Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2014 в 14:59, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу мен қатынас ортасы өзгеру жағдайына еркін араласатындай етіп дайындау- аса маңызды міндет. Болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде осы міндеттің орындалу барысын зерттеу, оны орындаудың тиімді жолдарын іздестіру мақсатында мен «Мектепалды даярлық топтарында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру » тақырыбын курстық жұмыс ретінде таңдап алдым.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3

І бөлім. Мектепалды даярлықтың теориялық негіздері
1. 1 Қазіргі ғылыми- педагогикалық әдебиеттерде мектепалды даярлықтың мәселелері.................................................................................5
1. 2 Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері....................................................................................................14

ІІ бөлім. Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру
2.1 Мектепалды даярлық таптарындағы оқушыларды қарапайым математикалық түсініктермен таныстыру ...............................................22
2. 2 Қарапайым математикалық түсініктерді оқытудың әдіс- тәсілдері........................................................................................................31
Қорытынды..................................................................................................40
Әдебиеттер тізімі .......................................................................................42
Қосымша......................................................................................................43

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 4.04 Мб (Скачать файл)

 

Зерттеулерде қолданлған тестер

 

А

 

В

 

С

 

Д

 

Е

1

Дөңгелекті қию

Артта қалушылық

Тигізу жоқ

Тигізу бар

Шектен шығу

Талаптың орындалмауы

2

«Лабиринт»

1- қатеге дейін

2 қате 

3-5 қате 

6-8 қате 

9- дан көп

3

«Жыланша»

34 ұпайдан жоғары

27- 33 ұпай 

18- 26 ұпай

12- 17 ұпай

11 ұпайға дейін

4

«Шифровка»

24 ұпайдан көп 

18- 23 ұпай

12- 17 ұпай

8- 11 ұпай 

7 ұпайға дейін

5

1- өрнек

қатесіз

қатесіз

1-4 қате 

5-7 қате 

8 қатеден көп.

6

2- өрнек

қатесіз

қатесіз

1-2 қате 

3-4 қате

8 қатеден көп


 

Зерттеу барысында кестеге түсіре отырып, мінез- құлқын, зейіннің ырықтылығын, қиялының дәрежесін, есту, көру, ойлау қабілеттерінің дәрежесін, қимыл, іс- әрекеттерін, икемділіктерін анықтап. Нәтижесін шығарған соң, ақылдаса отырып топтауға мүмкіндік алады.

Зерттеулер баса назарын балалардың психологиялық дайындығына аудара отырып, олардың дайындық деңгейлеріне қарай топтап бөлгенді жөн көреді. Шынымен де, мектепалды даярлық тобының өзіне балалардың әртүрлі дайындық деңгеймен келетінін байқаймыз. Мектепалды даярлық топтары мемлекет тарапынан тегін білім алуды қамтамасыз етеді, ал мектепке дейінгі балабақшалардағы дайындыққа келер болсақ, барлық балаларды балабақшамен толықтай қамтылды деп те айта алмаймыз. Қазақстан мемлекетінің 2005- 2010 жылға арналған білім бағдарламасы үш жасқа толған балаларды балабақшамен толық қамтуды жоспарлаған болатын. Алайда, материалдық базаға сәйкес бұл жоспар дер кезіңде іске аспай жатыр. Міне, осыдан келіп мектепалды даярлық тобына психологиялық болсын, білімділік жағынан болсын дайындықтары әртүрлі балалар келіп түседі.

Міне, осы мәселелерді қарастыра, бір- бірімен тәжірибе алмастыра отырып, балаларды мектепке дайындауды жетілдіру мақсатында халықаралық конференциялар өтіп отырады. Сол конференциялардың бірі-2005 жылдың 14-16 кыркүйегі арасында Қостанай қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспары бойынша «Мектепалды дайындыққа- 5 жыл: түйінді мэселелер және болашағы» атты халықаралық конференция.

Конференция жұмысына Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан делегациясы, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ өкілдері, «Step by step» Республикалық білім орталығының, Қазақ білім беру академиясының, Республикалық білім беру жүйесіндегі жетекші және ғылыми- педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының өкілдері қатысты. Конференция бағдарламасында Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан оқытушылары мен ғалымдары, сонымен қатар, Қазақстанның барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларының өкілдері «Мектепке дейінгі баланың лайықты өмір бастамасын қамтамасыз ету» мәселері бойынша баяндамалар жасады. Мектепалды дайындығы тәжірибелерінен материалдар жариялады. Республикадағы мектепалды балалардың білім деңгейін көтеру мақсатында түрлі тақырыпта қызықты сұхбаттар өткен болатын.

Осы конференцияда мектепалды оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатын алдыға қоя отырып, талаптарын ескеріп, оны жүзеге асыру үшін физиологиялық даму жақтарын байланыстыра ең әуелі баланың дамуының психологиялық ерекшеліктерін ескеруді қажет деп тапты. Себебі: мектеп жасына дейінгі кезеңде бала ағзасының дамуы қарқынды түрде өтеді. Бала организмінің жалпы өсуімен қатар жекеленген мүшелерінің анатомиялық түрде дамуы, олардың функцияларының жетілуі де байқалады. Сондай- ақ баланың бұлшық еттері әрі қарай қалыптасып, тыныс алу, қан айналу жүйелері дамып, ми салмағы 1100- 1350- 1500 граммға дейін өседі. Үлкен ми сыңарларының қабықтарының реттегіш ролі, ми қабығы астындағы орталықтардың бақылау ролі артады. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, -2 сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

3 жастан 7 жасқа дейін көру, есту, тері- қимыл сезгіштігі едәуір жоғарлайды. Көргіштігі артып, түстердің түрін ажыратулары жоғарылап, фонематикалық және жоғары дыбыстарды естуі дамиды. Осыған сәйкес олардың қабылдауында, олай болса ойлауында ерекшеліктер пайда болады. әрқайсысына тоқтала кетсек:

Қабылдауы:

Қабылдаудың дамуы үшін сенсорлық эталондар жүйесін меңгерудің зор ролін А. В. Запорожец және оның қызметкерлерінің еңбегі дәлелдеді. Сенсорлық эталондарға - спектр түстері (7 негізгі түс), геометриялық формалар (үшбұрыш, төртбұрыш), музыкалық дыбыстар (до, ре, ми), тіл фонемалары жатады. Үшбұрыш- үй сияқты, дөңгелек- доп тәрізді, қызыл-шие. Егер бүлармен арнайы таныстырмаса, баланың теңеулері де эртүрлі деңгейде болады.

Қабылдаудың дамуына байланысты ойлау әрекеттері дамиды. Олардың эстетикалық қабылдауы музыка, сурет салуға байланысты дамиды. Қабылдаудың дамуына байланысты ойлау әрекеттері дамиды. Балалардың қабылдауы сәбилік шақта ойлау заттық (құралдық) негізде болса, енді ол практиканы қолданбай тұрып, ой елегінен өткізуге машықтанады.

 

Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы ойлаудың сөздік формаларының дамуы сөз бен практикалық іс- әрекеттің өзіндік қатынасының өзгертуінен туады. Егер де ерте сәби шақта іс- әрекет кезінде сөйлеу орын алса, ал енді алдын- ала сөйлеуі қалыптасады. Алдымен, бала іс-әрекетін сөйлеу арқылы жоспарлай алады, кейіннен істелетін жұмысты тек пікір айту түрінде ауызша істей алуға келеді. Бұның өзі баланың логикалық (жүйелі) ойлай алуына әкеледі. (Мысалы: суға салған әртүрлі заттардың қасиеттері туралы) пікір айта алуы балада абстрактылы (жалпылама) ұғымдар қалыптасты деген емес (ол әлі ерте), бұл жерде оның бейнелік жағы басым.

Бала қабылдауының ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Біз сенсорлық эталондар бала қабылдауын тәртіпке келтіріп, қабылдауға жеңілдік туғызады дедік.

Мектеп жасына дейінгілер уақытты және кеңістікті қабылдауда көп қиналады. «Оң қол», «Сол қол» дегенді шатыстырады, фигуралардың суретін салуда көлем, бұрыш, енінің өзара кеңістіктегі арақатынасын ажырту қиынға түседі. Ал, уақыт жайында «кеше, бүгін, ертең, арғы күні» осыларды шатыстырады. Мысалы, «біз кеше барамыз» деуі әбден ықтимал. Әсіресе ертеңгісі, түс, кеш үғымдарын шатастырады.

 

Зейіннің тұрақтылығы

5-6 жастағы 30-40 мин, 6-7 жаста 1-1,5 сағат. Арнайы есте қалдыру аз. Тек нақты бейнелерді, суретке түсіргендей есте сақтауы «Эйдитикалық ес» деп аталады.

Қиялы.

Ойын, ертегі негізінде қалыптасады. Балалардың қиялы жан- жақты, шашыраңқы болып келеді.

Жалпы педагогикалық- психологиялық зерттеулерге жүгінсек, баланың мектепке дайындығы үш астардан тұрады: денелік, арнаулы және психологиялық. Әрқайсысын саралап айтсақ, оқуға психологиялық дайындық- көп қисынды үғым. Ол білім мен үйренудің тұтас, барлық негізгі құраушылары қатысатын құрал ретінде қарастырылады. Баланың психикалық жетілуін, мектепте оқуға дайындығын әуендік, еріктік интелектуалдық, әлеуметтік және сөздік дайындығынан көруге болады. Әуендік дайындық жағымды эмоциялық орнықтылықты, мектептегі сабақтарға оң қатынасты, «оқушының ішкі тұрғысы» қалыптастыру, яғни баланың оқушының өзіне елестетуі, жаңа әлеуметтік жағдай және онымен байланысты міндеттерді қабылдауы. Еріктік дайындық (өзін-өзі қалыптастыру) - бұл баланың тыңдай білуі, түсінуі, ереже бойынша жұмыс істеуі. Интеллектуалдық дайындық мектепке дейінгі баланың ойлауын дамыту деңгейімен тікелей байланысты. Бастауыш мектепте жақсы оқуға негіз болатын 6-7 жасар бала мектепке барар алдында көрнекі- әрекеттік ойлау қабілеттілігі құрылуы тиіс. Әрі қарай ол білім негізі болып қалыптасады. Көрнекі - әрекеттік ойлау дәрежесі жоғары бала, көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады. Ойлау дайындылығы баланың жан- жақтылығымен нақты білім қорын ғана қарастырмайды, сонымен қатар оқу әрекеттеріне тиімді танымдық қызметтерді құруды қамтиды. Мектепте оқытуға әлеуметтік дайындық- бұл баланың ұйымда жұмыс істей білуі, жолдастарымен араласуы, басқа балалардың ойымен санасуы.

Балалардың психологиялық, әлеуметтік дайындығы өздігінен біз ойлағандай оңайлықпен нәтижелі болмайды. Себебі бала дамуының екінші шыңы алты жастан басталатын көрінеді. Олай болса алты жасар бала- алғыр бала. Ол шапшаң қабылдағыш, елгезек, зерек бала. Бірақ олардың есте сақтау қабілеті төмен, сондықтан ұмытшақ келеді. Қабылданған информациясы зейіннің тұрақсыздығынан тез өшіп қалады. Балаға берілетін информация олардың    талап- тілегін   қанағаттандыратындай, ерекшеленген, іріктелген                          

болмаса,     субьект тез жалығады да одан бас тартады.

Сондықтан берілетін түсінік, мағлұматтар олардың жас, психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай мөлшерленіп, өлшемі дәл анықталғаны абзал.

Информацияны жеткізушінің (мұғалім) тілі, үні балаға жағымды, түсінікті болып, оның жанына, жүрегіне жол таба біліп, қабылдаушының жүйке жүйесін шаршатпағаны жон. Информация қысқа әрі нұсқа, түйінді, балаға қажетті болғанда ғана оны субъект бар жан - тәнімен сүйіп тыңдап, қабылдайды. Алты жасар бала ойын баласы. Көпжылдық жүргізілген зерттеулер барысында байқағанымыз: мектепке де, балабақшаға да қамтылмаған алты жастағы ойын баласы тәулігіне 12 мың қадам жасайды екен. Ал эксприменттік байқау кезінде әр баланың күніне қанша қадам жасайтынын өлшеп көргенде (шагомер көмегімен) 10 мыңнан асыра алмапты. Бұл ең жоғары көрсеткіш. Сонда тәулігіне ең кем дегенде 2 мың қадамға кететін қуат бала бойында сақталып қалатын болса, « оның арты не болмақ?» - деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа да зерттеу барысында ғалымдар тәжірибелі педагогтармен пікір алмаса отырып шешімін тапқан болатын.

Д. Б. Элькониннің айтуынша бұрынғы кезде балалар тек 5-6 жасқа дейін ойнап, кейін үлкендермен жұмысқа кірісіп, материалдық игілікті өндіруге үлес қосқан. Қазіргі кезде балалар 15-16 жасқа дейін ойнайды. Себебі: тұрмыстың нашар кезінде халық баласын көп еркелете алмаған, екіншіден әлеумет қоғамы басқаша болды. Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда дамып жетілген елдердің бәрінде де бала 12- 13 жасынан әлі келетін еңбекке жегілуі керек екендігі айқындалып отыр. Сол үшін ойын баласын 6 жастан бастап мектепте оқыта отырып, ойлауын, өмірге деген жауапкершілігін, қимылын, іс- әрекетін тәрбиелеу қажет.

Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым- қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.

6-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді. Баланың өзіндік ішкі позициясы қалыптасып және екі қажеттілік арқылы сипатталады: танымдық қажеттілігі; екіншісі белгілі бір әлеуметтік қатынасқа байланысты қажеттілігі.

Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта оқытушымен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін оқытушы алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мініез-қүлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түсінігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейіннің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әрі дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жүргізу қажет.

 

1. 2 Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері.

5- 6 кезеңді көптеген психологтар «мектепке дайындық» немесе «мектептегі оқуға жетілу» деп қарастырады. А. Анастазидің (1982) ойынша мектептегі оқуға жетілу баланың жеке басының қасиеттерімен қатар іскерлік, дағды, білім, қабілет, мотивация дамуларымен тығыз байланысты. Атақты балалар психологы И. Шванцер (1978) мектепке оқуға жетілуге ерекше мән берген, оның ойынша «бұл баланың мектептегі оқуға қатыса алуына мүмкіндік алатын ерекше баспалдағы». Ал Л. И. Божович «оқуға даярлық» кезеңін  «бір-  бірімен тығыз байланысқан психикалық фуикциялардың байланысы негізінде оқуға қажетті мүмкіндіктің тиімді деңгейі» - деп қарастырған. Көптеген зерттеуші мамандардың пікірінше (Н. Г. Веселов,      Е. И. Рогов, В. Г. Каменская, Н. В. Дубровинская, т.б) 6- 7 жасар балалардың мектептегі оқуға даярлығы төмендегі үш асппектіге байланысты:

    • Анатомиялық- физиологиялық;
  • Психикалық;
  • Арнаулы даярлық;

Анатомиялық- физиологиялық даярлық балалардың денсаулыгымен байланысты: оның генотипі мен физиологиялық жетілуі, перинатальдық даму кезеңінен туындаған себептері, әртүрлі созылмалы аурулары.

Психикалық даярлық- психикалық функциялары мен механизмдерінің:

      • Интеллектуальды
      • Жеке басының
      • Эмоционалды- еріктік процестерінің деңгейлері.

Арнаулы даярлығы- баланың дербес ерекшеліктері негізінде оқуға қажетті іскерлік пен дағдыларының қалыптасуы. Мысалы: арнаулы гимназияларда, немесе кемістіктеріне байланысты. Баланың психикалық дамуына өз әсерін тигізетін, әрекеттің бірі-психологиялық жаңа білім. Бұл процесс, даму кризисі дағдарысы деп аталады. Даму дағдарысында балада мынадай өзгерістер байқалады:

      • баланың әрекеті өзгере бастайды;
      • өзін- өзі әлсіз сезінеді:
      • мінез тұрақсыздығы байқалады;
      • эмоцияның басымдылығы.

Мектепалды даярлық тобына келген 5-6 жасар баланың дағдарысы күрделі кезеңнен тұрады. Бұл адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі жаңа жағдай болып табылады. Баланың бұл кезде бар өмірі өзгеріске түседі. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қоятыны белгілі. Ол оқушының азын- аулақ алған білімі талаптарды орындауға мүмкіншілік бермейді. Осыдан келеді де, оқушылардың мүмкіндіктерімен мектептің қойылатын талаптары арасында қарама-қайшылықтар туады. Себебі оқу басталғаннан жүктеменің көлемі өседі. Баланың өткен кезеңімен салыстырғанда ұзақ уақыт қозғалмай іс- әрекет жасауы. Осы кезде балалар үшін көп уақыт керек. Бұл ағзаның барлық жүйенің қатты жұмыс істеуін қажет ететін ұзақ үрдіс. Баланың ағзасында жаңа тәртіптер мен іс- әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Американдық психолог P. Бернстің айтуы бойынша- қойылатын тәртіптер мен талаптар балалар үшін қаталдық пен ащы өмір болып есептеледі екен. Бұл кездерде ата- аналардың қателіктерінен де олардың психологиясының өзгеруіне әсер етеді. Кейбір ата- аналар баланың мектепке барғанына баса назар аудармайды, ал кейбіреулері баланың күнделікті үй тапсырмасын орындауын ғана қадағалайды. Тіпті болмай бара жатса, өздері орындап та бере салады. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған кішкентай бүлдіршін күнделікті сабақтан бестік баға алып келіп жатса, ата- ана өз жұмысының нәтижесін көргендей түсінеді. Ал, мектепке барған бала білімнің маңызын, өз алдындағы жауапкершілікті түсініп оқып жүр ме, әлде баға үшін, я болмаса марапаттау үшін бе оған мән бермейді. Оқушы мектепке қадам жасаған сәттен бастап- ақ өз өміріндегі үлкен белесті, жауапкершілікті, оның өмірде алатын орнын, өзін жеке тұлға ретінде сезіне алуы керек. Ол үшін ата- ана баламен қарым- қатынас жасағанда оның көзқарасын сұрап, баланың пікірін сыйлай білу керек. Бала өзін үлкен сезінсе, алдына қойған міндеттерді де жауапкершілікпен орындайды. Талаптардың орындалу керек екенін, жауапкершілікпен қарау керектігін түсінгенмен бала мектепке бірден төселіп кете алмайды. Өйткені бала ойын әрекетінен оқу әрекетіне бет бұрады. Көптеген зерттеушілер осы жастағы дағдарыста мынандай мәселерге көңіл бөлген:

Информация о работе Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру