Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2014 в 14:59, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу мен қатынас ортасы өзгеру жағдайына еркін араласатындай етіп дайындау- аса маңызды міндет. Болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде осы міндеттің орындалу барысын зерттеу, оны орындаудың тиімді жолдарын іздестіру мақсатында мен «Мектепалды даярлық топтарында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру » тақырыбын курстық жұмыс ретінде таңдап алдым.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3

І бөлім. Мектепалды даярлықтың теориялық негіздері
1. 1 Қазіргі ғылыми- педагогикалық әдебиеттерде мектепалды даярлықтың мәселелері.................................................................................5
1. 2 Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері....................................................................................................14

ІІ бөлім. Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру
2.1 Мектепалды даярлық таптарындағы оқушыларды қарапайым математикалық түсініктермен таныстыру ...............................................22
2. 2 Қарапайым математикалық түсініктерді оқытудың әдіс- тәсілдері........................................................................................................31
Қорытынды..................................................................................................40
Әдебиеттер тізімі .......................................................................................42
Қосымша......................................................................................................43

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 4.04 Мб (Скачать файл)

Жоспар

Кіріспе...........................................................................................................3

 

І бөлім. Мектепалды даярлықтың теориялық негіздері

1. 1 Қазіргі ғылыми- педагогикалық әдебиеттерде мектепалды даярлықтың мәселелері.................................................................................5

1. 2 Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері....................................................................................................14

 

ІІ бөлім. Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру

2.1 Мектепалды даярлық таптарындағы оқушыларды қарапайым математикалық түсініктермен таныстыру ...............................................22 
2. 2 Қарапайым математикалық түсініктерді оқытудың әдіс- тәсілдері........................................................................................................31

Қорытынды..................................................................................................40

Әдебиеттер тізімі .......................................................................................42

Қосымша......................................................................................................43

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу мен қатынас ортасы өзгеру жағдайына еркін араласатындай етіп дайындау- аса маңызды міндет. Болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде осы міндеттің орындалу барысын зерттеу, оны орындаудың тиімді жолдарын іздестіру мақсатында мен «Мектепалды даярлық топтарында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру » тақырыбын курстық жұмыс ретінде таңдап алдым.

Қазіргі мектептің бірінші сыныбына келген балалар ерік- жігері күшті, еңбексүйгіш қасиеттері мол, жұмыс қабілеттері жоғары, арнайы білімдік және икемділік сипаттары көзге түсерліктей болуы қажет.

Мектепке дайындық мәселесі Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2030 жылға дейінгі Жолдауы тұрғасынан айрықша мәнге ие болады. Бұл құжаттама білім беру ісі республика дамуындағы басым бағыттардың бірі ретінде көрсетілгені белгілі. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының жаңа редакциясы мектепке дайындықты баланың жеке басын дамытуға, денсаулығын нығайту және мектепке оқуға лайықты дайындалуына бағытталған біртұтас білім беру жүйесінің бастапқы баспалдағы ретінде қарастырған.

Мектепке дейінгі білім беру саласының алғашқы сатысы мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылатыны бәрімізге мәлім. Алайда, материалдық базаға сәйкес бөбектеріміз толық балабақшамен қамтылмайды. Сол себепті мектепке дайындығы әртүрлі бүлдіршіндер келіп қадам басады. Бүлдіршіндердің психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, білімділік, икемділік дағдыларын 6- жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай етіп, білімнің тұңғиық теңізіне қадам бастыру мектепалды даярлық топтарының оқытушыларына жүктеліп отыр. 

Нысана – Қарапайым математикалық түсініктер.

Зерттеу нысаны – Мектепалды даярлық тобының теориялық негіздері және сол топтарда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Зерттеу пәні – Мектепалды даярлық тобындағы математика және қазықты математика.

Зерттеу мақсаты – Мектепалды даярлықтың теориялық негізімен, мұғалімнің жұмысының мазмұнымен, бағдарламада жүктелген пәндерімен таныса отырып, математика пәніне баса назар аудару. Мектепалды даярлық тобы мен бастауыш буын арасында сабақтастықты ескеріп, оқушыларға математикалық қарапайым түсініктерді қалыптастырудың тиімді әдіс- тәсілдерін қарастыру.

Зерттеу міндеттері - Мектепке дайындықтың ерекшелігі бұл кезеңде баланың адамгершілік қасиетерінің, білімділік дағдылары мен икемділіктерінің негізгі қалыптасатындығында, білуге, үйренуге деген құштарлықтарының жоғары дәрежеде болуында. Сондықтан балалардың білімдерін жинақтау мен жүйелеу, балалардың айналадағы құбылыстар туралы негізгі түсініктері мен қарапайым ұғымдарын қалыптастыру. Мектепке дайындық барысында балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл- әрекеттерінің ықтиярлы басқарылу қабілетін, ақыл- ой еңбегінің мақсаткерлік дағдысын қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан өткізу.

Міндеті:

  • Мектепалды даярлық тобының теориялық негізін меңгеру, жинақтау.
  • Мектепалды даярлық тобы мен бастауыш буын арасында сабақтастықты меңгеру.
  • Математика сабақтарында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың тиімді әдіс- тәсілдерін қарастыру.

Болжам – Мектепалды даярлық тобы мен бастауыш буын арасында сабақтастықты ескеріп, бағдарламадағы математика пәні бойынша меңгеруі тиіс қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың тиімді әдіс- тәсілдерін қарастыра отырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. 

Методология  - Мектепалды даярлық топтарының оқытушыларына қойылатын талаптарды, мақсаттарды,  жүктемелерді нақты таныстыра отырып, оны орындау барысындағы тиімді жаңа педагогикалық технология-ларды оқушыларды дайындау барысында қолдану тәсілдерін көрсету.

Сонымен, қорыта айтқанда мектепке дайындық баланың қоршаған ортамен қарым- қатынас жасауына қажетті арнайы білімінің, икемділіктерінің қалыптасуын  қамтамасыз етуге тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім. Мектепалды даярлықтың теориялық негіздері

1. 1 Қазіргі ғылыми- педагогикалық  әдебиеттерде мектепалды даярлықтың мәселелері.

Болашақ ұрпақтың танымдық белсенділігін дамыту ақыл-ой 
тәрбиесінің бір міндеті ретінде күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей 
келеді. Ақыл-ой тәрбиесінің бұл аспектісі баланың ойлау операциясының, 
танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6-7 
жастағы баланы оқу - тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты рөлді ең 
алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. 
Ғалымдар С. Л. Рубинштейн, Д. П. Годовикова, Т. А. Куликова, А. И. Сорокинаның еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың білуге құштарлығыньң, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, танымдық түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған.   А. Л. Усова өзінің «Балабақшадағы оқыту» атты еңбегінде мектепке дейінгі балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген теориясын басшылыққа алуды ұсынды.

Бұрынғы кездері- ақ А. П. Усова атаған үш деңгейді есепке ала отырып, 5-6 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педагогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты болса, 1999 жылдан бастап ол жастағы балалар балабақша бөбектерінен бөлініп мектептегі мектепалды даярлық тобының ұстаздарына жүктеліп отыр. Сондықтан бүгінгі күні педагог- тәрбиеші мамандарына түпкілікті білім беруімен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. Оның дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 22-бабында (1999), Балаларды міндетті мектепалды дайындау тұжырымдамасында (2000) кадрларға қойылатын талаптар атап көрсетілді.

 

  • Балалардың мектепке дайындық ісін ұйымдастыруда дидактикалық жетекші басты қағидалар басшылыққа алынады; бұл қағидалар 5-6 жасар балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкестендірілуге тиіс;

 

  • Білім, икемділік және дағды мақсаттық нысана ретінде ғана емес, жеке адамның толымды дамуының амалы ретінде қалыптастырылады;
  • Тәрбиелеу мен оқытуда балалардың жасы мен даралық ерекшеліктерін ұштастыра қарау қағидасы; бұл қағида балалардың қалыпты сезімталдық күйлері мен толымды психикалық дамуларын қамтамасыз етеді;
  • Мектепке дайындықтың мақсаты- баланың тән саулығы мен психикалық саулығына, сезімталдық көңіл- күй дұрыстығына қамқорлық;
  • Балалардың дербес, баланың даралық және бірлескен іс- әрекетін тиімді үйлестіру қағидасы; «баланың жуық арада дамуына» көз жібере отырып, балаға жекелей әсер ету мүмкіндігін жүзеге асыру;
  • Баланың шаршауы мен жалығуын болдырмау үшін және оқытудың дамытқан сипатын қамтамасыз ету мақсатында оған оңтайлы жүктеме ойластыру қағидасы;
  • Баланың мектепке дайындығы үлкендер мен бүлдіршіндердің өзара бейімделген түсіністік қағидасы бойынша жүру керек;
  • Мектепке дейінгі білімнің мазмұны Қазақстанның қоғамдық дәстүрлерімен үйлеседі және жалпы адамзаттық (дүниежүзілік) мәдениетке бағдарланады;
  • Отбасы мен балабақша арасында сенімділік, іскерлік байланыс орнату, ұстаздар мен ата- аналардың ынтымақтастығы; бұл қағида балаларды оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіздігін, баланың мектепке лайықты дайындығын қамтамасыз етеді;
  • Балалардың мектепке дайындығы оқу- тәрбие ісін, мектепке барар жастағы балаларға тән әрекеттерді (ойын, қолөнерге машықтану, бейнелеу өнері, саз өнері, театрландырылған көріністер т.б) ширақ-серпінділікпен ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;
  • Баланың бейімділігін, қаблеттілігін, қызығушылығын ескере отырып, оқыту ісін саралау қағидасы;
  • Қазақстан Республикасының жалпы білімдік мектебінің оқу бағдарламалары мен мектепке дайындық бағдарламасының сабақтастық қағидасы.

Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, дене физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Түсініп қана қоймай жалпы мәдениетін және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. Ол үшін балаларды қабілеттері бойынша, олардың жеке ерекшеліктері білімдерінің негізіндегі психологиялық дайындығы бойынша іріктей білу керек. Психологтар Д. В. Эльконин,                   В. В. Давыдов, Л. И. Божович, Л. Л. Венгерлердің зерттеулері 5-6 жасар мектеп жасына дейінгі балалардың басым көпшілігінің мектептегі жүйелі оқытуға жантанымдық дайындығы жетіспеушілінің жиі кездесетінін көрсетті. Неміс, чех, болгар, румын, француз авторларының мәліметі бойынша олардың саны 5% тен 33% -ке дейін жетеді. Осынған орай мұғалімдер мен психологтар екі міндетті шешуі тиіс. Біріншіден, оқуға «психологиялық дайын» балаларды анықтау, екіншіден, тәрбиенің кемістігін жою мақсатымен белгілі параметр бойынша қажетті психикалық даму қажеттілгінің жетіспеушілігі бойынша іріктеу.

Қазіргі уақытта «мектепке дайындықты» анықтау бағытындағы тест түрлері өте көп, бірақ жантанымдық даму дәрежесінің диагностикасына бөгет болатын, сәбилік шақ бойынша орташа есептеудің жетіспеушілігі ерекше сезіледі.

Берілген жұмыста, ғалымдардың пікірінше, 6- 7 жастағы балалардың «мектепке даярлық» контесінің даму, дәрежесін экспрестік- зерттеу әдістерінің неғұрлым тиімді түрлері келтірілген.

Әдіс Санк- Петербургте 500 балалармен жүргізіліп тексерілген. Стандартталған әдістерде, психикалық дамуды бағалау 6- 7жастағы балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, даярлық тобына топтау және іріктеу әдіснамасы негізделеді.

Бұл әдіснаманы топтық, сондай- ақ жекелей тест өткізу үшін де қолдануға болады. Тест тапсырмалардың бірнеше түрін атауға болады. Мысалы:

  • Филипиндік тест. Н. И. Озерецкийдің ұсынған қарапайым тапсырмалары кіреді. Бұл баланың қаншалықты қарапайым түсініктерді түсінетіндігін, қабылдау дәрежесін тексеруге мүмкіндік береді.

 

  • Ұсынылған әдіснама танымдық қабілеттер дамуының дәрежесі мен қол буындары қимылдарының сәйкестігі анықталады. Ол үшін балаға екі шеті 1 мм арақашықтық түзуімен шектелген диаметрі 5 см дөңгелек қию ұсынылады. Тапсырма орындауға 1 минут беріледі. (Солақай балалар бұл тапсырманы сол қолымен орындайды. Бұл іс қағазында көрсетіледі.). тапсырманы орындалуына байланысты дәрежелерін анықтайды. Бұл тест «Дөңгелекті қию» деп аталады.

 

  • Жыланша. Қимыл жылдамдығын және қол буындарының координациясының даму дәрежесін анықтау. Тесттің шарты бойынша балаға, «жыланша» неғұрлым көп нүктелер салып «былғау» (яғни дөңгелектер ішін нүктелеу).

Ерікті әрекет даму дәрежесін (өзінің әрекеттерін ырықты басқару іскерлігі) және ырықты зейін диагностикасы үшін А. Вагнер мен                   В. Холмовскаяның жасаған, Векслердің «Шифровка» тесті мен «Өрнек» әдіснамасын қолдану ұсынылады.

 

  • Зейіннің ырықтылығының даму дәрежесі мен қимылды көру координациясын анықтау үшін жүргізілетін тест «Шифровка» деп аталады. Зерттеулінушілерге қарындаш беріп: «Бұнда қара. Сен жұлдыз, дөңгелек, үшбұрыш т.б кескіндерді көріп тұрсың. Үлгіге қара. Дөңгелекте қандай белгі салынған? (екі сызық). Бірінші дөңгелекті толтыр. Екінші кескін- жұлдызшы. Үлгіге қара. Жұлдызшыда не бейнеленген? (таяқша). Жұлдызшыны толтыр»,- деп тапсырмалар беріледі. Орындалуға байланысгы балалардың зейіндерінің ырықтылығының даму дәрежесін анықтайды.

 

  • «Лабиринт-1». Қолдың динамикалық даму дәрежесін анықтау. Зерттелінушіге лабиринттің барлық иректерін, оның «қабырғасына» (шеткі түзулер) «тигізбей» үздіксіз сызық жүргізу ұсынылады. Екі лабиринттің сызықтарын үздіксіз жүргізуге 1 мин. 30 сек. беріледі.

 

Даму және мектептегі оқуға дайындау тесттерінің мазмұнына қысқаша тоқтала кетсек:

  1. Филипиндік тест, (морфологиялық дайындық).
  2. «Озерецкий шеңберін қию».
  3. «Озерецкий лабиринт» (психомоторлық «пісіп жетілу»).
  4. «Озерецкий змейкасы»
    1. «Шифровка»   (Векслердің  тесті)   ерікті   қимылдардың  даму дәрежесі мен зейіннің ырықтылығы.
    1. «Өрнектер».
    2. «Жетіспейтін бөлшектер» (зейіннің дамуының дәрежесі).
    3. «Лабиринт» (Векслердің субтестері).
    4. «Төртінші артық» (ойлаудың түрлері және интеллектуальды ерекшеліктер).
  1. «Танграм №7 жэне №10»
  1. «Интервью».
  2. «Сандар» (есті зерттеудің көру тәсілдері)
  3. «Нүктелер»
  4. «Сөздер» ( есті зерттеудің есту әдістері)
  5. «Буындар».

16. «Суретші» (қиялдың ерекшеліктері). 
17. «Лесенка», «Баспалдақ».

Міне, осы тест тапсырмаларын орындата отырып, олардың мінез- құлқын, зейіннің ырықтылығын, қиялының дәрежесін, есту, көру, ойлау қабілеттерінің дәрежесін, қимыл, іс- әрекеттерін, икемділіктерін зерттейді. Зерттеу нәтижесін төмендегідей кестеге түсіреді.

Информация о работе Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру