Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2014 в 14:59, курсовая работа
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу мен қатынас ортасы өзгеру жағдайына еркін араласатындай етіп дайындау- аса маңызды міндет. Болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде осы міндеттің орындалу барысын зерттеу, оны орындаудың тиімді жолдарын іздестіру мақсатында мен «Мектепалды даярлық топтарында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру » тақырыбын курстық жұмыс ретінде таңдап алдым.
Кіріспе...........................................................................................................3
І бөлім. Мектепалды даярлықтың теориялық негіздері
1. 1 Қазіргі ғылыми- педагогикалық әдебиеттерде мектепалды даярлықтың мәселелері.................................................................................5
1. 2 Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері....................................................................................................14
ІІ бөлім. Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру
2.1 Мектепалды даярлық таптарындағы оқушыларды қарапайым математикалық түсініктермен таныстыру ...............................................22
2. 2 Қарапайым математикалық түсініктерді оқытудың әдіс- тәсілдері........................................................................................................31
Қорытынды..................................................................................................40
Әдебиеттер тізімі .......................................................................................42
Қосымша......................................................................................................43
0 |
3 |
5 |
9 |
|||||||
1 |
4 |
7 |
10 | |||||||
2 |
6 |
8 |
«Тура және кері санау»
Карточканы қолына ұстап тұрған бала карточканы суырып алған балаға қандай ретпен санау керектігіне «тапсырыс» береді. Сөйтіп ойын барысындағы тағы да бір күтпегендік элементі пайда болады. Мұны да ыңғайына келтіруге болады. Санау тәртібін карточканы суырып алғаннан кейін немесе суырғанға дейін анықтауға болады. Екінші жағдайда қосымша «бопсалау» элементі пайда болады. Кері тәртіппен санауға «тапсырыс» беруге болады, суырып алған карточкадағы сан «2» немесе тіпті «1» саны шықты делік. Ал егер санды өсу ретімен санауға тапсырыс берілген болса, ал суырып алынған сан «соңына» жақын болса, мысалға, 9 немесе 10 онда берілмеуге ұсыныс жасаймыз. Бала санаудың қарапайым заңдылығын түсінеді.
«Тура және кері санау» ойынын жүргізу барысында біз оқушылардың санау дағдысын қалыптастырамыз. Мекте-палды даярлық тобының баласы ойын баласы болғандықтан әртүрлі суреттер, көрнекіліктер арқылы олардың назарын аудара алуымыз қажет. Санап үйрету үшінде біз бірнеше таратпа материалдарды пайдаланамыз.
Суреттерге назар аударта отырып, оларға бірнеше сұрақтар қоямыз.
Сабақ барысында оқушылармен бірнеше рет хормен санау қажет. Бекіту кезінде балалардан жеке сұрауға болады. Берілген суреттердегі заттардың санын салыстыру арқылы жаңа сабаққа көшуге болады. Жаңа сабақтарда оқушылар салыстыруды үйренеді.
Салыстыруда «Аз, көп, тең» ұғымдары енгізіледі. Аз, көп, тең белгілерін карточка ретінде жасап, әртүрлі тапсырмалар орындатуға болады. Мысалы: мұғалім тақтада екі топқа бөліп әртүрлі бейнелерді іліп қояды. Балалар, салыстыра отырып, жауабын карточка арқылы көрсетеді. Суреттермен беріліп, бос тор көздерге сандарды жазып, салыстыруларды орындайды.
Жоғарыда көрсетілген суреттер арқылы салыстыру жүргізу оқушылар үшін өте қызықты және қолайлы болып табылады. «Атамұра» баспасынан шыққан «Математика» жұмыс дәптерінде салыстыру жұмыс-тары осындай суреттер арқылы берілген.
Түсіндіре кетер болсақ, «көп» ұғымын үйретер жағдайда түйелер санын санап салыстырады. Ол үшін оқушыларға суреттерді қоса отырып санату керек. Бұндай жұмыс барысында оқушылардың алдыңғы сабақтарда танысқан қосу, азайту амалдары жайлы білімдері беки түседі.
Ал, қосу, азайту амалдарын меңгерту әртүрлі әдістер арқылы іске асады. Бірнеше суреттерді ала отырып, оларды санатады. Берілген суреттердің бірнеше данасын қоса отырып, қосудың қалай жүргізілетінін ұғындырады.
Суреттерді көрсете отырып, әңгімелей түсіндіреді. Мысалы: Аулада екі балапан жүр еді, оған тағы екі балапан келіп қосылды. Барлығы неше балапан болды? Санайықшы.
Азайтуда оқушылардың назарын аудару мақса-тында, сыныптағы оқу-шылардың атын атай отырып, Айзадада 7 алма бар еді, оның 2- еуін Мадияр жеп қойды. Айзадада неше алма қалды?- дегендей сұрақтарды қоя отырып, қалташалардағы 2 алманы алып тастау қажет.
«Атамұра» баспасынан шыққан мектепалды даярлық топтарына арналған жұмыс дәптерінда қосу, азайту амалдары мынадай үлгіде берілген.
Балаларға қосу, азайтуды үйрету барысында ертегілерді пайдалануға болады. Мысалы: «Жеті лақ» ертегісін айта отырып, оларға суреттер арқылы бірнеше тапсырма орындатуға болады.
Оқушыларға осындай сұрақтар қою арқылы, қосу, азайту амалдарын, санауды, салыстыруды орындатуға болады. Ертегі арқылы өткізу нәтижесінде оқушылардың ойлау, сөйлеу қаблеттері дамиды.
Балаларға қарапайым математикалық түсініктерді үйрету барысында нақтылы заттар көрсетілуі немесе айтылуы қажет. Олар көзге көрінбейтін, күнделікті тұрмыста кездеспейтін заттарды біле бермейді. Сондықтан сабақта мысалға алынған әрбір нәрсе көз алдыларында тұруы қажет.
Көрсетілген жануарлардың суреттері «Аласа, биік, ауыр, жеңіл» қарапайым түсініктерін үйретуде пайдаланылады. Математика сабағын хайуанаттар бағына саяхат жасау жүйесінде алып өткізуге болады. Оқушылар қызыға отырып, әрбір аңды көру арқылы салыстырады. Әрбір аң атауын меңгерумен қатар әрқайсысына сипаттама бере алады. Сабақтарда көрнекілік ретінде көрсетіп қана қоймай, бейне таспаларды пайдалануға болады.
«Уақыт, сағат, ай, жыл мезгілдерімен» танысқанда, оқушыларға меңгеруге тиісті тақырыптарды әртүрлі жеткізуге болады. Әр жыл мезгілдерде болатын өзгерістерді айтса, оқушылар бейнелерінен ажыратып, тіпті соның суретін салып та береді.
Бұл қарапайым түсініктермен оқушылар тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында танысады. Сағат тілдерін ажырата білетін балалар де кездеседі. Алайда, барлық бала сағатты айыра білуге тиісті емес. Бұл стандартта жүктелмеген.
Уақыт түсініктерімен танысқаннан кейін әрбір балаға «Күн тәртібі» жөнінде түсінік беріп, оның маңызын жеткізе отырып, уақыттарын тиімді пайдалануға, күн тәртіптерін құруға үйрету керек.
Жоғарыда күнтізбелік жоспарда көрсетілгендей бүлдіршіндер бөлікке бөлуді де меңгерулері тиіс. Тең бөлікке бөлу, төрт бөлікке бөлу, т.б.
Бөлуге қарапайым мысалдар келтіре отрып ұғындырамыз. Содан кейін тапсырмалар орындауға кіріседі.
Әрбір қарапайым математикалық түсініктерді меңгертудің жолдарына тоқталдық. Мұғалім ойын балаларының мақсаттарын, зейіндерін бір арнаға бөлу үшін сабағын жүйелі ұйымдастыру керек. Сабақтағы көрнекіліктер талапқа сай, балаларды қызықтыратындай болуы шарт. Сабаққа бөлінген 35 минут уақытта сергіту сәттерін тиімді пайдаланған абзал.
Ал, сергіту сәттірін зейіннің ырғақтарына байланысты, уақыт аралықтарында сабақпен тікелей байланыстыра отырып жүргізу керек. Мысалы: санау барысында көбелектер санын анықтасақ, көбелек туралы сергіту сәтін жасатамыз.
Ақ көбелек ақ гүлге қонды.
Көк көбелек көк гүлге қонды.
Сары көбелек сары гүлге қонды.
Бір кезде бірге қонды.
Сабақтардың оқушының мектепке дайындығында қаншалықты маңызды болуы- ұстаздың ғана мойынында. Әрбір оқытушы өз сабағын түрлендіре өткізуге тырысады. Олардың алдыларында отырған 5-6 жасар балалар ойын баласы болып көрінгенмен, психологиялық- танымдық тұрғыда олар ең қаблетті болып есептелінеді.
Олардың қаблеттерін жойып алмай, олармен жүйелі жұмыстар жүргізілуі тиіс. Тіл дамыту сабақтарында өлең, жаңылтпаш жаттаса, сурет сабақтарында сурет салса, математика сабақтарында математикалық стилін, логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар берілуі қажет.
Оқушыларға логикалық тапсырмалар бірден берілмейді. Ол үшін әуелгіде ол балалардың зейіндерін, қабылдауларын, есте сақтауларын, байқампаздықтарын арттыруымыз қажет. Бұл мақсаттағы тапсырмалар қазіргі кезде жоқтың қасы.
Танымдық қаблеттерін арттыруға бағытталған тапсырмалар: «Не артық?», «Айырмашылықтарын тап», «Сыңарын тап», «Не өзгерді?», «Қай зат кімге тиесілі?», «Әзіл жұмбақтар», «Ұйқасын тап».
«Әзіл жұмбақтар»
Танымдық қаблеттерін арттыруға арналған тапсырмалардан кейін, сабақ барысында өткен тақырыптарға байланысты жоғары деңгейдегі тапсырмалар белілу керек.
Жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындаған оқушылармен логикалық тапсырмаларды орындауға болады.
Логикалық тапсырмалардың үлгілері мынадай:
«Дәл ортаға қандай пішінді «Бос тор көзге нені
орналастырсам екен?»
«Не өзгерді?»
Әрбір берілген тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Оқушыларды жалықтырып алмай, белгілі бір уақыттарда қызықтыра отырып орындату қажет.
Әдіс- тәсілдерді салыстыра отырып, әрбір сабақ қызыққа толы, бір- біріне ұқсамайтындай түрлендіре өткізу қажет. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген талаптарды ескере отрырып, оқушыларды мектепке дайындауда әр ұстаз өзіне жүктелген міндеттерді қатаң түрде орындауға тырысу керек.
Қорытынды
Бұл курстық жұмыста тақырыбым «Мектепалды даярлық топтарында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» болғандықтан, мен мектепалды даярлық топтарында негізгі талаптары мен міндеттерімен, мұғалімнің жұмыс мазмұнымен, қаламыздың мектептерінде мектепалды даярлық топтарында математиканы оқыту қаншалықты деңгейде орындалып жатқанын көріп, оған жүктелетін жүктемелермен толығынан таныстым.
Елбасымыздың оқытушылар алдына қойылған міндеттері нәтижелі түрде орындалуда. Даярлық топтарының бүлдіршіндері қажетті деңгейде білім алып, тәрбиеленіп жатыр. Математика пәнін оқыту жағдайына кеңінен тоқталар болсам, оқушылар бағдарламада көрсетілген білуге міндетті қарапайым математикалық түсініктерді жетік меңгеруде. Оқытушылар әркім өз әдістері арқылы әр сабақтарын жүйелі, қызықты өткізуде. Математикадан «Атамұра» баспасынан шыққан №1,2 жұмыс дәптерлерін пайдалануда.
Математикаға қатысты балаларға өзіндік жұмыс дәптерлері, ата- аналар мен ұстаздарға арналған нұсқаулар бүгінгі таңда жоқтың қасы. Себебі, «Математика- ғылымдар атасы» болып есептелгендіктенде қызықты оқулықтар саны шексіз. Қызықты суреттермен безендірілген оқыулықтарды, жұмыс дәптерлерін мектепалды даярлық тәрбиеленушілерінің қолдарынан байқауға болады. Олар қызыға жұмыс жасап, пәнге деген сүйіспеншіліктері артуда. Алайда, ол да ақылы болып табылғандықтан кейбір оқушыларда үшінші тоқсанға дейін қажетті оқулықтар жоқ. Ата- аналар баланың оқу жұмысына дайындағына аса көңіл бөле қоймайды. Мектепалды даярлық тобын міндетті емес деп есептеген ата- аналардың әсерінен сабаққа қатысу деңгейлері нашар. Әрине, оқытушылары бұл кемшіліктермен күресу үстінде. Уақыт өте келе заман талабы күшейген сайын бұл жетіспеушіліктер шешімін өздігінен табады деген ойдамын.
Курстық жұмысымның практикалық бөлімінде мектепалды даярлық топтарына қатысты бағдарламаларды қарастыра отырып, математика пәнінен меңгеру керек қарапайым математикалық түсініктерді топтастырдым.
Атап өтетін тақырыптар: биік- аласа, кең- тар, үлкен- кіші, ұзын- қысқа
жуан- жіңішке, төрт бағдар , он көлеміндегі сандарды санау, қосу, азайту, салыстыру, геометриялық фигуралар.
Қарпайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда әртүрлі әдіс- тәсілдерді пайдалану, әр сабақты түрлендіріп өткізу, тақтаны әркез көрнекілікпен безендіру сияқты жұмыстар жүйелі жүргізіліп отыруы қажет.
Ал, жұмыстарын жүргізудің әдіс- тәсілдеріне келер болсақ, мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясын ескере отырып, бала әрекетінің негізгі мазмұны ойынға байланысты болатындығынан мұғалімдер сабақтарды ойынға байланыстыра өткізеді. Ойынның бала үшін маңызы екінші бөлімнің екісінде айтылған.
Ал, дидактикалық ойындардың қажетті түрлері оқушыларға арналған жұмыс дәптерлерінде де берілген. Оны балаға дұрыс орындатып, сабаққа бөлінген уақыттың бір минутын бос өткізбей, бағыт- бағдар беру мұғалімнің жұмысы.
Ойын баласы болып есептелетін бүлдіршіндерді оқытуда мұғалімдерге әдіс- тәсіл ретінде ескеру керек жағдай RWCT стратегияларын мектепалды даярлық сыныбында көрнекілік арқылы қолдану тиімділігі.
Зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып байқағаным: мектепалды даярлық топтарының өзіне де дайындығы әртүрлі балалар келеді. Қазақстан мемлекетінің 2005- 2010 жылға арналған білім бағдарламасы үш жасқа толған балаларды балабақшамен толық қамтуды жоспарлаған болатын. Алайда материалдық базаға сәйкес бұл жоспар жүзеге аспаған. Міне, осы себепті де мектепалды даярлық тобына қабылдауда балалардың танымдық қабілеттерін, психологиялық дайындықтарын ескеріп, топ бойынша сұрыптау қажет.
Сонымен, бүгінгі бала- ертеңгі еңбек етуші, тұтынушы, қоғамның бір мүшесі, мемлекетіміздің болашағы. Ендеше, әрбір оқытушы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш буын арасындағы сабақтастықты сақтай отырып, ұрпақтың дүниетанымын дамытуда математиканың алатын рөлін ескере отырып, математика сабақатрын жүйелі түрде әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, қызықты, нәтижелі өткізу қажет.
Жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, тәрбиелеу мен білім беруге аса жауапты қараса, оқушыларымыз жүйелі, саналы білім алып, еліміздің өркендеуіне үлес қосады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Мектепалды даярлық топтарында математиканы оқытуды ұйымдастыру