеті туралы кемінде алты айда бір рет анықтама беру туралы міндеттеменің нысаны.

Тотализатор:

  1. Нысанын «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылдың 29 желтоқсандағы №1894 қаулысымен бекiтілген, белгiленген үлгiдегi арыз;
  2. Лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
  3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды түрде расталған көшірмесі;
  4. Тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын мекемелерінде бәс тігуге қатысушылардың, өздері нәтижесіне ставка жасаған ойынның дамуы мен нәтижесін бақылап отыруына мүмкіндік беретін ойын жабдығының орнатылуы туралы актілердің нотариалды расталған көшірмесі.
  5. Жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасауға берілген құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі.
  6. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының қорытындысы.
  7. Өртке қарсы қадағалау органдарының қорытындысы.
  8. Меншік құқығын куәландыратын құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмесімен бірге ойын жабдығының тізбесі.
  9. Күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамамен белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғаның шартының (шарттарының) нотариалды түрде расталған көшірмесі (көшірмелері).
  10. Құмар ойындары және ставкаларды қабылдау өткізілетін ойын мекемесі жұмысы ережесінің нотариалды түрде расталған көшірмесі, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде қолданылатын легитимациялық белгілер мен атаулардың нотариалды түрде расталған көшірмесі.
  11. Қазақстан Республикасы аумағында екінші деңгейдегі банк бірінші талап ету бойынша (талап ету бойынша салым) салымды (депозитті) берген жағдайда салым (депозит) ашу шартының нотариалды түрде расталған көшірмесі немесе банк кепілдігі.
  12. Құмар ойындарын және (немесе) бәс тігулерді өткізу мен менеджментін жүзеге асыратын персоналдың тізімі.
  13. Ойын жабдығы тізбесінің нысаны
  14. Персонал тізімінің нысаны
  15. Уәкілетті органға салымдарда (депозиттерде) ақшаның болуы және оның әрекеті туралы кемінде алты айда бір рет анықтама беру туралы міндеттеменің нысаны.

Лицензия беру мерзімдері Өтінішті барлық қажетті құжаттармен алғаннан бастап:

-1 ай

     -шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 10 күн

Лицензиялық жинақ -10 АЕК құрайды.

Жарғының көшірмесі (салыстыру  үшін туп нұсқасы болмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі).

 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін туп нұсқасы болмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі).Өтініш берушінің салық органдарында есепке алынғандығы туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін туп нұсқасы болмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі).Қызметтің жекелеген түрімен шұғылдануға құқықтың лицензияланған бюджеттің жиынтығын бекітетін төлем құжаты.Күзет қызметтерін жүзеге асыруға белгіленген заңнамалық тәртіпте лицензияны жеке және (немесе) заңды тұлғалармен шарттың (шарттар) көшірмесі (көшірмелері). Ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген ережелерінің болуы тиіс.

 Шарт кезінде қаржылық жылға сәйкес республикалық бюджет туралы белгіленген заңмен 5 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салым ашуға Қазақстан Республикасы аймағындағы екінші деңгейлі банкпен нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесі болуы қажет. Сондай  – ақ, кассалар тізімінің болуы мен өтініш берушінің қолы және мөрімен куәландырылған ойын құрал-жабдықтарына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен ойын құралдары тізімінің түпнұсқасы, меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуын растайтын құжаттың көшірмесінің бар болуы шарт.

Ойын автоматтары үшін қаржылық жылға сәйкес республикалық бюджет туралы белгіленген заңмен 25 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салынымды ашу Қазақстан Республикасы аймағындағы екінші деңгейдегі банктермен нотариалды куәландырылған шарттардың көшірмесі.

Букмекер үшін қаржылық жылға сәйкес республикалық бюджет туралы белгіленген заңмен 20 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салынымды Қазақстан Республикасы аймағындағы екінші деңгейдегі банктермен нотариалды куәландырылған шарттардың көшірмесі, шарт кезінде кассалар тізімінің болуы тиіс.

 

 

2.2 Бюджет кірістерін қалыптастырудағы  ойын бизнес салығының тиімділігін бағалау

 

 

  Қоғамда өркениетті салықтық қатынастар мен салықтық мәдениеттің болуы - демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі болып келеді. Мемлекетіміздің құрылымы өзгеріп, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде елімізде ойын бизнес табысқа салық салу жүйесінің қалыптасуының ерекше мәні бар.

Информация о работе Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері