Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 22:00, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұлпроблемалар президент Н.А.Назарбаевұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр.
КІРІСПЕ ..................................................................................................................3
І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің педагогикалық негіздері .................................................................5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүю және қорғауға тәрбиелеудің маңызы .............................................................................................8
ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮГЕ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері .................................................................................11
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу жолдары ...............................................................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................19
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ................................................................21
Сондай-ақ, сол кезде балаларды табиғатпен таныстарудың негізгі құралдарының бірі «Жыл он екі ай» кітабы болды. Бұл кітап 1965жылдан бастап, алғаш М.Гумеров, А.Асылбеков және т.б. авторлардың құрастыруымен жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбе.
Республика көлемінде мектеп жасыне дейінгі балаларды дамыту мәслелеріне арналған Б.Баймұратова, Ә.Әмірова, Т.Левченко, М.Сәтімбекова, т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстары бар.
Мысалы Б.Баймұратованың 70жылдардағы қазақ балабақшаларында жаппай қолданылып келген қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары «Біздің кітап» деген атпен шыққан хрестоматиялық құралы болды. Бұл туындыға енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық, оларды еңбекке баулу, қоғам құбылысымен, өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен таныстыру мақсатында берілген.
1970-80жылдардан бастап, ТМД ғалымждары мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында жүйелі білім беру ісіне арналған ғылыми зерттеу жұмыстарын жан-жақты зерттеу бастады. К.В.Назаренко, Л.И.Мыщик, И.С.Фридкина, Т.В.Зеленцова балаларға өлі табиғат жайында ұғым беру мәселесін зерттесе, К.Э.Фабри, С.Н.Николаев, П.Г.Саморукова тірі табиғат жайында жүйелі білім беру ісімен шұғылданады. Бұл жұмыстарды барлығы мектепке дейінгі балаларды дамыту жолын қарастыратын, оқытудың тиімді әдістерін, бағыттарын көрсеткен зерттеулер.
С.Н.Николаева балаға тірі табиғат жайында жүйелі білім беру ісінің негізгі бағыттарын былайша топтастырған:
Сондай-ақ республикамызда балалардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген ғалымдардың бірі Қ.Аймағанбетова болды. Тәлімгердің 6 жасар және төменгі сынып балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғат танудың оқыту және бала тәрбиесі» және т.б.еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, оларға өзін қоршаған табиғат құбылыстары туралы алғашқы ғылыми ұғым беру жолдарын қарастырған. Мұнда табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек үрдісінде жүзеге асыруды түрлі әдіс-тәсілдерді әсіресе көрнекіліктерге негізделе отырып жүзеге асыруды ұсынады.[18]
Қазақстан Республикасында табиғатқа деген сүйіспеншілік, оның тазалығы, әсемдігі мен байлығын сақтау үшін күрестің ертеден келе жатқан тарихи бастамасы бар. Ол табиғат қорғаудың халықтық дәстүрлерімен басталып, заң жүзінде "Қазақ ССС-індегі қоршаған ортаны қорғау туралы" заңымен (18 маусым, 1991 жыл) бекітілген.
Сенімді табиғат қорғаушыларды дайындау ең алдымен педагогика ғылымы мен халыққа білім беру жүйесінің міндеті болып табылады [11].
Осы мәселе бопынша ҚР экология және биоресурстар Министрлігі: ҚР экологиялық білім мен тәрбие берудін, ұлттық стратегиясының жобасын ұсынды.
XXI ғасырдың күн тәртібіне
ұсыныстар енгізу негізінде
1. Білім беру жүйесін
тұрақты даму мәселелеріне
2. Халықтың ақпараттармен қамтамассыз етілуін кеңейту;
3. Кәсіптік дайындауға көмек көрссту.
Құжатта ғаламдық білім беру мсн экологиялық білімдердің приоритетіне баса назар аударылған. ҚР экологиялық тәрбие беруді дамытудың Ұлттық стратегиясыныц жалпы мақсаты -қоршаған ортаны қорғау мен даму саласындағы сауатсыздықты жою, этикалық ережелерді білім беру арқылы қалыптастыру. Ортаны қорғау мен дамыту саласындағы білім беру ғылыми және жалпыға бірдей элементарлық білім беру қажет [4].
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүю және қорғауға тәрбиелеудің маңызы
Баланы мектеп жасына дейінгі
кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған
табиғатын бағалай білуге және оларға
дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол
үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық
білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік,
шындықты білуге талаптану және парасатты
мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді
тану үрдісінде балалар адамның табиғат
алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі.
Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның
кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек,
бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу
керек дегенді білдіреді. Балалар тірі
атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа
деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен
масаттану және тынығуға жиі бару деп
түсінбеу керек. Балалардыңөздері де ағаштаротырғызуға,
бұлақтардыңкөзінашуға, ұяжасауғақатысып,
табиғатқазиянкелтіретінтұрмыст
Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынандай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту,өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу. Міндеттері:
1. Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу
2. Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын кеңейту және
жүйелеу.
3. Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.
4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту
Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін
жеймін десең, түбіне балта шаппа…” –
деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа,
әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады,
содан әсерленеді, көркемдікті түсініп,
оның мәнін түсінеді, әсемдікті танып,
талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды
гүлдермен таныстыру кезінде, оларолардың
түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы
танысып, хош иісі мен далаға берер әсемдігін
көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары
келмейді. Оны елестетуарқылыпарақбетінеөзқия
Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т.б.
Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.
Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз табиғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәр-демдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.[17]
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізеді. Ойын тәр-биешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту – тәрбиелеу үрдісімен байланысты.Осы оқу іс-әрекеттерді тиімді дұрыс пайдалануы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыта отырып,білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар оқу іс-әрекетінде алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибелерде өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды.
Экологиялық білім берудің мазмұны баланың қоршаған ортамен өзара әсерінің құрылымын қарастыруды талап етеді.
Бұл құрылымды сараптау «бала – табиғи орта» жүйесінің қызметінің төмендегі нұсқаларын біліп көрсетуге мүмкіндік береді:
Берілген жағдайда экологиялық тәрбие берудің мазмұнын қалыптастырушы факторлар:
1)Бала, оның қоғамдық өмірге қажетті жеке басының мінездемесі;
2)Табиғи орта;
3)Қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететін бала мен табиғаттың өзара қатынасының сипаты.
Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының мінездемесін анықтауда, «бала – табиғи орта» жүйесіндегі біржақты байланысқа назар аударамыз.
«Табиғи орта – бала» байланысы немесе табиғи орта балаға не береді, табиғатты бала қалай пайдаланады. Бұл байланысты сипаттай келе, мынаны бөліп көрсетуге болады:
а) сауықтыру аспектісі – табиғатты өзінің денсаулығын жақсартуда пайдалану;
б) рухани аспектісі – табиғатты эстетикалық, интеллектуалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану;
в) материалдық аспект – саңырауқұлақтар, жеміс-жидектер жинау, үй жануарларына қамқорлық және т.б.
Аталған экологиялық байланысты көрсететін баланың жеке басының сапаларын табиғатты адамның материалдық интеллектуалдық және физикалық дамуы, денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында қолдануға дайындық ретінде сипаттауға болады.
«Бала – табиғи орта» байланысы немесе баланың табиғи ортаға әсері қандай. Баланың қоршаған ортаға қатысты іс-әрекеті:
а) нейтралды;
б) орта жағдайын жақсарту не сақтауға бағытталған;
в) орта жағдайын нашарлату түрінде болуы мүмкін.
Қоғамдық қажеттілік тұрғысынан аталған саладағы баланың жеке басының мінездемесін – табиғи ортаны қорғау мен жақсарту, табиғатты пайдалану ережелерін орындауға дайындық түрінде анықтауға болады.
2. Бала арқылы тәрбиеші табиғатпен өзара қарым-қатынаста болады. Өзара қатынастың бұл формасы маңызды болып табылады, себебі ол баланың табиғатпен қарым-қатынасының кәсіптік аспектісін көрсетеді. Өзара қарым-қатынастың осы формасының тиімділігін арттыру табиғи ортаның сапасын жақсарту мен оны сақтауға үлес қосуы тиіс.
Бұл жүйе тек экологиялық қана емес, педагогикалық болады. Білім беру мазмұны тұрғысынан қарағанда бұл бірлікті төмендегі 2 сызбанұсқа түрінде көруге болады:
Сызбанұсқа 2.
Берілген жағдайда экологиялық білім мазмұнын қалыптастырушы факторлар мыналар:
1) Тәрбиеші, оған қажетті жеке басының мінездемесі;
2) «Бала – табиғи орта» жүйе тармағы;
3) «Бала – табиғи орта» жүйе тармағының қоғам қажеттіліктерін қамтамасыз ететін мұғаліммен өзара қатынасының сипаты.
«Балалар – табиғи орта» жүйе тармағында тәрбиешінің қызметі болашақ табиғатты пайдаланушыларда, табиғатпен экологиялық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынастарға дайындықты қамтамасыз ететін сапаларды қалыптастыру. Мұндай сапаларды қалыптастыру – бұл экологиялық тәрбие беру процесі болып табылады.[13]
Баланың дүниеге келгеннен
кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен
оқытудағы ең басты кезең болғандықтан
оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.Баланың
болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне
өте байланысты. Олай болса адамзаттың
рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде
алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа
тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі
бар,шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды
қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала
бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді
тудыра отырып,баланың белсенді түрде
шығармашылықпен жұмыс істеуі мен
денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ
бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты
өз көзімен көріп,оны қабылдай білуі керек.
Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі
арқылы дүниені таниды,көруді,сезінуді,