Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 19:39, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық жүйесіндегі ойын бизнесі салығының қызмет етуін жетілдіруді теориялық және әдістемелік негізін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:
- ҚР салық жүйесінің мәні және маңызын анықтау;
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдерін анықтау;
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің түсуіне талдау жасау;
- салық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Вложенные файлы: 1 файл

Халитов М готовая работа22.doc

— 494.00 Кб (Скачать файл)

   Сонымен қатар еліміздің орта мерзімді фискалды саясатында да бұл мәселелер көтерілген болатын, яғни, фискалдық саясат алдағы орта мерзімді кезеңде ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

    Фискалдық саясат саласында экономиканың теңгерімді және сапалы өсу мақсаттарына қол жеткізу үшін:

- елді дамытуға тапсырылған көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ жағдайлардың өзгеруіне жедел ден қою мақсатында фискалдық құралдарды тиімді пайдалану (бюджет шығыстары, салық жүктемелерін реттеу, Ұлттық қордың қаражатын және бюджет тапшылығы және т.б.);

- бұдан әрі салық және бюджет заңнамаларын жетілдіру;

- негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша бюджет шығыстарының нақты басымдықтарын белгілеу;

- орта мерзімді кезеңге арналған даму басымдықтарымен өзара байланысты мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды дамыту көзделеді.

   Экономикалық өсуді басқаруға көшу жағдайларында бюджет шығыстарының экономиканың өсуі бойынша нысаналы қондырғылардың орындалуын қамтамасыз ететін салалар дамуының болжамды көрсеткіштерімен тығыз байланысы қамтамасыз етіледі.

   Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының (бұдан әрі - Жолдау) шеңберінде берген тапсырмасын орындау үшін жаңа Салық кодексі қабылданды, ол экономиканың жаңғыруы мен әртараптануына, бизнестің «көлеңкеден» шығуына ықпал ететін болады.

   Жаңа Салық кодексі:

- тікелей әсер ететін  заң қағидаттарын іске асыруды;

- экономиканың шикізат  емес секторына түсетін жалпы  жүктемені азайтуды;

- экономиканы жаңғырту  мен әртараптандыруға ықпал ететін  жағдайлар жасауды; 

- салықтық әкімшілендіруді  жетілдіру және салық рәсімдерін  жеңілдету есебінен бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуды көздейді.

   Мына нормалар Салық кодексінің негізгі аса маңызды және тұғырнамалық сәттері нормалары болып табылады:

- корпорациялық табыс  салығының ставкаларын кезең-кезеңмен  төмендету, атап айтқанда 2009 жылы 20 %-ға дейін;

- инвестициялық салық  преференциялары тек корпорациялық  табыс салығы бойынша ғана  берілетін болады. Жеңілдік үш  жылға дейінгі кезең ішінде  инвестицияларды жеделдетіп шегеру  түрінде жүргізілетін болады.

   Сонымен бірге, залалдарды ауыстыру мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін ұзартылады, бұл инвестициялық жеңілдікті тездетіп есептен шығару басымдықтарын пайдалануға толық көлемде мүмкіндік береді;

- қосылған құн салығының  ставкасы 2009 жылдан бастап 12 пайызға  тең болады. 2009 жылдан бастап сатып  алушыларға төленген ҚҚС сомасынан өнім берушілер төлеген ҚҚС сомасының, яғни «дебеттік» сальдо сомасының артығын қайтару туралы ереже енгізілетін болады. Бұл шара салық төлеушінің, әсіресе негізгі қаражатты жаңғырту және жаңарту кезеңінде өнім берушілерге төленген ҚҚС түріндегі айналым қаражатының тұрып қалуын болдырмауға бағытталған.

  Әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан экономиканы тұрақтандыру жөніндегі бүгінгі жағдайда Салық кодексінде қаржы секторына салық салуға қатысты бірқатар мәселелер көрініс тапты.

   Атап айтқанда, 2009 – 2011 жылдар кезеңіне левередждің (жеткілікті капиталдандыру ережесі) шекті коэффициентін қаржы ұйымдары үшін  
7-ден 9-ға, өзге де заңды тұлғалар үшін 4-тен 6-ға ұлғайту есебінен сыйақы шегерімінің мөлшері ұлғайтылды.

  Шағын кредиттік ұйымдарға салық кезеңі ішінде берілген кредиттер сомасының 15 %-ынан аспайтын күмәнді шағын кредиттерге қарсы резервтер жасау бойынша шығыстар сомасын шегеру құқығы берілді[31].

  Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесі реформаланды.

  Жер қойнауын пайдалану бөлігінде роялти төлеуді пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықпен (ПҚӨС) ауыстыру көзделген. ПҚӨС есептеу әлемдік баға бойынша есептелген жер қойнауын пайдаланушылардың өндірген пайдалы қазбалары көлемінің құнынан жүргізілетін болады. Бұл ретте, рентабелділігі төмен, суландырылған, аз дебетті және өндірілген кен орындарын өндіретін жер қойнауын пайдаланушылар үшін жеңілдік ставкалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленетін болады. «Тенгизшевройл» ЖШС (ТШО) келісім шарттары мен қолданыстағы Өнімді бөлу жөнінде келісімдерден (ӨБК) басқа барлық жер қойнауын пайдаланушылар үшін келісім шарттардың салық режимінің «тұрақтылық» ережесі алынып тасталынды.

  Ал Ресейде бүгінгі таңда корпоративтік табыс салығы – 24 пайыз, қосымша құн салығы - 18 пайыз, әлеуметтік салық 26,2 пайызды құрауда.

  Мамандардың айтуынша, өндіруші сектордағы салық жүктемесін арттыруда роялти, пайдалы қазбалар өндіру салығын (НДПИ) қазіргі 2,6 пайыздан 2009 жылы - 5,18, 2011 жылы - 6-19, ал 2011 жылы 7-20 пайызға дейін өсіру қарастырылған. Онда рента салығын да бүгінгі таңдағы 1,33 пайыздан (20-40 АҚШ доллары), 2009 жылдан бастап 32 пайызға (20-200 АҚШ доллары) көтеру көзделіп отыр[23].

   Әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде 13-тен 5 %-ға дейінгі ставкалары бар кемімелі шәкілден 11 %-дық ставкасымен жайпақ шәкілге өту жүзеге асырылуда. Жеке табыс салығы бойынша бірыңғай ставка 10 пайыз деңгейінде сақталынды.

   Сондай-ақ, Салық кодексінде мүлік салығын реформалау көзделген, мысалы, мүлік салығына салық салу объектілері барлық мүліктен жылжымайтын мүлікке дейін қысқартылды, құны 120 млн. теңгеден жоғары қымбат бағалы мүлкіне ставкалары 0,5-тен 1 %-ға дейін арттырылды, сондай-ақ көлік құралдарының салығын есептеу барысында автокөлік құралдарының түзету коэффициенттері алып тасталды.

   Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында салықтық әкімшілендіруді Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің болмысына сәйкес келтіру жөнінде міндет қойылған. Салықтық реформалардың басқа бағыттарымен қатар жаңа Салық кодексі тікелей әрекет ету заңы болуы тиіс екендігі айқындалған, бұл ретте, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілердің мүдделерін үйлестіру қажет. Осыған байланысты, Салық кодексіне салық салу саласындағы нормативтік құқықтық актілер барынша қосылды, салық рәсімдері жеңілдетілді.

   2009-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістері жаңа Салық кодексінің экономиканың шикізат секторына салық жүктемесін төмендетуді қарастыратын ережелерін есепке ала отырып, орта мезімді кезеңде макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды өлшемдері негізінде айқындалды.

   Кірістер есебінде мемелекеттік басқару және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақыларын 2009 және 2011 жылдары 25%-ға, 2012 жылы 30%-ға көбейту және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударымдарды 2009 жылы 3%-дан 4 %-ға дейін және 2012 жылы 5 %-ға дейін ұлғайту нәтижесінде әлеуметтік салық түсімдерінің төмендеуі және 2009-2013 жылдары ең аз жалақыны ұлғайту ескерілді.

  Жергілікті салық басқармаларында проблемаларды шешу барысында да көптеген жұмыстар жасау қажет. Баршаға белгілі салық есептілігін өңдеу жүйесін (СОНО) енгізген кезде көптеген проблемалар мен қайшы пікірлер туындады, ол мәселелер бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Аталған жағдай  элекетронды түрде салық есептіліг тапсырушы салық төлеушілердің үлесіне әсерін тигізді. 2011 жылдың 2 тоқсанында салық есептілігін тапсыру кезінде және кейінгі уақыттарда салық есептіліг өңдеу жүйесіне есептілікті енгізу мәселесі, олардың артықщылықтары мен кемшіліктері туралы салық төлеушілерге түсіндіріліп келе жатыр. Сондықтан, аталған жағдай электронды түрде салық есептілігін тапсырушылардың үлес салмағын 90 % жеткізу салық басқармасының негізгі міндеті болып отыр.

Салық қызметінің әр жұмысшысының өз бетінше қосқан үлемін бағалау, оның жеке жұмыс жоспар кестесінің сапалық және сандық көрсеткіштерін орындауын еспеке ала отырып жүргізілуі керке.

Салық қызметінің жұмысын бағалау  әлде қайда қиын. Бір қарағанда  бұндай баға , түсімдер жоспарының орындалуы  не орындалмауына байланысты берілуі  дұрыс сияқты. Алайда терең сараптағанда бұл критерий қажетті көлемде негізделмегені, тіпті кейде дұрыс емес екендігі де көрініп тұрады.

Салық ақиқат түскен пайдадан өндірілетіні белгілі. Яғни осы не басқа салық  төлеушінің табысынан осы не басқа  уақыт аралығының ішінде қазына пайдасына нақты түсім жоспраланса, бірақ ол белгілі себептер кесрінен пайда таппаса, онад одан салық өндіру де мүмкін емес.

Соныдқтан кез-келген органның жұмысын  бағалайтын негізгі көрсеткіш болып, біріншіден, салық төлеушілердің  бджетке төлеген салықтардың жалпы соммасы ішінде өз еркінше төлеген салық соммасының көлемі болып табылады.

          Егер жанама салықтарды оның ішінде ойын бизнесі салығын тиімді және рационалды қолданса, олар мемлекет пайдасына өте үлкен қаржы түсімдерін қамтамасыз ете алады.  

Салық салу жүйесін тұрақты деп  санауға болады, егер де санкциялар мен жеңілдіктер, салық жүйесінің  құрамы, салық салудың принциптері  өзгермей  кәсіпкерлік қызмет үшін өте қолайлы болса. Осы аталғандардың  барлығы салық жүйесін дамытуда өте үлкен рөл атқарады. Салық саясатының негізгі бағыттары қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге ықпал ететін болады:

А) нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісін енгізу мақсатында бюджет заңнамасын жетілдіру, бұл мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, бюджеттік жоспарларымен стратегиялық, орта мерзімді даму жоспарларын үйлестіру жүргізуге, бюджеттің әлеуметтік және инвестициялық құрамдауыштарын күшейту үшін қаржы ресурстарын оңтайландыру есебінен оларды босатуға мүмкіндік береді;

Ә) халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына көшуіне байланысты салықтық және бухгалтерлік заңдылықтарды үндестіру;

Б) адами капиталдың, инфрақұрылымының, мемлекеттік басқарудың, инновациялардың өсуінің барынша жоғары көрсеткіштерін ынталандыру есебінен бәсекеге қабілеттілікті орнықты түрде арттыру;

В) аралық (жылдың қорытындысы бойынша) нәтижелерді және орта мерзімді кезең өткеннен кейінгі нәтижелерді қарастыра отырып, нақтылы нәтижеге қол жеткізудегі жауапкершілікті күшейте отырып, мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды жетілдіру;

Г) қадағаланбайтын экономиканың деңгейін оның барлық құрамдауыштары бойынша жасырын және заңсыз қызметті тудыратын және оны ынталандыратын экономикалық жағдайларды жою, “көлеңкелі” қызмет түрлерін құқықтық тетіктермен жолын кесу арқылы төмендету;

Ғ) макроэкономикалық тұрақтылықты елдің жалпы сыртқы борышының көлемін қысқартуға және мемлекеттік борыштың тұрақты деңгейін қолдау жолымен сақтау. [26, б. 91-93]

Орта мерзімді перспективада бюджеттің  теңгерімділігіне мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.

2009 жылы Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мұнай және мұнай емес кірістердің ара жігін нақты ажыратуға мүмкіндік береді.

Ұлттық қорға жіберілетін түсімдер өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерімен және мұнай операцияларынан және шикі мұнай мен газ конденсатынан түсетін басқа да түсімдермен, оның ішінде бұрын бюджеттік бюджеттік кіріс бөлігіне түскен мұнай келісім-шарттың талаптарын бұзудан түсетін түсімдермен толықтырылды.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, оларың нәтижелілігі мен тиімділігін  арттыру жөніндегі шараларын  қабылдауды талап етеді. Мемлекеттік  бюджеттің шығыстары ұлғаюда, бұл 2000 жылдан бастап жүргізіліп келген бюджет процесін (Бюджет кодексі, бюджеттік бағдарламалардың паспорттары, тиімділікті бағалау және т.б.) жетілдіру бір жағынан бюджет жүйесін ретке келтірді, екінші жағынан мемлекеттік органдардың жауапкершілігін шектеуге әкеп соқты және олардың мемлекет қаржысын басқару икемділіктерін тудырды. Қазіргі ережелер, нормалар мен нормативтер қиындықпен немесе бюджет қаражатын пайдаланудың нақты нәтижелілігін төмендету есебінен формальды түрде орындалуда.

Бюджет процесін егжей-тегжейлі регламенттеу қажеттілігі бюджет қаражатының  жетіспеушілігімен қатар жүрген кең ауқымды құрылымдық қайта  құрылулар кезеңінде орынды болды, ел қаржысын басқару кредиторлық  берешектің өсуімен және қаржы көздерімен қамтылмаған мемлекеттік міндеттемелер салдарынан сипатталған. Берілген проблемаларды реттемей экономиканы тұрақтандыру және одан әрі өсіру мүмкін емес.

2009 жылға қарай қалыптастырылған рәсімдер бюджетті қалыптастыру мен атқарудың ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ бюджет есептілігінің жеделдігі мен сенімділігінің белгілі бір деңгейіне жетуге мүмкіндік берді. Алайда, бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды бақылаудың қазіргі жүйесі бюджет шығыстарының ресурстарға қажеттілікке сәйкес толық қамтамасыз етеді, бұл бекітілген көрсеткіштер мен нақты кассалық шығыстардың арасындағы максималды дұрыс сәйкестікті қамтуды білдіреді.

Сонымен қатар, бұл ұстаным бюджетті қалыптастыру және оны атқару кезінде  жүргізіліп отырған мемлекет саясатының мақсаттарына жету дәрежесін толық  көлемде қадағалауға мүмкіндік бермейді және қолда бар ресурстарды тиімді әрі нәтижелі пайдалануға кепілдік бермейді.

Бұл ретте, әкімшілердің жекелей алғандағы  көбіне мемлекеттік органның ішкі міндеттерін  шешуге тұтастай, елдің және қоғамның міндеттерін шешпеуге бағытталған өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілігіне қатысты шын мәнінде маңызды нормаларды орындаудың формальдылығы байқалады.

Информация о работе Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері