Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 11:53, курсовая работа
Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.
Кіріспе.................................................................................................................3
1
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері……………………………...………………........…8
1.1
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..............................................................................................................8
1.2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................................................................................15
1.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері......................................................................................................24
2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері................................................................32
2.1
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері ……………………………..................................32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері...............................................................................................................35
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................................................................................................41
2.4
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58
Қорытынды..............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................
Дидактикалық ойын: "Не қайда тұрады?"
Тәрбиеші: Балалар, сендер орманға саяхатқа барғыларың келе ме? (Ия) Ендеше мына суретке қараңдаршы, біз орманға тез бару үшін қай жолмен жүрсек тез барамыз? (Балалар: Қоянның жолы қысқа).Ал кірпінің ше? (Балалар: Ұзын деп жауап береді.)
Дидактикалық ойын: "Ұзын – қысқа жолдар"
Тәрбиеші: Балалар орманда нелер мекендейді? (Балалар: құстар, аңдар, жәндіктер). Ендеше түлкі сияқты жүріп барайықшы. Аю сияқты қорбаңдап барайықшы. Қоян сияқты секендеп жүріп барайықшы. Көбелек сияқты жеңіл аяқтың ұшымен жүріп барайықшы. Құстар сияқты ұшып барайық. Құмырсқа сияқты жүріп барайықшы.
Тәрбиеші: Біз орманға келдік, қараңдаршы айналада нелер өсіп тұр? (Ағаштар). Орман іші қандай тамаша таза ауамен демалайықшы (жаттығу). Ой, балалар, мына саңырауқұлақты қараңдаршы, қандай әдемі!
Көрініс: "Саңырауқұлақ саясында"
Бастаушы: Көктем келді.
Жер көгерді.
Табиғат әсем,
Күйге енді.
Дала гүлге бөленді.
Шалғынға енді.
Құмырсқа келеді.
Құмырсқа: Шалғынға енді жатайыншы,
Рахатқа батайыншы.
Қыс бойы тоңазыдым.
Көктемді аңсап мен сағындым. (Аспан түнере бастайды жаңбыр жауғалы тұр).
Құмырсқа: Бұлттар бері жылжыпты,
Жаңбыр сірә төгеді.
Мына саңырауқұлақ пана болса
Бізге тиер көмегі. (Құмырсқа саңырауқұлақтың астына жасырынады).
Көбелек: Күшім кетіп әлсіреп,
Қанатым су боп жабысып.
Алшы мені қасыңа,
Пана берші басыма.
Құмырсқа: Кел, кел. Сен кішкентайсың ғой, екеуміз сыярмыз.
Көбелек: Рахмет, саған құмырсқа!
Бастаушы: (Жаңбырға қатты су болып ұша алмаған соң, торғай да саңырауқұлақтың саясына жасырынуға келеді).
Торғай: Жаңбыр қандай күшті еді,
Ұша алмадым мені көр!
Бас сауғалап келіп ем,
Жандарыңнан орын бер.
Құмырсқа мен көбелек.
Торғай: Рахмет сендерге (сол кезде қоян жүгіріп келеді).
Қоян: Түлкі қуып есім кетті.
Айналайын аңдар – ау!
Маған пана болыңдар,
Жасырыңдар, қорыңдар.
Үшеуі қосылып: Тұра ғой қосыл да, жасырамыз осында.
Түлкі : Ор қоянды орғыған көрдіңдер ме, балақайлар – ау?
Бәрі: Жоқ, жоқ. Көрген жоқпыз.
Түлкі: Әлі – ақ қолға түсерсің (кетіп қалады).
Бастаушы: Міне,жаңбырда басылды,
Аспан шайдай ашылды
Аңдар саңырауқұлақтан шықты.
Бір – біріне қарасты,
Таңдана былай таласты.
Құмырсқа: Мен жалғыз өзім зорға сыйған,
Саңырауқұлақ сыйқыр ма?
Көбелек: Біз бәріміз сонша кішіміз ғой.
Торғай: Көңіл сыйса бәрі сыяды.
Қоян: Екі адам ығысса бір кісіге орын табылады. (осы кезде бақа "бақ - бақ" етті).
Бақа: Ей, саңырауқұлақ өсіп кетті, соны да білмегендерің бе?
Бастаушы: Аңдар ән салады. Ән бақаға арналады.
Бақа, бақа балпақ, басың неге жалпақ?
Бақа: Темір телпек көп киіп, басым содан тостақ.
(Әрбір қатысушы сөзін бір шумақ таппақ айтып аяқтайды).
Құмырсқа: Менің атым құмырсқа
Шаршамаймын жұмыста
Дән тасимын жаз бойы
Демаламын мен қыста.
Көбелек: Әсем көйлек кигенім
Әдемі гүлдер сүйгенім.
Өте нәзік жәндікпін
Жаз бағасын енді ұқтым.
Торғай: Мен торғаймын, торғаймын,
Суықта да тоңбаймын
Құрт – құмырсқа, шіркейден
Бау – бақшаны қорғаймын.
Қоян: Орғып – орғып жүгірген ор қоянмын,
Жазда жүні өзгерген сұр қоянмын.
Сұр болсам да баяғы сол қоянмын!
Дидактикалық ойын: "Өлі және тірі табиғат".
Ойынның шарты: Балалар тірі табиғат дегенде қолдарын көтереді, өлі табиғат дегенде қолдарын төмен түсіреді.
Тәрбиеші: Балалар мына ағашқа қараңдаршы, мұнда хат бар екен. Балалар қалай ойлайсыңдар бұл хатты кім жазған екен?
Балалар: Орманшы ағай т.б.
Кәне, хатта не жазылған екен көрейікші.
Ендеше мақал – мәтелдер, тиым сөздер айтып, гүлді құрастырамыз.
Бір ағаш кессең,
Он ағаш отырғыз.
Ел көркі мал,
Өзен көркі тал
Сулы жер нулы жер
Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
Құстың баласын қорлама.
Көкті таптама.
Жерді шұқыма.
Гүлді үзбе
Құмырсқа илеуін бұзба.
Тосын сый: Осы кезде орманшы ағай келеді.
Орманшы ағай: амансыңдар ма балалар, сендер табиғатты сүйесіңдер ме? (Ия.) Табиғат дегеніміз не? Табиғат аясында тіршілік етіп, өз қорегін өзі тауып жейтін жануарларды қалай атайды? (жабайы аңдар) Жыл құстарын білесіңдер ме? (Қарлығаш, аққу, қараторғай, ұзаққарға, көкек т.б.) Жарайсыңдар, балалар, сендер "жас эколог" деген атқа лайықсыңдар. Менің сендерге алып келген сыйым бар. Мына төс белгіні сендерге сыйға беремін. Әр қашан табиғаттың қорғаушысы болыңдар.
Оқу іс - әрекеті үлгілері: Көктем келді өлкеме!
Мақсаты: Балаларға көктем мезгілінің ерекшеліктері, ауа-райының өзгерістері туралы жан-жақты түсінік беру, қоршаған орта туралы ұғымын тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар, бізге Жұмбақбай ата қонаққа келді. Ол құр келмеген, біздің білімімізді, өнерімізді байқау үшін тапсырмалар әкеліпті. Жұмбақбай ата: Менің мынау қоржынымда асықтар бар. Ол асықтар түрлі-түсті. Ендеше тапсырмалар да әр түрлі болмақ. Осы асықтардың түсіне сай, конверттерде тапсырмалар жазылған.
Тәрбиеші: Жұмбақбай атаның қоржынынан асықтарды бір бірлеп алып тапсырманы орындауға кірісейік (Жұмбақбай ата отырады) Бала қоржыннан жасыл түсті асықты алып көрсетеді.Жасыл коверттегі тапсырманы орындау.
Тәрбиеші: Қазір жылдын қай мезгілі? (көктем мезгілі) Көктемде неше ай бар? (үш ай бар, наурыз, сәуір, мамыр) Көктемгі ауа-райының ерекшелігі? Ағаштар бүршік жарады, құстар ұшып келеді. Ендеше асық та көктемдей жасыл түсте екен. Көктемгі табиғат құбылыстарын атау?(жаңбыр, бұлт,күн, кемпірқосақ )
Сергіту сәті: (қимылмен көрсету) Күн ұйықтайды,
Күн оянады.
Жел соғады
Жел қатты, қатты соғады.
Найзағай шатырлайды
Жаңбыр жауады
Жаңбыр басылды
Күн ашылды.
Ойын: «Сипаттау арқылы жұмбақтың шешуін тап». Балалар күн, жаңбыр, бұлтты сипаттайды өз сөздерімен, бір бала соны суретіне қарамай, ойланып табу керек.
2 тапсырма. Бала көк асықты алады, көк конверттегі тапсырманы орындау.
Тәрбиеші: Балалар, көк асық көк конвертті не үшін алдық деп ойлайсыңдар. Себебі біздің туымыздың түсі қандай? Көк түсті, көк аспандай екен. Біздер осы қай қалада тұрамыз? (Ақтөбе қаласында).
Қандай бала бақшаға барамыз, қалай аталады? «Нұрсәт» балабақшасы.
Тәрбиеші: Астана, Отан туралы тақпақ білесіңдер ме? (тақпақтар айтады)
Сергіту сәті: Отан – менің ата-анам,
Отан – досым, бауырым.
Отан - өлкем, астанам.
Отан – аудан, ауылым.
Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар, енді келесі тапсырма қандай екен?
3 тапсырма: Бала қоржыннан сары асықты алады.Сары конверттегі тапсырманы орындау.
Тәрбиеші: Жұмбақбай атайдың жұмбағын шешу осы жұмбақтың шешуі біздің білетін ертегіміздің атауы екен.
Жұмбақбай атай:Өзі бір қу, жүрген жері айқай да шу.
Балалар: Түлкі.
Жұмбақбай атай: Жазда қыдырады,
Қыста тынығады. (Аю) Ой, жарайсыңдар балалар, тапқыр екенсіндер.
Тәрбиеші: Балалар бұл аңдарды бір сөзбен қалай атауға болады,
олар қайда өмір сүреді? (Жабайы аңдар). Ендеше, алдарынызда «Сараң қонжықтар» ертегісін ортаға шақырамыз. Ертегі «Сараң қонжықтар» кейіпкерге енеді.
Түлкі: Избасқанова Анель
Қонжықтар: Сейтқали, Аружан-Аяжан.
Ертегі аяқталғанда, ертегі кейіпкерлері, топ балалары бәрі бірге айту:
Біз біргеміз, біргеміз
Үзілмейді іргеміз
Аясында достықтың
Бірге жүреміз бірге біз.
4 тапсырма: Қызыл асықты алу, қызыл конверттегі тапсырманы орын-
дау.
Тәрбиеші:Балалар, бұл ойын арқылы өзіміздің тапқырлығымызды көрсетуіміз керек.
Ойын: «Не артық?»
Суретте « Үй жануарлары және жабайы аң».
Балалар атайды, топтайды, не артық екенін, неге екенін айтады.Неліктен үй жануары, жабайы аңдардан айырмашылығы, пайдасы, қызметін атайды.
Сергіту сәті.
5 тапсырма: Ақ асықты алу, ақ конверттегі тапсырманы орындайық.
Тәрбиеші: Бұл тапсырмада геометриялық пішіндер берілген. Қандай геометриялық пішіндер көріп тұрсыңдар? (Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы.) Неше жолақ бар? (Үш жолақ бар.) Қазір жақсылап анықтап қарап алып, қай жолақта қандайгеометриялық пішін жетіспейтінін көрсетіп, орнына тауып қоямыз.(Балалар тапсырманы орындайды.) Біздер қандай геометриялық пішіндерді атадық , тағы қандай пішіндер білеміз?
(Сопақша, тікбұрыш(суретін көрсету).
Жұмбақбай атай: Ой, жарайсыңдар, балалар!
Тәрбиеші: Балаларі өздеріңізге таныс геометриялық пішіндерді пайдалана отырып ұшып келген құстарға ұя жасайық . (Балалар дайын пішіндерден құстың ұясын қағаз бетіне орналастырып жапсырады.)
Жұмбақбай атай: Мен өте риза болдым, сендерге әкелген сыйлығым бар ( сыйлығын береді )
Балалар: Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау - басым ақылды,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау - менің оң қолым
Мынау - менің сол қолым
Барлық істі басқарған.
( Жұмбақбай ата қоштасып шығып кетеді )
Тәрбиеші : Балалар, өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар!
Мақсаты: Балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Күз мезгілінің ерекшелігін түсіндіру, күз байлықтары - көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру.Табиғатты сүю арқылы Отанын сүюге тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Тәрбиеші: Жақсы,балалар орнымызға отырайық. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Күз сыйы».Алдымен күз туралы мәлімет беріп өтейін.Күз –жыл мезгілінің бірі. Күз –мерекелі,берекелі ай.Күз дегеніміз байлық ,молшылық. Себебі,күзде жеміс-жидектер,көкөністер пісіп жетіледі.Сонымен қатар егіншілер егін орып,астықты қамбаға құяды.Күзде қысқа әзірлік жасайды. Айтыңдаршы күзде қандай табиғат құбылыстары байқалады? (Күн суытады,жаңбыр жауады,жапырақтар сарғайып жерге түседі,құстар жылы жаққа ұшып кетеді). Күз айлары қандай? (қыркүйек, қазан,қараша). Дұрыс,енді балалар жемістер мен көкөністер жайлы білетін тақпақтарыңды айтыңдаршы.
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Күздің қазан айында
Алма,алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып
Үзіліп жерге түседі.
Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Менің атым – қызылша
Жей бер қарның тойғанша.
Күзде жайнап ашыла
Күннің нұры көшкендей.
Алма ағаштың басында
Қызыл қарбыз өскендей.
Жейдектердің
Таттық дәмін.
Жемістердің
Жейміз бәрін.
-Өте жақсы, көп тақпақ біледі
екенсіңдер.Әрі қарай
Ән : «Ағаштар».
Балалар, шаршаған боларсыңдар,кішкене бой жазып алайық.
Сергіту сәті : Дидактикалық ойын : «Түсіне қарай топтау» түрлі-түсті қалташаларды пайдаланамыз. (ойынның шарты бойынша әр бала жемісті түсіне қарай ажырата білуі керек) Жақсы,балалар.Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.