Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 21:43, курсовая работа
Зерттеу мақсаты – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дидактикалық ойын технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау
Зерттеу міндеттері:
“таным”, “танымдық іс-әрекет” ұғымдарының психологиялық-педагогикалық мәнін ашу;
бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ерекшеліктерін айқындау;
алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірибесін талдау және жинақтау;
Кіріспе ……………………………………………………………………….........3
1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері …………………................................................................................................6
Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі..........…............6
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері................................................................................................12
2. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша тәжірибелік–эксперименттік жұмыс мазмұны..…………………….....................................21
2.1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны………….……………………………............................21
2.2 Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының тиімділігін айқындау ........................……………………………32
Қорытынды .……………………………………………………………..............43
Әдебиеттер тізімі ……….………………………………………………….......45
Қосымшалар ……….……………………………………………………….......48
Педогогикалық басшылық болған жағдайда балардың ойындары кейде жарамсыз ықпал жасауы мүмкін. Сонымен бірге, дидактикалық ойындардың толық дамуына әсер етеді , білімдерін кеңейтуге қажаттілгін туғызады .
Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан ойындарда ойындық әрекет негізінде алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштылық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды оқып- үйрену , өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру , білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсінбеитін дидактикалық ойындарды ұйымдастыру, оның сабақтас мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды
Сабақтың басында ойын баланың қызығушылығын оятады, оны ұиымдастырады, сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге бағытталады, сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезенінде ұйымдастырылса да қызықты, түсінікті болуы оқушылардың іс-әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс .
Әдіскер-ғалым Ж.В. Арутюнян бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда ойынды қолдану әдістемесін жасады. Ол «оқытуда ойынды қолдану әдістемесін компоненттердің белгілі бір жүйесінің жиынтығы», -деп түсінеді [15, 9]. Оның негізгі компоненті ретінде ойынның мақсатын алады. Осыған байланысты жүйенің басқа компоненттері қарастырылады: мазмұны, ұйымдастыру формасы, ойын түрлері, ойын құралдары, сонымен бірге олардың өзара байланысы.
Ойынды пайдалану әдістемесінің құрылысы. (Ж.В. Арутонян) Блок- схема
Бұл жүйені бастауыш мектепте оқыту процесінде басшылыққа алуда мұғалімге әдістемелік талаптар қойылады.
Мұғалімге қойылатын
бірінші талап-ойының нақты
- бастауыш сынып оқушыларына әрбір пән бойынша меңгеруге тиісті білім мөлшерін саналы түрде игеріп, оқушылардың іске икемділігіне қалыптастыру;
Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің іскерліктерін қалыптастыру, бейнелік және логикалық ойлануды дамыту мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды және оның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады. Ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар: ұжымдық,топтық, даралық таңдау, ең алдымен оқушылардың ойлау даму деңгейін, коммутативтік іскерліктерді оқу-жазу, қарым- қатынас.
Іскерлігін қалыптастыру деңгейін нақты есепке алу негізінде анықталады. 6-7 жасар балаларға тән көркем-әрекеттік және көрнекі бейнелік ойлаудың даму ерекшеліктеріне сүйене отырып, біз топтың немесе дара ойындарды пайдалану тиімді деп есептейміз. Мұндай жағдайда мұғалім әрбір оқушы арқылы ойынның мақсатын жүзеге асыруды қамтамассыз ете алады. Ол үшін ойынға қатынасушыларды қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар тағы басқа болуы мүмкін. Ойынды ұйымдастыру формасына оның түріне байланысты болуы керек.
2 Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша тәжірибелік–эксперименттік жұмыс мазмұны
2.1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны
Курстық зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының ойын технологиялары негізінде оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша тәжірибелік-экспериментік жұмыс жүргізілді. Эксперимент жалпы білім беретін орта мектебінде қазақ тілі, ана тілі, дүниетану, математика пәндерін қамтыды.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін біз оқу материалының мәнділігі мен құндылығын көрсетуге, пәнаралық және пән ішіндегі байланысты орынатуға, қоршаған болмыстың материалдарымен оқуды байланыстыруға, оқушылардың өз бақылаулары мен тәжірибесіне сүйенуге тырыстық.
Инновациялық оқу оқудың дәстүрлі түрінен әрекетшілікдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Біз тәжірибелік-экспериментік жұмыс барысында ойын жаңа технологиясын қолдана отырып, олардың бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруде тиімділігін айқындадық.
Ойын технологиясы мәнді өмір жағдаяттарын жобалау және оның шешуін іздестіруге құрылады, жетекші әдісі - ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: рольдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және дидактикалық ойындар, іскерлік ойындар.
Ойын - шығармашылық, мақсатқа бағыталған іс-әрекет, оны жүргізу процесінде балалар қоршаған болмыстың құбылыстарын терең және жеңіл танып біледі. Біз сабақтың барлық кезеңдерінде дидактикалық ойындарды тиімді пайдаландық: жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңінде, білімді бекіту, оқып-үйренген материалды меңгеруін тексеру барысында әртүрлі сюжеттік-рольдік және жаттығу ойындары жүргізілді.
Дидактикалық ойын оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы бола отырып, бағдарлама материалының негізі тақырыптары бойынша (екі топқа: сюжеттік-ролдік ойындар және жаттығу) алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұлар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олар оқуға ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, есте сақтау процестерін дамытады, өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйреніп, нерв жүйесін демалдырады.
Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап - оқу-шылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол біріншіден, тек дайын ақпаратты фактілер, заңдар, ережелер күйінде ғана беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Яғни, мұғалім оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет.
Оқу практикасында жиі кездесіп жүргендей, интенсивті жұмысқа жеке емес, барлық оқушыларды қатыстыруды, яғни оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруды, сабақтың бас кезінде дидактикалық ойындардың көмегімен, үй жұмысының орындалуын мұғалімнің ұсынған үлгісімен салыстыру, түсінік беру, өзіндік жұмыстар арқылы жүзеге асыруға болады. Мұны математика сабағының мысалында қарастырайық.
Жаңа білімді игеруге дайындығы кезінде барлық оқушылардың жеңіл есептерді өз бетінше шығарулары, тіректік білімді әзектілеу мақсатымен практикалық мағынасы бар өзіндік жұмыстарды орындауы, танымдық дәлелдерді қалыптастыратын болжаулар мен болжамды тұжырымдап айта алатындығы ескеріледі.
Алынған білім мен білікті баянды еткен кезде әртүрлі танымдық есептер шығарылады, мұғалімнің берген ақпараты оқушылардың өзіндік жұмысына сай келеді және оқушылардың ізденімпаздығының дәрежесі үлгі бойынша орындалатын белгілі амалдардан принціпті жаңа жағдайларда орындалатын обьектілер мен құбылыстарды салыстыру арқылы орындауға дейін өседі.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің нәтижесі - олардың алынған білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын шығармашылық тапсырмаларды орындауы болып табылады.
Біз дүниетануды оқыту процесінде әртүрілі ойындарды пайдаланып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге көңіл бөлдік. Дүниетану сабақтарында «Төлдердің айтысы» ертегісіне ролдік ойын, «Флораға саяхат» «Жануарлар бағы», «Мамандық таңдау», «Бәйге», т.б. дидактикалық ойындары т.б. пайдаланылады.
Оқу процесінде ойын технологиясын қолдану сыныптағы оқу озаттарын тежемей, олардың теориялық білімдері мен біліктіліктерін күннен-күнге арттырып, үздіксіз дамытып, жоғары сатыға көтеріп отыруды талап етеді және білім деңгейі төмен оқушыларды жеткілікті деңгейге жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ойынның құндылығы – олар эмоционалдық процестерді белсендіруге, бірсөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүтұкіндік туғызады,
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
Ойындарға материалды тандап алуда біз төмендегідей жайттарды есепке алдық:
А) ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;
Ә) білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлылығы;
Б) ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Ойынның құрамдарына қойылатын талаптар ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір озат оқушыларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.
Ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялык аспектісін негізге алдық.
Ойындарды пайдалануда біз мынадай қағидаларды негізге алдық:
Сондықтан, біз әрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық.
Бұл ойынды ұйымдастыру үшін түрлі формада бірнеше таблица жасайды. Таблицадағы цифрларды әр түрлі түспен және де фигураларда әшекейлеп жазған дұрыс. Таблицадағы орналасатын цифрлардың санын бірте-бірте көбейтіп, орналасуын да күрделендіре түскен дұрыс. Ойынды жүргізу әдісі: таблицадағы сандарды тез санауға оқушыларды шығарады. Оқушының таблицадағы сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып, атап шығу уақытын есептеп отырады. Ең аз уақыт ішінде сандарды атап шыққан оқушы жеңіс иесі болады. Бұған төмендегідей таблицаларды ұсынуға болады.
3 |
31 |
18 |
15 | |||||
12 |
28 |
14 |
27 |
6 |
32 |
13 |
2 |
10 |
21 |
30 |
16 |
22 |
25 |
8 |
23 | ||
1 |
26 |
24 |
9 |
11 |
29 |
28 |
5 |
20 |
7 |
19 |
4 |
17 |
Информация о работе Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудегі дидактикалық ойындардың рөлі