Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 21:43, курсовая работа
Зерттеу мақсаты – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дидактикалық ойын технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау
Зерттеу міндеттері:
“таным”, “танымдық іс-әрекет” ұғымдарының психологиялық-педагогикалық мәнін ашу;
бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ерекшеліктерін айқындау;
алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірибесін талдау және жинақтау;
Кіріспе ……………………………………………………………………….........3
1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері …………………................................................................................................6
Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі..........…............6
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері................................................................................................12
2. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша тәжірибелік–эксперименттік жұмыс мазмұны..…………………….....................................21
2.1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны………….……………………………............................21
2.2 Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының тиімділігін айқындау ........................……………………………32
Қорытынды .……………………………………………………………..............43
Әдебиеттер тізімі ……….………………………………………………….......45
Қосымшалар ……….……………………………………………………….......48
Оқыта үйрету ойындары
«Бақытты сәт» ойыны
Құрал-жабдығы:
1. Шарлар салынған қапшық немесе кішкене бөшке.
2. Секундомер (сағат).
3. Ортақ бағалау парағы
4. Фишкалар.
5. Үй тапсырмасы (әр командаға 2 сұрақтан).
6. Конкурс тапсырмалары.
7. Жауап үлгілері.
Ойынның жүру барысы
Сынып 2 командаға бөлінеді, әр команданың өз Капитаны және атауы болады.
І гейм. «Бой сергіту». Командаларға 10 cұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады.
ІІ гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар». Команда мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, команда капитандары жауап береді.
ІІІ гейм. «Жұмбақтас». Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушыны немесе қолын көтереді.
IV гейм. «Сен- маған, мен- саған». Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды (үй тапсырмасы).
V гейм. «Қөсемдікке ұмтылу». Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады. Ал ең көп дұрыс жауап берген (4-7) балалар өз командасына қосымша ұпай (өздеріне баға: 4-5 жауап-4 балл-«4» бағасын, 6-7жауап -5 балл –«5» бағасын ) алады.
2,3,4,5-ші геймдерді
Қосымша 6
“Саяхат” ойыны
Сынып 4-5 адамнан тұратын топтарға және кеңесшілерге бөлінеді. Әр топқа нөмір беріледі. Қанша топ болса. Сонша кеңесші бар: олар- «туристік агенттіктер». Әр топ мұғалім берген тақырып бойынша қызықты саяхат бағытын (тірек сызбасын) құрады. Тақырыптарды жеребе тастау арқылы анықтайды.
Жұмыс 20-25 минутқа созылады, сосын барлық бағыттар «туристік агенттіктерге» өткізіледі. Онда кеңесшілер бағыттардың бірін таңдап алып, «саяхатқа» дайындалады. Кеңесшілердің мұғалімнен жауап үлгілерін алуына болады.
Әрбір «саяхатқа» топ 5-6 минут дайындалады, ауызша немесе жазбаша әңгіме құрады да, оны кеңесші-маманға береді. Нәтижелі жүріп өткен бағыт-ең көп балл (фишка) алғандар. Көп балл жинаған топтар «саяхатқа шығушылармен» жұмыс істеуге жіберіледі.
Ойын барысында кеңесшілер топ баллдарының жалпы саның және оның әр мүшесінің жеке баллдық коэффициентін анықтап, бағалау парағын толтырады. Егер топтың шамасы келмей жатса, кеңесші «саяхат» жайлы өзі әңгімелеп береді.
Бұл ойынды төмендегіше жалғастыруға болады:
Әрбір топ бірнеше, ал әрбір ойыншы-бір-бір бағыт алады. 7-12 минут дайындалады. Сосын әрбір ойыншы өз тобының ішінде өзінің «саяхат» бағытын 2-3 минут шамасында әңгімелейді.
Бұдан кейін топтағы барлығы тыңдалған материалға сүйене отырып, тапсырманы (5 сұрақ, олар әркімге жеке немесе бәріне ортақ болуы мүмкін) орындайды.
Өзін-өзі тексеру жауап үлгілері бойынша жүреді (немесе кеңесші тексереді).
“Білім биржасы”
Тақтаға конверттер ілінген панно бекітіледі, оларда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар («5» -ке, «4» -ке, «3» -ке) бар. Әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауаптары «акциялармен» бағаланады. «Акционер»-оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі «акциялар» алады:толық емес жауап-сары түсті «акция»:дұрыс негізделген жауап-жасыл түсті «акция». Әр «акцияның» бастапқы құны бар, оны «банк» бекітеді. Балалардың ең жоғары мөлшері түстердің санымен анықталады (мысалы, егер оқушыда 2 түсті «акция» болса, онда «түсімге» тек 2 балл қатысады, егер 4 түсті болса, онда жоғары балл – 4). Мұғалім-«банкир» әрбір оқушының «түсімін» есептейді. Егер сары «акциялар» көп болса, бұл «акциялардың» «құны» төмендейді, ал егер жасыл және көктер аз болса – онда олардың «құны» артады. Мысалы, егер көктер – 10, ал жасылдар – 5-еу болса, онда жасыл «акциялар» көктерден қымбат. Осы негізде мұғалім-«банкир» баға қояды.
«Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойыны.
Мұғалім үлестірме материалдарын даярлайды: 5 балл, 4 балл және 1 балл көрсетілген карточкалар.
«Сиқырлы сандықша» сұрақтармен (билеттермен) толтырылады, олардың саны оқушылар санына артық болады. Сұрақтар алдында өтілген тақырыпқа құрылуы, ьірнеше тақырыпты, әртүрлі талдау тақырыбын қамтуы мүмкін.
Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де, 1-5 баллдық жүйе бойынша тиісті бағасын алады (берілген ақпараттың мәнділігіне қарай).
Ойынды аяқтай келе, мұғалім әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп, соған сәйкес І, ІІ, ІІІ орындарды анықтайды.
Ойын барлық оқушылардың тақырып бойынша алған білімін айқындауа, оқушыларды жандандыруға мүмкіндік береді, алдағы сөйлеген балалардың жауабын тыңдауға мәжбүр етеді. «4», «5», «3» және «2» бағалары қойылу үшін қанша балл жиналуы тиіс екенін мұғалімнің алдын-ала айтып қоюына болады. Ең бастысы – осы теориялық материал бойынша «білгірлерді» айқындау, тек сонда ғана сандықша «сиқырлы» бола алады.
"МЕНІ ТҮСІН" ойыны
Ойынның шарты:
3 қатардан бір-бір оқушы шығып, ортада тұрған үстелге барып отырады. Оларға берілетін шарт төмендегіше:
а) тапсырма ретінде бір автордың шығармасындағы кейіпкерлер бейнесін сомдап беру;
ә) 2-ші тапсырма бойынша кез-келген шығарма үзіндісін қимылмен көрсетуі керек, оны карсылас топтағы оқушылар шешулері қажет;
б) көрермен окушылар өтілген тақырыптар бойынша қатысушыларға кағаз арқылы тапсырма береді.
Оқушылардың біріншісі оқып, екінші окушыға түсіндіруі қажет. Екінші оқушы шешуін тауып, үшінші оқушыға түсіндіруі керек. Осы ойын барысында сөздер қайталанбауы тиіс. Ойынды бақылап отыру үшін 3 байқаушы тағайындалады. Осы 3 ойынның шартын дұрыс және толық орындаған топ жеңіске жетеді.
Жеңген топ оқушыларының ішіндегі жүйрікті анықтау мақсатында осы өтілген ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді оқылады, ал қатысушы оқушылар жалаушаларын көтеріп, дұрыс жауабын табады. Дұрыс тапқан оқушы "сынып жеңімпазы" атағын алады.
«ӨРМЕКШІ» ойыны
Ойынның шарты:
Сыныптағы оқушылар төрт-төрттен топтарға бөлінеді. 1, 2, 3, 4 деген белгілерді омырауларына тағады. Алдымен отырған үстелден 3 деңгейдегі сұраққа дайындалып, үлгергенінше жауап қалдырады. 1-ші үстелдің тапсырмасын орындап болған соң (белгілі уақытта), келесі үстелге барып, келесі сұрақтарға жоғарғыдай жауап жазып қалдырып, осылай сабақ барысында 4 үстелді айналып, сұрақтарға жауап береді.
Әр үстелдегі тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Соңында жазылған парақшаларды жинап алып, мұғалім тексеріп, бағалайды. Әрбір дұрыс жауап 10-дық ұпаймен бағаланады. Ең көп ұпай жинаған оқушылға ынталандыру сыйлығы тапсырылады.
Информация о работе Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудегі дидактикалық ойындардың рөлі