Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2014 в 14:59, курсовая работа
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу мен қатынас ортасы өзгеру жағдайына еркін араласатындай етіп дайындау- аса маңызды міндет. Болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде осы міндеттің орындалу барысын зерттеу, оны орындаудың тиімді жолдарын іздестіру мақсатында мен «Мектепалды даярлық топтарында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру » тақырыбын курстық жұмыс ретінде таңдап алдым.
Кіріспе...........................................................................................................3
І бөлім. Мектепалды даярлықтың теориялық негіздері
1. 1 Қазіргі ғылыми- педагогикалық әдебиеттерде мектепалды даярлықтың мәселелері.................................................................................5
1. 2 Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері....................................................................................................14
ІІ бөлім. Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру
2.1 Мектепалды даярлық таптарындағы оқушыларды қарапайым математикалық түсініктермен таныстыру ...............................................22
2. 2 Қарапайым математикалық түсініктерді оқытудың әдіс- тәсілдері........................................................................................................31
Қорытынды..................................................................................................40
Әдебиеттер тізімі .......................................................................................42
Қосымша......................................................................................................43
7 жас дағдарысы баланың уайымдауы ғана емес оның әрекетіне байланысты болады. 6- 7 жас аралығындағы балалардың әрекеті күрт өзгеріп, оларды тәрбиелеу қиынға түседі. Психологтар мен ата- аналардың айтуы бойынша балаларда агрессия пайда болып, кез- келген құбылысқа көз жасымен, ашумен жауап қайтарады. Бұрын салмақты болған балалар ұстамсыз, дөрекі бола бастайды. Қоршаған ортамен қарым- қатынасы өзгере түседі. Агрессиялық жауап қайтару ішкі эмоционалды қажудың сыртқа шығуымен байланысты болады. Бұндай агрессия бала бойын 6-7 жастан бастап, 8- 9 жасқа дейінгі кезеңдерді билейді. Бала өскен сайын агрессия мөлшері де азая түседі.
Кей кезде бала тек қана агрессиямен шектелмейді. Мысалы: баласын жазалаған ата- анасы бөлмеден шықпауға немесе белгілі бір әрекет түріне тыйым салады. Бүған көнбеген бала бейсаналы түрде ата- анасына қырсығып, ызаларына тиетіндей түсініксіз әрекет жасайды: қымбат заттарды шағып, киімдерін жыртып, тыға бастайды. Өйткені ол қоршаған ортаның ішінде ерекше көзге түскісі келеді. Мұндай жағдайлардан баланың жүйелік-психикалық дамуында кемшіліктер туындайды.
6-11 жасарлық балалар психикалық және әлеуметтік дамуда ерекше орынға ие. Біріншіден, оның әлеуметтік статусы өзгереді. Ол мектеп табалдырығын аттап «оқушы» атанып, жаңа міндеттер пайда болады. Мектепке дейінгі баланың басты әрекеті - ойын болса, ендігі уақытта ойын әрекеті күрделеніп оқу әрекетіне айналады.
Екіншіден- баланың психикасында көптеген өзгерістер байқалады-баланың ойлау процесі күрделеніп, логикалық ойлау туындайды. Ес процесінің функциялары күрделене түседі. Сөйлеу әрекетінде сөздік қоры кеңейеді. Кез- келген психикалық процестер өзгеріп күрделенеді.
Ж. Пиаже осы жас аралығындағы баланың даму деңгейін, белгілі заттарды нақты талқылау (операция) кезеңі деп аталады. Пиаже бойынша-бұл уақыт ойлау процесінің дамуының үшінші кезеңі.
7-12 жас аралығындағы балалардың есте сақтау қабілетінің өзіндік ерекшеліктері бар: белгілі бір затпен теңеу арқылы жеңілдетіп есте сақтайды, логикалық ойлау процесі жүзеге асырылады. Баланың даму деңгейіне байланысты Ж. Пиаже ойлау процесінің үш негізгі ерекшеліктерін атап көрсеткен:
Логикалық ойлау процесінің қалыптасуы негізінде бала ересек адамдардың ойлау процесімен теңеседі. Логикалық ойлау арқылы бала өзінің ісіне, өз- өзіне баға бере алады.
6-11 жас аралығындағы сөйлеу процесі белсенді түрде жүзеге асырылады. Баланың сөйлеу процесі мақсатқа негізделу арқылы атқарылады. 6- 11 жасар балалардың сөйлеу процесінің ерекше түрі жазбаша сөйлеу. Жазбаша және ауызша сөйлеу процесінің арасында өте күрделі, үздіксіз байланыс бар. Жазбаша сөйлеу- адамға түсіну үшін қолайлы. Мысалы: егер де адам бір мағлұматты түсінбей қалса ол жазбаға қарап қайта- қайта қарау арқылы түсінеді. Ал сөйлеу негізінде адам сөзін қайта- қайта қайталай бермейді. Жазбаша сөйлеу- сөйлеу процесінің ішіндегі ең күрделі түрі. 6- 11 жасар балаларда жазбаша сөйлеу процесінің қалыптасуына тек қана сөйлеу ғана емес сонымен қатар қиял, ес, зейін, танымдық процестер әсерін тигізеді.
6-7 жастағы балаға тән белгі: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез- құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы кіші мектеп жасында қалыптасады.
Алты жастан бастап балада ағзалық, психикалық ерекшеліктерінде өзгерістер басталады. Алты- жеті жасар балалардың қабілеті ұйымдасқан және жүйелі түрде дамиды. Алты- жеті жастағы балалардың когнитивті процестерінің мүмкіндіктері де артады. Алты жастағы балалар үшін үйде немесе мектепте ұйымдастырылатын сурет салу, саз балшықтан әр түрлі заттардың кескінін жасау, тақпақ үйрету тағы басқа осы сияқты жұмыстар балалардың таным қабілеттерін дамыта түседі. Мектептегі жүйелі оқытуға көшу, баланың қоршаған ортадағы бағдарын өзгертеді. Осы кезең балаға адам әрекетінің жаңа сферасында, яғни оқу кезінде жетістіктерге жетуге көмектеседі.
Сонымен, 6-7 жасар кезең- бала өміріндегі ерекше өзгеріссіз өтпейтін дағдарыс кезеңі. Мінез- құлықтарындағы, сана- сезімдеріндегі күрделі өзгерістерді ескере отырып, дұрыс ұйымдастырылған психологиялық-педагогикалық ықпалдар арқылы 6- 7 жасар балалардың когнитивтілігі мен креативтілігін қалыптастыруға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы көбінесе, бала әрекетінің негізгі мазмұны - ойынға байланысты болады. Ойын арқылы бала өзін қоршаған дүниемен қарым-қатынас жасайды. Ойынның мазмұны баланың тікелей байқағанын , болмаса үлкендердің және ересек балалардың әңгімелерінде естігенін немесе үлкендердің қызметін қайта жаңғыртумен байланысты болады.
Алты жастағы балалар үшін үйде немесе балалар бақшасында ұйымдастырылатын сурет салу, саз балшықтан әртүрлі заттардың кескінін жасау, тақпақ үйрету тағы басқа осы сияқты жұмыстар балалардың эстетикалық сезімін оятумен бірге, оларды біліммен және іскерлікпен байыта түсетін болады. Мектепке бару бала өміріндегі шешуші кезең, өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады.
Оқушы орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндеті, қоғамдық мәні бар іс - әрекет екендігінде. Оқу үшін бала мұғалімнің, мектептің, үй ішінің алдында жауап береді. Оқушының өмірі мектеп балаларының бәріне бірдей және қатал ережелер жүйесіне бағындырылады. Оқудың негізгі мазмұны барлық балаларға ортақ білімдерді меңгеру болып табылады.
Оқушы мен мұғалім арасында қарым - қатынастардың мүлде ерекше типі қалыптасады. Мұғалім баланың жақтыратын не жақтырмайтын үлкен адамдарының бірі емес, ол балаға қоғамдық талаптар қоятын нақтылы адам болып табылады. Сабақта алынатын баға - баланың жеке өзімен қарым-қатынас емес, оның білімдерінің, оның оқу міндеттерін орындаудың нақты өлшемі. Жаман бағаны тіл алумен де, өкінумен де түзеп болмайды.
Мектеп баласына оқу іскерлігін қалыптастыратын қасиеттер комплексі өте қажет. Бұларға оқу міндеттерінің мәнін, оның өмірде кездесетін міндеттерден айырмашылығын түсіне білу, іс- әрекеттерді орындау тәсілдерін ұғыну, өзін- өзі бақылау мен өзіндік бағалаудың дағдылары кіреді.
Осындай жұмыс формаларының бәрі де алты жастағы баланың қабілеті мен кейбір ерік күштерін тудырады.
Педагогикалық әсер ету үлкендерге еліктеймен бірге жеке әдетті де, әлеуметтік сипатты әдетті де қалыптастыруға көмектеседі. Алты жастағы балалардың өздерінің жолдастарымен қарым- қатынасын, сөйлеген сөздерін талдағанда үлкендермен сөйлескен сияқты, олардың олардың өздерімен сөйлесіп байқағанда алты жастағы балаларда сапалықтың алғашқы формалары барлығын байқауға болады. Олар өздерінің әрекеттеріне сол сияқты өздерінің айналасындағылардың қылықтарына да баға беретін болады.
Баланың ойы, ойлауы, сөйлеуі, бақылауы- олар мектеп жасына дейінгі балаларға ең керегі. Оларды дамытып отыру керек, бірақ олардың жиынтығы баланы жеке тұлға ретінде көрсете алмайды
Оқыту тек дамудың алдында ғана жүреді. Сонда ол тақаудағы даму өрісіндегі пісіп жетіле бастаған бірқатар функцияларды оятып, өмірге келтіреді. Оқыту- даму өрісі анықталатын кезеңде жүзеге асырылғанда ғана жемісті болмақ.
Егер осы ережелер даярлық тобындағы балалрға қолданылатын болса, онда бұл жастағы оқытудамуды талап ететін қажетті күштердің белсенділігін арттырады. Оқуды, жазуды, қарапайым есептеуді игеру түріндегі оқытудың мазмұны балалардың дамып келе жатқан мүмкіндіктеріне әлде қайда сәйкес келеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының көбеюі тек зат есім арқылы емес, сын есім т.б арқылы іске асырылады. Мектепке дейінгілердің есінде бар сөз қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құра бастайды. Бұл жерде жаңа сөйлемдер дегеніміз тек сол тілде бар сөйлемдер емес, тіпті жоқ сөйлемдерді де құруды айтады.
Демек, эгоцентрикалық сөйлеу өзгелерге арналған емес, баланың өзіне арналған ойды жеткізудің ерекше түрі. Бұл пікірді әрі қарай дамытқан Л. С. Выготский эгоцентрикалық ойлау 7 жасқа дейін созылады да, кейін баланың үнсіз сөйлеуіне айналады.
Баланың ойлау процесінің дамуын қарастыратын болсақ, есі кіре бастаған кезде бала дүниедегі қоршаған заттар мен құбылыстардың сыртиқы пішініне, тұрмыста қолданылуына, түр- түсіне, саны мен сапасына байланысты белгілі бір классификацияға жинақтап топтауға жаттығады.
Топтастыру қасиетіне бала 5-6 жасында ие болады. Айталық, шелек, тостаған, шөміш, мес, т.б. бала оны «ыдыс» деген ұғымға жатқызып, осыларды әртүрлі нәрселерден мысалы, орындық, үстел т.б ажырата алады. Топтастырудың бұл түріне мектепке дейінгілер үйрене алмаса, психикалық даму жағынан оқуға дайын еместігін көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың сөзді игеріп алатындығы соншалық, ана тілінде емін- еркін сөйлей біледі.
Баланың есі өзі үшін мәнді оқиғалар мен мағлұматтарды тұтып алады да есте ырықсыз тұрғыда сақтап қалады. Сонымен бірге бұл жаста бала ырықсыз тұрғыда да есте сақтай алады.
Есте сақтау көңілдегідей ойынның шартына айналған кезде немесе баланың әрекетін жүзеге асыратын мәнге ие болған кезде, бала сөзді, өлеңді сондай- ақ жүйелі іс- әрекеттерді жадына тез тоқып, есте сақтап ала алады. Мектепке дейінгілерде арнаулы есте сақтауға қарағанда, арнаусыз есте сақтау негізгі рөл атқарады. Себебі бұлар тек нақты бейнелерді есте қалдыруға бейім, естің мұндай түрін эстетикалық ес деп те атайды.
Осы жастағы балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан қиялдай процестері жақсы дамиды. Ойында арнайы ережелер болмағандықтан ойын барысында балалар өздері түрлі нәрселерді, ережелерді, персонал аттарын қиял, фантазия арқылы дамыта алады. Қиял дамуына көбіне ертегінің тигізер әсері өте мол.
Бұл жастағы балалар өз қиялында алуан түрлі оқиғаларды тудырып, өзі сол оқиғалар ортасында ең жақсы қасиеттерімен көріне алады. Ойын үстінде қалыптаса келе қиял іс- әрекеттің басқа да түрлеріне ауысады. Бұл жерден бала творчествосындағы алуандықты байқаймыз. Балалардың кейбірі нақты шындықты бейнелеуге тырысады, кейбірі қиял- ғажайып әлеміне еніп кетеді. Қиялды үнемі дамытып отыру- балаға айналадағы дүниені танытып, меңгертудің ең бір сара жолы, аясы тар жеке тәжірибенің өрісін кеңейтудің бірден- бір әдісі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуына келсек, психологтар бұл жасты «операцияға, яғни ойлануға дейінгі жас» дейді. Бірақ бұл жастағы балалар үлкендерше проблемалық мәселерді шеше алмаса да, тапқырлық пен аңғарғыштық қасиеттері өте жақсы дамыған. Ойлау қабілеттері жағынан оларда нақты бейне ойлауы және ойлау жүйелілігі жақсы қалыптасқан. Нақты бейнелер балалар үшін түсінікті, бірақ елестері үзік- үзік келеді, яғни жалғастырып, қорытынды шығара алмайды.
Сынып оқушыларының арасындағы қарым-қатынастардың да балабақшада орнаған қарым-қатынастардан айтарлықтай айырмашылықтары бар. Құрдастарының тобындағы баланың орнын анықтаушы басты өлшемі-сабақта алатын баға мен жетістіктер. Сонымен бірге қатынасу жалпы жауапкершілікке негізделген қарым- қатынастардың жаңа типін туғызады. Балалардың мектепте алатын білімдері ғылыми сипатта болады. Егер таяудағы уақытқа дейін бастауыш оқыту ғылым негіздерін жүйелі игерудің дайындық сатысы болған болса, енді ол бірінші сынынтан басталатын сондай игерудің буынына айналады.
ІІ бөлім. Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру
2.1 Мектепалды даярлық
таптарындағы оқушыларды
Мектепалды даярлық – бастауыш буынның баспалдағы десе де болады. Бұл топқа 5-6 жастағы балалар қабылданады. Алайда өзіміздің қала мектептерінде 4 -5 шамасындағы оқушылар да қамтиды. Әрбір мектепте мектепалды даярлық бүлдіршіндеріне арналып жабдықталған 1 сынып. Сол сыныпта үш ауысым бойынша үш топ оқиды. Әрбір топ мемлекеттік стандарт бойынша күніне 3 сағат оқытылады. Осы бөлінген уақыт тиімді жүргізілу үшін мектепалды даярлыққа қойылатын талаптар дұрыс орындалуы тиіс.
Мектепалды даярлыққа қойылатын талаптар:
Информация о работе Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру