Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 22:00, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұлпроблемалар президент Н.А.Назарбаевұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр.

Содержание

КІРІСПЕ ..................................................................................................................3
І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің педагогикалық негіздері .................................................................5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүю және қорғауға тәрбиелеудің маңызы .............................................................................................8
ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮГЕ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері .................................................................................11
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу жолдары ...............................................................................................14

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................19

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ................................................................21

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Өтеген Гүлдана.docx

— 92.69 Кб (Скачать файл)

Балаларды табиғатпен таныстырған кездегі олардың іс-әрекетін ұйымдастыру формалары, яғни ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, экскурсиялар, серуендер, табиғат мүйісіндегі жұмыс, жер учакесіндегі жұмыстар болып табылады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті-балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі форма. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бағдарламаға сай күні бұрын белгіленген жоспар бойынша белгілі бір сағатта өтеді. Сабақтарда тәрбиеші балаларға жаңа мәліметтерді хабарлап қана қоймай, сонымен бірге оларда бұрыннан бар білімдерді нақтылайды және бекітеді. Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі басты нәрсе барлық балалардың бағдарламалық материалды меңгеруі.Бұл үшін әр алуан әдістер: нақты обьектілерді бақылау, үлкендердің еңбегі, дидактикалық ойындар, картиналармен жұмыс, көркем шығармаларды оқу,әңгімелесулер, т.б. қолданылады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті басқа жұмыс түрлерімен тығыз байланысты.Мысалы, сабақтардан алған білімдер мен іскерліктерін балалар күнделікті іс-әрекетінде, ойындарда және еңбекте қолданады. Ал серуен кезінде жиналған түсініктер учаскідегі жұмыстар мен бақылаулар сабақта нақтыланады, жүйеленеді. Көрнекі құралдардың ішінен сабақтарда табиғи көрнекіліктерді(өсімдіктер мен жануарлардың дәл үлгілері) жасанды көрнекіліктерді (картиналар, диаыфильмдер, ойыншықтар) қолданады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамытушы ойындар мен сөздік ойындардың маңызы өте зор. Олар байланыстырып  сөйлеу мен есте сақтауды, ойлауды  дамытады.К.Ушинский бұл жөнінде  былай деген: “Егерде педагог  бір нәрсені баланың есінде қалдыруды  көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолымен  ұстау және сезім мүшелерін қолдануы керек”.

Экскурсия-бұл балалар табиғи жағдайларда, яғни орманда, көгалда, бақшада, су қоймасында, т.б. жерлерде табиғатпен танысу үшін ұйымдастырылған жұмыс. Бұл экскурсияға арнайы арналып бөлінген сағаттарда жүреді.

Балалардың күш мүмкіндіктерін ескере отырып, экскурсия үшін алдымен жақын жерлерді пайдалану керек. Жылдың әр түрлі маусымдарына орай, экскурсияға арнайы белгілі бір орындар таңдалып алынады. Бұл балалардың табиғаттағы болып жатқан маусымдық өзгерістерін бақылауын едәуір оңайлатады. Балалардың экскурсия кезінде қайда баратынын, нені бақылайтынын өсімдіктер мен жәндіктерді жинау және алып жүру үшін өзімен бірге нені алу керек, қалай киіну керек  екендігін хабарлай отырып, оларға экскурсия жөнінде тәрбиеші бір күн бұрын ескертеді.Экскурсия жасауда балаларды ұйымдастыру зор рөл атқарады.

Серуен-барлық жас топтарының балаларын табиғатпен таныстыру үшін күн сайынғы кеңінен пайдаланылатын жұмыс түрі. Оны ұйымдастыру алдында тәрбиеші учаскені қарап шығады, ауа райын, өсімдіктер мен жануарлардың маусымдық өзгерістерін бақылауды ұйымдастырады.

Табиғат мүйісіндегі жұмыс істеу күн сайынғы еңбекке бөлінген сағаттарды жүргізіліп отырады.Балалар өсімдіктер мен жануарларды бақылайды, оларға ұқыпты қарауға үйренеді, еңбектің ең қарапайым дағдыларын үйнренеді. Үлкен адамдармен бірлесіп еңбек етеді, содан соң өз беттерімен еңбектенуге үйренеді.

Балалардың табиғат мүйісіндегі еңбегін ұйымдастыру олардың жас ерекшеліктеріне байланысты:

1.Сәбилердің «бірінші»  тобында балалар тек тәрбиешінің  өсімдіктерді қалай күтетінін  бақылайды

2.Сәбилердің «екінші»  тобында балалардың өздері қатысады.

3.Естияр топта барлығы  тәрбиешінің жекелеген тапсырмаларын  орындайды.

4.Ересектер тобында оларды  тәрбиешінің бақылауымен кезекшілер  орындайды

5. Мектепалды даярлық  тобында кезекшілер мен балалар өсімдіктер мен жануарларды күтуде жеке дара бақылаулар жүргізеді.

Балаларды үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер, жеміс – көкөністермен таныстырып болған соң, “Қайсысы артық, неге?”, “Не өзгерді?”, “Дәмінен айыр?”, “Даусынан айыр” т. б. ойындар ойналады. “Егерде мен үлкен болсам” ойыны балаларды шығармашылдыққа, жауаптылыққа үйретеді, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.

Сонымен қатар экологиялық сәттер оқып беру арқылы балалардың адамгершілік, танымдық қабілетін дамытамыз. Ойын барлық сабақпен тығыз байланысты, ойынсыз сабақ өтпейді десем жаңылмаймын. Ойын баланы жан-жақты дамытып, оқыту мен тәрбиелеуде өз септігін молынан тигізеді. Жиі сұрақ қойылады: тәрбиеші ойынға қатыса алама және қатысуға тиісті ме? Әрине құқық қа біз иеміз, егер бұл ойынға қажетті бағыт берсе. Бірақ үлкендердің ойынға араласуы тек оны бала қалап, сенім білдіріп, сыйласа, егер ол ойынды қызғылықты өтіп, ережесін бұзбай ойнай алса ғана іске асады.

Көркем шығармаларды сахналауды балалар өте қызығушылықпен ойнайды. Мысалы: “Аңшы мен бала”, “Гүлдер туралы аңыз” бойынша сахналауда олар жағым-ды және жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда табиғаттың қорғаушысы болған ба-лаларға ұқсағысы келетіндері байқалды.[5]

Қызықты тәжірибелерге қатысуда балалардың өз жұмысының қорытындысын көруге деген ынта пайда болады. Оларды ауа мен судың қасиеттерімен таныстыруда түрлі ойындар мен тәжірибелер жасалады. Мысалы: “Кім тез үреді?”, “Толқын”. Көптеген ойындар таза ауада ойналады, балалардың қимылдауына, ойлауына септігін тигізеді. Жылдың әр мезгілінде әр түрлі ойындар ойнауға болады. Мақсатты серуендерде ағаштарды бақы-лау, өзгерісті айту, құстарға қамқорлық жасау, гүлдерді суару т.б арқылы балаларды еңбек сүйгіштікке, сұлулық-ты көруге, сезінуге тәрбиелейміз.

Ойын алаңында қимылды ойындарда ұйымдастырылады “Аю мен түлкілер”, “Қасқыр мен қояндар” т.б ойындарда балалар жануарлардың мінез-құлқын, жүрісін, даусын салады. Ойын арқылы олардың шығармашылық қиялдауы да-мыды. Олар ойындарда бірнеше құбылысты біріктіреді, жаңасын қосады, кейде өмірден, ертегіден қосып алады. Мысалы:       Орманшы, зообақтағы аңдар т.б олар өз ойындарына қосып біреуі орманшы болып, қалғандарына өз ақылын айтады, оған қаладан зообаққа аң қоюға адам келеді.

Экологиялық шығармашылықты ойын арқылы дамытуда бала белсенділігі мен қабілеттілігінің маңызы зор.[14]

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудалогикалық тапсырмалардың пайдалануы.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған “Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндеттері - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар-баевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стра-тегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауы” негіз болады.

Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді.Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.

Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    ҚОРЫТЫНДЫ

 

          Балабақша бүлдіршіндеріне қоршаған ортамын таныстыра отырып, экологиялық тәрбие беру, бүгінгі күннің өмірлік талабы, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қажетті түсініктер қалыптастыру.

           Табиғат- сұлулықтың қайнар көзі эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы, балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, талғам қиялын дамытады. Табиғат құбылыстарымен жақын таныстыру баланың мысалы: күн сәулесінің нұрын, судың сылдырын, жапырақ сыбдырын, құстардың сайраған үнін түсіне білуге баулиды.

           Халықтық тәрбие тағылымындағы асыл мұралардың бірі табиғатқа үлкен құрмет, зор ілтипатпен қарауы, сондай-ақ оны көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар әңгімелер, ұлағатты терең ойлар жеткізе білуінде. Үлкендердің балаларға «көкті жұлма» болмаса «құсты атпа», «су анасы-бұлақ», «судың да сұрауы бар» – деген сөздерін де мағынасы терең, ауқымы кең философиялық терең ой, тәлім- тәрбиелік бастау жатыр.

 Экологиялық тәрбие  мазмұнының дені ашық аспанда, серуендеу кезінде жүргізілетіндіктен  бақылау, мақсаты серуеннің соңы  ойынға ұласады. Әрбір топ балаларының  жас ерекшелігіне орай алынған  ойын түрлері, балалардың психологиялық  ерекшеліктерін айқындап, табиғатқа  деген қызығушылықтарын арттырып, ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа  тәрбиелейді.

           Балалардың көңілін өсіріп, ойын сергіту мақсатындағы бағдарлаудың мазмұнына сай тәулік, апта, ай, жыл мезгілдерін бір-бірінен ажыратуға байланысты алынған дидактикалық ойындар. Уақыт бойынша бағдарлай білу, адам тәрбиелілігінің көрсеткіші атты қағиданы басшылыққы ала жүргізіледі. Күнделікті өмір тәрбиесінен алынып, табиғатқа қамқорлықты одан әрі жүргізуге бағытталған кең ауқымды тәрбие жұмысының үлгі жоспарлары табиғат қорғауға жасалған алғашқы әрекет қадамдар. Ал табиғат және халық даналығы, қызыл кітап, қорықтар, тақырыптарда қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі, табиғат заңдылығының шынайы құндылығы. Қоршаған ортамен таныстыружәне экологиялық тәрбие жұмысын жүргізудің календарлық жоспары бала санасында табиғат қорғау туралы таным, түсінік ұялатып, тәрбие жұмысының жүйкелі жүргізілуіне бағыт –бағдар береді.[17]   

Бiлiм беру ұйымдарындағы экологиялық бiлiм беру маманданды -рылған  жəне  пəнаралық  бiлiм беру  бағдарламаларын  iске  асыру,  сондай-ақ экологиялық    аспектiлердi  қазiргi оқу пəндерiне  кiрiктiру  арқылы  жүзеге асырылады.

 Табиғат  қорғау  мен табиғат  байлықтарына  ұқыптылықпен   қарауға белсендi азаматтық ұстанымды тəрбиелеу бiлiм беру ұйымдарындағы тəрбиенiң  басым мiндеттерiнiң бiрi ретiнде танылады.

 Мемлекеттiк жалпыға  бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттары  мен қоршаған ортаны қорғау  жəне табиғат пайдалану саласындағы  мамандықтар бойынша кəсiби  бiлiм берудiң үлгiлiк  оқу бағдарламаларын   Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi. Мемлекет мынадай басым бағыттар бойынша:

1) Қазақстан Республикасының  орнықты дамуға көшуi үшiн бiлiм  беру саласында ұзақ мерзiмдi iс-қимыл  жоспарын айқындау;

2) экологиялық бiлiм беру  мен ағартудың оқу-əдiстемелiк  жəне ғылыми-

əдiстемелiк негiздерiн жетiлдiру;

3) қоршаған ортаны қорғау  саласында бiлiктi мамандар даярлау;

4) экологиялық бiлiм беру  мен ағарту жөнiндегi оқу жəне  əдiстемелiк материалдардың қолжетiмдiлiгiн  қамтамасыз ету;

5) қоғам мен отбасында  экологиялық ағарту жөнiндегi бағдарламаларды

жəне iс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдарды дамытуға жəрдемдесу жөнiнде экологиялық бiлiм беру мен ағартуды қолдауды жүзеге асырады.

Табиғат – ортақ үйіміз. Қазіргі уақытта әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақ бойында жаңа экологиялық сезім қалыптастырылуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Сондықтан баланы сәби кезінен экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеуге баса назар аударамын. Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие берудің ең маңызды міндеті – балаларды табиғат әсемдігін көруге, оған қамқор бола білуге үйрету. Экология саласы бойынша нақты білім беріп, өңірімізде қолданылатын табиғат ресурстары шектеулі екенін түсіндіріп қана қоймай, табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйрету керек.[18]

Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің ауқымды мақсаттарының бірі болып табылады. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып “...басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз – дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынасындағы адам” - дейді. Аталған еңбектерде бала тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен балаларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара зерттеледі. Сондықтан да бүгінгі күнге дейін бастауыш сыныптарда балалардың дүниетанымын қалыптастыру жүйелі ұғым беру ісі жете зерттелмеген, тың мәселе. Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап айтсақ: - балалардың табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауы; - табиғат тазалығын сақтау дағдылары қалыптаспағандығы; - табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі; - табиғатты қорғау, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдардың аздығы; Осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек? Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері