Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 21:43, курсовая работа
Зерттеу мақсаты – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дидактикалық ойын технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау
Зерттеу міндеттері:
“таным”, “танымдық іс-әрекет” ұғымдарының психологиялық-педагогикалық мәнін ашу;
бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ерекшеліктерін айқындау;
алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірибесін талдау және жинақтау;
Кіріспе ……………………………………………………………………….........3
1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері …………………................................................................................................6
Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі..........…............6
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері................................................................................................12
2. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша тәжірибелік–эксперименттік жұмыс мазмұны..…………………….....................................21
2.1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны………….……………………………............................21
2.2 Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының тиімділігін айқындау ........................……………………………32
Қорытынды .……………………………………………………………..............43
Әдебиеттер тізімі ……….………………………………………………….......45
Қосымшалар ……….……………………………………………………….......48
а) үйретуші, дайындаушы, бақылаушы және жалпылаушы;
ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
б) репродуктивтік, продуктивтік, шығармашылық;
в) коммуникативтік, диагностикалық, кәсіпке бағдарлаушы, психологиялық – техникалық және басқалар.
Сабақта қолданылатын ойындардың түрі көп, біз олардың ең маңыздыларын және жиі қолданылатындарын ғана атамақпыз: пәндік, сюжеттік, рольдік және имитациялық (еліктегіш).
Ойындар мектепте оқылатын, оның ішінде бастауыш сыныпта өтілетін барлық пәндерге тәндеуге болады.
Сөйтіп, ойын арқылы оқыту технологиясын қолдану үшін оған лайық орта болу керек, яғни пәндерді оқыту барысында заттармен немесе затсыз үстел үстінде, бөлмеде, қөшеде, табиғатта ойналатын ойындар үшін өзіне ынғайлы жағдай туғызған жөн. Ал, компьютерлік және техникалық құралдарды пайдаланып ойналатын ойындардың арнайы орыны, құралдары тағы да басқа жағдайлары болу тиіс.
Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орын алады.
Қазіргі уақытта педагогикада оқыту мен ойынды топтастыруға қадам жасалынуда, тіпті бұл жерде сөз еңбек негізінде оларды қосу туралы болып отыр.
С.Ф.Занько, Ю.С.Тюнникова және С.М.Тюнниковалардың пікірінше, оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада: оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша – оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан тек толықтыру болып табылады.
Оқу ойыны - бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Біздің зерттеулеріміз бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде оқу ойындарын қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.
Біз ойындарды оқу процесінде қолдануға баса назар аудардық, мұнда негізінен оқыта үйрету ойындары пайдаланылды, өйткені олардың мазмұны баланың оқудағы еңбегі болып табылады.
Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
Ойын кезінде бала іс-әрекет, тәртібін қалыптастыра алады. Дидактикалық ойынды бірнеше кезеңге бөлуте болады. Бірінші кезенде баланың ойнауға талпынысы, құштарлығы артып, активті әрекет етуі жүзеге асырылады. Ойынға қызығушылық арттырудың бір-неше әдіс-тәсілдері бар: әңгімелесу, жүмбақ, санамақ, өздері ұнаған ойынды еске түсіру. Құрбыластарьмен ойнауға деген талпыныс тәрбиесі-жалпы активтіліктің ең негізгі шарты болып табылды. Осылай қарым-қатынас адамды, яғни жолдастық, достық, өзара көмек көрсету т.б. көптеген қасиеттер қалыптасады.
Екінші кезеңінде бала ойын есебін, оның тәртібін және іс-әрекетті орындайды. Бұл кезенде мына қасиеттер негізі қаланады: адалдық, бір мақсатқа ұмтылушылық, өз пікірінде тұру, қуана білу, нәтижесіз болғанда, оған тіктеп қарай білу қасиеті, әрі жолдасының табысы, қуанышына ортақтасуы қасиеттері берік негіз алады.
Үшінші кезеңде бала ойын тәртібімен таныс, ол бәрін біледі, сондыктан шығармашылық танытып, еркін әрекет жасауға ізденіс білдіреді, өз-өзіне деген сенімі оның тапсырманы ойдағыдай, дұрыс орындап шығыуна септігін тигізеді.
Әрбір ойын кезеңіне арнайы анықталған педагогикалық міндеттер койылады.
Бірінші, педагог балаларды бала бақшадағы сияқты, мектепте, бастауыш сыныпта да әр түрлі әдістермен салыстыра отырып, қызықтырады, (Мысалы, сөздік, көрнекілік). Қызықтыра отырып, куаныш сезімін тудырып, ойнауға құштарлығын арттырады.
Екінші, тәрбиеші ол тек бақылаушы ғана емес, сонымен қатар балалармен тең ойыншы, ол керек ксзде көмек көрсете алады, әрі ойынды балалар әрекетіне өзінің әділ бағасын береді.
Үшінші, педагогтың ойын тапсырмаларын орындауына, бала шығармашылығына баға беру ролінің үлкен мәнде болуы.
Педагогтың әділ бағасы дидактикалық ойынның бір шартты белгісі болып есептеледі.
Кәзіргі кезеңде негізгі актуальді проблема балабақша мен мектеп арасындағы байланыстың тығыз болуында, әрі осы кезендерде балалалардың жас ерешеліктеріндегі ұқсастығының үлкен болуында болып отыр. Балабақша мен мектептегі балалар жеке басының қалыптасу жұмысы оқыту мен тәрбиелеу, оның формалары әдіс-тәсілдерінің мазмұнының күрделілігін талап етеді.
Ойын жеке қабілеттерді, мінез-кұлық, қасиеттерін баланың бойында қалыптастырады. Ойын мен оқытудың бір-бірімен ұштасуы үлкен нәтиже береді.
Оқу-тәрбие жұмыстарына кіргізілген ойын әрекеті бақылауда, ойының мынадай ерекшеліктері келіп шығады:
1. Ойын баланың психикалық процестерін қалыптастырады (сезу, қабылдау, түйсіну, есте сақтау, назар аудару, ерік, сөз сөйлеу, талап).
2. Ойын еркіндік бастамасы негізінде құрылады.
З. Шығармашылық қабілеттерді дамуына керекті мүмкіндіктер туады.
4. Ойын кезінде
оқушылар терең
Көптеген ойындарда жарыс түрін енгізсе, ол оқушылардың активтігін арттырып, эмоционалды көңіл-күйін (ойынның) көтереді. Бұл уақытта мынаны ескерген жөн: сайысты жеке тұлғаға ұйымдастырмай, балалар команда-топтарына ұйымдастырған тиімді (бір қатарда отырғандар, звено, экипаж). Онда бала өз тапсырмаларын мұқият орындап қана қоймай жолдастарының мүддесі үшін де тырысады.
Ойынды өткізуде оның дұрыс үйымдастырылуы мен басқарылуына да көп көңіл бөлініп, дұрыс құрылғаны жөн.
Ойын кезінде мұғалім балалар тобының активгілігін арттыру мақсатымен нәтижелерін таблицаға, тақтаға жазып қояды.
Оқытудың әдістері мен құралдарын қарастырғанда Дж.Локкта, Ж. Ж. Руссо да ең бірінші орынға баланың ойнауын тәрбиелеуді ойын арқылы жүзеге асуды қойды.
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні дәлелденді. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді.
К.Д. Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу процесін жеңілдетенін атап көрсеткен болатын [11, 78].
Көрнекті педагог Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі алатын орнына және тәрбиенің мәніне, маңызына үлкен мән берген: ”Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы ұйымшылдыққа, мұқияттылыққа, еңбекке үйретеді. Оның бала үшін оқу да, еңбек те болады” [12, 47].
Ал В. А. Сухомлинский ойынның баланың ақыл-ойын дамытудағы мәнін ерекше бағалайды. “Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды. Ойын арқылы бала дүниені таниды. Бала үшін оның -өмір сүрудің белсенді формасы” [13, 7].
Дидактикалық ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесінен көрнекті психологтар Л. В. Занков, Л.С. Выгодский, Д.Н. Умадзе, С.Л. Рубенштейн, А.Н.Леоньтьев, Д.В. Эльконин, А.А.Любинская ат салысты.
Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Ойын дегеніміз не? Оқушылар оған неге ынтығады? Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл-ауқатын шығындап, жоғалтқысы келетін талабымен түсіндіріледі. Алайда мұндай көзқарас: бала бойындағы осы бір артық әл-ауқат қайдан келеді деген сұраққа сәулесін түсіре алмайды. Ол оны бір ойында шығындай алмай, ойындардың жаңа түрлеріне қызыға, беріле кірісетіні несі? Оған осындай ойын түрлері неменеге керек? Сірә, ойынның психологиялық жаратылысын түсіндіруді осы сұраққа қайтарылған жауаптан бастау керек, өйтпейінше баланың бір ойыннан екінші ойынға неліктен қасарыса ұдайы көне беретіні, бір ойыншықты тастай салып, екінші ойыншыққа неліктен ұмтылатыны, үлкендерге ойынды тоқтатып немесе күштеп тыныш салған кезде неге қарасатыны шынында да түсініксіз болып қалады. Бұл арада бізге белгілі көрнекті психолог Д. Н. Умадзе негізін салған функционалдық тенденция концепциясы көмектеседі. Бұл концепцияның мәні неде?
Белгілі бір генетикалық жағынан қалға сіңген қызметтер, күш, мүмкіндіктер балаға іштен туа бітеді. Солардың кейбіреулері бала туысымен-ақ бірден немесе алғашқы күндерде қозғала бастайды, ал өзге қылықтар баланың тіршілік қызметіне әр-түрлі кезеңде жалғасады.
Баланың жекелеген қызметінің оның күнделікті қызметіне елуінің осы бір дәлектілігі, біріншіден жаратылыстың алдын ала анықталуына, екіншіден қызмет комплексінің кез-келген топтарының деркезінде көрінуін ынталандыруға, олардың дамуы мен қалыптасуына ықпал етуге тиіс қоршаған ортаға байланысты.
Бастауыш сынып оқушысының қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келетін басқадай нәрсемен шұғылдануға мәжбүр еткізу – бала талантының жеделдете дамып, жан-жақты ашылуына тосқауыл жасау деген сөз [14, 19].
Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы өздеріне ересектер рөлн алып, еңбектің өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынаста да нақтылы көрсетіледі. Д.Б Элькониннің атап өткендей, мұнда балалар өзара сәйкес рөльдерді тасымалдаушылар, әрі ойынға тікелей қатысушылар болады. Баланың осындай қоғамдағы ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөльдік ойынның ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже ойын әрекетінде бірінші ойынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады, сосын ойында жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды. Шындығында бұл осылай, егер 6-7 жасар балада ойынға деген қажеттілік күшті болса, 12 жаста ол мүлдем әлсіз деп айтуға болады.
Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әр түрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіні болса, екінші ереже – ойын әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рөльді ойнағанда, ол тек бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін де байыптайды, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді. Педагогикада дидактикалық ойындар дегеніміз-балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдылы қалыптастыру мақсатын көздейді. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.
Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі оның негізгі мақсаты- баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындардың мазмұны-қандай да болмасын ақыл-ой міндеттерін жүзеге асыру. Ереже орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқытуға ұқсамайды, мұнда қиял-ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де, жекелеген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастығы және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал, ең бастысы, оқушыларды еш зорламай, өздерінің қалауы ойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын әр түрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады.
Ойын өзінің қызметі мен атына сай орындалуы үшін, оның арнайы құрылымы болуы шарт. Оның құрылымы төмендегідей:
1. міндеті
2. әрекет
3. ереже
4. нәтиже, ойынның аяқталуы.
Әрбір ойынның белгілі міндеті болады, ол дидакдикалық мақсаттан келіп туындайды ойынның міндеті оның оқу мазмұнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады,олардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді және жаңа білім, іскерлік дағдымен байытады.
Әрекет ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес.Әрбір ойынның міндеті әрбір оқушының мінез-құлқын анықтап ұйымдастырып, бұл тұтас ұжымда біріктіретін әрекет арқылы іске асады.Ол балалардың қызығушылығын тудыратын қатынасын анықтап, олардың ойынға деген эмоционалдықты анықтайды.
Ойында әрекет нақты анықталған және айқын түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:
А) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсатын жүзеге асыру шарт:
Ә) ойын аяғына дейін тартымды әрі қызықты болуы шарт.
Ереже ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерекше орын алады, сондықтан кейде ойындарды ережеге құрылған ойындар деп те атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады
Олар іс-әрекетті ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан ойында іс-әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер бала ойын үстінде не істеу керек екендігін анықтайды. Ережесіз іс-әрекет жайбырақат дамып, дидактикалық міндетін жүзеге асуына ықпал ете алмайды сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады. Дидактикалық ойынның ережесі іс-әрекетті ұйымдастырып қанақоймайды, соныменбірге оның тартымдылығын арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойынның алатын орны және оларды пайдалану ерекшеліктері.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану, дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың орны ерекше.
Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалы оқушылардың зор ынтасымен тыңдап оны берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, мектепке келген оқушылардың әрекетін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құрамы болады. Ойынды педагокикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларға ойнауға, яғни А.С. Макаренканың сөзімен айтқанда «Жақсы ойын жасауға үйретеді». Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол мазмұнның тәрбиелік – толымдық құрылымы бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігімен, ойынның ережелерге бағынуы. Оқу процесінде балалардың, соған дейінгі, балардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Демек ойын балалардың соған дейінгі білімдерімен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды іс - әректінің белсенді бір формасы болып табылады. Соның барысында олар мұғалімнің басшылығымен жаңа білімді меңгерді. Ойынды ұйымдастыратын, оны басқара жүрігізетін ұстаз, балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен тисті болады.
Информация о работе Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудегі дидактикалық ойындардың рөлі