Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 11:53, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

1
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері……………………………...………………........…8
1.1
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..............................................................................................................8
1.2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................................................................................15
1.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері......................................................................................................24

2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері................................................................32
2.1
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері ……………………………..................................32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері...............................................................................................................35
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................................................................................................41
2.4
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58


Қорытынды..............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.docx

— 192.40 Кб (Скачать файл)

1. Жазда піседі,аузыңа түседі.      (Алма)

2. Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты.              (Жуа)

3. Аласы бар,жасылы бар,көгі бар

Ішін ашсаң қара мөлдір дәні бар.  (Қарбыз)

4. Доптар жатыр желісі бар,

Қабат –қабат терісі бар.                  ( Қырыққабат)

5. Әр желінің асты толған көк  қоян

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.        (Қияр)

Міне,балалар бірнеше жұмбақтың шешуін таптық . 

Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып.

Жаздай күткен бәріміз

Сары алтын,сары күз

Алтын  ұя бақшада

Сабақ бастар шағымыз. 

-Сонымен, балалар  күз  мезгілінің ерекшелігі  неде? Күз мезгілі сендерге ұнай ма? Сабақ барысында жаттамақтар айтып,жұмбақтар шешіп,сергіту жаттығуын қимылмен жақсы көрсете білдіңдер,сендерге көп-көп рахмет!

Оқу-іс әрекеті үлгісі:  Қазақстан туған өлкем!

Мақсаты: Қазақстан жерінің табиғатының сұлулығы мен жер қойнауының кенге бай екенін айта отырып, балаларды еліміздің  өркендеуіне, көркеюіне үлес қосуға баулу, экологиясын қорғауға деген талпыныстарын дамыту; отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Табиғат әлемі - адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас өскінші ұрпақтың көзін жеткізу, ойын, санасын дамыту маңызды. Болашақ ел тізгінін ұстар еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын қалыптастыру, яғни экологиялық тұрғыдан білім мен тәрбие беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру:

Топқа Данышпан ата кіреді. Балалармен амандасады. Амансыздар ма, балалар!

Балалалар: Сәлеметсіз бе, ата!

Данышпан ата өсиеті: Бүгінгі қазақ елі, ата-бабалар аңсаған егемен, тәуелсіз ел. Тәуелсіздігіміздің белгілерін ерекше қастерлеп, елімізді қорғау, табиғатын аялау -  бәріміздің парызымыз.

Тәрбиеші: Балалар Данышпан ата сөзін естен шығармайық, жадымызға сақтайық. Еліміз тыныш, жеріміз бай болу үшін біздерге керегі мыналар:

1.   Бейнетаспадан Қазақстан табиғатын қысқаша тамашалау.

Бейнетаспадан жасыл желек  орман, сылдыраған таза бұлақ, сыңғыр үнді құстар мен жайқалған өсімдіктер тіршілігін балалар тамашалайды.

-Табиғатсыз тіршілік болар ма? Сусыз, өсімдіксіз, жануарларсыз өмір  бар ма?

Тәрбиеші жауапты толықтырады.

2.Қазақстан туралы өлеңдер оқу.

1 бала. Көк байрағын көтеріп,

Желбіреткен қазақпыз.

Түбі бірге бауырды,

Елжіреткен қазақпыз.

Бостандықты сағынып,

Қолына алған қазақпыз

2 бала. Қазақ жері сәніміз

Мәуесі мол бағымыз.

Саясында жетілер,

Балдай бала шағымыз.

Тәрбиеші:

Алматыда алмасы,

Ақтөбеде ақ тарысы.

Атырау елі мұнайлы,

Тараз жері шұрайлы.

Жезқазған болса жез елі,

Көкшетау деген көл жері.

Қарағанды көмірлі,

Қостанай бидай өңірі.

Қызылорда күрішті,

Орал-Жайықтан су ішті.

Ақмола астық алқабы,

Шымкент елі мақталы.

Астанасы елімнің

Астана болар бастауы. 

                                     Ойын: «Құмырсқаның илеуі»

 
   




Шарты:  Балалар 2 топқа бөлінеді. Балалар бір жердегі ыдыстан суды қасықпен екінші жерге құяды. Бұл құмырсқаның илеуіне азық жинауы болып саналады. Тез, сапалы ойнаған топ жеңіске жетеді. Данышпан ата сыйлық (Тақия) беріп, батасын беріп, шығып кетеді. Бата:

Ақылдарың дария болсын!

Ақындарың қария болсын!

БалаларыМ бақытты бол!

Отандарың жақұтты бол!

         Қиялдағы сурет көрмесі ойыны: «Мен табиғатты сүйемін!»

 
   




Балалар көздерін жұмып ауада сурет салуы керек. Салған суреттерін әңгімелейді. Өздерінің Қазақстан табиғаты үшін қандай әрекеттер, еңбектер жасай алатындарын айтып береді. 

Сергіту сәті. Балалар бір-бірлеріне жүрек жылуларын сыйлайды.

ІІІ. Қорытындылау.

Сұрақ-жауаптар.1)Балалар біздің еліміз қалай аталады? 2)Қазақстанның Президенті кім? 3)Қазақстанның астанасы қай қала? 4)Өз жерімізде қандай жануарлар мекендейді? 5) Өсімдіктер өсіп жетілуі үшін не істеу керек? 6)Табиғатымызды қалай қорғаймыз? 

ІҮ.Балаларды  мадақтау. 

         Табиғат- ғажайып әлем

Мақсаты: Ойын арқылы балалардың табиғатты қорғауға деген білімдерін арттыру. Табиғатты қорғап, аялай білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Барысы: Балалар қонақтармен амандасып, жүрек жылуын жібереді. ( алақандарын жайып үрлеу әдісін жасайды )

Тәрбиеші :Балалар, біз жылулықты сездік пе? (ия, сездік.) (Көктем ханшайымы келеді).

Көктем ханшайымы: Саламатсыздар ма,балалар ! Мен көктем ханшайымы боламын.

Балалар: Саламатсыз ба!

Көктем ханшайымы: Балалар мен сендерге күн шуағымен бірге, сиқырлы сандық ала келдім. Бұл сандықта көптеген тапсырмалар бар, апайларыңа берейін. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдап, шешуін айтыңдар.

Жұмбағы: Жұрттың бәрі сүйеді,

Бірақ қарай алмайды. ( күн )

Жазда жатсаң- көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң- жаның рахат табады. (ағаш)

Жұпар иісі еседі,

Жайнап бақта өседі. (гүл)

Самғайды, зулайды

Өзі қанатсыз,

Өзі аяқсыз. (су)

Көктем ханшайымы: Балалар су не үшін керек? (Суды ішеміз. Сумен гүлдерді суарамыз. Сумен жуынамыз. Сумен тістерімізді тазалаймыз. Сумен ас әзірлейміз). Жүріңдер мен сендерді көліме алып барайын. Ой, қараңдаршы менің көлімді ластап кетіпті. Тазартуға көмектесесіңдер ме?

Балалар:Ия, көмектесеміз. (суды тазартуға кіріседі).

Көктем ханшайымы: Рахмет балалар! Сендердің көмектеріңмен менің көлім, тұнық, мөлдір, тап – таза болып қалды. Осы еңбектерің үшін сендерге қайықтарымды тарту етемін. (Балалар қағаздан жасалған қайықты суға салып ойнайды).

Көктем ханшайымы: Мен сендермен қоштасамын.Қош сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Балалар! Көктем ханшайымының әкелген сиқырлы сандығын ашып, тапсырмаларын орындап көрейік.

1-Тапсырма:Табиғат туралы қандай тақпақтар білесіңдер? (Балалар тақпақтарын айтады)

2-Тапсырма : Дидактикалық ойын: «Не  жақсы, не жаман?»

Мақсаты:Суреттер бойынша жақсы, жаман қасиеттерді айыра білу.

3-Тапсырма : Табиғат туралы мақал – мәтелдер айтып беріңдер? (Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас. Туған жердің ауасы да шипа. Су - тіршілік – көзі. Сулы жер - нулы жер. Бұлақ көрсең, көзін аш. Атадан мал қалғанша, тал қалсын).

4-Тапсырма: Дидактикалық ойын «Кім жылдам?»

Мақсаты: Пішіндер арқылы түстерді айыра отырып,бейнелерді құрастыру.

Сергіту сәті:

Тәрбиеші: Күн шуағын шашады, гүлдер құлпырып жайнайды. Кәнекей, үстел басына жақындайық. (Таңбалау әдісі бойынша гүлдердің суретін салу)

Қорытынды.

                                     Оқу іс -әрекеті үлгісі:  Табиғатты аялайық!

 

 Мақсаты: Балалардың табиғатқа қызығушылығын ояту, әсемдікке, әдемілікке баулу.Табиғатты сүюге, оны аялай білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Барысы:

1.Шаттық шеңбері: (балалардың қолдарына әртүрлі суреттер беріп, ондағы суреттерге сәйкес тілек айту ұсынылады ) Күн: «Сен күн сияқты мейірімдісің!»,

Гүл:«Сен өте әдемісің!», Ойыншық: «Екеуіміз бірге ойнайықшы!», Ағаш: «Сен өсе бер!», Көгершін: «Елімізде бейбітшілік болсын!» т.с.с.

Балалар суреттерде көрсеткен тапсырмаларды орындайды.

2.Әңгімелесу: Балаларға табиғат туралы көрсетілген әр түрлі суреттерді тамашалауды ұсынамын.Түрлі гүлдердің суреттері: раушан , қалампыр, түймедақ, лалагүл, қоңыраубас, раушан, т.б.

Сұрақ –жауап : Қандай гүлдерді көрдіңдер? Қандай сезім жүректеріңде пайда болды?

3. Өз әлеміңе саяхат. Әдемі жәй музыка ойналады. Гүл тәрізді көрпешенің үстіне балалар жатады.

 –Балалар сендер көздеріңді  жұмып , гүлзардың ортасында жатасыңдар. Айнала әдемі қызыл-сары гүлдер. Күн аспанда жарқырап тұр. Гүлдердің  хош иісі аңқиды. Күн өз шуағымен  сіздерді қыздырып тұр. Самал  жел сіздерді желпіп, жақсы демалуға көмектеседі. Сіздердің көңіл-күйлерің көтерілді, Қуаныш, күш қосылғанын сездіңдер ме?

4.Әңгіме: Көз алдарыңа не елестеді? Көңіл—күйлерің өзгерді ме?

Гүлзарларыңда қандай гүлдер өсіп тұр?

          5.Тыңдайық—ойланайық .«Хан мен гүлдер ертегісі».

-Ерте, ерте, ертеде бір хан болыпты. Ол өте қаһарлы , гүл біткенді жек көріпті . Ол барлық гүлдерді жұлып, орнына бидай егуді бұйырыпты. Барлық адамдар гүл біткенді жұлып, егін егіпті.

Айналаны түнек басып, адамдар көңілсіз күй кешіпті. Бірде хан айықпас дертке шалдығыпты. Көптеген емшілер емдеп, жаза алмапты .Тек бір емші: егер бал жесеңіз айығып кетер едіңіз!-депті. Сонда хан уәзірлеріне «бал әкел!» деп бұйырады.

Гүл болмаған соң аралар да жоқ. Бал табылмайды . Сонда бір кедей жігіт ханға көрсетпей кішкентай ауласына гүл өсіріпті. Сол жерге аралар бал жинаған екен. Жігіт ханға балды сыйға тартады. Балды жеп хан жазылып кетеді. Содан бері хан гүл өсіруге рұқсат береді. Айнала гүлге толып, адамдардың көңілдеріне қуаныш кіріп, көңіл-күйлері жақсарыпты.

6. Сұрақ: Гүлдер болмаса қандай болар еді? Хан өз қатесін түсінді ме? Кейде біз жапырақтарды, шөптерді, гүлдерді жұлып тастаймыз, өзіміз де оны байқамай қаламыз.Сөйтіп біз Табиғат –Ананы ренжітіп аламыз. Ендеше біз оларға аялай қарап , қамқор болайық.

Сергіту сәті : «Гүл бүршіктері».(Қимылдармен көрсетеді)

Біздің қызыл гүлдер ,               Біздің қызыл гүлдер

Жапырақтарын жазады ,         Жапырақтарын жабады ,

Сәл үп еткен жел тұрса             Басын жәй шайқап,

Діріл қағып тұрады .                Тыныш ұйқыға батады.

          7.Ойын. «Тыйым сөздер».

 Балалар сендер білесіңдер  ме, өсімдіктер, гүлдер ауаны тазартады, оттегі шығарады, улы газдардан, түтіннен тазартады т.б. Екі топқа  бөлініп қай топ балалары көп  тыйым сөздер айтса сол жеңімпаз атанады. Жеңген топ сыйлыққа «Гүлзар » атты лотоны сыйлыққа алады.

--Көкті жұлма. ---Жерді шұқыма. ---Жалғыз  ағашты шаппа . ---Құдыққа түкірме. ---Тасты лақтырма.----Құс ұясын  бұзба . т.б.

8.«Жүректен жүрекке» шеңбері. Кәнеки, енді гүлдерімізді ортаға қояйық та , оны кімге сыйлайтынымызды ойластырайық. Қолдарыңды жүректеріңе қойып, тыңдап көріңдер . Сыйлықты шын жүректен сыйлау керек .

9. Қорыту: Табиғатты аялай білейік, қамқор болайық!   Осыны әрқашан да еске ұстайық!   Табиғатты қорғау---ол Отанды қорғау. Жер ананы сыйлай білейік!

 Оқу іс - әрекеті үлгісі: Көктем шуағы

Мақсаты: Көктем мезгілі туралы айтып түсіндіру. Табиғаттың ерекше бір көрінісін сипаттай отырып, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ұйымдастыру бөлімі: Тәрбиеші: Балалар бүгін «көктем шуағымен» танысамыз. С.Жиенбаевтің «Көктем» атты өлеңін айтамыз.

Жыршы құстар көп келді

Гүлдер жапты бөктерді

Кел орманым әнменен

Қарсы алайық көктемді.

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қазір көктем мезгілі. Көктем айларын атаңдаршы? (Наурыз, сәуір, мамыр). Көктем белгілерін атаңдаршы? (Күн жылы болады. Қар ериді. Құстар ұшып келеді. Аңдар оянады.) Балалар көктем мезгілі туралы толық жауап бердіңдер. Жарайсыңдар! 

I. (Сергіту сәтіндегідей қимыл-қозғалыс). Осы кезде алақай көктем келді! Көктем! Күн жылынды - деп қарлығаш ұшып келді!

Аю (қорбаңдап): мынау нешеу!

Менің ұйқымнан оятқан

Мен аюмын, аюмын!

Мен балды жақсы көремін

Барлық аңға тимеймін

Балпаң – балпаң билеймін – деп аю келеді.

Торғай ұшып келеді.

Көктем деген қыстағы

Әніміз ғой айтатын

Көктем деген құстар ғой

Туған жерге қайтатын.

Тышқан інінен шығып: мен еңбек сүйгіш тышқанмын. Еңбек еткенді жақсы көремін – деп қуанып келеді.

Информация о работе Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері