Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 11:53, курсовая работа
Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.
Кіріспе.................................................................................................................3
1
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері……………………………...………………........…8
1.1
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..............................................................................................................8
1.2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................................................................................15
1.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері......................................................................................................24
2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері................................................................32
2.1
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері ……………………………..................................32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері...............................................................................................................35
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................................................................................................41
2.4
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58
Қорытынды..............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................
2 |
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері |
2.1 |
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері |
Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. «Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегіннен-тегін айтыла салмаған. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады.
Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар. Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Мектепке дейінгі мекемелерде жас ұрпақтың рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. «Отан- от басынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі- Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт- дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі.
Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең [55].
Отанды, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, елі мен халқының келешегі үшін бар күш-жігері мен білімін аямай жұмсайтын еліміздің белсенді жас ұрпағын тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мынадай жолдарын ұсынамыз:
1. Халықтың халық болып
қалыптасуындағы бабалардың
2. Отаншылдықты, халықтар
достығын дамыту, тамаша қасиеттерді
өркендетуге байланысты
3. Халықтар арасында қалыптасқан достықты, оған себеп болған, әсер еткен тарихи жағдайларды ашып көрсету;
4. Халықтар тағдырының, әдет-ғұрыптарының,
салт-дәстүрлерінің
5. Көрнекті қайраткерлер
мен қарапайым халық
Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету- бүгінгі таңда ең басты мақсат болып табылады. Өйткені еліміздің болашағы жас ұрпақ - ұлттық сана- сезімі оянған, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол, салауатты, бойында жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі тиіс. Осы мақсатты іске асыруда «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасын» басшылыққа аламыз. Бұл бағдарламаларда саналы таңдау жасайтын және Отан, қоғам, өз отбасы игілігіне, жеке басына бағытталған дербес шешім қабылдай алу қабілетінен көрінетін азаматты тәрбиелеуді, берік адамгершілік негізге ие, солай бола тұра өзгермелі жағдайларға бейімделуге қабілетті және жаңа идеяларға зерек, үнемі жетіліп отыратын тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Мектеп жасына дейінгі өскелең ұрпақтар- болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт.
Сонымен қатар, тәуелсіздігіміздің тірегі- білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы әбден керек- ақ... «Патриотизм»- ғасырлар бойы жинақталған ең терең сезімдердің бірі. Отанға деген сезім болмаса, патриот болу мүмкін емес.
Біздің ата- бабаларымыз Отанын сондай сүйіп, оны барлық жаулардан қорғап, бүгінгі ұрпаққа сый ретінде ұсынды десек болардай. Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі қоғамдық ой- пікірлердің әсер етуімен қалыптасады.
Қазақ халық педагогикасында баланы отансүйгіштікке тәрбиелеудегі озық дәстүрлерінің мазмұнын жан-жақты меңгерту қазіргі қоғам балалары үшін аса маңызды. Өйткені, қазақ халық педагогикасында баланың отансүйгіштік тәрбиесіндегі озық дәстүрлерінде көрініс алған көзқарастарын, мінез-құлық нормаларын, арман-тілегін, ойлау қабілетін бүгінгі балалардың жете түсіне білуі екіталай. Қазақ халық педагогикасындағы баланы отансүйгіштікке тәрбиелеудегі дәстүрлері бүгінгі таңдағы балаларды адамгершілікті бойына сіңіруге тәрбиелейді, үлгілі істерді, жақсылардың мінез-құлқын өнеге тұта білуге бағыттайды, балалар арасындағы, қоршаған ортадағы, күнделікті тіршіліктегі әдет-ғұрыпты дұрыс қабылдауға дағдыландырады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамытушы ойындар мен сөздік ойындардың маңызы өте зор. Олар байланыстырып сөйлеу мен есте сақтауды, ойлауды дамытады.К.Ушинский [57] бұл жөнінде былай деген: “Егерде педагог бір нәрсені баланың есінде қалдыруды көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру, дыбыс органы-мен айту, қолымен ұстау және сезім мүшелерін қолдануы керек”.
Сонымен қатар патриоттық әңгімелер оқып беру арқылы балалардың отансүйгіштік, танымдық қабілетін дамытамыз. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. «Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Сондай – ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.
Отансүйгіштік тәрбиенің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.
Ойын барлық оқу іс-әрекеттерімен тығыз байланысты, ойынсыз оқу іс-әрекеттері өтпейді . Ойын баланы жан-жақты дамытып, оқыту мен тәрбиелеуде өз септігін молынан тигізеді. Жиі сұрақ қойылады: тәрбиеші ойынға қатыса алама және қатысуға тиісті ме? Әрине құқық қа біз иеміз, егер бұл ойынға қажетті бағыт берсе. Бірақ үлкендердің ойынға араласуы тек оны бала қалап, сенім білдіріп, сыйласа, егер ол ойынды қызғылықты өтіп, ережесін бұзбай ойнай алса ғана іске асады.
Көркем шығармаларды сахналауды балалар өте қызығушылықпен ойнайды. Мысалы: “Туған жер мен батыр бала”, “Жер туралы аңыз” бойынша сахналауда олар жағым-ды және жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда отан және туған жер қорғаушысы болған балаларға ұқсағысы келетіндері байқалды.
Қызықты тәжірибелерге қатысуда балалардың өз жұмысының қорытындысын көруге деген ынта пайда болады. Оларды ауа мен судың қасиеттерімен таныстыруда түрлі ойындар мен тәжірибелер жасалады. Мысалы: “Кім тез үреді?”, “Толқын”. Көптеген ойындар таза ауада ойналады, балалардың қимылдауына, ойлауына септігін тигізеді. Жылдың әр мезгілінде әр түрлі ойындар ойнауға болады. Мақсатты серуендерде ағаштарды бақы-лау, өзгерісті айту, құстарға қамқорлық жасау, гүлдерді суару т.б арқылы балаларды еңбек сүйгіштікке, отансүйгіштікке, сұлулықты көруге, сезінуге тәрбиелейміз.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды қамтиды. Ата-ана баланың бірінші ұстазы және тәрбиешісі. Жаңа қалыптасатын жеке тұлғаны тәрбиелеуде оның ықпал күші айырықша зор. Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың қалтықсыз сүйіспеншілігі, қамқорлығы болып табылады.
Ата-аналар А.С.Макаренконың [58] “Балаларды тәрбиелеу–біздің өміріміздегі ең жауапты сала. Дұрыс тәрбиелеу–бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу–бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жа-сымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл ел алдындағы айыбымыз” – деген пікірінің мағынасын түсінуі тиіс.
Мұндай бірліктің негізі ата-аналардың педагогикалық білімділігі, олардың мектепке дейінгі ұйым жұмысымен хабардар болып табылды.“Баланың мәдениеттілігі”, “Отбасындағы бала тәрбиесі” т.б кеңестер дайындайға болады. Ата-аналарға арналған кештер: “Кітап бала өмірінде”, “Бала және отбасы”, “Әжелер мектебі”, “Әкелер мектебі” т.б. өте қызықты өткізіп, нәтежеде бала тәрбиесіне үлкен көмегін тигізеді.
Қазақ халық педагогикасында баланың отансүйгіштік тәрбиесіндегі озық дәстүрлерінің мазмұнын жан-жақты меңгерту қазіргі қоғам балалары үшін аса маңызды. Өйткені, қазақ халық педагогикасында баланың отансүйгіштік тәрбиесіндегі озық дәстүрлерінде көрініс алған көзқарастарын, мінез-құлық нормаларын, арман-тілегін, ойлау қабілетін бүгінгі балалардың жете түсіне білуі екіталай.
Мектеп жасына дейінгі
балаларды отансүйгіштікке
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-
тәсілдері
Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында өскелең ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру және отансүйгіштікке тәрбиелеу бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті,кезек күттірмейтін мәселе екендігі айтылған [59]. Өскелең өміріміздің өркені – жас жеткіншектерді тәрбиелеуде халқымыз ерекше көрегендік пен тапқырлық үлгісін көрсеткен.
Үлкенге құрмет, кішіге ілтипатты тәлім-тәрбие мен ақкөңіл, кең пейілді дархандылығымен, сөз тыңдайтын ынтымақты бірлігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, елі, жері үшін жан қиятын ерлігімен, ақ қар, көк мұзда, шың-құзда, кең далада мал бағып күн көретін еңбекқорлығымен басқа халыққа үлгі болған. Қазіргі таңда шәкірттерімізге білім беруде тәрбиенің алатын орны ерекше.
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің басты бағыты - Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын: Әнұранын, Туын, Елтаңбасын балаларға үйрету және орындату мәселелері. Еліміздің Конституциясын бұлжытпай орындау, мемлекеттік нышандарға құрметпен қарап орындау, құқықтық- саяси және этикалық әдет- ғұрып мәдениетін тәрбие беруде баланың бойына сіңіруді қалыптастырады.
Мектепте дейінгі ұйымдарда отансүйгіштікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері төмендегілер болуы тиіс:
- Қазақстан Республикасының Коституциясын, мемлекеттік рәміздерін (Елтаңба, Әнұран, Туы) құрметтеуге тәрбиелеу;
- Жас ұрпақтық
Қазақстандық патриотизм мен интернационализм рухында тәрби
- Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік пен халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
- Балалар бойында мінез - құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту;
Қазақстандық отаншылдықтың тарихи негізі бар: бірқатар түркі тілдес халықтар қазақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр т.б ежелден Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендесе, славян тілдес халықтар түрлі тарихи себептерге байланысты жерімізді мекендейді. Осындай ой түйіндей отырып, жердің де, елдің де түп негізі - қазақ халқы екендігіне балалардың көзін жеткізу ата-аналар мен әрбір шығармашыл ұстаздың міндеті. Қазақ халқы ұлттар арасындағы ынтымақтастыққа ерекше мән беріп отыруы тиіс, сонда ғана елімізде тыныштық, береке бірлік сақталады.
Оның қайталанбас бағалылық ретіндегі әрбір аймағын, құбылысын сақтауға жауапкершілік сезімін оятып, табиғатқа мейірімді болып, парасатпен қарау ниетін орнықтырады. Біздің пайымдауымыз бойынша,отансүгіштікке тәрбиелеудің негізі сондай ақ балаларға экологиялық білім беру.
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу үдерісінің мазмұны мен әдістемесіне білім беретін материалдарды ендіру жолдарын біртұтастық жүйеде қарастырылуы тиіс. Оқу-іс әрекеті негізінде экологиялық білім беретін материалдарды тиімді пайдалануда туған жер табиғатын және оның байлықтарын сүйіспеншілікпен тәрбиелеуді қамтамасыз ету мен бірге экологиялық парасатты іс-әрекетті ұйымдастыру қажет. Өйткені, оқушы алған білімдер, біліктерді толық және жете меңгеру үшін ол іс-әрекет арқылы алған білімдерді сіңіріп, тәжірибеде қолдану керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларға білім негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік беретін оқу-іс әрекетінің бірқатар тақырыптары бар. Балаларға білім негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу табиғаттанудың маңызды міндеттерінің бірі болуы тиіс.