Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 11:53, курсовая работа
Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.
Кіріспе.................................................................................................................3
1
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері……………………………...………………........…8
1.1
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..............................................................................................................8
1.2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................................................................................15
1.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері......................................................................................................24
2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері................................................................32
2.1
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері ……………………………..................................32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері...............................................................................................................35
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................................................................................................41
2.4
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58
Қорытынды..............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................
- тәрбие үдерісіне үздіксіз және дамытушы үдерістерге деген біртұтастық көзқарасты басшылыққа алып, патриоттық мұратты негіз тұтатын жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;
- міндеттерді кешенді түрде
шешу, белгілі жағдайда оның барлық
жақтарын үйлестіру
- оқу-тәрбие үдерісінің әр
Зерттеу жұмысымыздың нәтижелеріне және тәлім-тәрбие жұмыстарынан келіп шыққан тарихи педагогикалық тәжірибелерді негізге ала отырып мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағыттарын айқындау маңызды деп есептейміз.
Отансүйгіштікке тәрбиелеуде мынадай басты мәселелер қамтылуы керек:
- балабақша практикасындағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып балалар жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау;
- оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу;
- жас буындарды патриотизмге
тәрбиелеудің теориясы мен
Отансүйгіштікті қалыптастырудың мәнін, оның қоғамға қажетті екендігін төмендегідей негізгі белгілер сипаттайды:
а) Патриотизм - қажеттілік. Ол өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өмірлік іс-тәжірибені игеруі, Отансүйгіштік, яғни патриотизм арқылы патриоттық сананың қалыптасуы, аға ұрпақтың өндірісте орнын басуы, оларды алмастыруы қажеттілігінен туады. Нәтижесінде жас ұрпақ ер жеткен соң Отанын, жерін, халқын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихы мен мәдениетін, тілін т.б. құрмет тұтып, аға ұрпаққа қамқорлық жасайды.
ә) Патриотизм - мәңгілік. Бұл халық дәстүрлері негізінде адам баласының бойында жинақталған ерекше белгі - патриоттық қасиет. Ол әрбір жеке тұлғаның бойында бір этикалық формаға ие. Осы қасиеттер жиынтығы арқылы ғана әрбір тұлға өз отанының патриоты бола алады. Патриоттық қасиет, патриотизм – еркіндікті, ерлікті сақтаудың негізі. Сондықтан да патриоттық қасиет, патриотизм ұрпақтан ұрпаққа беріліп, үздіксіз жалғасын табуы қажет.
Отансүйгіштікке тәрбиелеудің түрлі формалары мен әдістерін пайдалану барлық жұмысты мақсатты мазмұнға және мақсатты бағытқа біріктіруге мүмкіндік береді.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс-шаралардың тиімділік көрсеткіштерін анықтауда мыналарды ұстанған жөн:
1. Диагностикалық зерттеу
2. Патриотизмді қалыптастыру
3. Зерттеу барысында сыналатын
субъектілердің бір-біріне
Сонымен халықтың педагогика мұралары
мен одан бастау алған ғылыми ізденістер,
зерттеулер мен озат педагогикалық тәжірибелерге
талдау жасау негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесін қамтамасыз
ететін төрт педагогикалық шарттарды
(педагогикалық-
Талданған педагогикалық шарттарды іс- әрекетте жүзеге асыруда олардың әрқайсысы өзіндік қызмет атқарады. Жоғарыда көрсетілген педагогикалық шарттардың қызметтік жүйесі және бұларды іске асырудың әдістемесі практикада тексеріліп, оң нәтижелерге жеткізетін іс-әрекеттер жиынтығы ретінде көрсетіледі.
1.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің
мүмкіндіктері
ХХІ ғасыр- ғылым мен техниканың көз ілеспес жылдамдықпен даму заманы, сондықтан уақыт талабына сай білімді де парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың алға қояр басты мақсатымыз. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана- қабілетінде, түсінік- талғамында, мінез- құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту- ойын, оқу, еңбек іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады. Баланың іс-әрекеті неғұрлым алуан түрлі болған сайын, оның төңіректі тануы мен танымдық қабілетінің дамуы жан-жақты болып келеді. Іс-әрекеттің барлық түрінде де ол іскерлікті үйренеді, белгілі бір қарым-қатынасты игереді, тіл үйренеді. Дұрыс бағыттағы басшылық тіл дамыту міндеттерін шешуге бағытталған педагогикалық ықпалдың тиімділігін арттырады [42].
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жасты зияткерлік, тұлғалық әлеуметтік және эмоционалдық дамуын стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту дамыту ісіне ерекше көңіл бөлді [43].
Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жеке басын дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, білім беру мазмұнының жаңарту, болашақ ұрпақ тәрбиесін жаңа сапалық деңгейге көтеру, балаларды шамадан тыс жүктемеден сақтайтын және білім мазмұнына міндетті миниумы мен бала дайындығына қойылатын талаптар деңгейін белгілейтін мелекеттік құжат – жаңа стандарт дүниеге келді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты және мемелекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемелекеттік жалпыға міндетті стандартының жаңа нұсқасы қолданысқа енгізілді. Осы жаңа стандартта педагогикалық процестерді ұйымдастыру негізгі үш принципті: кіріктіру, жіктеу және жекешелендіруді іске асыруды болжайды.
ҚР МДТО МЖМБС-ына сүйеніп жасалған жаңа бағдарламалар («Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз») кешенінің мазмұнын іске асыру әрқайсысының жеке бөлімдері мен мақсатты бағыттары бар негізгі білім беру салаларымен тығыз байланысты жұмыстарды қарастырады [44].
Білім беру салаларының арасындағы байланыстарға негізделген және олардың нақты саласы білім жүйесінің біртұтастығын көрсетіп беретіндей етіп материалдың кіріктірілуі бағдарламалардың өзгеше белгісі болып табылады. Кіріктіру педагогқа балалардың жеке дара ерекшеліктерін, олардың жақын даму аймағын ескере отырып, бір және бірнеше білім саласы шеңберінде мазмұнды үйлестіруге және материалды түрліше түйдектеуге құқық және мүмкіндік береді.
- мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыру;
- бес білім беру саласынан («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекеттердің кіріктірілуі;
- құзыреттіліктің даму
Жаңа стандарттың және бағдарламалар кешенінің құрамына орай қазіргі технологиялық тұрғыдан педагогикалық процестер ұйымдастырылады. Сонда:
- мектепке дейінгі білім беру
сапасын бағалауды іске
- күтілетін нәтиже ретіндегі
мектепке дейінгінің - баланың түйінді
құзыреттіліктері баланың жеке-
- мектепке дейінгі баланың
- баланың жас және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, оның құзыреттілік даму деңгейін қамтамасыз ету, балаларға білім беру қызметін көрсететін әр түрлі типті мектепке дейінгі ұйымдар іс-әрекетінің сапалы диагностикасын және мониторингін жүргізу арқылы тиімді бағалау үшін жағдай туғызу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қажетті деңгейіне және мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру саласындағы дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес келуіне қол жеткізу сияқты индикатордың қызметін айшықтап көрсетуге болады;
- баланың әр құзыреттілігінің дамуын үш деңгей (бірінші деңгей – бала қандай да бір әрекетті қайта жаңғырықтырады, екінші деңгей – бала не істегенін түсінеді, үшінші деңгей – бала нені білсе, соны қолданады) бойынша қадағалауға арналған білім беру салалары мазмұнынан туындайтын индикатордың жасалған жүйесін пайдалануға болады;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған бағдарламалар кешенінде келтірілген әр түрлі жастық топтағы балалардың мүмкіндіктері мен тұлғалық сапаларының сипаттамаларын ескеру керек болады [46].
Әр білім саласы бойынша мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу және оқыту бағдарламалары мазмұнды ғана емес, сонымен бірге құралдарды, түрлері, әдістерді, тәсілдерді, балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру және басқару технологиясын, яғни педагогикалық процесті анықтайды, сонда:
- педагогикалық процесс білім беру салалары мазмұны арқылы іске асырылады;
- педагогикалық процесс
- педагогикалық процесс қарым-
- педагогикалық процесс
- педагогикалық процесс