Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 22:00, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұлпроблемалар президент Н.А.Назарбаевұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр.

Содержание

КІРІСПЕ ..................................................................................................................3
І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің педагогикалық негіздері .................................................................5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүю және қорғауға тәрбиелеудің маңызы .............................................................................................8
ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮГЕ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері .................................................................................11
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу жолдары ...............................................................................................14

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................19

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ................................................................21

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Өтеген Гүлдана.docx

— 92.69 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ..................................................................................................................3

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің педагогикалық негіздері .................................................................5

1.2   Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүю және қорғауға тәрбиелеудің маңызы .............................................................................................8

ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮГЕ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ

 

2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері .................................................................................11

2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу жолдары ...............................................................................................14

 

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................19

 

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ................................................................21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

         Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр.

Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұлпроблемалар президент Н.А.Назарбаевұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр. 

Қоршаған орта бүлініске ұшырап ауқымды экологиялық проблемалар туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат барлық адамдардың - мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдардың, саясаткерлердің назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды - XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік - экологиялық жағдайда іс - әрекет жасауға үйретеді.  
Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелілік тәсілге негізделіп үздіксіз жүзеге асырылғанда ғана артып табысқа жетеді. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде балалардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету.[2]

Табиғаттың әсерімен балада гуманистік сезімдерді бекітудің педагогикалық құндылығын ұлы педагогтар Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистерверг ерекше атап көрсеткен.

Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге қарсы орыс ағартушылары: В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев, Н.Г.Чернышевский қарсы болды.

Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны сақтаудағы жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесінде табиғатқа аялай қарауды қалыптастыруы тиіс. Мұны тездету үшін іс - әрекеттің нақтылы бағдарламасы және үздіксіз экологиялық білім беруге қатысатындардың істерін үйлестіріп отыру кажет.[4]

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелердегі экологиялық тәрбие жұмысы бұрынынғы қалыптасқан бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» заңына, «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына», «ҚР жоғары білім беру туралы» заңдарына (3 бап) негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды [1]

Қазір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар – «Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны  қорғаудың  ұлттық жұмыс жоспары», «ХХІ ғасырдың ұлттық күн тәртібі» және т.б. әзірленді.

Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.

Экологиялық мәдениет дегеніміз – бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.

Экология – бұл әлеуметтік проблема. Өндіріс орындарының күрт арту кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды  үнемді пайдалану қазіргі күннің өзекті проблемаларының бірі болып  отыр.[6]

Табиғатпен таныстыру барысында балаларға «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Сондықтан да кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі жастағы балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау – экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылып келеді.

Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру мәселелерін зерттеу арқылы оларды тиімді ұйымдастыру жолдарын айқындау.

  Зерттеу міндеті:

  • Ғылыми әдебиеттерді пайдалану;
  • Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызын анықтау;
  • Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру жолдарын көрсету;

       Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру

  Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру процесі.

Зерттеу әдістері: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру процесі бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.

Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруден мынадай нәтиже көруге болады:

  • Балалардың жалпы қоршаған орта туралы түсініктерінің кеңеюі;
  • Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерінің оянуы;
  • Қоршаған ортаның дамуына деген жауапкершілік сезімдерінің болуы.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, 2 бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері

  Қоршаған табиғи ортаны қорғау барысында, білім беру мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып келеді.Экологиялық тәрбиенің қалыптасуы жалпы қоғам дамуына, ондағы әлеуметтік топтардың, жеке тұлғаның санасында  айрықша орын алуы азаматтық қоғам  қалыптастыруға ерекше үлес қосады.

       Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің ауқымды мақсаттарының бірі болып табылады. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып “...басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз – дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынасындағы адам” - дейді. Аталған еңбектерде бала тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен балаларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара зерттеледі.[5]

Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап айтсақ:

  • балалардың табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауы;
  • табиғат тазалығын сақтау дағдыларының қалыптаспауы;
  • табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың

  жеткіліксіздігі;

- табиғатты қорғау, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдардың аздығы;

Осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек? Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді.

Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысында баланың дүниетанымын қалыптастырып, ақыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел, мектеп жасына дейінгі педагогикаға көз жібертетін болсақ, бұл мәселе қай кезеңде өмір сүрген пелагогтар болмасын, олардың тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі болғандығын көрсетеді. [9]

Табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдерінің ғалымдарының еңбегіне жүгінуге тура келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап тілектерді жүзеге асыру мақсаты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді. Оның бастауы 20-30 жылдардан  мектеп жасына дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е.И.Водовозова, Н.К.Крупская, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің педагогикалық еңбектері болған.Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алды.

Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық психологиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды. Л.С.Выготский балабақша бағдарламасының жаңа талап бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек. Себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімімен байлланысы болған жағдайда ғана баланың ақыл ойының болуы нәтижелі болатындығы көрсеткен. Сондай ақ аса көрнекі педагог В.А.Сухомлинский де өз тәжірибесінде баланы табиғат құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім беру барысында сәбиді жан жақты дамыту жолдары жайында бағалы еңбектер қалдырған. Әсіресе, «Балаға жүрек жылуы» атты еңбегінде педагог кішкентай баланың мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған күннен бастап, бастауыш мектепті бітіргенге дейін, өз тәрбиеленушілерін қоршаған ортаны танып, білім әлеміне ендіріп, ашық аспан ай астында сурет, ана тілі, еңбек сабақтарын жүргізгендігін айтады.[12]

Психолог ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл ой тәрбиесі өте күрделі және жан-жақты құбылыс. Оның негізі мектеп жасына дейінгі кезеңде қаланады. Себебі, бала дүниеге келгенде, алғашқы түсетін ортасы ата-анасынан кейін сәби жасынан бастап үнемі танып білетіні қоршаған орта, табиғат, оның заттары мен құбылыстары.

Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті баламен жүргізетін барлық педагогикалық процестер, ақыл-ойын, тіл дамытуда пайдаланатын ойындар, жұмбақ мысалдар, әңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бәрі-бәрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойындаған.

Бала табиғат жайында жүйелі түрде білім алу қажет деген мәселені А.П.Усова, А.В.Запорожец, Н.Н.Поддъяковтар өздерінің ғылыми зерттеулерінде көтереді.

Сондай ақ бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгендердің бірі – С.А.Веретенникова, Н.Ф.Виноградовалар болды.

А.П.Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі теорияға бөліп қарады:

1. Қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнделікті ойын, еңбек іс- әрекеттерінде бақылу арқылы жүргізіледі.

2. Балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйыдастырылған оқыту үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі және екеуі де бір-бірімен жүргізлуі керек. Бұлайша берілген білім нақты жүйелендірілген, бала ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, жыл мезгілдеріне байланысты адамдар өмірінде болатын өзгерістер мен олардың іс-әрекеті жайында, шынайы түсінікті қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болады деп көрсеткен.

«Умственное воспитание детей процесс ознакомления с природой» атты еңбегінде Н.Ф.Виноградова баланың ақыл-ойын, тілін дамыту мәселесіне өте үлкен мән берген.

ҚР-да мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесінің жайына тоқталсақ, Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі табиғат туралы жүйелі ұғым бару мәселесі түбегейлі зерттелмеген.Дегенмен, педагогика және психология ғылымдары мәселелерімен шұғылданушы ғалымдардың қандай да зерттеу жұмыстары болмасын, табиғатқа көңіл аудармай қойған емес.Бірақ, қазақ балабақшаларына арналған тыңғылықты әдістемелік оқу құралдары, бағдарлама болған жоқ. Ш.Ахметов пен Қ.Шоназаровтың 1959жылы жарық көрген «Мектеп жасына дейінгілерге арналған оқу кітабы» сол кезде қазақ балабақшалары үшін тиімді құралдардың бірі болды. Онда мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстаруда қолданылатын үлгі әңгіме, ертегі, санамақ, йын негіздері енгізілген.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері