Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 22:00, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұлпроблемалар президент Н.А.Назарбаевұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр.

Содержание

КІРІСПЕ ..................................................................................................................3
І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің педагогикалық негіздері .................................................................5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүю және қорғауға тәрбиелеудің маңызы .............................................................................................8
ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮГЕ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері .................................................................................11
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу жолдары ...............................................................................................14

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................19

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ................................................................21

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Өтеген Гүлдана.docx

— 92.69 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮГЕ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ

 

2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері

 

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет.Дегенмен,барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді.Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі  бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:  саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық  серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат  туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық  ойындар, мақал-мәтелдер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:

-педагогтардың экологиялық  тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

-балаларды айналамен  таныстырудың бағдарламасын, олардың ата- аналарына насихаттау;

-әртүрлі жастағы балалар  топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;

Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмірсүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.[6]

Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:  
- табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рольді ойын;

- балабақша және мектеп  алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік  объектілері үшін немесе оларды  күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті; 

- табиғаттан алған әсерлерін  және адамдардың табиғаттағы  іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау; 

- табиғатпен тілдесу, өсімдіктер  мен жануарлар дүниесінің объектілерімен  еркін түрде байланыс жасау  – бақылау, оларды еркелету, күтіп-баптау  іс-әрекеті, қолға үйрету мен белгілі-бір  жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет; 

- тәжірибе жасау –  бақылау нәтижесндегі өз пікірін  айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет; 

- тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, диалогқа қатысу; 

- табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінді пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;  
- бақылау - өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;  
- табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалу, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері.

Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады.Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет.Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзарабайланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды.Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен объектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді,сондай-ақ бала бойында бәртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді. [4]

К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық ойлауын,сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен.Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына,батыл пікір,нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

 

Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.

Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады.[17]  

Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелілігінң деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз. 

  • «Тіршілік иелерінің өміріне қажетті түғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау - өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағытбереді және оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету – осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажеттітәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді. 
  • Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін , тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының бақампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі. 
  • Табиғатты бейнелеу әдісі – экологиялық тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланыста алынған халқымыздың ұлттық тұрмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым қалыптастырады. [12]

Тіл дамыту іс-әрекетінде үлкен ерекшелік үлесіне қарай «табиғатты бейнелеу әдісінен» «сөздік әдеби әдісін» өз бетінше бөліп қарауға болады. Сөз белгілі бір формада және деңгейде кез келген іс-әрекетті қолдайды және ол экологиялық тәрбиеде үш маңызды қызмет атқарады. Мәселен, «диалог» түрінде (әңгіме де, пікір алмасуда) үлкен мен баланың қарым-қатынасында табиғат туралы және ондағы адамдардың іс-әрекеті туралы түсініктердің көрініс табуымен нақтыланады. «Монолог» арқылы (мұғалім әңгімесі, кітап оқуы) балалар білімінің жаңа саласына енеді. 

Жоғарыдағы әдістерді саралай келіп, балалардың экологиялық тәрбиелілігінің деңгейі мен тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамыту мақсатында жүргізілетін мынадай жұмыс түрін ұсынуға болады:

- балабақшаның немесе  мектептің, туған қаласының орнын  картаға белгілеп, тәрбиеші көмегімен желімдеу; 

- теңіздер мен мұхиттар  жөнінде қарапайым түсініктер беру; 

- өздеріне таныс қалаларды үлкен жалаушалармен белгілеу; 

-экологиялық таза емес аймақтарды белгілеп, желімдеу. 

Картамен жүргізілетін мұндай жұмыс түрлері балалардың алғашқы географиялық танымдарын қалыптастырып және оқу іс-әрекетінің бастапқы дағдыларын игере білуге, өз елінің кейбір экологиялық жағдайларын танып білуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс түрлерін балалар үлкен құлшыныспен, қызығумен ынталы атқарады және ересектердің түсіндіргенін, құрдастарының жауаптарын тыңдап, ұжымдық әңгімеде, қорытынды жасауға белсенді түрде қатыса алады.  

- Өнер туындыларынан көрмелер ұйымдастыру, ондағы табиғаттың әсем көрінісін балалардың әңгімелеп жеткізе білуі олардың сезімдік талғамын, әдемілікке ұмтылу қабілеттерін дамытады. Кішігірім көрмелерді көру, мұражайларға саяхат жасау, мәдени байлықтарды бағалай білу баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Үлкендердің басшылығымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ұйымдастырылатын жақын жердегі экожүелерге, орманға, жорықтарға шығу, көргендерін шамаларына қарай қағаз бетіне түсіру – экологиялық сауықтыру мәні бар өте маңызды жұмыстар. Бұдан балалар таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алады, өсімдіктер мен жануарлардың бірлестігі туралы біледі, олардың қимыл қозғалыстарын бақылайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық білім мен тәрбие алуына отбасы зор әсер етеді. Отбасындағы табиғатты қорғау тәрбиесі – балаларда туған өлкенің табиғатына сүйіспеншілікпен, жанашырлықпен қарауды тәрбиелеудің негізі. Әр отбасының ересек мүшелері баланың алғашқы тәрбиелеушілері болып табылады. Ана сүтімен, әкенің күлкісімен, ата, әжелердің шексіз еркелетуімен бөбектің өміріне, жақындарына, үй-ішіне, қаласына, табиғаттың элементтеріне деген алғашқы сүйіспеншілік сезімі кіреді. Осы сүйіспеншілік  кейін баланың саналы табиғи қорғау жұмысының негізі болып табылады. Табиғатқа деген сүйіспеншілік туған үйінің босағасында қалыптасады. Мұнда ата-аналар ең маңызды рөл атқарады.

Республикамызда осы бағытта бір қатар жұмыстар жүргізілуде, отбасындағы табиғат қорғау тәрбиесі бойынша материалдар жиналып, сарапталуда.

Республикада отбасылық табиғат қорғау мәселесі бойынша мына жұмыстар жоспарланып отыр:

1)Балаларға берілетін  отбасылық табиғат қорғау тәрбиесінің  бағдарламасын әзірлеу;

2)«Ата-аналары туған өлкенің  табиғаты туралы» кітабын баспадан  шығару.

3)Отбасылық табиғат қорғау  тәрбиесі бойынша алдыңғы қатарлы  педагогикалық тәжірибені одан  әрі зерттеу және тарату.

4)Ата-аналарға арналған  табиғат қорғау мазмұнындағы  дидактикалық материалдар мен  тақырыптық  фильмдер жасау.

5)Ата-аналарға арналған  «Табиғат қорғау» университетін  ұйымдастыру.

 

 

 

2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу жолдары

 

Балалардың қоршаған шындықты тануы-табиғаттағы заттар мен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Сезімдік танымның физиологиялық негізі – көру, есту, тері, иіс және басқа анализаторлардың бірлескен қызметі екенін И.П.Павлов атап көрсетті. Қабылдауға анализаторлар көбірек қатысқан сайын түсінік те молырақ, дәлірек және маңыздырақ болады. Мұннан балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғат тағы заттар мен құбылыстардың олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады.Балалардың обьектілерді көруге, ұстауға, естуге олардың ауырлығын және т.б. сезуге мүмкіндіктері болуға тиіс.[8]

Үй тұрмысында, серуендерде, ойындарда және еңбек қызметінде балалар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әсер етуінен сезімдік тәжірибе жинақтайды. Мысалы балалар балабақшаға кетіп бара жатқан жолдаауа райының жағдайын (суықтығын, жылылығын, ыстықтығын) түйсінеді. Қолдарын жуғанда, суға түскенде, ойнаған кездерінде судың қасиетін біледі. Әр түрлі жануарларды күтіп баптаған кезде балалар олардың қимылын, кейбір қылықтарын, т.б. біліп алады.

Балаларды табиғатпен таныстырудың сан алуан құралдары (формалары, әдістері, тәсілдері) бар. Оларды таңдау тәрбиелік, білімдік міндеттерге, программалық материалдардың мазмұнына, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Алға қойылған міндеттерді іске асыруды анықтайтын жолдардың негізгі принциптері тәрбиелеу, білім берудің көрнекілігінде, танымда, олардың белсенділігінің және тәрбиешінің жетекшілік рөлінің бірлігінде.[14]

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстару методтарының жалпы сипаттамасы. Табиғатта тануға және балалардың әр түрлі дағдылар мен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан методтар мен тәсілдер қолданылады. Мұндай әдістерге бақылау, эксперимент, ойын, еңбек жатады. Осылмармен қатар тәрбиешінің әдістеріне негізделген әңгіме айту, көркем шығармаларды оқу, таным обьектілерін көрсету немесе оларды бейнелеу арқылы әңгіме әдістері кеңінен қолданылады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеудің мүмкіндіктері