Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 11:53, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

1
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері……………………………...………………........…8
1.1
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..............................................................................................................8
1.2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................................................................................15
1.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері......................................................................................................24

2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері................................................................32
2.1
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері ……………………………..................................32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері...............................................................................................................35
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................................................................................................41
2.4
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58


Қорытынды..............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.docx

— 192.40 Кб (Скачать файл)

Ал, С.Иманбаева [31]: «көпұлтты Қазақстан үшін қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі бағыттары: бірінші – ұлттық экономиканың дамуы, қалыптасуы мен оның халыққа қызмет етуі, екінші – Қазақстанды мекендейтін халықтардың еркін дамуы, тілі, діні, мәдениеті, әдет-ғұрпы және мемлекетке атын берген ұлттың тілін, дінін құрметтеу мен сол елді Отаным деп тану, тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бір адамдай ат салысу, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарау, үшіншіден - өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту және т.б,» - деген анықтаманы береді.

Д.Құсайынова [32] «патриотизм» дегеніміз – адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол – әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді, - деп анықтайды.

Отансүйгіштік мазмұнына мыналарды жатқызған жөн: адамның өзі туып-өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі; ана тіліне құрметпен қарау; Отан мүдделеріне қамқорлық жасау; азаматтық сезімдердің көрініс беруі және Отанға адалдықты сақтау, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау; әлеуметтік және мәдени жетістіктерге деген мақтаныш; Отанның тарихи өткеніне және одан қалған мұраларға, дәстүрлерге құрметпен қарау; өз еңбегін, күш-жігері мен қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылу», - деп мазмұндық сипаттама береді.

Өркениетті ұлт ең алдымен өзінің тарихымен, мәдениетімен көрінеді. Ендеше сол ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп келер ұрпаққа аманаттау – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болып, ал оның алға қойған міндетінің түпкі мәні ұлттық құндылықтарды түгендеп, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу болып  отыр. Бұл тұрғыда кешенді тарихи туристік-өлкетану нысандары  (тарихи кешендер) ерекше маңызға ие болады. Олар оқушыларға патриоттық тәрбие берудің міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі, білімдерін нығайтуға мүмкіндік жасап, оларды қоғамдық өмірмен байланыстыруға жағдай тудырады [33].

Отансүйгіштік – адам тұлғасының, оның рухани дүниесі мен тіршілік іс-әрекетінің барлық жақтарымен байланыстағы маңызды, түпкілікті қасиеттерінің бірі деп есептейміз. Отансүйгіштік тұлғаның дүниетанымдық жетілуі, адамгершілік сенімділігі, құндылықтарды бағалай білу біліктілігі, азаматтық бағыт-бағдары, оның өмірлік көзқарасы тәжірибелік мінез-құлқы көрсетіледі. Сондай-ақ, туристік-өлкетану іс-әрекеттерінің  адамға жан-жақты әсер ете алатын танымдық қасиеті болғандықтан, ол оған барлық осы аспектілерді, патриоттық сана, сезім және іс-әрекетті қалыптастыруға мүмкіндік жасайды [34].

Демек,  отансүйгіштікке тәрбиелеу – оларды жаңа заманның талабына сай көпұлтты қазақстан халқының болашағын қамтамасыз ету үшін өзін-өзі дамытуға дағдыландыру, белсенділікке, біліктілікке, шығармашылыққа бағдарлау, ұлттық құндылықтарға, атап айтқанда мәдени мұра нысандарына сүйене отырып, ішкі жан дүниесін, қоғамдық санасы мен патриоттық сезімін, туған өлкесіне сүйіспеншілігін дамытып, қалыптастыру деген анықтама береміз.

Отансүйгіштік тәрбие мазмұнын «патриотизм» ұғымы тұрғысында қарастыра келе, туристік-өлкетану осы белгілердің топтарын көрсетеді, соның ішінде, «Туған өлкем» тақырыбы бойынша біріккен белгілер тобы жетекші орын алады деуге болады. Бұл өзінің ерекше тұрақтылығымен, ғасырлар бойы тұрмыста орнығып, патриотизмге тәрбиелеудің негізін салады деп түсіндіріледі. Белгілердің нақ осы тобы балаларға арналған мұражайларда кең көлемде орын алады, себебі бала туған өлке, ел, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тілге деген үйреншікті сезімдеріне ерте кезден ие болғанымен, аса жете түсінбейді. Патриотизмнің ұстанған басқа белгілері, негізінен саналы түрде оның мазмұны мен бұқаралық мәнін қабылдап түсіне алатын кезде мақсатты түрде тәрбиенің ықпалымен мектепте қалыптастырылады [35].

Бұдан басқа тағы бір ескеретін жағдай, патриоттық тәрбие беру процесінде оқушылардың жай қызығушылығын қалыптастыру мен шектелуге болмайды (мұражай экспонаттарын көруге деген ықыласын аудару, сондай-ақ, сезімін ояту). Жаңа білім алу процесін жандандырып және түрлендіруге қабілетті танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажет.

Туристік-өлкетану процесі дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырудың ықпалды құралы ретінде, адамгершілік қасиеттерін, моральдық интеллектуальдық ортасын, олардың тұлғалық сезімдерін байытады. Өз елінің қазақстандық патриотизмін қалыптастыру  мазмұндағы рухани-мәдени мұраларын көріп, танып білу оқушыларға патриоттық тәрбие берудің құрамдас бір бөлігіне айналады. Оны туристік- өлкетану процесінің мүмкіндіктері де дәлелдейді.

Мысалы, Алматыдағы Абай ескерткішінде ұлы ойшыл Абайдың сол қолында қолтығына қыса ұстаған кітабы, оң қолы желбегей жамылған шапанының шалғайында терең ой үстінде келе жатқан ақын бейнесі халықтың қамын ойлап, олардың қамқоршысы, мүддесін жақтайтын күрескер, өнер-білімді уағыздаған ағартушы ретінде кең даңғылға еркін адымдап бара жатқандай әсер қалдырып, адал, мейірімді, ақылды азамат болуға, өз халқының лайықты қорғаны, батыры, ең бастысы – «Адам» болып қалуға деген үлкен үміт артып тұрғандай көрініс беріп адамның одан әрі қалыптасуына, патриоттық сезімдерінің оянуына ықпал жасайды.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу тұлғаны қалыптастыру процесінің маңызды және құрамдас бөлігі ретінде тәрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптерінің негізінде жүзеге асатындықтан, ғылыми-педагогикалық еңбектерді сараптай келе, елжандылық тәрбиенің принциптері 1) сабақтастық және үздіксіздік; 2) жүйелілік; 3) аймақтық; 4) икемділік пен баламалық;  анықталды.  

Ғылыми еңбектерді саралап, ғалымдардың пікіріне сүйене келе, елімізде қалыптасқан толеранттықтың (төзімділік) негізінде бірнеше факторлар анықталды. Бірінші фактор – Қазақстан азаматтарының елдің болашағына сеніммен қарауы.

Екінші фактор – еліміздің өткен тарихы мен халықтың бай психологиясы.

Үшінші фактор – Қазақстан халықтарының басым көпшілігін құрайтын қазақ халқының өзіндік ерекшелігі.

Төртінші фактор – қазақ халқы ұрпағын кек сақтамайтын етіп тәрбиелей алу қасиеті.

Бесінші фактор – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған дастан, жырлар, қазақ даласының ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, жыршы Асан Қайғы, Бұхар жырау, Махамбет Өтемісұлылар мен кейінгі қазақ зиялыларының шығармалары арқылы бүгінгі ұрпаққа еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілікті дәріптеп, зерделеуге мүмкіндіктің болуы [36,37,38].

Алтыншы фактор – Қазақстан елінің мемлекеттік тілі – қазақ тілінің ресми бекітілуі.

Жетінші фактор – көпұлтты Қазақстанның арасында татулық пен келісімнің болуы.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу теориясы: отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттарына, мүмкіндіктеріне, құрылымдық бағдарламасына, оны оқыту курсына, кезеңдеріне, әдістер жүйесіне, формаларына, нәтижелеріне, проблеманы шешудің моделі мен көрсеткіштеріне байланысты танылатындығы айқындалды.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу практикасы отансүйгіштікке тәрбиелеу бағдарламасынан, әдістемелік құралдарынан, әдістемелік нұсқауларынан құралатындағы танылды. Сонымен қатар балалардың елжандылық білімін, танымдық  іс-әрекеттерін, тәрбие нәтижесін талдау іс-әрекеттерін білдіреді.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағыттары мен мазмұны ретінде мыналар танылады: еліміздің өткен тарихы мен халықтың психологиясы Қазақстан азаматтарының елдің болашағына сеніммен қарауы; Қазақстан халықтарының басым көпшілігін құрайтын қазақ халқының өзіндік ерекшелігі; қазақ халқының өз ұрпағын елжандылыққа тәрбиелей алу қасиеті; ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған дастан, жырлар, қазақ даласының ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, жыршы Асан Қайғы, Бұхар жырау, Исатай мен Махамбет, кейінгі қазақ зиялыларының шығармалары арқылы бүгінгі ұрпаққа еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілікті дәріптеп, зерделеу; XIX ғасырда қазақ мәдениеті мен тілін зерттеген ғалымдардың  “түркі тілдерінің ішінде ең таза тіл – қазақ тілі” деп бағалауын халықтың тілі халықтың ой-пікірлерінің айнасы елдің бірлігі қасиеттерінің айнасы ретінде танылуы; Қазақстанның көпұлттары арасында татулық пен келісімнің болуы; Елбасы өзінің жолдауында қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісім мен ықыластылықты одан әрі нығайтуды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтуі; қазіргі кезде қоғамдық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайтуға талапты күшейтіп жатқан шақта, мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы этносаралық келісім, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына жауаптылығы; Қазақстанды мекендейтін басқа ұлттар мен ұлыстар да қоғам алдында өз жауапкершілігін сезінуі; елжанды қоғам мүшесі басқаларға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар тұлғалық  сипаттамалармен  даралануы; елжанды адамның жеке тұлғалық сапасының өзіндік көріністері болу керектігімен сипатталуы [39].

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу нәтижелері ретінде есептейтініміз: елжандылық қасиеттерін үйренуге талпынысы; отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы әлеуметтік мәнін түсінуі; отансүйгіштікке баулитын  бейнелерге қызығушылығы және аялы көзқарасы; мәдени мұра құндылықтарын елжандылық сезіммен қабылдауы; отансүйгіштікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін білуі және түсінуі; отансүйгіштік бейнелерге еліктеуі, үлгі тұтуы; отансүйгіштік көзқарасын көрсете білуі; әңгімелей білуі, оған деген өз ойын жеткізе білуі.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу принциптері ретінде: оқу-тәрбие үдерісінің тұлғалық бағыттылығы; оқытудың мақсаттылық принципі; түсініктілік принципі; ғылымилық принцип; саналылық пен белсенділік принципі; беріктік принципі; дидактикалық жүйелілік принципі; көрнекілік принципі; тәрбиелеп оқыту принциптері саналады.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу ұштастыра жүргізуі үшін педагогтардың басшылыққа алатын шарттарымен анықталады. 

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары:

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу тәрбиелеудің бірінші шарты - салалық тәрбие берудің теориясы мен практикасына, мазмұнына, әдістеріне оларды өзара бірлік негізінде қарастыру, балалардың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес ендірілетін материалдарды меңгертудің оңтайлы жұмыс түрлеріне сараптама жасау олардың қоғамдық-тарихи объективті қажеттілігін ұғынуға байланысты екендігін және оны қоғамдық, педагогикалық мұрат, деңгейіне көтергенде игілікті нәтиже беретіндігіне көз жеткізілді.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу тәрбиелеудің екінші шарты – балаларға отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмысының мақсаты мен міндетін нақты ұғынуы тиіс. Осы мақсат-міндеттерге сәйкес елжандылық тәрбие берудің мазмұны, оқыту тәсілдері таңдалып, сабақ барысында және сабақтан тыс ұйымдастырылатын іс-шаралардың түрлері айқындалды.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу тәрбиелеудің үшінші шарты - тәрбиеші оқыту процесін, оның заңдылықтарын, принциптерін, тұлғаны дамытып, оның бойындағы отансүйгіштікті қалыптастырудағы барлық компоненттердің мәнін дұрыс түсінуі тиіс. Отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмысының нәтижелі болуы мұғалімнің білім мен тәрбие беру тәсілдерін жетік меңгеріп, қажет жағдайда тиімдісін таңдай білуіне байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу тәрбиелеудің төртінші шарты - отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарының жүзеге асуы үшін тәрбиешінің нақты теориялық-педагогикалық бағыты болуы тиіс. Әрбір тақырыптың мазмұнын ашып көрсетуге дайындала отырып, осы тақырыпқа байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмысымен тұлғаны қалыптастырудың жалпы міндеттерін шешуді оқытудың мазмұны, түрлері және әдіс-тәсілдерімен байланыстыру міндетті түрде ескерілуі қажет.

Тәрбие қызметіне қарағанда тәрбие жұмысы педагог-тәрбиешінің жасайтын немесе қайта құратын педагогикалық қатынастар жүйесінен туындайтын шарттарды білдіреді.

Сонымен, мектепке дейінгі мекемелерде балаларды  отансүйгіштікке тәрбиелеу деп жеткіншек ұрпаққа ел тарихынан, мәдениетінен,  халықтар достығынан білімдер беріп, олардың күнделікті өмірде ел тану білімдері,  іскерліктері мен дағдыларын игертуге бағытталған тәрбиешінің педагогикалық іс-әрекеттерінің өзара байланыстарын көрсететін нәтижені түсінеміз.

Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасында төмендегі міндеттер жүйесі қамтылды:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық  ерекшеліктеріне құрметпен қарау;

- мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге  және ұлтаралық тіл болып есептелетін  орыс тіліне, Қазақстанды мекендейтін  басқа халықтардың тілдеріне   құрметпен қарау;

  • халықтар арасында сүйіспеншілік пен достықты,  дін аралық қатынастар бойынша түсінушілікті қалыптастыруға ықпал ету;
  • Қазақстан Республикасының бейбітшілігі мен тұтастығын, Отанның экономикалық байлығын дамытуға, Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға әрқашан дайын болу;
  • жалпыадамзаттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық өркениеттілікті бағалау, құрметтеу (бейбітшілік, тыныштық, қауіпсіздік, еркіндік,   ізгілік,  тұлғаның еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ету);
  • мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін негіздей отырып, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған ғылыми техникалық прогресс көшіне ілесе алатын патриот тұлғаны қалыптастыру.

Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес патриоттық тәрбиенің ұстанымдары,  мазмұны, ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, формалары қамтылды [40].

Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму жағдайында мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мазмұнын айқындауда  тәрбиенің негізгі қағидалары басшылыққа алынды: тәрбиенің мақсаттылығы, тәрбиенiң өмiрмен байланысы, жас және дара ерекшелiгi, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенiң жүйелiлiгi, бiрiздiлiгi және үздiксiздiгi, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, балабақша, отбасы және әлеуметтiк ортаның бiрлiгiн негізге ала отырып іске асырылады [41].

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің негізгі қызметтеріне біз мыналарды жатқызамыз:

Информация о работе Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері